Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


-параграф. В1 - В4 үй-жайларының санатын анықтау



бет19/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
405 тех регламент

4-параграф. В1 - В4 үй-жайларының санатын анықтау

22. Өрт сөндіру жүктемесі кезінде жанғыш, жануы қиын сұйықтықтарды, жанғыш қатты және жануы қиын заттар материалдарды өрт қауіпті учаске шегінде түрлі үйлесімдерді (қоспалар) қамти алатын өрт сөндіру жүктемесі Q, МДж, мынадай формула бойынша анықталады:















(21)



мұндағы G i - өрт сөндіру жүктемесінің і-ші материалының саны, кг;


Q
pні - өрт сөндіру жүктемесінің і-ші материалының ең төменгі жану жылуы, МДж/кг.

Меншікті өрт сөндіру жүктемесі g, МДж/м
2 , мынадай қатынастардан анықталады:














(21)



мұндағы S - өрт сөндіру жүктемесінің орналасу ауданы, м
2 (бірақ 10 м 2 кем емес).

В1 - В4 санатындағы үй-жайларда осы қосымшаның 5-кестесінде берілген мәндерден аспайтын өрт сөндіру жүктемесі болатын бірнеше учаскелердің болуына рұқсат етіледі.


В4 санатындағы үй-жайларда осы учаскелер арасындағы арақашықтық шекті мәндерден артық болып қабылданады.


5-кестеде жанғыш қатты және жануы қиын материалдардан құралатын өрт сөндіру жүктемесі үшін құлайтын сәулелі ағындардың qкр, кВт/м ауыспалы тығыздығының шамасына байланысты, шекті арақашықтықтың ұсынылатын мәндері lпр берілген.


5-кестеде берілген мәндерді l
пр егер:

1) Н - өрт сөндіру жүктемесінің үстіңгі бетінен бастап, аражабын (жабын) фермаларының төменгі белдеуіне дейінгі минималды арақашықтық, м - 11 м артық болса;


2) егер Н-11 м кем болса, онда шекті арақашықтық l=l+(11-H) сияқты анықтау ұсынылады, мұндағы l
пр - 5-кесте бойынша анықтайды.

5-кесте



q
кр , кВт/м 2


5



10



15



20



25



30



40



50



l
пр


12



8



6



5



4



3,8



3,2



2,8



Өрт сөндіру жүктемесінің кейбір материалдарына арналған мәндер q кр осы қосымшаның 6-кестесінде берілген.


6-кесте



Материал



q кр , кВт/м
2


Ағаш (ылғалдылығы 12 % қарағай)



13,9



Ағаш-жаңқалы тақтайлар (тығыздығы 417 кг*м
-3 )


8,3



Мақта-талшық



7,5



Қабатты икемдік



15,4



Шыныикемдік



15,3



Пергамин



17,4



Резеңке



14,8



Көмір



35,0



Орамды төбе



17,4



Шөп, сабан (8%-ға дейінгі минималды ылғалдылық кезінде)



7,0



Егер өрт сөндіру жүктемесі түрлі материалдардан тұратын болса, онда q
кр мәні материал бойынша минималды q кр мәнімен анықталады.

Белгісіз мәндері болатын q
кр өрт жүктемесінің материалдары үшін шекті арақашықтар мәні ретінде l кр > 12 м қабылданады.

ТЖС немесе ЖС тұратын өрт сөндіру жүктемесі үшін, өрт сөндіру жүктемесі орналастырылатын (құю) көршілес учаскелер арасындағы ұсынылатын арақашықтық l
кр мынадай формулалар бойынша анықталады:







l
пр > 15 м, H > 11 кезінде,


(23)








l
пр > 26 - H H < 11 кезінде,


(24)



Егер В2 немесе В3 санаттарын анықтау кезінде 21-формула бойынша анықталған өрт сөндіру жүктемесінің саны Q теңсіздікке жауап беретін болса:


Q > 0,64 g
т Н2,

мұндағы, g т = 2200 МДж*м
2 , 1401 МДж*м2 кезінде,

g < 2200 МДж*м
2 және g т = 1401 МДж*м2 , 181 МДж*м2 ішінде

g < 1401 МДж*м
2

онда үй-жай тиісінше В1 немесе В2 санаттарына қатысты болады.

5-параграф. Сумен, ауа оттегісімен немесе бір-бірімен өзара әрекет өткенде, жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар үшін жарылыстың артық қысымын анықтау

23. Сумен, ауа оттегісімен немесе бір-бірімен өзара әрекет еткенде, жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар үшін, жарылыстың есептік артық қысымы DР Z = 1 шамалай отырып, жоғарыда берілген әдістеме және өзара әрекет кезінде (өзара әрекеттесу өнімдерінің соңғы қосылысқа дейін жануы ескеріліп) бөлінетін энергия шамасы H
т ретінде немесе табиғи сынауларда тәжірибе бойынша анықталады. DР шамасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оны 5 кПа асатын етіп қабылдау керек.
6-параграф. Құрамында жанғыш газдар (булар) және шаңдар болатын жарылыс қауіпті қоспалар үшін жарылыстың артық қысымын анықтау

24. Құрамында жанғыш газдар (булар) және шаңдар болатын жарылыс қауіпті гибридті қоспалар үшін, жарылыстың есептік артық қысымы DP мынадай формула бойынша анықталады:








DР = DР
1 + DP 2


(25)



мұндағы DP 1 - 8 және 9-тармақтарға сәйкес, жанғыш газ үшін есептелген жарылыс қысымы;


DP2 - осы қосымшаның 15-тармағына сәйкес жанғыш шаңдар үшін есептелген жарылыс қысымы.

3-тарау. Ғимараттардың жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша санаттары

25. Ғимарат егер онда А санатты үй-жайдың жиынтық ауданы барлық үй-жайлар ауданынан немесе 200 м
2 5 %-ға артық болса, А санатына жатады.

Ғимаратты егер А санатты үй-жайдың ғимараттағы жиынтық ауданы онда орналасқан барлық үй-жай ауданының жиынтық ауданының 25 %-ынан аспайтын болса (бірақ 1 мың м
2 артық емес) және осы үй-жайлар автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталатын болса, А санатына жатқызбауға рұқсат етіледі.

26. Егер мынадай екі жағдай бір мезгілде орындалса, ғимарат Б санатына жатқызылады:


ғимарат А санатына жатпайды;


А және Б санатты үй-жайлардың жиынтық ауданы барлық үй-жайлардың жиынтық ауданының немесе 200 м
2 5 %-ынан асатын болса.

Егер ғимараттағы А және Б санатты үй-жайлардың жиынтық ауданы онда орналасқан барлық үй-жай ауданының жиынтық ауданының 25 %-ынан аспайтын болса (бірақ 1 мың м
2 артық емес) және осы үй-жайлар автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталатын болса, Б санатына жатқызбауға рұқсат етіледі.

27. Егер мынадай екі жағдай бір мезгілде орындалса, ғимарат В1 - В4 санатына жатады:


ғимарат А немесе Б санаттарына жатпайды;


А, Б және В1- В4 санатты үй-жайлардың жиынтық ауданы барлық үй-жайлардың жиынтық ауданының 5 %-ынан (егер ғимаратта А және Б санатты үй-жайлар болмаса, 10 %) асатын болса.


Егер ғимараттағы А, Б және В1 - В4 санатты үй-жайлардың жиынтық ауданы онда орналасқан барлық үй-жайлардың жиынтық ауданының 25%-ынан аспайтын болса (бірақ 3,5 мың м
2 артық емес) және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған болса, ғимаратты В1 - В4 санатына жатқызбауға рұқсат етіледі.

28. Егер мынадай екі жағдай бір мезгілде орындалса, ғимарат Г санатына жатады:


ғимарат А, Б немесе В1 - В4 санаттарына жатпайды;


А, Б, В1 - В4 және Г санатындағы үй-жайлардың жиынтық ауданы барлық үй-жайлардың жиынтық ауданының 5 %-ынан аспайды.


Егер ғимараттағы А, Б, В1 - В4 және Г санатты үй-жайлардың онда орналасқан барлық үй-жайлардың жиынтық ауданының 25 %-ынан аспайтын болса (бірақ 5 мың м
2 артық емес) және А, Б, В1 - В4 санатты үй-жайлар автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған болса, ғимаратты Г санатына жатқызбауға рұқсат етіледі.

29. Ғимарат егер ол А, Б, В1 - В4 немесе Г санаттарына жатпайтын болса, Д санатына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет