7-тарау. Ғимараттарды, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерін өрт-техникалық жіктеу
51. Ғимараттарды, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерін өрт-техникалық жіктеу олардың функционалдық арналымы мен өрт қауіптілігіне байланысты ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу үшін қолданылады.
52. Ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділігі, олардың функционалдық және конструкциялық өрт қауіптілігі сыныбы күрделі жөндеу және қайта құрастырылу объектілеріне арналған жобалық құжаттамада көрсетіледі.
53. Ғимараттар, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктері:
1) отқа төзімділік дәрежелері;
2) конструкциялық өрт қауіптілігі сыныптары;
3) функционалдық өрт қауіптілігі сыныптары бойынша бөлінеді.
54. Ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділік дәрежесі оның құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігімен анықталады.
55. Ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінің конструкциялық өрт қауіптілігі сыныбы өрттің дамуына құрылыс конструкциясының қатысу және оның қауіпті факторларының түзілу дәрежесімен анықталады.
56. Ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөлігінің функционалдық өрт қауіптілігі сыныбы олардың арналуымен және оларды пайдалану ерекшеліктерімен, соның ішінде оларға орналастырылған технологиялық процестердің ерекшеліктерімен анықталады.
57. Ғимараттар, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктері отқа төзімділік дәрежелері бойынша:
1) І дәрежелі отқа төзімді;
2) II дәрежелі отқа төзімді;
3) III дәрежелі отқа төзімді;
4) IIIа дәрежелі отқа төзімді;
5) IIIб дәрежелі отқа төзімді;
6) IV дәрежелі отқа төзімді;
7) ІVа дәрежелі отқа төзімді;
8) V дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға, құрылыстар мен өрт бөлмелеріне бөлінеді.
Ғимараттардың үлгілік конструктивтік сипаттамалары олардың отқа төзімділік дәрежесіне байланысты сәулет, қала құрылысы және қүұрылыс саласындағы құжаттардың талаптарына сәйкес айқындалады.
58. Ғимараттар, құрылыстар мен өрт сөндіру бөлмелері конструкциялық өрт қауіптілігі бойынша мынадай сыныптарға бөлінеді: С0, С1, С2 және С3.
59. Пайдаланылу тәсіліне және өрт болған жағдайда ішіндегі адамдардың қауіпсіздігі олардың жасын, дене жағдайын, ұйқыда болуы мүмкіндігін, негізгі функционалдық контингенті түрін мен оның санын ескеріп, қандай шамада қауіпте тұрғандығына байланысты функционалдық өрт қауіптілігі бойынша ғимараттар (құрылыстар, өрт бөлмелері мен ғимараттардың бөлімдері – бір-бірімен функционалдық байланыстағы үй-жайлар, үй-жайлардың топтары) мынадай сыныптар мен қосалқы сыныптарға бөлінеді:
1) Ф1 – адамда тұрақты тұруға және уақытша болуға арналған ғимараттар:
Ф1.1 – мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелер, мамандандырылған қарттар мен мүгедектер (пәтерлік емес) үйлер, ауруханалар, мектеп-интернаттардың және балалар мекемелерінің ұйықтауға арналған корпустары;
Ф1.2 – қонақ үйлер, жатақханалар, жалпы типтегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің, кемпингтердің, мотелдер мен пансионаттардың ұйықтауға арналған корпустары;
Ф1.3 – көп пәтерлі тұрғын үйлер;
Ф1.4 – бір пәтерлік, оның ішінде бұғатталған тұрғын үйлер;
Ф1.5 – көп функциялы ғимараттар;
2) Ф2 – көру және мәдени-ағарту мекемелерінің ғимараттары:
Ф2.1 – театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, цирктер, трибуналары бар спорттық құрылыстар, кітапханалар және жабық үй-жайларында келушілерге арналған отырғызу орындарының есептік саны бар басқа мекемелер;
Ф2.2 – мұражайлар, көрмелер, би залдары және жабық үй-жайлардағы басқа осыған ұқсас мекемелер;
Ф2.3 – ашық даладағы Ф2.1 көрсетілген мекемелер;
Ф2.4 – ашық даладағы Ф2.2 көрсетілген мекемелер.
3) Ф3 – халыққа қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындардың ғимараттары:
Ф3.1 – сауда кәсіпорындарының ғимараттары;
Ф3.2 – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының ғимараттары;
Ф3.3 – вокзалдар;
Ф3.4 – емханалар мен амбулаториялар;
Ф3.5 – келушілерге арналған отырғызу орындарының есептік емес саны бар тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындарының келушілеріне арналған үй-жайлар;
Ф3.6 – дене шынықтыру-сауықтыру кешендері және көрушілерге арналған трибуналары жоқ спорттық-жаттықтыру мекемелері, тұрмыстық үй-жайлар, моншалар;
3) Ф4 – ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің, жобалық ұйымдардың, басқару органдары мекемелерінің ғимараттары:
Ф4.1 – бастауыш, орта және негізгі орта білім беру мекемелері, мектептен тыс оқу орындары, техникалық және кәсіби білім беру мекемелері;
Ф4.2 – жоғарғы оқу орындары, біліктілікті арттыру мекемелері;
Ф4.3 – әкімшілік ғимараттар, жобалау-конструкторлық ұйымдар, ақпараттық және редакциялық-баспа ұйымдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, банктер, конторлар, кеңселер;
Ф4.4 – өрт депосы;
5) Ф5 – өндірістік немесе қойма мақсатында арналған ғимараттар:
Ф5.1 – өндірістік ғимараттар және құрылыстар, өндірістік және зертхана үй-жайлары, шеберхана;
Ф5.2 – қоймалық бөлмелер және құрылыстар, техникалық қызмет көрсетусіз және жөндеусіз автомобильдерге арналған тұрақтар, кітап қоймасы, мұрағаттар, қоймалық үй-жайлар;
Ф5.3 – ауылшаруашылық ғимараттары.
Өндірістік және қоймалық ғимараттар, оның ішінде Ф1-Ф4 сыныпты зертхана және шеберхана ғимараттары Ф5 сыныбына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |