Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы



бет7/17
Дата03.01.2022
өлшемі64.27 Kb.
#450717
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Әкежан

Мектептерде өртті барлау.

Мектептерде өрт шыққан кезде оқушылар сынып жетекшілерінің немесе сабақ жүргізетін мұғалімдердің басшылығымен, балалар мекемелерінде мұғалімдер мен күтушілердің бақылауындағы топтарға эвакуацияланады.

Балаларды эвакуациялаудың негізгі тәсілдері - баспалдақтар және стационарлық өрттен қашу.

Өрт сөндірушілер студенттер мен балаларды ыстық және түтін шығаратын бөлмелерден терезелер мен балкондардан өрт сөндіру сатылары, құтқару түтіктері мен құтқару арқандары арқылы құтқарады. Өрт шығу арқылы мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларын құтқару кезінде өрт сөндірушілер оны қолдарына алып жүруі керек немесе өрт сөндіру бекетіне бекітіп, оларды қолдан-қолға өткізуі керек. Оқушылар мен балаларды эвакуациялау эвакуациялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады, олар мектептердің және балалар мекемелерінің әкімшілігімен алдын-ала дайындалған, олар кезекшілермен бірге зерттеліп отырады және мезгіл-мезгіл өңделуі керек.

Өрттi барлау

Өрттi барлау бөлiмшенiң өртке шығуы сәтiнен бастап оны сөндiргенге дейiн үздiксiз жүргiзiледi.

Барлаудың мақсаты - жағдайды бағалау үшiн өрт туралы мәлiмет жинау және жауынгерлiк iс-қимылды ұйымдастыру жөнiнде шешiм қабылдау.

Барлаудың табыстылығы оны дер кезiнде және үздiксiз жүргiзуге, мәлiметтердiң дәлдiгiне, iс-қимылдың белсендiлiгiне және мақсаттылығына байланысты.

Барлау мәлiметтерiн алудың негiзгi тәсiлдерi: бақылау (байқау), билетiн адамдардан сұрастыру және құжаттармен танысу болып табылады.

Барлау:

- адамдарға қауiптiң барлығын, олардың нақты орнын, құтқарудың жолдары мен тәсiлдерiн;

- ненiң жанғанын, өрттiң орны мен көлемiн, өрттiң таралу жолдарын;

- күш пен құралдарды енгiзудiң мүмкiн болатын жолдары мен бағыттарын;

- жарылу, улану, құлау қаупiн, жеңiл өртенетiн заттардың, қуатта тұрған электр қондырғыларының бар екенiн;

- мүлiктер мен материалдарды басқа жаққа әкетудiң, сондай-ақ оларды оттан, түтiннен және судан қорғаудың қажеттiгiн;

- конструкцияларды ашу және бөлшектеудiң қажеттiлiгi мен орнын;

- таяу жердегi су көздерi және оларды пайдаланудың жолдарын;

- өрт сөндiру қондырғыларының барлығын, оларды iске қосудың тәртiбiн анықтауға мiндеттi.

Барлау барысында, жағдайда байланысты, басқа да мiндеттердiң шешiлуi мүмкiн.

Жұмыс участогiнде барлауға өрт сөндiру басшысы (ӨСБ), оның тапсыруымен басқа да адамдар, әрбiр командир және өрттi сөндiруге қатысушылар басшылық етедi.

Барлау құрамына:

- ӨСБ және байланысшы, егер өртке бiр бөлiмше келсе;

- ӨСБ, бiрiншi бөлiмшенiң командирi және байланысшы, егер екi және одан да көп бөлiмше келсе, енедi.

Әртүрлi бағыттарда барлау жүргiзу қажетi болған жағдайда бiрнеше барлау топтары құрылады, әрбiр топты бөлiмше командирiнен лауазымы кiшi емес адам басқарады және кемiнде екi адамнан тұрады. Ал барлауды оқшаулаушы противогаздар киiп жүргiзгенде үш адамнан кем болмайды.

Жанып жатқан үйде қалған адамдар туралы мәлiмет болған жағдайда, зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында барлау құрамы күшейтiлуге тиiс.

Бiр мезгiлде бiрнеше бағыт бойынша барлау ұйымдастыру кезiнде ӨСБ:

- аралас, жоғары және төмен орналасқан жайларға бiр мезгiлде барлау жүргiзудi ұйымдастыруға;

- барлау топтарының санын, оның құрамын және iс-қимыл ауданын анықтауға;

- ақпарат берудiң ретiн белгiлеуге;

- өрттiң аса күрделi және жауапты участогiнде өзi барлау жүргiзуге;

- өрт-техникалық құралдарының түрiн, сондай-ақ әрбiр барлау топтарының жеке құрамы үшiн хауiпсiздiк шараларын белгiлеуге және көрсетуге мiндеттi.

Барлау жүргiзушi:

- барынша тиiмдi, қысқа және қауiпсiз жолын пайдалануға;

- қолдағы бар техникалық құралдарды, құжаттарды, құрылыстың конструкциялық ерекшелiктерi мен жобаларын, технологиялық процестi және өндiрiс құралдарын бiлетiн адамдардың мәлiметтерiн пайдалануға;

- адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оларды қауiпсiз аймаққа шығаруға, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге;

- от пен түтiннiң таралуына барлық мүмкiн болған құралдармен шектеу қою шараларын қолдауға, жану ошағын тапқан кезде оны сөндiруге кiрiсуге;

- материалдық құндылықтар мен жабдықтарды зақымдаудан сақтау жөнiндегi шараларды қолдануға;

- от пен түтiннiң мүмкiн болатын таралуы жолында орналасқан жайларды ашуға және тексеруге;

- ӨСБ-мен, өрттегi шұғыл штабпен барлау нәтижелерiн баяндай отырып, тұрақты байланыс ұстауға мiндеттi.

Жану белгiлерi анықталған жағдайда барлау шлангi жүйелерiн пайдалану арқылы жүргiзiледi.

Барлау жүргiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында:

- өзiмен бiрге құтқару және өзiн-өзi құтқару құралдар, конструкцияларды ашуға және бөлшектеуге қажеттi құралдары, жарық беру жабдықтары, байланыс құралдары, оқшаулау противогаздары, iлмешектер мен өрт сөндiру құралдары болуы керек;

- түтiндi жайлардың кiре берiсiне газ бен түтiннен қорғау қызметiнiң (ГТҚҚ) қауiпсiздiк бекетiн қоюды және онымен тұрақты байланыс ұстау;

- газ бен түтiннен қорғаушылардың резервiн құру, оқшаулау противогаздарымен жұмыс iстейтiн жеке құрамды әлсiн-әлсiн айырбастауды қамтамасыз ету;

- жүрген жолды еске сақтау;

- өрттiң және қызған газдардың мүмкiн болатын шарпуынан күйiп қалудан сақтану үшiн есiктi пайдаланып жанған жайға апаратын есiктi еппен ашу, жанатын және жеңiл жанатын сұйықтар, қопарылыс қауiпi бар және жеңiл жанатын заттар мен жанатын газдар болуы мүмкiн жайларда ашық отты пайдаланбау;

- жоғары кернеулi электр қондырғыларымен жабдықталған жайларға және қопарылыс, улану немесе радиоактивтi зиян шегу мүмкiн болатын жайларға осы жайлар үшiн белгiленген барлық сақтық шараларын қабылдағаннан кейiн ғана және осы жайларға қызмет көрсететiн техникалық қызметшiлердiң жазбаша түрдегi рұқсаты болған күнде ғана кiру;

- құрылыс конструкцияларының, құрылыс және технологиялық құралдардың мүмкiн болатын құлаулары және басып қалуларынан сақтық шараларын қадағалау, әдетте берiк қабырғаларды немесе терезе ойындары бар қабырғаларды жағалап қозғалу қажет;

- мақсаты мен конструкциясына қарамастан лифттердi пайдалануға тыйым салынады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет