Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


-параграф. Жанғыш тозаң үшін өрт қауіптілігі критерийі мәнін есептеу әдісі



бет23/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
405 тех регламент

4-параграф. Жанғыш тозаң үшін өрт қауіптілігі критерийі мәнін есептеу әдісі

46. Жанғыш тозаң үшін өрт қауіптілігі критерийлерін анықтау үшін апаттың есептік нұсқасы ретінде апаттың аса қолайсыз нұсқасын немесе тозаң-ауа қоспасын жанған кезде осындай жану салдарына қатысты аса қауіпті заттар немесе материалдардың көп саны қатысатын аппараттың қалыпты жұмыс кезеңін таңдау қажет.


47. Жанғыш тозаң-ауа қоспасын жасауы мүмкін түскен заттар мөлшері есептік апат кезінде аппараттағы тозаң болған қоршаған кеңістікке апатты шығарынды түскен технологиялық аппараттың бірінен жоспарлы (жөндеу жұмыстары) немесе кенеттен қымтақтауы ашылғаны туралы алдыңғы жағдайға сүйене отыра анықталады.


48. Есептік апат кезінде қоршаған кеңістікке түскен тозаңның есептік салмағы мына формула бойынша анықталады








М = М
вз + Мав ,


(42)



мұндағы М - қоршаған кеңістікке түсетін жанғыш тозаңның есептік салмағы, кг,


М
вз - құйындаған тозаңның есептік салмағы, кг;

М
ав - апатты жағдай нәтижесінде түскен тозаңның есептік салмағы, кг.

49. М
вз шамасы мына формула бойынша анықталады







М
вз = Кг . Квз . Мп ,


(43)



мұндағы K
r - тозаң жиналудың жалпы салмағындағы жанғыш тозаң үлесі;

K
вз - апатты жағдай нәтижесінде өлшенген күйге өтуге қабілетті аппаратқа жақын жиналған тозаң үлесі. Kвз шамасы туралы эксперименттік деректер болмаған жағдайда Kвз = 0,9 қабылдауға рұқсат етіледі;

М
n - апат сәтінде аппаратқа жақын орналасқан жиналған тозаң салмағы, кг.

50. М
ав шамасы мына формула бойынша анықталады







M
ав = (M аn + q . T) . K n ,


(44)



мұндағы М
аn - технологиялық аппараттың қымтақтығы алынған кезде қоршаған кеңістікке шығарылатын жанғыш тозаң салмағы, кг;

Ескертпе: инженерлік құрылғы тозаңын шектейтін шығарынды болмаған кезде есептік апат сәтінде аппараттың барлық тозаңы қоршаған ортаға апатты шығатынын болжау қажет.


q - тозаң тәрізді заттардың құбыржол бойымен оларды ажыратқанға дейін апатты аппаратқа түсуі жалғасатын өнімділігі, кг/с;


Т - нақты жағдайға сүйене отыра әрбір нақты жағдайда анықталатын ажыратудың есептік уақыты. Ажыратудың есептік уақыты егер оның істен шығу ықтималдығы оның элементтерін резервтеу қамтамасыз етілсе (алайда 120 с аспаса) автоматика жүйесінің іске қосылу уақытына тең қабылданады.


120 с - егер жүйенің жұмыс істемеу ықтималдығы оның элементтерінің сақталуы қамтамасыз етілмеген;


300 с - қолмен ажыратқан кезде;


K
n - шаңның ауада өлшенген салмағын аппараттан түскен шаңның барлық салмағына қатынасын көрсететін шаңдану коэффициенті. К n шамасы туралы экспериментальды деректер болмаған жағдайда мыналарды қабылдауға рұқсат етіледі:

1) 0,5 - майдалығы 350 мкм кем емес шаңдар үшін;


2) 1,0 - майдалығы 350 мкм кем шаңдар үшін.


51. Жанатын шаңдар үшін DР артық қысым мынадай тәртіппен анықталады:


1) m
пр, жанатын шаңның келтірілген салмағы мына формула бойынша анықталады, кг.







m
пр = M . Z . Нтто ,


(45)



мұндағы М - апат нәтижесінде қоршаған ортадағы жанатын шаңның салмағы, кг;


Z - мәнін 0,1 тең қабылдауға рұқсат етілетін, жанудағы шаңның болуы коэффициенті.


Жеке негізделген жағдайларда 2 кем дегенде 0,02 дейін түсуі мүмкін.


H
т - шаңның жану жылулығы, Дж/кг;

H
то - 4,6 * 106 Дж/кг тең қабылданатын тұрақты шам;

2) DР есептік артық қысым мына формула бойынша анықталады, кПа.








DР = Р
0 . (0,8mпр 0,33 /r + 3mпр 0,66 /r2 + 5mпр /r3 ),


(46)



мұндағы r - шаңды - ауа бұлттың ортасының арақашықтығы, м.


технологиялық қондырғының геометриялық ортасынан r шамасын есептеуге рұқсат етіледі;


Р0 - атмосфералық қысым, кПа.


52. і қысымының толқын импульсі шамасын мына формула бойынша есептейді, Па.








i = 123 . m
пр 0,66 /r.


(47)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет