3-параграф. Артық қысым және қысым толқыны лүпілінің ашық кеңістікте жанғыш газ және будың ауамен жануы кезіндегі есебі
43. Апаттың қаралып отырған сценарийіне сүйеніп осы қосымшаның 35 - 40-тармақтарына сәйкес технологиялық аппараттан атмосфераға шығатын жанғыш газ және (немесе) будың салмағы m, кг анықталады.
44. Газбуауа қоспасы жанған кезде дамитын артық қысым шамасы DР, кПа мына формула бойынша анықталады
|
DР = P0*(0,8 mпр 0,33 /r2 + 5mпр /r3 ),
|
(39)
|
мұндағы Р 0 - атмосфералық қысым, кПа (101 кПа тең қабылдауға рұқсат етіледі);
r - газбуауа бұлтының геометриялық ортасынан бастап қашықтық, м;
mпр - газ немесе будың келтірілген салмағы кг, мына формула бойынша анықталады
|
m пр = (Q сг /Q 0 ) . m . Z,
|
(40)
|
мұндағы Qcr - газ немесе будың жануының меншікті жылуы, Дж/кг;
Z - 0,1 тең қабылдау рұқсат етілетін жанудағы жанғыш газ және будың қатысу коэффициенті;
Q0 - 4,52 10 6 Дж/кг тең константа;
m - апат нәтижесінде қоршаған кеңістікке түсетін жанғыш газ және (немесе) бу салмағы, кг.
45. Қысым толқыны лүпілінің шамасын i, Па*с, мына формула бойынша анықтайды
|
i = 123 . m пр 0,66 /r
|
(41)
|
Достарыңызбен бөлісу: |