Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»



бет1/4
Дата14.06.2016
өлшемі486.5 Kb.
#136116
  1   2   3   4

2011 ж. 11.02. 46



Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік,

Азаматтық қорғаныс саласындағы

тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

мен тексеру парақтарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi;

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы тексеру парағы;

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы тексеру парағы;

Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағы бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет (С.Ғ. Әубәкiров) және төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау (С.Б. Ахметов) комитеттерi мен Азаматтық қорғаныс департаменті (М.Қ. Ысқақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi В.В. Петровқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық жарияланғаннан кейін қолданысқа енгiзiледi.



Министр В. Божко

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2011 жылғы « 11 » ақпандығы



№ 46 бұйрығымен

бекітілген



Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi (бұдан әрі - Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Критерийлер жоспарлы тексерістер жүргізу үшін ұйымдарды, қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғыларды, Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын анықтағанда және жоспарлы тексерістер жүргізу үшін тәуекел дәрежесіне жатқызғанда қолданылады.

3. Тәуекел – адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің, авариялардың, қақтығыстардың туындауы және Бақылау субъектілерінің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамауы нәтижесінде мүлікке және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы.

2. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
5. Жоғары тәуекел дәрежесiне мынадай объектiлер жатады:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік қорғаныс, ішкі істер, қаржы полициясы, Президенттің Күзет қызметі және Республикалық ұланы, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының,объектілері;

2) өнеркәсiптiк және сақтау ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % астам көлемiн алатын, жарылу, өрт шығу және өрт қауiптiлiгi бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттарындағы өндiрiстерiмен;

3) гидроэлектр станциялары – қуаты екі жүз елу Мегаватт (бұдан әрі - МВт) және одан астам;

4) жылу электр станциялары – қуаты елу МВт және одан астам немесе үш жүз Гигакалория және одан астам;

5) газ турбиналық электр станциялары – қуаты елу МВт және одан астам;

6) автокәсіпорындар – техника саны 50 бірліктен астам;

7) бiлiм беру мекемелерi (мектептер, гимназиялар, балабақшалар, балалар үйлерi, мектеп-интернаттар, жоғары оқу орындары және меншiк нысанына қарамастан басқа да оқу орындары) - ауданына қарамастан;

8) мәдени ойын-сауық, табыну және басқа да дiни мекемелер - бiр уақытта 100 адам және одан астам адам болады;

9) спорт және дене шынықтыру, сауықтыру кешендерi - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады;

10) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 және одан астам адам;

11) стационары бар денсаулық сақтау ұйымдары - ауданына қарамастан;

12)сауда ұйымдары - құрылыстардың барлық ауданына 2500 шаршы метрден астам;

13) әкiмшiлiк ғимараттар - биiктiгi 28 метрден астам;

14) әуежайлар - ауданына қарамастан;

15) теңiз және өзен порттары - ауданына қарамастан;

16) темiржол және автомобиль вокзалдары - ауданына қарамастан;

17) мұнай базалары мен мұнай өнiмдерiн сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден астам;

18) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден астам;

19) мұрағаттар - ауданына қарамастан;

20) әлеуметтiк сала объектiлерi (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлері, интернат үйлері, балалар мен мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) - ауданына қарамастан;

21) демалыс үйлерi мен демалыс аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлерi мен туристiк базалар - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады.

6. Тәуекел дәрежесі орташа объектілер:

1) өнеркәсіптік объектілер мен сақтау ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % аса көлемін алатын, жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттағы өндірістерімен;

2) гидроэлектр станциялары – қуаты екі жүз елу Мегаваттан (бұдан әрі - МВт) кем;

3) жылу электр станциялары – қуаты елу МВт кем немесе үш жүз Гигакалориядан кем;

4) газ турбиналық электр станциялары – қуаты елу МВт кем;

5) кернеуі бір мың елу Киловольт және одан астам шағын электр станциялары;

6) мәдени ойын-сауық, спорт және дене шынықтыру сауықтыру кешендері, табыну және басқа да діни мекемелер - бір уақытта 100 адам кем болуы;

7) тұрмыстық қызмет көрсету объектілері - құрылыстардың жалпы саны 150 шаршы метрден асады;

8) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;

9) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 адамнан кем;

10) стационарсыз денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;

11) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;

12) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 асады және 2500 шаршы метрден кем;

13) ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары;

14) әкімшілік ғимараттар - биіктігі 28 метрден кем және ауданы 150 шаршы метрден асады;

15) тұрғын үй ғимараттары - биіктігі 28 метрден астам;

16) автокәсіпорындар – техника саны 50 бірліктен кем;

17) автокөлікке қызмет көрсету объектілері (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен посттары және басқа);

18) мұнай базалары мен мұнай сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден кем;

19) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден кем;

20 байланыс кәсіпорындары мен, теле радио орталықтары - ауданына қарамастан;

21) ғылыми-зерттеу және жобалау институттары - ауданына қарамастан;

22) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен екінші деңгейдегі банктер – ауданына қарамастан;

23) демалыс үйлері мен демалыс аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлері мен туристік базалар - сыйымдылығы 100 адамнан кем;

24) балалардың аула маңындағы клубтары - сыйымдылығы 25 адамнан кем.

7. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер:

1) өндірістік және сақтау ұйымдары - жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «Г» және «Д» санаттағы өндірістерімен;

2) жеке тұрғын үй құрылыстарынан басқа, биіктігі 28 метрден кем тұрғын үй ғимараттары;

3) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

4) тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

5) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

6) стационары жоқ денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

7) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

8) әкімшілік ғимараттар - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

9) ашық автотұрақтар, жер үстіндегі және жер астындағы гараждар - ауданына және авто техника сақтау санына қарамастан;

10) авто жуу;

11) саяжай және бақшалық қоғамдар - ауданына және учаскелер санынан қарамастан.

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
8. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті декларациялануға жататын объектілер жатады, оларда:

1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын.

Сондай-ақ тәуекелдің жоғары дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:

0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.

9. Тәуекелдің орташа дәрежесіне технологиялық үдерісті тоқтататын және өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авариялар, инциденттер туындауы мүмкін объектілер міндетті декларациялануға жатпайтын объектілер жатады, оларда:

1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын.

Сондай-ақ тәуекелдің орташа дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан 100 %-ға дейін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:

0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.

10. Сондай-ақ тәуекелдің кіші дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан аспайтын мерзімде өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:

0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған және қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарын жүзеге асырушы ұйымдар.

11. Тәуекелдің жоғары, орташа және болмашы дәрежелеріне жататын қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар тексерістер жоспарына кіргізіледі.

12. Объекті немесе техникалық құрылғы тәуекелінің аса жоғарғы тобына қатысы үшін негіз болуға жағдай жасаған қауіпті өндірістік фактордың зақымдану әсерін жою немесе төмендету кезінде объект немесе техникалық құрылғы тәуекелділіктің төменірек дәрежесі тобына өтеді.

Бір топтағы тексерістер техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың, авариялар мен қақтығыстар көрсеткіштерінің өсу үдерісі бар объектілерден немесе техникалық құрылғылардан басталады.

4. Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер

дәрежесін бағалау Критерийлері
13. Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын (бұдан әрі - Бақылау субъектілері) тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезінде Бақылау субъектілері:

1) жоғары тәуекел тобы:

өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдарына;

тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдарына;

аумағында тыныс-тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдарға.

2) орташа тәуекел тобы:

орталық атқарушы органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына;

облыстардың жергілікті атқарушы органдарына;

Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалардың жергілікті атқарушы органдарына.

3) төмен тәуекел тобы:

Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылмаған қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;

қалалық және ауылдық аудандардың жергілікті атқарушы органдарына;

білім беру объектілеріне (Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мектептері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары);

50 адам асатын стационарлық денсаулық сақтау объектілеріне бөлінеді.

14. Азаматтық қорғаныс саласындағы Бақылау субъектілерін кейінгі бөлу кезінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес әр Бақылау субъектіге тиісті балл беріледі.

15.Жиынтық қорытындының нәтижелері Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады.

16. Тәуекел дәрежелері бойынша Бақылау субъектілерін саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

жоғары тәуекел тобына 60-тан жоғары және одан көп балл;

орташа тәуекел тобына – 30-дан аса 60-қа дейінгі балл;

шамалы тәуекел тобына - 0-ден 30-ға дейінгі балл алған Бақылау субъектілері жатады.

17. Бір тәуекел топ ішінде Бақылау субъектілерін тексеруді басымды жоспарлау негіздері:

1) ең үлкен тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді айқындау кезінде жоспардан тыс тексерулер саналмайды);

2) ең үлкен баллдың сомасы болып табылады.
_________________________

Азаматтық қорғаныс саласындағы

тәуекелдер дәрежесін бағалау

критерийлеріне



қосымша

Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері




р/с

Критерийлердің атаулары

Баллдарды беру шарттары

Баллдар

1.

Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау

иә

0

жоқ

20

2.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу

иә

0

жоқ

10

3.

Бейбіт және соғыс уақытында басқару, байланыс және хабардар ету жүйелерінің дайындығы

иә

0

жоқ

20

4.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының бейбіт және соғыс уақытындағы іс-қимылдарға дайындығы

иә

0

жоқ

10

5.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, Азаматтық қорғаныс үшін қаржы және материалдық ресурстар резервтерінің бар-жоғы

иә

0

жоқ

10

6.

Азаматтық қорғаныс саласында халықты (персоналды) оқыту

иә

0

жоқ

10

7.

Заманауи зақымдану құралдары ықпалынан және төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты (персоналды) қорғау бойынша іс-шаралар өткізу

иә

0

жоқ

20


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет