Өрт қауiпсiздiгi қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 2.62 Mb.
бет8/16
Дата23.02.2016
өлшемі2.62 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртiбi


  1. Аппараттарда, ыдыстарда және құбыржолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегiш және тiреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлiк-техникалық қызметкердiң басшылығымен, бекiтiлген кестеге сәйкес тұрақты тексерiледi. Тексерiстер мен қадағалау нәтижелерi вахта журналына жазылады.

  2. От қауiптi сұйықтықтардың деңгейiн өлшеу үшiн өртке қауiпсiз өлшеуiштер қолданылады. Шыныларды механикалық зақымданудан қорғау, қосқыш түтіктерді автоматты түрде жабатын клапандардың және шыныда сұйықтық пен қысымның 0,6 МегаПаскальдан (бұдан әрi – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын шектi рұқсат етiлген деңгейiн көрсететiн қызыл жолағының болуы шартымен өлшеуіш шынылардың 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс iстейтiн аппараттар мен сыйымдылықтарда болуына жол берiледi.

  3. Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшiн өртенбейтiн материалдар қолданылады.

  4. Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жiберер алдында жеткiзу желiлерi қауiптi қысымдарды немесе деформацияларды болдырмау үшiн үрленедi.

  5. Қыздырылған агенттi аппараттарға қосу аппараттардағы температураны бiрте-бiрте көтере отырып, баяу жүргiзiледi.

  6. Түсiру кезiнде резервуар (ыдыс) аппараттарынан су мен жауын-шашынның тұнбаларының ағысы қадағаланады, жұмыс алаңшалары мен аумаққа мұнайдың төгiлуiне жол берiлмейдi.

  7. Сақтандырғыш клапаны диаметрi шығу тесiгiнен кем емес бұру жолымен жабдықталады.

  8. Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.

  9. Мұнай және газ ұстағыштар өртенбейтiн материалдардан жасалады. Ашық мұнай ұстағыштың айналасында биiктiгi кемiнде 1 метр қоршау орнатылады.

  10. Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетiн жерлерде металл жабындыларымен жабылады.

  11. Шырақ тiреушесi кемiнде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан кемінде 50 метр алшақ орналасады. Қамбаның айналасы кемiнде 1 метр топырақпен үйiп бекiтiледi, ал шырақ қондырғысы қоршалады.

  12. Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желiсiндегi тиек қондырғысы ақырын және бiртiндеп ашып-жабылады.

  13. Қысымы бірдей сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шыраққа жалпы желiге (коллектор) бұруға болады.

  14. Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасы ауаның бар-жоғына тексерiледi.

  15. Басқыштардағы деңгей өлшегiш шынылар жабық ыдысқа немесе кәрізге үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етiледi.

  16. Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңша гидравликалық жабу арқылы өнеркәсiптiк кәрізге жүретiн науалармен жабдықталады.

  17. Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшiн жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыру және (көтерiлгенде) суыту бiртiндеп жүргiзiледi.

  18. Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босату жылу ауыстырғыштар суығаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.

  19. Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсiптiк кәрізбен қосылған науаға қарай еңiспен қамтамасыз етiледi.

  20. Пештердi тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.

  21. Форсункаларды шырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгiш сұйықтықты сiңдiруге жол берiлмейдi.

  22. Пештердi жағуда қолданылатын шырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтiн жәшiкте сөндiрiледi.

  23. Отын құбыржолы отынды барлық форсункаларға жiберуді бiр мезгiлде тоқтата алатын (форсункалардың фронтынан кемiнде 10 метр қашықтықта) тиекпен, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғымен, сондай-ақ автоматика жүйесiне конденсаттың түсуiнің алдын алу үшiн конденсат жинағымен, бақылау-өлшеуiш құралдарымен жабдықталады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор үй-жайына шығарылады.

  24. Қондырғы жұмыс iстемеген жағдайда, отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшiрiлiп, бiтеуiшке қойылады.

  25. Пештердiң тұрақты өрт сөндiру жүйесi үнемi iске жарамды жағдайда ұсталады. Жүйенiң орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйе автоматты және қашықтықтан қосылатын болып көзделеді.

  26. Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай, оттықты жағуға жол берiлмейдi. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауiпсiз жерге шығарылады.

  27. Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желiге шығарып, үрлеу желiсiмен жабдықталады.

  28. Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар iске жарамды болуы тиiс. Авариялық төгу ысырмаларының айыратын белгiлерi болуы, ал жағалаулары бос болуы тиiс. Авариялық төгуді тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өрттi) жою жөнiндегi жұмыстардың жауапты жетекшiсiнiң нұсқауы бойынша ғана жүргiзуге болады. Авариялық төгуді жүзеге асырғанда операциялардың реттiлiгi нұсқаулықта көзделеді.

  29. Авариялық ыдысқа ыстық сұйықтықты түсiрер алдында одан суланған өнiмдер мұқият шығарылып, құрғақ бу жiберiледi.

  30. Пеш форсункаларының фронттарында, ұқсас камераларда өрт шыққанда, көмейi мен түтiндiгiнде қара күйе жанғанда бумен өрт сөндiру желiлерi арқылы бу жiберілiп, өртке қарсы қызмет шақырылады.

  31. Құбырлы пештi пайдалану кезiнде құбырлардың жай-күйіне жүйелi түрде бақылау қамтамасыз етiледi. Құбырларда булықтары мен тесiктерi болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегi асып кеткен пештердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

  32. Пештерге жалындарды өшiру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуiн тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештiң белiне шектi рұқсат етiлген температура сигнализациясы орнатылады.

  33. Мұнай айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупiн болдырмайтындай орындалған ауданы мәжбүрлі жіберу-тартып алу желдеткiшiмен жабдықталады. Желдеткiш бұзылған немесе өшiрiлген жағдайда, сорғыларды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.

  34. Iштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайлар сорғыларға арналған үй-жайлардан газ өтпейтiн қабырғалармен бөлінеді. Тез тұтанатын сорғылар орнатылған үй-жайларда тегiс белдiктi берiлiстi қолдануға жол берiлмейдi.

  35. Аралық бiлiктер өтетiн орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.

  36. Сорғылармен жұмыс iстегенде қозғалыстағы бөлшектерiн, сондай-ақ мойынтiрек пен сорғылардың тығыздамаларының температурасын үнемi бақылау жүзеге асырады.

  37. Сорғылардың астында жағармайдың жиналуына, ағуына және шашырауына жол берiлмейдi. Сорғы үй-жайларының едендерi таза ұсталып, үнемi сумен шайылады.

  38. Сорғы үй-жайларында сорғылар мен құбырлардың герметикалығына бақылау орнатылады. Сорғылардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.

  39. Ысырма блогы орналасқан жерлерде сұйықтықтарды гидравликалық бекiтпе арқылы өнеркәсiптiк кәрізге төгуге арналған науа орнатылады. Сұйықтықтарды өнеркәсiптiк кәрізге төгу мүмкiндiгi болмаған жағдайда, сұйықтықты сорғымен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.

  40. Сорғы үй-жайларында жанар-жағармай материалдарын бiр тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол берiледi. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшiктерде сақталады.

Сорғы үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берiлмейдi.

  1. Сорғыны iске қосу және тоқтату алдында тиiстi ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексерiледi.

  2. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғы үй-жайлары резеңке шлангілері бар су құбырларымен жабдықталады.

  3. Жұмыс аяқталған соң сорғыларды қабылдау және көтерулер және резервуарлардың ысырмалары жабылады, үй-жай тексерiлiп, төгiлiп қалған мұнай жойылып, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшiрiледi.

  4. Құбыржолдардың (мұнай, газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты айырым түсi мен цифрлық белгiсi болады. Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыржолдарға әр құбыржолдың ерекше белгiсi, ал тиек арматурасының нөмiрлерi бар технологиялық кестелер жасалады.

  5. Қызмет көрсетуші персонал ысырмалардың орналасу кестесiн және олардың мәнiн бiлуi, сондай-ақ технологиялық іс-қимылды қатесiз орындауы тиіс.

  6. Жаңа кестені кәсiпорынның басшысы бекiтiп, рұқсат бермейiнше, қолданыстағы құбыржолдардың орналасу кестесiн өзгертуге жол берiлмейдi.

  7. Құбыржолдарды үрлеу және оларды герметикалығы мен беріктігі тұрғысынан сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Герметикалығына және беріктігіне құбыржолдарды үрлеу және сынау жөнiндегi нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыржолды пайдаланып отырған кәсiпорынның техникалық басшылығымен келiсiледi.

  8. Құбыржолдарды үрлегенде және сынағанда аймақ шегiнде автомобильдердiң, тракторлардың жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштармен тiркелуiне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекi шегуге жол берiлмейдi.

  9. Темiржолдардың немесе тас жолдардың маңындағы құбыржолда авария болған жағдайда, авария алаңы дереу қоршалып, ескертетiн белгiлер қойылып, көлiк қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.

  10. Ескертетiн белгiлер авария болған жерден жолдың екi жағынан кемінде 800 метр қашықтықта орнатылады. Темiржол қызметiне дереу хабарланады.

  11. Құбыржолдардағы тиек құрылғылары жарамды күйде құбыржолдардың жеке учаскелерiне мұнай мен газдың келуiн сенiмдi түрде тоқтату мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн оңай қол жеткiзуге болатындай етiп орналастырылады. Ақаулықтар дереу жойылады.

  12. Тиек құрылғыларын тексеру үшiн кәсiпорында оның басшылары бекiтетiн кестелер жасалады. Құбыржолдардағы тиек құрылғылары тоқсанына кемiнде 1 рет, ерекше жауапты тораптарда айына кемiнде 1 рет қарап тексерiледi. Тексерiс нәтижелерi журналға немесе құбыржолдағы паспортқа енгiзiледi.

  13. Құбыржолды дәнекерлеп қосуға ғана жол берiледi. Ажыратқыш құрылғылары, өткiзбейтiн тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеу құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецтi қосуларға жол берiледi.

Фланецтi қосу төсемдерi жоғары температураларда бұзылмайтын және пiшiнi өзгермейтiн материалдардан жасалады.

  1. Құбыржолдарда пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкiн құралдар арқылы тазартуға жол берiлмейдi.

  2. Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейiн соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейiн ашық науалар дереу жабылады.

  3. Тиек құрылғыларын баяу ашып-жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшiн ұшқын тудыруы мүмкiн металл заттарды қолдануға жол берiлмейдi.

  4. Вакуумдық газ жинайтын желiнiң iшiнде жарылыс қаупi бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшiн:

1) вакуумдық желідегі ауа құрамына бақылау жүргiзiледi;

2) ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғылары жабылады және газ құбырларына бiтеуiштер орнатылады.



  1. Шамның алау құрылымында газ жағудың үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.

  2. Құбыржолмен параллель кәбіл желiлерiн төсегенде олардың арасында көлденеңiнен қашықтығын кемiнде 1 метр етiп жасауға жол берiледi. Құбыржолдан шамалы қашықтықта орналасқан кәбілдер құбыржолдардың бүкіл аралық бойына төселедi. Құбыржолдардың асты мен үстiне кәбілдердi тiк жазықтықта параллель төсеуге жол берiлмейдi.

  3. Төгу-құю эстакадалары осы Қағидалардың 4-бөлімінің 6-тарауында белгіленген тәртіпке сәйкес ұсталады.



6. Газды қайта өңдейтiн өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер


  1. Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерiнде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдердің қозғалуына жол берiлмейдi. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгiлерi орнатылады.

  2. Жарылу және өрт қаупi бар цехтардың аумағына кiруге және автомашина, трактор, көтергiш көлiк және құрылыс механизмдерiн орнатуға тек осы цехтардың, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауiпсiздiк шаралары көрсетiлген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен ғана жол берiледi.

  3. Жарылу қаупi және газ қаупi бар жерлерде темiрмен тағаланған аяқ киiммен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

  4. Доңғалақтармен жүретiн, А және Б санатты жарылыс қауiптi цехтарда орналасқан көлiк арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын металдан жасалған шеңберлермен немесе резеңке шиналармен жабдықталады. Кәрізді бақылайтын құдықтар үнемi қақпақпен жабылып тұрады және 10 сантиметр құм қабаты төгіледі.

  5. Өрт кезiнде өнеркәсiптiк кәріз желiсi бойынша оттың таралуына жол бермеу үшiн онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемiнде 0,25 метр биiктiкте болуы тиiс.

  6. Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөлiктерiнде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғылар, қазандық, төгу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етедi.

  7. Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ оларсыз кәрізді пайдалануға жол берiлмейдi.

  8. Өртену және жарылу қаупi бар өнiмдердi кәріз жүйесiне шығаруға жол берiлмейдi. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар көзделеді.

  9. Өндiрiстiк ағын суды кәрізге шығарғанда оның температурасы 400C аспауы тиiс.

  10. Жарылыс қауiптi өндiрiстiк үй-жайларда орнатылған желдеткiш жүйелерiнiң металдан жасалған ауа бұрғыштары жерге тұйықталады.

  11. Желдеткiшi бұзылған жағдайда, жабдықты жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.

  12. Жанғыш және жарылыс қауіптi газдары бар аппаратура мен коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткiштiң тәулiк бойы жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледi.

  13. Зиянды немесе жарылыс қауіпті газдардың немесе будың кенеттен қарқынды бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда механикалық авариялық желдеткіш орнату көзделеді.

  14. Авариялық механикалық желдеткiштi газ талдағыш тетiктердiң әсерiмен автоматты iске қосу қамтамасыз етiледi және бұдан басқа өндiрiстiк үй-жайдың сыртқы есiгiнде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткiштi қашықтықтан iске қосу көзделеді.

  15. Өндiрiстiк үй-жайда өрт шыққан жағдайда iшiндегi желдеткiш жүйелерi сөндiрiледi.

  16. Өрт, жарылыс қауiптi өндiрiстерi бар үй-жайларды жылыту үшiн ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольдi жылу тасығыш ретiнде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.

  17. Өрт шыққанда және оның таралу қаупi болғанда ауамен жылыту жүйелерi дереу сөндiрiледi.

  18. Ауамен жылытуды үйлестiру желдеткiшiмен қиыстырғанда ауаны кері циркуляциялауға жол берiлмейдi.

  19. Темiржол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге тұйықталады. Төгу-құю фронттары шегiнде темiржол рельстерi бiр-бiрiмен электр арқылы қосылады және электр тарту желiсiн жерге тұйықтауға қатысы жоқ жерге тұйықтау құрылғысына қосылады.

  20. Жанғыш газдарды құятын және төгетін цистерналар жерге тұйықтау құрылғыларына қосылады. Жерге тұйықтайтын өткiзгiш ретiнде қимасы кемiнде 6 шаршы миллиметр иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiш қолданылады.

  21. Резеңке шлангiлердiң металл ұштықтары мен тез көтергiш құрылғылары шлангiнiң сыртына немесе iшiне оралған, иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiш арқылы жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау өткiзгiшiнiң бiр шетi өнiм өткiзгiшiнiң металл бөлшектерiне жалғанады.

  22. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргiзiледi. Бұл ретте жерге тұйықтау құрылғысының кедергiсi өлшенедi.



Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртiбi


  1. Өнімді фланецтi жалғамалардың саңылауы арқылы өткізгенде аппараттарды, құбыржолдарды және жабдықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.

  2. Ағып тұрған өнiмнiң тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда, ағып тұрған жерге су буы немесе инертті газ жiберiледi және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.

  3. Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттерi жанбайтын материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етiледi.

  4. Iшiн тексеру, тазарту және жөндеу үшiн ашуға жататын аппараттар өнiмдерден босатылып, iске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылады және сөндiрiледi, инертті газбен буландырылады немесе үрленеді және желдетiледі. Булаудың немесе инертті газбен үрлеудiң ұзақтығы, сумен шаю, желдету қажеттiлiгi жеке, кез келген жағдайға арналған өндiрiстiк нұсқаулықтарда белгiленедi.

  5. Ыстық өнiмдi мұздатқыш арқылы өткiзбей сынама iрiктеу шүмектерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Бұру түтiктерi және мұздатқыштың түтiктерi жарамды күйде ұсталады.

  6. Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берiлмейдi.

  7. Өндiрiстiк үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкiн жұмыстарды жүргiзуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берiлмейдi.

  8. Iске қосар алдында технологиялық аппараттардың жарамдылығы және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыржолдардың жұмысқа әзірлігі тексерiледi, автоматты көрсеткiштер немесе температура мен қысымды реттегiштердің, сұйықтық деңгейiн өлшегiштердiң жарамдылығы тексерiледi.

  9. Жаңадан жобаланатын және қайта салынып жатқан пештер өрт сөндiру бөлiмiне бүркеме қосылған кезде дабыл беретiн будың немесе инертті газдың бүркеуiн тудыратын құрылғылармен жабдықталады.

  10. Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәрiздес отынның жеткiзiлуi тоқтағанда немесе қысымы белгiленген нормалардан төмендегенде iске қосылатын дабылмен жабдықталады.

  11. Пештiң өшiп қалған оттықтарын қызған панельдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берiлмейдi.

  12. Пештiң iшiнде болуы ықтимал тұтануларды сөндiруге буды немесе инертті газды пайдалануға болады. Бу немесе инертті газ бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейiн берiледi.

  13. Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнiмдi төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желiлерiнiң ысырмалары айыру белгiлерiмен белгiленедi, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық төгуді жүзеге асырғанда операциялардың ретi нұсқаулықта көзделеді.

  14. Пештен ыстық сұйықтықты түсiруге арналған авариялық ыдыс үнемi бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсiрер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы берiледi.

  15. Құбырларда үрлеме мен тесiктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозуы рұқсат етiлген шектен асып кетенде пештi пайдалануға жол берiлмейдi. Құбырлар күйiп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пештi пайдалану дереу тоқтатылады.

  16. Пеш аумағының газдану қаупi төнгенде дереу бумен сөндіру жүйесiн қосылады, пештiң форсункаларын сөндiрiп, өртке қарсы қызмет шақырылады.

  17. Қос көздi тетiктерi бұзылған құбырлы пештердi пайдалануға жол берiлмейдi.

  18. Қос көздi тетiктердiң тығындарын тығыздауға арналған қысу бұрамаларын құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейiн төмендеткенде ғана тартуға болады.

  19. Құбырлы пештердегi қос көздi тетiк шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есiктерiнiң болуын қадағалау керек.

  20. Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсiптiк кәрізге шығатын, арнашыққа ағысы бар қатты жабыны болуы тиiс. Алаңша жанғыш өнiмдерді шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етiледi.

  21. Құбыр кеңiстiгiндегідей құбыр арасындағы кеңiстiкте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босатуға жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.

  22. Ауамен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткiштердi қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.

  23. Колонна аппараттарының люктерiн жоғарғысынан бастап ашу қажет.

  24. Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын iске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы керек. Автоматты түрде iске қосқанда қолмен де iске қосу көзделеді.



Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртiбi


  1. Құбыржолдар олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгiлеумен және өнiмнiң қозғалыс бағытымен қамтамасыз етiледi.

  2. Газ құбыры, өнiм құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгiлерi қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнiнде шаралар қолданылады.

  3. Газдың немесе мұнайдың кемуi бар құбыржол бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметi мен газдан қорғау қызметi шақырылады, сондай-ақ аварияны жою жөнiнде шаралар қабылданады.

  4. Құбыр жолдарында тұйық учаскелердiң болуына жол берiлмейдi.

  5. Жарылу, өртену қаупi бар орталарды айдауға арналған құбыржолдарда «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берiлмейдi.

  6. Төгіп-құю эстакадалары осы Қағидалардың 4-бөлімінің 6-тарауында белгіленген тәртіпке сәйкес ұсталады.



Компрессорлық және сорғы станцияларын ұстау тәртiбi


  1. Компрессорлар мен сорғылардың технологиялық параметрлерiн бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемi жарамды күйде ұсталады.

  2. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейiн бақылау үшін дыбыс немесе жарық дабылы көзделеді.

  3. Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосылыстары герметикалығы тұрғысынан үнемi тексерiледi. Газдың кемуi байқалған жағдайда, компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс iстеп тұрған компрессорда газдың кемуiн жоюға жол берiлмейдi.

  4. Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгiндiлер мен күйiктерден үнемi тазартылады.

  5. Жарық беру құрылғылары жұмыс iстеген немесе электр энергиясын авариялық сөндiру кезiнде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат берiледi.

  6. Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупi төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсiрiп, авария болған жерге газ жеткiзу тоқтатылады.

  7. Жалпы сыйымдылығы үш тәулiктiк қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетiмен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.

  8. Компрессорлық және сорғы станцияларының үй-жайларында барлық желдеткiш құрылғыларының дұрыс және үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi.

  9. Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелерi компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауiпсiз жерлердегi басқару пульттерiнде орналастырылады.

  10. Газ моторының тұтандырғыш бiлтесiнiң түйiсуiнде ұшқыны бар компрессордың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

  11. Компрессор iшiнде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берiлмейдi.

  12. Компрессорды iске қосқанда пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiнде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшiн пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiн қысылған ауамен үрлегеннен кейiн магнетон қосылады және отын газы жеткiзiледi.

  13. Өрт, жарылыс қауiптi өнiмдердi айдап қотаратын сорғылар, сорғылармен бiр рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге тұйықталғанына қарамастан, жерге тұйықталады.

  14. Сорғыларды үрлегенде шығарылатын өнiмдi үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнiмдi құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.

  15. Сорғылармен жұмыс iстегенде үйкелетiн бөлшектерiн, сондай-ақ сорғылардың мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасы үнемi бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берiлмейдi.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет