Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы



жүктеу 60.06 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі60.06 Kb.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 457 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 18, 205-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 3 шілде, N 185-186


      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 123 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.       

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 123 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:


      1) "Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы N 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 433-құжат);

      2) "Экологиялық аудитті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 413-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 1086 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 548-құжат).

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің       
2007 жылғы 5 маусымдағы
N 457 қаулысымен  
бекітілген  

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 123 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 5 маусымдағы
N 457 қаулысымен  
бекітілген      

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 123 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



      1. Шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білімінің;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің;
      аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындау туралы шарттардың;
      қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу және қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдіснамалық құжаттардың болуын қамтиды.
      2. Шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғатты қорғауға қатысты жобалау мен нормалау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;
      2) осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білімді мамандардың;
      3) аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындау туралы шарттардың;
      4) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу және қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдіснамалық құжаттардың болуын қамтиды.
      3. Шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды лицензиялау кезінде жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білімінің;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл, оның ішінде экологиялық сараптама саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің;
      3) аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындау туралы шарттардың;
      4) қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдіснамалық құжаттардың және экологиялық сараптаманың болуын қамтиды.
      4. Шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды лицензиялау кезінде заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;
      2) осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл, оның ішінде экологиялық сараптама саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білімді мамандардың;
      3) аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындау туралы шарттардың;
      4) қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдіснамалық құжаттардың және экологиялық сараптаманың болуын қамтиды.
      5. Шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін экологиялық аудит жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білімінің;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензияның (табиғатты қорғауға қатысты жобалау, нормалау, экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар кіші қызмет түрлерімен);
      3) аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындау туралы шарттардың;
      4) қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді;
      5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдіснамалық құжаттардың және экологиялық сараптаманың болуын қамтиды.
      6. Шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін экологиялық аудит жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің;
      2) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;
      3) осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін экологиялық аудиторлардың;
      4) аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындау туралы шарттардың;
      5) қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      6) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдіснамалық құжаттардың және экологиялық сараптаманың болуын қамтиды.
      Ескертпе:
      1. Жоғары білімнің болуы дипломның көшірмесімен (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) расталады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибенің болуы еңбек кітапшасының және/немесе еңбек шартының және/немесе еңбек шартының және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші бұйрықтарынан үзіндінің көшірмелерімен (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) расталады.
      3. Аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындау туралы шарттардың болуы мамандандырылған зертхананың аккредиттеу аттестатының көшірмесімен не тиісті шарттың көшірмесін аккредиттеу аттестатының көшірмесімен қоса ұсынумен (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) расталады.
      4. Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы өтініш беруші қол қойған тиісті тізбемен расталады.
      5. Қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдіснамалық құжаттардың және экологиялық сараптаманың болуы өтініш беруші қол қойған тиісті тізбемен расталады.
      6. Заңды тұлғаның штатында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білімді мамандардың болуы штат кестесінің көшірмесімен, еңбек кітапшасының және/немесе еңбек шартының және/немесе еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші бұйрықтарынан үзінді көшірмелермен, жоғары білім туралы дипломның көшірмесімен (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) расталады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет