Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Ұйымдардың және елді мекендердің аумақтарын күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



бет6/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#170012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
3.5.2. Ұйымдардың және елді мекендердің аумақтарын күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      353. Өртке қарсы үзіктер шегіндегі елді мекендер мен ұйымдардың аймақтары уақытын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, ағаш жапырақтарынан, құрғақ шөптен және басқа жанғыш материалдардан
тазартылуға тиіс.
      Ғимарат (құрылым) қабырғаларынан 15 м арақашықтықтағы шипажайлар, демалыс үйлері және басқа сауықтыру мекемелерінің аумақтары (оның ішінде жазғы балалар саябақтары, балалардың сауықтыру лагерьлері) жанғыш шөгінділерден (құрғақ шөп, түктер, жапырақтар) тазартылған болуы керек.
      Жанғыш материалдарды қоймалауға, көлік тұрағына, ғимараттар мен имараттар, оның ішінде өртке қарсы үзіктер шегіндегі уақытша құрылымдар құрылысына (орнатуға) тыйым салынады.
      354. Ғимараттарға, құрылымдарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне апаратын жолдар, өтетін жерлер және кіре берістер өрт сөндіру техникасының өтуі үшін қашан да бос болуға және дұрыс күйінде күтіп ұсталуға, ал қыста қардан тазартылуға тиіс.
      Жолдар мен өтетін жерлердің оларды жөндеу немесе өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтіретін басқа себептер бойынша жабылатындығы туралы, оларды пайдалануға жауапты ұйым осы жолдар мен өтетін жерлерден шығу аудандарында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органына уақытылы хабарлауы керек.
      Тиісті жерлерде жолдарда жабу кезеңінде айналып өту бағытын сілтегіштер орнатылуға немесе жолдың немесе өтетін жерлердің жөнделетін учаскелері арқылы өткелдер салынуға тиіс.
      355. Ғимараттар мен құрылымдарға өтетін және кіре беріс жерлерде өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтіретін автокөлік тұрағына, сондай-ақ өрт сөндіру гидранттары құдықтарының қақпақтарында автокөлік тұрағына тыйым салынады.
      356. Қоймалар мен базалар, астық қабылдау пункттері, жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сату, өндіру, қайта өңдеу және сақтау кәсіпорындары, жарылғыш заттар кәсіпорындары, өрт-жарылыс қауіпті және өрт қауіпті учаскелер аумағында, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы қашықтатылған және жабдықталған өзге кәсіпорын жерлерінен тыс және дәнді дақылдар өсіретін ауылшаруашылық кәсіпорындарының егістіктерінде ашық отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады.
      Аталған ұйымдар аумағында "Ашық отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады" деген өрт қауіпсіздігі белгілері орналастырылуға тиіс. Темекі шегу үшін арнайы қашықтатылған орындар "Темекі шегуге арналған орын" деген өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленуге тиіс.
      Өрт қауіпсіздігі белгілерін түрлі-түспен бейнелеу және орналастыру (орнату) орны "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, қауіпсіздік таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      357. Елді пункттер мен ұйымдар аумағында тәуліктің қараңғы уақытында өрт сөндіру гидранттарын, сыртқы өрт сөндіру сатыларын және өрт сөндіру керек-жарақтарының орналасқан орнын, өрт сөндіру суқоймаларының пирстарына, ғимараттар мен құрылымдарға кіретін кіре берістерді тез табу үшін, сыртқы жарық түсіруі болуы керек.
      Өрт қауіпсіздігі белгілерін түрлі-түспен бейнелеу және орналастыру (орнату) орындары "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, қауіпсіздік таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      358. Ұйым аумағындағы теміржол өткелдері тәуліктің кез келген уақытында өрт сөндіру автомобильдерінің теміржол төсемін кедергісіз кесіп өтуге мүмкіндік беруге тиіс.
      359. Елді мекендер (өнеркәсіптік кәсіпорындар шегінен тыс) және азаматтардың бау-бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестіктерінің аумағында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құйылған ыдысты, сондай-ақ қысылған және сұйылтылған газ толтырылған баллондарды ашық қоймалауға (сақтауға) тыйым салынады.
      360. Елді мекендер мен ұйымдар аумағында жанғыш қалдықтар қоқысының болуына тыйым салынады.
      361. Ғимараттар мен құрылымдар, орман қатқабаттары, кесілетін материалдар, басқа материалдар мен жабдықтар арасындағы өртке қарсы арақашықтықтарды үйіп тастауға, қоймалау үшін, көлік қою үшін және ғимараттар мен құрылымдар құрылысы (орнату) үшін материалдарды, жабдықтар мен ыдыстарды пайдалануға тыйым салынады.
      362. Уақытша құрылыстар басқа ғимараттар мен құрылымдардан немесе өртке қарсы қабырғалардан 15 м кем болмайтын арақашықтықта орналасуға тиіс (өзге нормалар бойынша басқа өртке қарсы арақашықтықтар талап етілетін жағдайлардан басқа).
      363. Жеке блок-жүксауытты ғимараттар 10-нан артық болмайтын топтармен және 800 м 2 артық болмайтын ауданда орналасуы керек. Осы ғимараттар топтарының арасындағы және олардан бастап басқа құрылыстарға, сауда дүңгіршектеріне дейінгі арақашықтық 15 м кем болмауы қажет.
      364. От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен
құрылымдардан 50 м кем болмайтын арақашықтықта іске асырылуға тиіс.
      Қалдықтар мен ыдыстарды осы мақсат үшін арнайы қашықтатылған жерлерде өртеу қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамының бақылауымен жүргізілуі керек.
      365. Қылқан жапырақты ормандар алқабында орналасқан шипажайлар, демалыс үйлері және басқа сауықтыру мекемелерінің (оның ішінде жазғы балалар саяжайы, балалардың сауықтыру лагерьлері) аумақтарында периметрі бойынша орман өрттері болған кезде, ғимараттар мен құрылымдарға өрттің таралу мүмкіндігін болдырмайтын, ені 3 м-ден кем болмайтын минералданған қорғау жолағы болуы керек.
      366. Орман алқаптарында орналасқан елді мекендер үшін, жергілікті атқарушы органдар орман өрттері болған кезде, ғимараттар мен құрылымдарға өрттің таралу мүмкіндігін болдырмайтын іс-шаралар (өртке қарсы қорғау жолақтарын салу, жапырақты көшеттер отырғызу, жаз мезгілінде құрғақ өсімдіктерді және басқаларын жұлып тастау) әзірлеуге және орындауға тиіс.

3.5.3. Ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



      367. Белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасыз ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстардың функционалдық тағайындалымын өзгертуге, күрделі жөндеу жүргізуге, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту және қайта жоспарлауға тыйым салынады.
      368. Ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды қайта жоспарлаған, олардың функционалдық тағайындалымын өзгерткен кезде немесе жаңа технологиялық жабдық орнатқанда, осы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жаңа тағайындалымына сәйкес нормативтік құжаттар қолданылады.
      369. Үй-жайларды жалгерлер жалға алған кезде, осы Техникалық регламенттің және аталған ғимарат типі үшін белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптары орындалады.
      370. Барлық өндірістік және қоймалық үй-жайлар үшін, жарылыс өрті және өрт қауіптілігі санаттары, сондай-ақ аймақтар кластары үй-жайлар есіктерінде тиісті белгілермен белгіленетін "Қазақстан Республикасының электрлік қондырғыларын орнату ережесі" талаптарына сәйкес анықталуға тиіс.
      Жоғары өрт қауіптілігі болатын жабдықтың жанында қауіпсіздік белгілері орнатылуы керек.
      Өндіріс процестерінде жарылыс өрт қауіпті көрсеткіштері зерттелмеген материалдар мен заттарды қолдануға, сондай-ақ оларды басқа материалдармен және заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
      371. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар осы Техникалық регламенттің 17-қосымшасының талаптарына сәйкес келетін мөлшерде дұрысталған бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, өртке қарсы қызметті шақыру үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және "Ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және өрт сигналын беретін, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" атты  Техникалық регламент   талаптарына сәйкес, автоматты өрт сигналын беретін жүйелермен автоматты өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғыларымен қамтамасыз етілген болуға тиіс.
      Бастапқы өрт сөндіру құралдарын, байланыс құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін орналастыру орындары тиісті өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленген болуы керек.
      372. Табиғи немесе жасанды су көздерінен 100 м артық арақашықтықта орналасқан ауылдық жердегі әрбір тұрғын үйде көлемі 100 л кем болмайтын сыйымдылық (бөшке) орнатылуы керек. Тұрғын үйлерде құрылыс төбесінің биіктігіне дейінгі жиылмалы саты болуы керек.
      373. Үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылымдардың өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдары (өрт сөндіру және өрт белгісін беру қондырғылары, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері, өртке қарсы есіктер, клапандар мен люктер, басқа өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырғыштар, бастапқы өрт сөндіру құралдары) үнемі дұрысталған жұмыс күйінде болуы керек.
      Өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарын жөндеу кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды іске асырусыз, ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды пайдалануға тыйым салынады.
      374. Ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, найзағайдан қорғайтын құрылғылармен жабдықтау керек.
      375. Есіктердің өздігінен жабылуына арналған құрылғы дұрыс күйінде күтіп ұсталуға тиіс.
      Өртке қарсы немесе түтінге қарсы есіктердің (құрылғылардың) еркін жабылуына кедергі жасайтын қандай да бір айлабұйымды орнатуға тыйым салынады.
      376. Өрттің туындауына әкеліп соқтыратын бұзылулары болатын
жабдықта, қондырғы мен станокта, сондай-ақ сөндірілген бақылау-өлшеу аспаптарында және белгіленген температура режимдерін, қысымды және қауіпсіздік шарттарымен реттелген басқа параметрлерді бақылауды қамтамасыз ететін технологиялық автоматикада жұмыстар жүргізуге рұқсат етілмейді.
      377. Құрылыс құрастырылымдарының, өңдейтін және жылу оқшаулайтын жанғыш материалдардың, жабдықтың металл тіреулерінің оттан қорғайтын жабындарының (сылақ, арнайы бояулар, лактар, оттан қорғайтын қасиеттерінің кемуін және төмендеуін қоса алғанда, сылама) бұзылуына тыйым салынады.
      Нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес өңделген (сіңдірілген) ағаш құрастырылымдар мен маталар өңдеудің қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе құрамдарының оттан қорғау қасиеттері кеміген жағдайда, қайта өңделуге (сіңдірілуге) тиіс.
      Оттан қорғап өңдеу (сіңдіру) жағдайы техникалық құжаттамада көрсетілген мерзімде немесе жылына бір реттен кем болмай тексерілуге тиіс.
      378. Өртке қарсы қабырғалардың, аражабындар мен қоршау
құрастырылымдарының түрлі инженерлік және технологиялық
коммуникациялармен қиысатын жерлерінде пайда болатын тесіктер мен
саңылаулар құрылыс ерітіндісімен немесе отқа төзімділігінің қажетті шегін және түтін-газ өткізбеушілігін қамтамасыз ететін басқа жанбайтын материалдармен бітелуге тиіс.
      379. Жарылыс-өрт қауіпті объектілер, республикалық мәндегі мекемелер мен кәсіпорындар, ірі ойын-сауық-театр кәсіпорындары мен тарихи объектілер, мұнай өңдейтін, ағаш өңдейтін объектілер, химия өнеркәсібі, сондай-ақ театрлар, кинотеатрлар, цирктер, мұражайлар, галереялар өртке қарсы қорғау қызметінің жақын бөлімшесімен немесе елді мекендердің өрт сөндіру байланысының орталық пунктімен тікелей байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген болуы керек.
      380. Ұйымның ғимараттарында, құрылымдары мен құрылыстарында
(жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) тыйым салынады:
      1) жертөлелер мен цокольдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозолдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға;
      2) шатырдың астын, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшін пайдалануға;
      3) лифті холлдарында қамбалар, дүңгіршектер, дүкеншіктер орналастыруға;
      4) қабаттардағы дәліздерден, холлдардан, көрермен жайынан, тамбурлардан және басқыш шабақтарынан эвакуациялық шығулардың жобада қарастырылған есіктерін, эвакуациялау жолында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға;
      5) нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;
      6) балкондар мен лоджияларда есіктерді, люктерді, аралас секцияларға өтетін жерлерді және сыртқы эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға;
      7) үй-жайды жинауды және бензин, жермай және басқа тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолданып жууды жүргізуге, сондай-ақ қатып қалған құбырларды дәнекерлеу шамымен және ашық от қолданылатын басқа тәсілдермен жылытуды жүргізуге;
      8) май болған сүрту материалын жинамай қалдыруға;
      9) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелеріндегі шұңқыршаларда торлар орнатуға (мекемелердің қоймаларының, кассаларының, үй-жайларын, қару тұратын бөлмелері, құпия бөлімдерін қоспағанда);
      10) өрт жағдайында қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарды, лоджиялар мен галереяларды шынылауға;
      11) басқыш шабақтары мен дәліздерде қамбалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ басқыш жайылмаларының астында және басқыш алаңдарында заттарды, жиһаз және басқа жанғыш материалдарды сақтауға. Бірінші және цокольдық қабаттардағы басқыш жайылмаларында орталық жылытуды басқару тораптарына, су өлшеу және жанбайтын материалдардан жасалған бөлгіштермен қоршалған электрқалқанды тораптарға арналған үй-жайды ғана орналастыруға рұқсат етіледі;
      12) ғимараттардың өндірістік және қоймалық үй-жайларында (отқа төзімділігі V деңгейлі ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгіштер, қызмет көрсететін қосымша бөлмелерді, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға.
      Ескерту. 380-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      381. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың шатырындағы сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршаулары дұрыс күйінде күтіп ұсталуға және бес жылда бер реттен кем болмай пайдалану сынауларына түсуге тиіс.
      382. Бір эвакуациялық шығуы болатын үй-жайларда 50 және одан артық адамның бір мезгілде болуына тыйым салынады.
      Отқа төзімділік деңгейі IV және V ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда 50 және одан артық адамның бір мезгілде болуына бірінші қабаттағы үй-жайда ғана рұқсат етіледі.
      383. Көрермен, түскі тамақ ішетін, көрме, сауда, биржалық, діни және басқа залдарда (үй-жайларда), трибуналарда, сондай-ақ басқа үй-жайлардағы келушілер санының жобалау нормаларымен белгіленген немесе эвакуациялау жолдарының өткізу қабілеттілігіне байланысты есептеліп анықталған саннан асуына тыйым салынады.
      Жобалау нормаларында есептеуге арналған деректер болмаған кезде, адамдарды залдардан 2 минуттан артық болмайтын уақытта эвакуациялау, ал есептік ауданы бір келушіге есептегенде 0,75 м 2 кем болмай қабылдауға тиіс.
      384. Шатыр асты үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары
бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар
мен жертөлелер есіктері құлыппен жабылуы керек. Аталған үй-жайлардың
есіктерінде кілттердің сақталатын орны туралы ақпарат ілінеді.
      Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жертөлелік және цокольдық қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршаларын қоқыстан және басқа заттардан уақытылы тазарту керек. Аталған шұңқыршаларды қорғайтын металл торлар ашылатын болып орындалуы, ал терезелердегі тиектер ішінен кілтсіз ашылуы керек.
      385. Пайдаланылған сүрту материалдары қақпақпен жабылатын,
жанбайтын материалдан жасалған жүксауытқа жиналуы керек. Пайдаланылған сүрту материалдарын жинау кезеңділігі олардың жұмыс орындарында жинақталып қалуын болдырмауға тиіс. Жұмыс ауысымы аяқталған кезде, аталған жүксауыттар ішіндегісін ғимараттың шетіне апарып тастау қажет.
      386. Маймен, лактермен, бояулармен және басқа тез тұтанатын  және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жасайтын тұлғалардың арнайы киімі осы мақсат үшін арнайы алыстатылған жерлерде орнатылған металл шкафтарда ілінген түрінде сақталуға тиіс.
      387. Биіктігі 1-қабаттан артық сөрелері болатын ғимараттарда әрбір қабат деңгейіндегі сөрелерде орнатылған түтін өткізбейтін жанбайтын диаграммалардың құрастырылымын бұзуға рұқсат етілмейді.
      388. Өрттің пайда болуына әкелетін пиротехника бұйымдарын және ашық от көздерін қолданумен байланысты арнайы отты эффектілерді өткізу қажет болған кезде, жауапты қоюшы (бас режиссер, көркемдік жетекші, көрсетуші-шебер) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органының келісімі бойынша өрттен сақтандыру жөніндегі шараларды (оның ішінде от шашуларды өткізу тәртібі, өрт сөндіру құралдарын орналастыру, от шашатын пиротехникалық бұйымдар және қауіпті аймақтар сұлбалары, жарамсыз бұйымдарды сақтау және жою тәртібі, өрттен сақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) әзірлеп іске асыруға тиіс.
      389. Өрт қауіптілігінің көрсеткіштері және пиротехникалық бұйымдарға ұсынылатын өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ оларды сынау әдістері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына, белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуға тиіс.
      От шашатын пиротехникалық бұйымдарды көпшілік адамдар болатын ғимараттар мен құрылымдарда дайындауға тыйым салынады.
      390. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың үй-жайларында тиісті қауіпсіздік белгілерімен белгіленген, өрт сөндіргіштермен және жанбайтын материалдардан жасалған сауытпен жабдықталған, осы мақсат үшін арнайы қашықтатылған орындарды есептемегенде, темекі шегуге тыйым салынады.

3.5.4. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



      391. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдалану кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы жобалық шешімдерді және нормативтік құжаттар талаптарын сақтау қамтамасыз етілуге тиіс (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығуларға жарық түсіру, саны, өлшемдері және көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша).
      392. Эвакуация жолдарындағы есіктер еркін және ғимараттан шығатын бағыт бойынша ашылуға тиіс.
      393. Эвакуациялық шығулар есіктеріндегі тиектер ғимарат (құрылым) ішінде болатын адамдардың тиектерді ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
      394. Көлемді өздігінен жарқырайтын, автономды және электр желісінен қоректенетін, эвакуациялау жолында пайдаланылатын өрт қауіпсіздігі белгілері (оның ішінде "Эвакуациялық (қосалқы) шығу", "Эвакуациялық шығу есігі" деген жарық нұсқағыштар) үнемі дұрыс және қосылған күйінде болуға тиіс.
      Көрермен, көрсету, көрмелік және басқа залдарда жарық нұсқағыштарды адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізген уақытта қосуға рұқсат етіледі.
      Эвакуациялық жарық түсіру жұмыстық жарық түсіру электр қорегі тоқтатылған кезде қосылуға тиіс.
      395. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдаланған кезде:
      1) эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифті холлдары, басқыш алаңдары, басқыш шабақтары, есіктер, эвакуациялық люктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа заттармен үйіп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастауға;
      2) шығу тамбурларында (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, гардеробты орналастыруға, сондай-ақ керек-жарақтар мен материалдарды сақтауға (оның ішінде уақытша);
      3) эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтарды есептемегенде), қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпалар, айналатын есіктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа құрылғыларды орнатуға;
      4) қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділік деңгейі V ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдануға;
      5) басқыш шабақтарының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;
      6) түтіндемейтін басқыш шабақтарының ауа аймақтарының терезе жапқыштарын шынылауға немесе жабуға;
      7) арқауланған шыныны есіктер мен фрамугтарды шынылауда жай шынымен ауыстыруға тыйым салынады.
      396. Үй-жайдың технологиялық, көрмелік және басқа жабдықтарын орналастырған кезде, жобалау нормаларына сәйкес, эвакуациялаудың басқыш шабақтарына және басқа жолдарына эвакуациялық өтетін жерлер қамтамасыз етілуі керек.
      397. Көпшілік адамдар болатын объектілерде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы электрлік қолшамдармен қамтамасыз етілуге тиіс.
      Қолшамдар санын басшы объектінің ерекшеліктеріне, кезекші қызметкерлер құрамының болуына, ғимараттағы адамдар санына байланысты анықтайды, бірақ кезекші қызметкерлер құрамының әрбір кезекшісіне біреуден кем болмай.
      398. Көпшілік адамдар болатын үй-жайлардағы кілемдер, кілем алашалар және басқа еден төсеніштері еденге сенімді бекітілуі керек.
      Эвакуациялау жолында жанған кезде жанғыш және уытты өңдеу материалдарды, кілемдерді және үстіңгі бетке жануды тез таратуға қабілетті басқа еден төсеніштерін қолдануға тыйым салынады.

3.5.5. Ғимараттардың құрылымдар мен құрылыстардың электрлік қондырғыларын күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



      399. Қозғалмалы және тасымалданатын электрлік қабылдағыштарды пайдаланған кезде, қоршаған ортаға және механикалық әсерге сәйкес келетін орнықты қабықтағы (оқшаулау) иілгіш кабельдер мен сымдар қолданылуға тиіс.
      400. Үй-жайлардағы электрлік қондырғылар мен тұрмыстық электрлік аспаптар жұмыс ауысымы аяқталған кезде тоқсыздандырылуы керек.
      Кезекші жарық түсіру, өрт сөндіру және өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт сөндіру және күзет-өрт сигналын бергіштер кернеуде қосылып қалуы керек. Басқа электрлік қондырғылар мен электртехникалық бұйымдарды (оның ішінде тұрғындық үй-жайларда), егер бұл олардың функционалдық қолданысымен шарттасқан және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарымен қарастырылған болса, кернеуде қалдыруға рұқсат етіледі.
      401. Жанғыш шатырдың, қалқаның, сондай-ақ жанғыш заттар, материалдар мен бұйымдардың ашық қоймаларының (қатқабат, шөмеле) үстінде электр берілісінің (оның ішінде уақытша және кабель төселген) әуе желілерін төсеуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
      402. Электрлік қозғалтқыштар, шырағдандар, өткізгіштер, тарату құрылғылары айына екі реттен кем болмай, ал шаң көп бөлінетін үй-жайларда - айына төрт реттен кем болмай шаңнан тазартылуы керек.
      403. Электрлік қондырғыларды пайдаланған кезде тыйым салынады:
      1) дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кабельдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ бүлінген немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;
      2) бүлінген және бекітілмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға;
      3) құрастырылымда қарастырылған жылу реттегіштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға;
      4) электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның құрастырылымында қарастырылған қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынып қалған шырағдандарды пайдалануға;
      5) егер олардың болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында қарастырылған болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш дөңгелектер) пайдалануға;
      6) электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті
және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға;
      7) стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға;
      8) электрлік қалқандар, электр қозғалтқыштар және іске қосу аппаратурасы жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (қоймалауға);
      9) жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрі белгісі болмайтын электр жабдығын қолдануға;
      10) электр сымдары мен кабельдердің жалғаулары мен ұштарын
оқшаулаусыз қалдыруға;
      11) үй-жай ішіне ыстық кендір қабығын алмай, сауытпен қапталған
кабельдерді төсеуге.
      404. Эвакуациялау жолдарында (оның ішінде "Эвакуациялық шығу",
"Апаттық шығу", "Эвакуациялық шығу есігі" атты жарық нұсқағыштары) пайдаланылатын, автономды электр қорегі және электр желісінен қоректенетін, өздігінен жарқырайтын өрт қауіпсіздігі белгілері дұрыс және қосылған күйінде болуға тиіс.
      Көрермен, көрсету, көрмелік және басқа залдарда жарық нұсқағыштарды адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізген уақытта қосуға рұқсат етіледі.
      405. Өрт қауіпсіздігі белгілерін түрлі-түспен бейнелеу және орналастыру орындары (орнату) "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, қауіпсіздік таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      406. Софиттерді орнату және пайдалану кезінде бекіткіш
құрастырылымдар мен жарық тұтатын және көрсететін қалқалар ретінде
жанғыш материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
      Прожекторлар мен софиттерді жанғыш құрастырылымдар мен материалдардан 0,5 м кем болмайтын, ал линзалық прожекторларды - 2 м кем болмайтын арақашықтықта орналастыру қажет.
      Прожекторлар мен софиттерге арналған жарық сүзгіштер жанбайтын материалдардан дайындалуға тиіс.
      407. Жабық тұратын тарату құрылғыларының үй-жайлары мен
дәліздерінде сақтауға арналған үй-жайлар орналастыруға, сондай-ақ
электртехникалық жабдықты, қосалқы бөлшектерді, жанғыш сұйықтықтар
құйылған сыйымдылықтарды және түрлі газбен толтырылған баллондарды
сақтауға тыйым салынады.
      408. Кабельдік құрылымдардың бөліктік бөлгіштерінің есіктері өздігінен жабылатын, ғимараттан эвакуациялау барысында ашылуы және есік жабылған кезде тығыздамасы болуы керек.
      Кабельдік құрылымды пайдаланған кезде, аталған есіктер жабық күйінде болуға және бекітілуге тиіс.
      Кабельдік үй-жайларды желдету жағдайы бойынша өздігінен жабылатын есіктерді егер олардың жабылуы үшін өрт кезінде құрылымның тиісті бөлігінде өрт сигналын беретін қарқыннан іске қосылатын автоматты құрылғылар пайдаланылатын болса, ашық күйінде бекітуге рұқсат етіледі.
      409. Металл қораптарға салынған кабельдік желілер жанбайтын
материалдармен нығыздалуға, ал қораптардың өзі мынадай жерлерде 0,75 сағ. кем болмайтын отқа төзімділік шегімен бөлгіштермен бөлінуге тиіс:
      1) басқа кабельдік құрылымдарға кірген кезде;
      2) кабельдік қораптардың көлденең учаскелерінде әрбір 30 м сайын, ал басқа қораптарға тармақталған кезде электрлік кабельдермен;
      3) кабельдік қораптардың тік учаскелерінде әрбір 20 м сайын. Бөлгіш арқылы өткен кезде, осындай отқа төзімді нығыздаулар аражабынның әрбір таңбасында қосымша орындалуға тиіс.
      Металл қораптарға салынған кабельдік желілердің нығыздалу орны қораптардың сыртқы қабырғаларында қызыл жолақтармен белгіленуі керек. Қажет жағдайларда, қосымша түсіндірме жазбалар орындалуы қажет.
      410. Кабельдер және олар төселетін металл беттердің металл қабықтарын қорғау үшін қолданылатын тоттануға қарсы жабындар жанбайтын болуға тиіс.
      411. Май толтырылған кабельдерге май берілуін (толықтыру) қамтамасыз ететін қондырғылар үй-жайында осы қондырғыға қатыссыз жанғыш материалдар мен бұйымдарды сақтауға тыйым салынады.
      412. Электрлік қондырғылар мен тұрмыстық электр аспаптарының бұзылуы (кабельдер мен сымдардың рұқсат етілгеннен артық қызуы немесе оқшаулауының бүлінуі, түтіннің бөлінуі, ұшқын) байқалған кезде, олар дереу тоқсыздандырылуы керек. Оларды қайта қосуға тек бұзылулар жойылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет