«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1576 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 187.33 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі187.33 Kb.





«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1576 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы №1030 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1576 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж., № 9, 177-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакция жазылсын:

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы»;

1. Қоса беріліп отырған Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларында:

тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидалары»;

«1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидалары»; (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) биологиялық материал – жануарлардың ауруларына диагностика жүргізу мақсатында іріктеп алынған тірі ұлпаның бір бөлігі немесе биологиялық белсенді сұйықтық (қан, шырыш, жұлын сарысуы, өт, ірің, зәр, қи, қырындылар, биопсия әдісімен алынған материалдар және басқалары);

1-2) патологиялық материал – тірі немесе өлген жануарлардан алынған, құрамында жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары бар немесе болуы мүмкін, ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған биологиялық материал;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Қағидалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге және биологиялық материалдарға қолданылады.»;

2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу тәртібі»;

5, 6 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу:

1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің өндірістік үй-жайларындағы, аумақтарда, сондай-ақ экспортқа жөнелту алдында жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

2) жануарлардың ауру қоздырғыштарының берілу факторлары болып табылатын ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша барлық көлік құралдарының түрлерінде;

3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

4) мал айдау трассаларында, маршруттарында, тасымалдау (орын ауыстыру) маршруты өтетін жануарлардың жайылым және суару аумақтарында;

5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізу, сақтау, тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық нормалардың бұзылуы белгіленген жағдайда ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары жоқ объектілерді қоспағанда);

6) ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары бар жерлерде);

7) сою пункттерінде немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

6. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің және биологиялық материалдың ыдысын ашу алдында сыртынан тексерiп қарайды және оның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестiгiн анықтайды. Зақымдалған орама бiрлiктерiнен сынама iрiктеу жүзеге асырылмайды. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың ыдысы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болған жағдайда сынама iрiктеу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) шикiзат өнiмi партиясының бiртектiлiгiн анықтау;

2) сұрыптау (сынама) көлемiн жасау;

3) нүктелi сынамаларды iрiктеу және бiрiктiрiлген сынама қалыптастыру;

4) ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргiзу үшiн ортаңғы және бақылау сынамасын бөлiп алу;

5) iрiктелген сынамаларды буып-түйiп, пломбалау, мөр салу.»;

14. Іріктелген сынамалар жылдам бұзылатын өнімдер үшін 24 сағаттан және басқалары үшін 36 сағаттан аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес объект бойынша ілеспе жазбамен және сынамаларды іріктеу актісімен (бұдан әрі – акт) бірге ветеринариялық зертханаларға жолданады. Акт үш данада жасалады: бірінші данасы сынамалармен бірге ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған, екіншісі сынамаларды іріктеуді жүргізген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, сынама іріктеу актісінің үшінші данасы өнімнің иесіне немесе оның өкіліне беріледі.

Биологиялық материалдың сынамаларын іріктеуді және оны ветеринариялық зертханаға жеткізуді, сынама алу туралы актіні еркін нысанда жасап, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүргізеді.»;

6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Биологиялық және патологиялық материалдың сынамаларын іріктеу ерекшеліктері»;

39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Тиісті биологиялық материалдың сынамаларын (қан, қан сарысуы, шырыш, зәр, қи, қырындылар, биопсия тәсілімен алынған материалдар) жануарлар ауруларын тірі кезінде диагностика жүргізу мақсатында жинайды.

Тиісті патологиялық материалдың сынамаларын инфекциялық, инвазиялық ауруға немесе улануға күдік туған кезде жануардың ауруының немесе өлім-жітімнің (құстарды, аңдарды, бал араларын, балықтарды қоса алғанда) себебін анықтау немесе растау мақсатында (патологиялық материал жас өлекселерден алынады) жинайды. Ұсақ жануарлар мен құстардың өлекселері бітеу ыдыста тұтастай ветеринариялық зертханаға жіберіледі. Сынамаларды мұздатылған күйінде жібереді, сондай-ақ жедел жөнелту кезінде құрғақ мұз қолданады. Жылдың жылы мезгілінде мұздатылмаған ағзалардан немесе төлдерден жеке ағзаларды консервілемей жөнелтеді, жоқ дегенде 30% глицерин ертіндісімен консервілейді. Ішкі ағзалардан – паренхиматозды ағзалардың бөлігін (жүрек, өкпе, көк бауыр, бүйрек, бауыр лимфа түйіні бар бауыр немесе өті жоқ өт қабы) стерильді қайшымен кеседі, әрқайсысын пергамент қағазына орайды және стерильді пакеттермен жолдайды. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін патологиялық материалды ұқыптылықпен (жәшікке немесе қораптарға буып-түйіледі) жеткізеді. Тұрып қалған өлекселерден міндетті түрде түтікше тәрізді сүйекті алады. Бактериологиялық зерттеу үшін өлген уақыты анықталмаған патологиялық материалдан жұлынды жібереді. Тұрып қалған өлекседен сібір жарасын анықтау үшін құлақ қуысы немесе басқа материал алынады.

40. Сұйық биологиялық материалды (қан, қан сарысуы, лимфа, жұлын сұйықтығы, өт және басқалар) диагностикалық зерттеулердің барлық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін көлемде бір рет қолданылатын шприц арқылы бір реттік шыны түтікке пункция арқылы жинайды. Пробиркаға малдардың бірдейлендіру нөмірлерін жазып белгілейді.

Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін сұйық патологиялық материалды (қан, ірің, зәр, өт, экссудаттар) жібереді:

1) дәнекерленген пастер пипеткаларында, материалды алу алдында пипетканың екі шетін фламбирлейді, ал жіңішке шетін тік бұрыш етіп иеді, сындырады және күйдірілген жерден ағзаға терең енгізеді, материалды сорып алғаннан кейін пипетканың қызып кетуіне жол бермей, оны екі шетінен дәнекерлейді, кейін әр пипетканы мақтаға орайды және пробиркаға орналастырады;

2) инесі бар қайнатылған шприцтің көмегімен, кейін жиналған сұйықтықты стерильденген пробиркаға құяды және резеңке тығынмен нығыздап жабады.»;

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық және биологиялық материал, су, топырақ сынамаларының зертханалық зерттеулерін жүргізу аяқталған соң ветеринариялық зертханаларда олардың көрсеткіштерінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында сараптама актісі (сынақ хаттамасы немесе есебі) беріледі, сыналатын үлгілер зертханалық зерттеулер жүргізгеннен кейін есептен шығаруға және кәдеге жаратуға (жоюға) жатады. Бақылау сынамасы осы сынаманың жарамдылық мерзімі аяқталған соң кәдеге жаратуға (жоюға) жатады. Сынамаларды кәдеге жаратуды ветеринариялық зертхана директорының, бөлім бастығының, бас маманның қатысуымен арнайы құрылған комиссия жүргізіп, кейіннен барлық комиссия мүшелері қол қоятын жою актісі жасалады.»;

осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3,4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1030 қаулысына

1-қосымша

Орны ауыстырылатын

(тасымалданатын)

объектілердің және биологиялық

материалдың сынамасын іріктеу

қағидаларына

1-қосымша



Жануарлардан алынатын өнімдердегі және жемшөптегі заттардың ветеринариялық-санитариялық талаптар мен қауіпсіздік талаптарының көрсеткіштеріне зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынатын сынамалар сапасының қажетті массасы


Р/с



Қауіпсіздік көрсеткішінің атауы

Бір реттік зерттеу кезіндегі

аспа салмағы (грамм)



1

2

3

1

Уытты элементтер:

Қорғасын


Кадмий

Мырыш


Мыс

Мышьяк


Сынап

150,0

25,0


25,0

10,0


10,0

25,0


40,0

2

Антибиотиктер

15,0

3

Пестицидтер

15,0

4

Гормондық препараттар

100,0

5

Радионуклеидтер (Сs-137, Sr-90)

250,0

6

Микробиологиялық көрсеткіштер

250,0

7

Балғындығы

200,0

8

Гистологиялық сынақтар

150,0

9

ПЦР зерттеулері

5,0

10

Бенз(а)пирен

25


Партиядан мал шаруашылығы өнімінің орташа сынамаларының санын іріктеу нормасы


Р/с



Партияның массасы, тонна

Сынама саны, дана

1

2

3

1

0,5 дейін

1

2

0,51 – 3,0

2

3

3,1 – 5,0

3

4

5,1 – 10,1

5

5

10,1 – 15,0

8

6

15,1 – 20,0

10

7

20,1 – 50,0

11

8

50,1 – 80,0

12

9

80,1 – 100,0

13

10

100,1 – 500,0

14

11

500,1 – 1 000,0

15

12

1000,0 жоғары

Әрбір 1000,0 – 1 сынама

______________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1030 қаулысына

2-қосымша

Орны ауыстырылатын

(тасымалданатын)

объектілердің және биологиялық

материалдың сынамасын іріктеу

қағидаларына

2-қосымша



Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу актісі

№_____ 20__ жылғы «___»___________


________________ облысы (қаласы) бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық (қалалық) аумақтық бөлімшесі

Кәсіпорынның атауы_________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің материалдың атауы _________________

Сынаманы іріктеу орны ___________________________________________

(объектінің атауы және мекенжайы)

Мен (біз) _____________________________________________________

(сынамасын іріктеу жүргізетін мемветсанбақылау өкілінің Т.А.Ә, лауазымы)

____________________________________________________________________ (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесінің, заңды тұлға өкіл(дер)інің лауазымы, Т.А.Ә


_______________________________________________________ қатысуымен

немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә) көрсетілсін)


__________________________________________________ тексеру өткіздім(дік)

(орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы)

Партияның көлемі __________________, келіп түскен күні ________________

(таза салмағы, орын саны)

____________________________________________________________________

(көлік құралдарының атауы, бірлік саны және нөмірі көрсетілсін)

Ілеспе құжаттар __________________________________________________

(құжат түрлерін атап өту, № және берілген күні)

Құжаттардың _______________________________ болмауы

(қандайы көрсетілсін)

Өнім __________________________________________________ дайындалған

(шығарылған ел)

_________________________________________________________________
Жарамдылық мерзімі __________________________________________________

(дайындаушы, дайындалған уақыты)

_________________________________________________________________

Өнімді қарау қорытындысы ________________________________________

(сыртқы түрі, иісі, ораманың бүтіндігі, таңбалауға сәйкестігі, өнімнің

_________________________________________________________________

ішкі температурасы және т.б.)

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің өнімдеріне лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін негіздеме:

_________________________________________________________________

(жоспарлы бақылау және қадағалау тәртібінде; ветеринариялық-санитариялық қатынастар қауіпіне күдік; сапасыздығы туралы ақпарат алу; сақтау шартының бұзылуы; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі өтінген)

_________________________________________________________________

Сынама ______ сағат ______минутта алынды

________________________________________________________ сәйкес

(құжат атауын көрсету)

саны______________________________, нөмірленді және пломбаланған
(мөрленді) __________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________ үшін

(зертханалық зерттеулердің түрін көрсету)


________________________________________________________ жіберіледі

(ветеринариялық зертхананың атауын көрсету)


Сынамаларға іріктеу

жүргізген мемлекеттік

ветеринариялық-санитариялық

инспектор: _______________ _____________________

(қолы) (Т.А.Ә)
Өнім иесі немесе оның өкілі: _______________ ______________________

(қолы) (Т.А.Ә)

______________________________________________________________

Сынамалар алынғаны туралы белгі:


Сынамаларды қабылдаған: ___________________________________________

(зертхана маманының қолы, лауазымы, Т.А.Ә көрсетілсін)


___________________
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1030 қаулысына

3-қосымша

Орны ауыстырылатын

(тасымалданатын)

объектілердің және биологиялық

материалдың сынамасын іріктеу

қағидаларына

3-қосымша

Құс, үй қояны партиясынан іріктеп алу нормасы


Партиядағы орама бірліктерінің саны

Орама бірліктерін іріктейді және ашады

1

2

10 дейін

1

11 – 20

3

21 – 40

4

40 – 60

6

60 – тан жоғары

10 %, бірақ 7 бірліктен кем емес

_______________
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1030 қаулысына

4-қосымша

Орны ауыстырылатын

(тасымалданатын)

объектілердің және биологиялық

материалдың сынамасын іріктеу

қағидаларына

4-қосымша

Балды іріктеп алу нормасы


Партиядағы орама бірліктерінің саны

Іріктелетін орама бірліктерінің саны

1

2

3 – ке дейін

1

4 – 20

3

21 – 30

4

31 – 40

5

41 – 60

6

61 – 80

8

81 және одан артық

10 %

____________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1030 қаулысына

5-қосымша

Орны ауыстырылатын

(тасымалданатын)

объектілердің және биологиялық

материалдың сынамасын іріктеу

қағидаларына

5-қосымша



Сүт, кілегей партиясынан іріктеп алу нормасы


Партиядағы өнімі бар көліктік ыдыс бірлігінің саны

Сұрыптамадағы өнімі бар көліктік ыдыс бірлігінің саны

1

2

100 дейін

2

100 – 200

3

201 – 500

4

501 және одан артық

5

______________
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1030 қаулысына

6-қосымша

Орны ауыстырылатын

(тасымалданатын)

объектілердің және биологиялық

материалдың сынамасын іріктеу

қағидаларына



6-қосымша


Партиядағы орама бірліктерінен жұмыртқаны іріктеп алу нормасы
1-кесте


Партиядағы орама бірліктерінің саны, дана

Іріктелетін орама бірліктерінің саны, дана

Зерттеуге іріктелетін жұмыртқалардың саны, дана

1

2

3

қоса алғанда 10 дейін

1

20

11-ден – 50-ге дейін

3

30

51-ден – 100-ге дейін

5

50

101-ден – 500-ге дейін

15

75

500-ден жоғары

20

150


Партиядағы дана санынан жұмыртқаларды іріктеп алу нормасы
2-кесте


Партиядағы жұмыртқалардың саны, дана

Іріктеп алу көлемі,%

1

2

қоса алғанда 360 дейін

10

631-ден – 3600-ге дейін

5

3601-ден – 10800-ге дейін

3

10801-ден – 36000-ге дейін

0,5

36000-нан жоғары


Жұмыртқа ұнтағын іріктеп алу нормасы
3-кесте

Партиядағы көліктік орама бірліктерінің саны, дана

Іріктелетін көліктік орамалар саны

1

2

1 – 5

1

6 – 50

5

51 – 100

10

101 – 200

15

201 – 300

20

300-ден жоғары

25

____________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1030 қаулысына

7-қосымша

Орны ауыстырылатын

(тасымалданатын)

объектілердің және биологиялық

материалдың сынамасын іріктеу

қағидаларына

7-қосымша


Балық және балық өнімдерінің көліктік орамаларын іріктеп алу нормалары


Партиядағы өнімі бар көліктік ыдыс саны, дана

Іріктелетін өнімі бар көліктік ыдыс саны, дана

1

2

2 – 25

2

26 – 90

3

91 – 150

4

151 – 280

5

281 – 500

6

501 – 1200

8

1201 – 3200

13

3201 – 10000

20

10001 және одан артық

30

________________



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет