Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


-тарау. Құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы кедергілерді өрт-техникалық жіктеу



бет7/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
405 тех регламент

8-тарау. Құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы кедергілерді өрт-техникалық жіктеу

60. Құрылыс конструкциялары белгілі бір дәрежедегі отқа төзімді ғимараттарда, құрылыстарда және өрт бөлігінде оларды қолдану мүмкіндігін белгілеу немесе ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөлігіндегі отқа төзімділігі дәрежесін анықтау үшін отқа төзімділігі бойынша жіктеледі.


61. Құрылыс конструкциялары өрттің ұлғайып кетуіне және олардың қауіпті өрт факторларын туғызу қабілеттілігіне құрылыс конструкцияларының қатысу дәрежесін анықтау үшін өрт қауіптілігі бойынша жіктеледі.


62. Өртке қарсы кедергілер сәйкесінше қауіпті өрт факторларының таралуын болдырмау тәсілі бойынша, сондай-ақ құрылыс конструкцияларын таңдау және отқа төзімділігінің қажетті шектері және өрт қауіптілігі сыныбы болатын өртке қарсы кедергілердегі ойықтарды толтыру үшін отқа төзімділігі бойынша жіктеледі.


63. Стандарттық сынау шарттарында өрт әсеріне және оның қауіпті факторларын таратуға қарсылық көрсететін қабілеттілігіне қарай ғимараттар мен үй-жайлардың құрылыс конструкциялары отқа төзімділігі шектері болатын құрылыс конструкцияларына бөлінеді:


1) нормаланбайтын;


2) 15 минуттан кем емес;


3) 30 минуттан кем емес;


4) 45 минуттан кем емес;


5) 60 минуттан кем емес;


6) 90 минуттан кем емес;


7) 120 минуттан кем емес;


8) 150 минуттан кем емес;


9) 180 минуттан кем емес;


10) 240 минуттан кем емес;


11) 360 минуттан кем емес.


64. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектері стандарттық сынау шарттарында анықталады.


65. Стандарттық сынау шарттарындағы немесе есептеу нәтижесіндегі көтергіш және қоршау құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шегінің басталуы мынадай белгілерінен тұратын жүйелі бір немесе бірнеше шекті жағдайлардың жету уақытымен белгіленеді:


1) R (көтергіш қабілеттілігін жоғалту);


2) Е (тұтастықты жоғалту);


3) I (жылу оқшаулағыш қабілеттілігін жоғалту).


Стандарттық сынау шарттарындағы немесе есептеу нәтижесіндегі өртке қарсы кедергілердегі (оның ішінде өртке қарсы есіктер мен терезелер) ойықтарды толтыру отқа төзімділік шегінің басталуы тұтастықты (Е), жылу оқшаулағыш қабілеттілігін (I) және (немесе) газ түтінін өткізбеуді (S) жоғалту уақытымен белгіленеді.


66. Құрылыс конструкциялары өрт қауіптілігі бойынша мынадай сыныптарға бөлінеді:


1) К0 (өртке қауіпті емес);


2) К1 (өрт қауіптілігі аз);


3) К2 (өрт қауіптілігі орташа);


4) К3 (өртке қауіпті).


Құрылыс конструкцияларының өрт қауіптілігі класы осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес анықталады.


67. Құрылыс конструкцияларының өрт қауіптілігі сыныбын анықтау тәртібі мен әдістемесі стандарттау жөніндегі құжаттардың, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.


68. Өрттің қауіпті факторларының таралуын болдырмау тәсіліне қарай өртке қарсы кедергілер мыналарға бөлінеді:


1) қабырғалар;


2) қалқалар;


3) аражабындар;


4) үзілулер;


5) перделер мен экрандар;


6) су бүркеулері;


7) минералданған жолақтар.


69. Өртке қарсы кедергілер отқа төзімділігімен және өрт қауіптілігімен сипатталады. Өртке қарсы кедергілердің отқа төзімділігі, оның элементтерінің отқа төзімділігімен анықталады:


1) қоршау бөліктері;


2) кедергі тұрақтылығын қамтамасыз ететін конструкциялар;


3) конструкцияларға тірейтіндер;


4) олардың арасындағы бекіту тораптары.


70. Өртке қарсы кедергілердің отқа төзімділік шектері мен өртке қарсы кедергілердегі ойықтарды толтырудың отқа төзімділік шектері осы Техникалық регламентке 17-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген мәндеріне сәйкес келуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет