Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «ТҰРАҚты өндіріс және тұтыну орталығЫ» корпоративтік қоры есеп қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы



жүктеу 138.8 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі138.8 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАҚТЫ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ОРТАЛЫҒЫ»

КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ

ЕСЕП

Қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

07-1-223 шарты бойынша


2012 жылға

«Эколого-энергетикалық рейтингтерді құру»
Бағдарлама - 001 «Қоршаған ортаны сақтау, қайта қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету бойынша қызметтер»
Бағдарламаша - 100 «Қоршаған ортаны сақтау, қайта қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету бойынша өкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
Специфика – 148 «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтерді төлеу»


«Тұрақты өндіріс және тұтыну орталығы» КҚ

Президенті,

х.ғ.к. З. Зикрина

Астана 2012

МАЗМҰНЫ








Қысқартулар тізімі




Кіріспе




Негізгі бөлім




1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың рейтингін анықтау үшін бастапқы мәліметтер тізбесін құру




1.1. Қажетті ақпарат жинау мақсатында сауалнама әзірлеу




1.2. Өнеркәсіптік кәсіпорындар тізбесін аймақтық және салалық бөлікте құру (2-қосымша)




2. Өнеркәсіптік кәсіпорындар рейтингін анықтау үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу




2.1. Бағдарламалық өнімді әзірлеу үшін методология құрастыру




3. Өнеркәсіптің базалық салалар кәсіпорындарымен жобаның мақсаты мен міндеттері, рейтингтерді құрастыруға қатысу артықшылықтарын түсіндіру бойынша жұмыс істеу






Қысқартулар тізімі


АҚ

акционерлік қоғам

ІЖӨ

ішкі жалпы өнім

ТМК

тау-металлургия кешені

ТБК

тау-байыту кешені

ТӨК

тау-өнеркәсіптік кешені

ҚО

Қоршаған орта

ҚР ИЖТМ

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ЕЖҚТ

Ең жақсы қолжетімді технологиялар

ӨО

Өндірістік одақ

КШ

Көмурсутекті шикізат

ЖШС

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

т.н.э.

Мұнай эквивалентінде тонна

ҚТҚ

Қатты тұрмыс қалдықтары

т.у.т

шартты отын тоннасы

ОЭР

отын-энергетикалық ресурстары






КІРІСПЕ
Экологиялық тиімділік рейтингтері энергияның жұмсалуын, технологиялылығын және қоршаған ортаға кәсіпорындардың, компаниялардың әсерін салыстырудың объективті жүйесі болып табылады. Рейтингтер қоғамды, мемлекеттік органдар мен инвесторларды ақпараттандыруға, сондай-ақ болып жатқан өзгерістерге объективті мониторинг жасауға бағытталған. Салыстырулар энергия мен басқа да табиғи ресурстардың қолданылу көлемінің сандық деректері, су мен ауа ластануының, қоқыстардың пайда болуының, бұзылған жер көлемінің негізінде жасалынады.

Экологиялық рейтингтер бағасы – ҚО-ға кәсіпорындар жұмысы әсерінің экологиялық қаупі деңгейіне мониторинг, анализ жасау және бағалауға мүмкіндік беретін тиімді инструмент. Рейтингтік бағдарламалардың негізгі міндеті – өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық талаптарға сәйкестігі деңгейін көтеру, жергілікті деңгейде қоғамның экологиялық шешімдер қабылдауға қатысуын ынталандыру және ҚО ластаудың алдын алу бойынша ерікті инициативаларды іске асыруға стимул беру.

Қазақстанда әлеуметтік-экологиялық рейтингтердің ұлттық жүйесін құру өнеркәсіпті экологизациялау процесіне мониторинг жасауға және техникалық модернизацияның басты мәселелерін анықтауға арналған түсінікті де қарапайым ақпарттық-анықтамалық инструментарий береді. Жобаны жүзеге асыру стратегиялық жоспарлау мен өнеркәсіптің әлеуметтік-экологиялық аспектілерін басқарудың ұлттық жүйесін объективті индикаторлармен қамтамасыз етеді.




  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың рейтингін анықтау үшін бастапқы мәліметтер тізбесін құру




1.1. Қажетті ақпарат жинау мақсатында сауалнама әзірлеу

Қазақстанның компаниялары мен көсіпорындарының жылдық бағалауын жүзеге асыру үшін келесі көрсеткіштер көрсетілген сауалнама әзірленуде:


Қызметкерлердің жалпы саны

Кәсіпорынның еңбек потенциалының негізгі сандық сипаттамасы – жұмыскерлер саны болып табылады. Қызметкерлердің бір жылға орташа саны қызметкерлердің барлық ай бойынша орташа санының қосындысын 12-ге бөлу арқылы анықталады.


Қазан-пеш отынының шығыны – моторлы отыннан басқа кәсіпоырн қолданатын кез-келген отын. Әдетте бұл – табиғи газ немесе көмір.

Моторлы отын шығыны

Отын шығынын мөлшерлеудің екі түрі бар: жеке және топтамалық. Жеке нормаларды іске асырылатын технологиялық процестерге байланысты әрбір марка мен көліктің модификациясына бекітеді. Транспорттық операцияларды орындауға арналған отынның жоспарланған шығыны үш құрамадан тұрады: 100 км жүрген жол шығынының базалық (сызықтық) нормасы; транспорттық жұмыстың 100 тонна-километріне (т/км) қосымша норма; жүкпен жүруге қосымша норма. Шығынның базалық (сызықтық) нормасы жылжымалы бөліктің категориясына қатысты бекітіледі. Транспорттық жұмыс нормасы қозғалтқыштың түріне және жылжымалы бөліктің массасына қатысты бекітіледі.


Табиғи көздер мен су каналдарынан таза суды қолдану. Әртүрлі су қорлары көздерінен алынған (теңіз суын қоса) суды шаруашылық және өнеркәсіптік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, суғару үшін қолдану. Мұнда суды айналма қолдану, сондай-ақ ағынды су мен коллекторлы-дренажерлы суды қолдану кірмейді. Өнеркәсіптік өндіріс су сиымдылығы деңгейін өнеркәсіптік қажеттіліктерге жаратылған таза су көлемін өнеркәсіптік өндіріс көлеміне бөлу арқылы есептейді.
Ағынды суды тастау (оның ішінде бедерге) және/немесе басқа кәсіпорындарға тазалауға беру. Ағынды судың бар түрінің тікелей суқоймаларға, жерасты көкжиектеріне, ағынсыз ойпаттарға тастандысының көлемі, сондай-ақ ағынды суларды басқа кәсіпорындарға өткізу. Ағынды су тастандыларына сондай ақ өндірістік, коммуналдық, шахталық, рудадан шығатын және басқа да ұқсас сулар кіреді (суғару жүйелері үшін дренажды және басқа да сырттан алынған қашыртқы сулар).

Стационарлы көздерден атмосфераға тасталынған шығындылар

Шығындылардың стационарлы көздерінен атмосфералық ауаға ластағыш заттардың түсуі. Ұйымдасқан ластағыш көздерінде шаң-газ тазартқыш қондырғылардан өткізілген (жартылай ұстау мен тазалау салдарынан) ластағыштармен қатар ұйымдасқан және ұйымдаспаған ластағыш көздерінде тазартылмаған атмосфералық ауаға түсетін барша ластағыштар есепке алынады. Атмосфераны ластайтын шығындылардың есебі агрегаттық күймен (қатты, газ тәрізді және сұйық заттардың көлемі) қатар жеке заттар (ингредиенттер) бойынша жүргізіледі.


Жылжымалы транспорт көздері шығындыларын бағалау

Траснпорттың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету мақсатындағы тиімді шараларды әзірлеу үшін атмосфераға ластағыш заттарды тастайтын көздердің бағалауын өткізу қажет. Атмосфераға ластағыш заттарды тастаудың екі түрі бар: ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған. Ластағыш заттарды тастаудың ұйымдастырылған түрі – арнайы құбырғылар, газ тасымалдағыштар, ауа тасымалдағыштар және басқа да құбырғылар арқылы жібрерілген шығындылар. Бұл шығындыларды тазалау үшін арнайы фильтрлерді және басқа да құрылғыларды қолдануға мүмкіндік бар. Ластағыш заттардың ұйымдастырылмаған шығындылары – құрылғының герметикалық қалпының бұзылуы, соратын вентиляцияның болмауы әлде қанағаттандырарлықтай жұмыс істемеуі салдарынан атмосфераға түсетін бағытталмаған ағын түріндегі шығындылар. Ластағыш заттардың жалпы және максималды бірыңғай шығындыларының есебі салыстырмалы көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады, яғни қолданыстағы құрылғының бірлігінің, құрылғының жұмыс уақытының, жұмсалатын материалдардың массасының бөлініп жатқан ластағыш заттардың көлеміне қатынасы.


Транспорттың жалпы жүрген жолы

Жылжымалы құрамның жұмысының технико экуплуатациялық көрсеткіштерінің бірі автомобильдің жүрісі болып табылады. Ол автомобильдің жүрген километріне қатысты анықталады, және нөлдік жүріс, автомобольдің жүкпен әлде жүксіз жүруінен тұрады. Нәтижелі жүріске тек жүкпен іске асырылған жүріс жатады. Жүксіз жүріске жүкті түсіру мен жүкті салу пунктілері арасындағы қашықтық жатады. Нөлдік жүріс - автомобтльдің гараждан жүкті салудың бірінші пунктісіне және жүкті түсірудің соңғы пунктісінен гаражға дейінгі жүрген жолы.

Автомобильдің жұмысының тиімділігін жақсартуда жүрісті қолдану коэфициентінің маңызы зор. Оны жүкпен атқарған автомобиль жүрісін жалпы жүріске бөлу арқылы анықтайды.
Пайда болған қоқыстардың көлемі (I-IV класс қауіптілігі)

Өндіріс пен тұтынудың пайдаланылған қоқыстарының көлемінің есебі. Өндіріс және тұтытну процесі салдарынан пайда болған шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, өзге де бұйымдар немесе өнімдердің қалдықтары, сондай ақ сәйкес өнеркәсіпте қолдануға қажет техногенді минералды құрылымдар мен ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарын қоса алғанда, өзінің тұтынушылық құндылығын жоғалтқан тауарлар (продукция).


Өнеркәсіп орындарының пайдаланысындағы жер ауданы (арендаға алынып жатқан жерді қоса алғанда)

Кәсіпорынның қолданысындағы бүкіл жер есепке алынады.


Түсім (әлде қызмет, жұмыс, өнім құны)

Өнімді сатудан түскен түсім бұл – кәсіпорынның өндірілген өнім, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алатын ақшалай қаражатының соммасы. Бұл - кәсіпорындардың шығындарды қайтару мен табыс табуының басты көзі. Негізгі өнімді сатудан түскен түсімнен бөлек кәсіпорын өзге де түсімдері болуы мүмкін (істен шыққын негізгі қорлар, материалдар, т.б.), сондай ақ өткізуден тыс операцияла (мүлікті жалға беру, бірлескен іс әрекеттер, құнды қағаздармен жұмыс істеу операцияларынан түскен табыс және басқа). Сату процесінде басты кезең қаражаттың уақытында келіп түсуі болып табылады.


Өнімді табиғи қалпында шығару

Өнімді табиғи қалпында шығаруды есептеу халықтық өнімдегі пропорция сипаттамасы мен кәсіпорындық әлеуеттердің қарым қатынасы үшін қажет. Кәсіпорындарда өнімнің табиғи қалпынынң есебі өнеркәсіптік бағдарламаларды сұрыпталымы бойынша анализ жасау, өнім тапсыруының сипаттамасы үшін қажет.


Табиғи қалпындағы өнеркәсіптік өнім көлеміне жіберілген өніммен қоса, сыртқа жіберуге арналған, сондай ақ кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған өнімді қоса алғандағы барлық жалпы шығарылым жатады.
Ортаны қорғауға жұмсалған күнделікті шығындар

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға арналған негізгі қорды ұстау мен пайдалануы бойынша шығындары. Осында бұзылған жерлердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, шағын өзендердің аңғарларын тазалау, су қорғау аймақтарын бекітілген тәртіп бойынша ұстау, су көздерінің сапасын тексеру, атмосфералық ауа және басқа да күнделікті табиғатты қорғау бойынша іске асырылған шаралар кіреді.


Қоршаған ортаны қорғау объектілеріне берілген инвестициялар

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды рационалды пайдлануға бағытталған негізгі капиталға инвестицияларға жаңа құрылыс, кеңейту, реконструкция, техникалық қайта қарулану мен объектілерді модернизациялауға бағытталған шығындар жатады.





2. Өнеркәсіптік кәсіпорындар рейтингін анықтау үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу


2.1. Бағдарламалық өнімді әзірлеу үшін методология құрастыру

Тиімділікті бағалау методологиясы негізінде өндірістің жалпыланған моделі жатыр. Пайдалы өнім шығару үшін әдетте энергияның белгілі бір бөлігі жұмсалады. Оның бір бөлігі өндіріс процесі барысында қоршаған ортаға әртүрлі әсерлер салдарынан таралады. Егер өндірістегі энергияның барлық шығынын Э деп белгілесек, өнімді пайдалы шығаруға кеткен бөлігін П десек, ал қоршаған ортаға әртүрлі әсер салдарынан тасталынған бөлігін В десек, онда жалпы өндірістік процес келесі схема түрінде көрсетіле алады (суретті қара). Тиімділік сипаттамасы Э, П және В қарым қатынасы арқылы көрсетіледі.





  1. П/Э қатынасы — мәні бойынша өндірістік жүйенің энергетикалық тиімділігін көрсететін пайдалы әсерінің коэфициенті (КПД).

  2. Екінші В/Э қатынасы — қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, пайдасыз кеткен бөліктің сипаттамасы. Нақты өндіріс процестерінде бұл қоқыстар, бұзылған жерлер, автомобильден пайдаланылған газдың шығуы, ағын сулар, трубалардың газ шлейфтары.Мәні бойынша бұл КПД көрсеткішіне қарама қайшы — өндіріс жүйесінің тиімсіздігі әлде КВД (зиян әсер коэфициенті). Технологиялық тиімділік деп атауға болатын кері қарым қатынас — Э/В қолдану ұсынылады, себебі ол өнім параметрлерінен тұрмайды және жүйедегі өндірістік процестердің ішкі сипаттамасын ғана көрсетеді.

  3. Алдыңғы екі коэфициент бөліктер мен тұтастықтың қатынасын сипаттайды (суретті қара). Бөліктердің өзара «ішкі» қарым қатынасы — П/В — соңғы өнім бірлігінің экологиялық «тазалығын» сипаттайды және экологиялық тиімдімділік деп аталына алады. Үш жұптық комбинациялардан бөлек барлық үш элементен тұратын үш басқа байланыстап бар:

  4. (Э•П)/В —бұл байланыстың жоғарғы көрсеткіштері мәні бойынша жоғары энергия қолданумен ерекшеленетін жүйелерді көрсетеді. Бұл оларды энергияны мөлшерсіз жұмсаушылық деп атауға негіз береді.

  5. (В•П)/Э — байланыстың жоғарғы көрсеткіштері ортаға жоғары әсер ететін жүйелерді көрсетеді. Энергияны мөлшерсіз жұмсаушылыққа ұқсас бұл жүйелерді табиғатты мөлшерсіз жұмсаушылық деп аталына алады.

П/(В•Э) — бұл көрсеткіштің жоғарғы деңгейі мәні бойынша қолданылған энергиядан және көрсетілген әсерлерден өнім өндірісін көтеруді білдіреді. Эко энергетикалық тиімділік бұл — заттай энергетикалық шығындар есебінен емес, басқа нәрсе есебінен өндірілген өнімнің қосымша саны. Бұл жерде «басқа нәрсе» деп отырғанымыз, ең алдымен, инновациялық технологиялар, тиімді менеджмент, компьютерлендіру және өзге де материалдық емес факторлар.



3. Өнеркәсіптің базалық салалар кәсіпорындарымен жобаның мақсаты мен міндеттері, рейтингтерді құрастыруға қатысу артықшылықтарын түсіндіру бойынша жұмыс істеу


«Тұрақты өндіріс және тұтыну орталығы» КҚ «Эколого-энергетикалық рейтингтерде есепке алынатын Қазақстан кәсіпорындары іс әрекеттерінің негізгі аспектілері туралы» жобаның мақсаты мен міндеттері, энергетикалық және экологиялық тиімділікті құрастыруға қатысудың пайдасы жайлы өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарға дөңгелек үстел өткізді. Қатысушыларға талқылау үшін рейтинг құрастыру үшін бастапқы деректерді жинауға арналған сауалнаманың жобасы ұсынылды.

Қатысушылар сондай ақ энергия үнемдеудің экономикалық тиімділігінің кәсіпорындармен қатар тұрғындарға да маңызын атап өтті. Қолданылған энергияны есептеу жүйесі мен жолы, энергияны қолдануды реттеудің нақты жолдары мен энергияны үнемдеудің стимулдары мәселесі шегінде пікірталас болды.


Дөңгелек үстел қорытындысы

Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қаржылық көрсеткіщтердің дамуын тепе тең бағалау мүмкін емес, сондықтан өндірістік жүйелердің объективті бағалауын жасауға мүмкіндік беретін жолды іздеп табу қажет екендігі шешілді. Солардың бірі ретінде өндірістік процестердің тиімділігін бағалау жүйесі ұсынылды. Бұл статистикада тіркелетін нақты көрсеткіштерге негізделе отырып, эколого энергетикалық тиімділікті бағалау. Ол Қазақстан мен оның облыстарының экономикасының модернизциясы процесінің қарқынын сандық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.

Рейтингті құрастыру үшін кәсіпорындардың алғашқы деректеріне сүйену ұсынылады. Келесі жылы 2-қосымшада көрсетілген сауалнамаларды электрондық түрде жіберу ұсынылды.


ҚОРЫТЫНДЫ


Қазіргі таңда рейтингтік бағалау жүйесі энергияны қолдану, өндіріс тиімділігі, аймақтық және әсеуметтік аспектілерді және т.б. қамтиды. Бұл процестердің тек экономикалық және қаржылық салдарларын түсініктірек ете қоймай, мемлекет, аймақ және кәсіпорындардың техникалық кешендерінің жұмыс істеуінің физикалық мәнін түсініктірек етеді. Рейтингтердің негізіне енгізілген экологиялық әсерлер қарқынының деңгейін бағалау қолданушылардың әртүрлі категорияларына – өнеркәсіптік компаниялардың басшылары мен сарапшылары, биржа аналитиктері, экологиялық қауым, мемлекеттік басқару органдарына пайдалы жүйелі ұйымдастырылған анықтамалық материал береді. Экологиялық және энергетикалық тиімділікке анализ жасаудың бірегей методологиясы жалпы мемлекеттің, жекелеген аймақтардың және кез келген сала мен іс әрекет түрі кәсіпорындарының тұрақты даму бағдарламасына мониторинг жасауға мүмкіндік береді.

Экологиялық рейтинг жасаудың практикалық пайдасы қандай? Рейтингтерде көрсетілген ақпаратты қолдана отырып, комппания өзін өзі бағалайды және мақсат қояды: жетілдірілген технологияларды өндіріске енгізу арқылы шығындылар мен қоқыстарды қысқарта отырып, экологиялық шығындардын деңгейін түсіру. Экономикалық шешімдер қабылдай отырып, компания басшылығы экологиялық факторды есепке алады.

Аймақтар мен кәсіпорындардың рейтингке қатысуы табиғатты қорғау практикасын жетілдіру стимулы болып табылады, экологиялық тиімділікке жету жолына бағыттылықты сызып көрсетеді. Экологиялық рейтинг жасау процесіне қатысушы кәсіпорындар мен аймақтар экологиялық басқару саласындағы қазіргі заманға сай амалдарды көрсетеді, қоршаған ортаға түсетін шығындыладың көрсеткішін төмендетуге ұмтылады, сондай ақ экономикалық іс әрекет салдарынан пайда болған қоқыстардың деңгейін экономикасы дамыған елдер жеткен көрсеткіштерге сай етуге тырысады.

Қоқыстардың көлемінің, ресурстарды қолдану мен ластағыштардың пайда болуының азаюы компанияда орын алып жатқан технологиялық модернизациялардың тиімділігін көрсетеді. Ал бұл өз кезегінде зерек сарапшыға бұндай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жоғарлағаны туралы айтады.


Қорытындылай келе, рейтингтік бағалау жүйесі экономиканың экологиялық бағытта дамуын қамтамасыз ету мен экологиялық тиімді инновациялық технологияларды егнгізуге бағытталған.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. «Қазақстан – 2030» Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы

  2. Жаңа мыңжылдық – жаңа экономикалық даму – жаңа мүмкіндіктер. ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Астана қ., 29 қаңтар 2010 жыл.

  3. Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы.

  4. «Қазақстанның 30 корпоративтік лидері» бағдарламасы.

  5. Энергия тиімділігі саласындағы саясаттың жүйелі шолуы, 2006 ж.

  6. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Основы экоразвития. Учебное пособие. - М.: Издательство Российской экономической академии им. Г.В. Плеханова, 1994. – 312 с.

  7. С. Н. Бобылев, А. Ш. Ходжаев, Экономика природопользования, Москва, 2004 г.

  8. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономические методы управления природопользованием. -М.: Наука, 1993. -136 с.

  9. Ковалев А. П. Введение в финансовый менеджмент, М.: Проспект, 2004.

  10. Неверов А.В. Экономика природопользования. Учебн.пособие для вузов. -Минск: Вышэйшая школа, 1990. -216 с.

  11. Нестеров П.М. Экономика природопользования и рынок. - М.: Альпина, 2001.

  12. Экономические основы экологии, М.: Проспект, 2003.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет