Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «ТҰРАҚты өндіріс және тұтыну орталығЫ» корпоративтік қоры есеп қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы



бет1/3
Дата04.07.2016
өлшемі285.5 Kb.
#177505
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАҚТЫ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ОРТАЛЫҒЫ»

КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ

ЕСЕП
Қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

07-1-222 шарты бойынша


2012 жылға «Қазақстан Республикасында тұрақты өндіріс пен тұтыну бойынша бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мақсатында өткізіліп жатқан шаралардың тиімділігіне мониторинг жасау»

Бағдарлама - 001 «Қоршаған ортаны сақтау, қайта қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету бойынша қызметтер»
Бағдарламаша - 100 «Қоршаған ортаны сақтау, қайта қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету бойынша өкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
Специфика – 148 «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтерді төлеу»

«Тұрақты өндіріс және тұтыну орталығы» КҚ

Президенті,

х.ғ.к. З. Зикрина



Астана 2012

МАЗМҰНЫ








Қысқартулар тізімі




Кіріспе




Негізгі бөлім




1. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың тізбесін құру. Анализ жасау үшін бастапқы мәліметтерді жинау.




2. Мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аймақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігіне, ТӨТ принциптеріне сәйкестігіне анализ жасау.




    1. Қазақстан Республикасында өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жүйесінің жағдайы

    2. Мемлекеттік ауылшаруашылық бағдарламаларына тұрақты өндіріс және тұтыну принциптерін ескере отырып мониторинг жасау




3. Дөңгелек үстел өткізу




4.  ТӨТ принциптерін ескере отырып, бағдарламаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар










ҚОРЫТЫНДЫ




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ






ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ


ҚТҮКШІА

Қазақстан Республакасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

АҚ

Акционерлік қоғам

БЧП

Тазарақ өндіріс

2020 БЖК

2020 бизнес жол картасы

ЕРДБ

Еуропалық реконструкция және даму банкі

МАМ

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі

ЖБО

Жергілікті басқару органдары

ЭДСМ

ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі

БҰҰ

Біріккен ұлттар ұйымы

ҚР ИЖТМ

ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ҰК

Ұлттық компания

ЕЖҚЖТ

Ең жақсы қол жетімді технологиялар

АЖТҚТ

Ауылшаруашылығын жүргізудің топырақты қорғау тәсілдері

БАҚ

Бұқаралық ақпарат құралдары

ҚТҚ

Қатты тұрмыс қалдықтары

ОЭР

Отын энергетикалық ресурстары

ТҰТ

Тұрақты өндіріс және тұтыну

ТД

Тұрақты даму

КІРІСПЕ


1972 жылы “Даму шектері” деп аталатын баяндама рим клубында жарық көрген болатын. Баяндама авторлары егер халықтың санының қазіргі өсу тенденциясы, индустриализация, табиғи ортаның ластануы, азық түлік өндіру және ресурстардың таусылуы жалғаса беретін болса, онда келе жатқан жүзжылдықтың барысында әлем өсудің шегіне келеді де, күтпеген, бақылауға алуға келмейтіндей болып халықтың саны төмендейді және өндірістің көлемі бірден түседі. Алайда, олар өсу тенденциясын өзгерте отырып, ұзақ мерзімді экономикалық және экологиялық тұрақтылыққа жетуге болады деп есептеді. Бұндай баланс жасалынған даму концепциясын тұрақты даму деп атады.

Тұрақты дамуға жетудің басты аспектілерінің бірі тұрақты өндіріс және тұтыну моделін енгізу болып табылады. ҚР Экологиялық кодексінде келтірілген анықтамаға сәйкес ТӨТ моделі бұл –жаңартылмайтын ресурстарды қолдануды азайта отырып, өндірісті өсірумен, жаңартылатын ресурстарды қайта қалпына келтіру және қоршаған ортаны антропогендік ластауды төмендетумен сипатталатын әлеуметтік экономикалық модель.

Әлемдік қауымның толыққанды қатысушы бола отырып Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Рио-де-Жанейродағы (1992ж) күнтізбесінде қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілік алды. Аталған конференцияда Қоршаған орта мен даму туралы декларация, сондай ақ Мыңжылдық Саммит (Нью-Йорк, 2000 ж.) пен Тұрақты даму туралы Әлемдік саммит (Йоханнесбург, 2002 ж.) декларациялары қабылданған болатын. БҰҰ-ның ТД туралы Рио+20 қорытынды құжатында өндіріс пен тұтынудың рационалды моделіне көшуге қатысты міндеттемелер туралы, онжылдық рамалық бағдарламаларды әзірлеуді көтермелеу, және де ТД-ға бүкіләлемдік масштабта көшу үшін елдерде қалыптасқан өндіріс және тұтыну модельдерін түбімен өзгерту туралы айтылады.

Қазақстан Республикасы жүргізіп жатқан, бағдаламалардың қайталануын болдырмау және оларды орындауға бағытталған саясатына сәйкес ТӨТ бойынша жеке бағдарлама әзірлеу пайдасыз болып табылады. Бұл сондай ақ қазіргі уақытта республикамызда мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялар, салалық бағдарламалар, аймақтарды дамыту бағдарламаларының бар болуымен де түсіндіріледі. Бұл бағдарламаларға тұрақты өндіріс пен тұтынуға жетуге бағытталған шаралар да енгізілген. Бүгінгі таңда басты мәселе координацияның, мониторингтің және ТӨТ бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалаудың жоқтығы болып табылады.

ТӨТ бірден бірнеше мәселені біріктіреді — әрбір адамның қажеттілігін қанағаттандыру, зиян химиялық заттарды пайдалануды азайту, ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру және қоқыстарды барынша азайту, жаңартылған энергия көздерін жан жақты қолдану. Оған қоса, ТӨТ барлық өндіріс және тұтыну процесіне жүйелі көзқарасты білдіреді, тауардың барлық өмір циклін есепке алады.

Осы есепте ҚР-да қолданыстағы мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың келесі ТӨТ принциптеріне сәйкестігінің қысқаша анализі жасалынған: энергия және ресурс қорлары, қоқыстарды басқару, тазарақ өндіріс, экологиялық маркетинг және сатып алу, сертификация, экодизайн және экомаркировка, тұрмыс дәстүрінің тұрақты жолы, өнімнің өмір циклін бағалау.


1. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың тізбесін құру. Анализ жасау үшін бастапқы мәліметтерді жинау.
1.1. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі.

  1. Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған жылдамдатылған индустриалды–инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жыл 19 наурыздағы № 958 жарлығымен бекітілген)

Қосымша – Қазақстанның 2010 – 2014 жылдарға арналған индустриализация картасы.


  1. «Қазақстанның 30 корпоративтік лидері» бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жыл 19 қарашадағы № 1097 қаулысы)



1.2. Салалық бағдарламалар тізбесі
ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі


  • "Өндірімділік 2020" бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 наурыз 2011 жылдағы № 254 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында тау-металлургия саласын 2010-2014 жылдар аралығында дамытуға арналған бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 30 қазан 2010 жылдағы № 1144 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында 2010 – 2014 жылдар аралығында инновацияны дамытыу мен технологиялық модернизацияға жәрдемдесу бойынша бағдарлама (ҚР Үкіметінің 30 қараша 2010 жылдағы № 1308 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында қазақстандық мазмұнды дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 29 қазан 2010 жылдағы № 1135 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында химиялық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 30 қыркүйек 2010 жылдағы № 1001 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында электроэнергетиканы дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 29 қазан 2010 жылдағы № 1129 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында мұнай секторын дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 18 қазан 2010 жылдағы № 1072 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында машина жамауды дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 30 қыркүйек 2010 жылдағы № 1002 қаулысы);


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет