Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулық


-параграф. Емтихан комиссиясының міндеттері



бет3/8
Дата24.01.2024
өлшемі238.1 Kb.
#489618
1   2   3   4   5   6   7   8
3-параграф. Емтихан комиссиясының міндеттері



  1. Емтихан комиссиясының құрамына Емтихан комиссиясының төрағасы, емтихан әкімшісі, аудитория кезекшілері, дәліз кезекшілері кіреді.

  2. Емтихан комиссиясының төрағасы мектеп директоры болып табылады.

  3. Мектеп директорының мүдделілігі немесе жұмыс орнында болмауы (іссапар, сырқаттанып қалу және с.с.) жағдайында Емтихан комиссиясының төрағасы ретінде директордың орынбасары тағайындалады, оған Емтихан комиссиясының төрағасы қызметі жүктеледі.

  4. Емтихан комиссиясының төрағасы:

  1. емтихан материалдарын қабылдауды, қауіпсіздікті сақтауды және құпиялылықты қамтамасыз етеді;

  2. емтихан басталардан 40 минут бұрын емтихан материалдарын аудитория кезекшілеріне береді және осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында берілген үлгі бойынша берілген және қайтарылған емтихан материалдарын есепке алу ведомосіне сәйкес емтихан аяқталғанда қабылдап алады;

  3. емтихан, аттестаттау және апелляциялық комиссия мүшелеріне қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша нұсқама өткізеді және қауіпсіздік шараларын, емтихан материалдары мен рәсімдердің құпиялылығын сақтау туралы ақпараттандырады;

  4. мектеп директорының бұйрығы негізінде білім алуға ерекше қажеттілікті керек ететін білім алушылар үшін арнайы жағдайды ұйымдастырады;

  5. қорытынды аттестаттауды осы Нұсқаулық талаптарына сәйкес ұйымдастыру мен өткізуге қатысты жауапкершілікті мойнына алады;

  6. емтихан, аттестаттау және апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

  7. қорытынды аттестаттау құжаттары, емтихан материалдары мен жұмыстарды жинау мен сақтауды жүзеге асырады;

  8. білім алушылардың нәтижелері туралы мүдделі тараптарды өз уақытында ақпараттандырады.

  1. Емтихан әкімшісі мектеп директорының орынбасалары арасынан тағайындалады.

  2. Емтихан әкімшісі:

  1. қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 2 айдан кешіктірмей білім алушылар құрамы мен таңдау пәндері бойынша тізім жасайды;

  2. емтихан материалдарының қауіпсіздігін сақтауды және құпиялылықты қамтамасыз етеді;

  3. емтихандарды өткізу үшін аудиторияларды алдын ала дайындайды;

  4. аудитория мен дәліз кезекшілеріне нұсқама өткізеді, емтихан басталар алдында осы Нұсқаулыққа сәйкес олардың функционалдық міндеттерін түсіндіреді;

  5. аудитория мен дәліз кезекшілерінің арасында міндеттерді бөледі;

  6. білім алушылардың емтиханға қатысуын қамтамасыз етеді;

  7. қатысқан/қатыспаған білім алушыларды белгілейді;

  8. аудитория кезекшісі толтырған емтихан кезіндегі бұзушылықтарды тіркеу актілерін жинауды жүзеге асырады;

  9. қорытынды аттестаттауды осы Нұсқаулықтың талапарына сәйкес ұйымдастыру мен өткізуді жауапкершілігіне алады.

  1. Аудитория кезекшісі емтихан пәндерінен сабақ бермейтін мектеп мұғалімдерінің арасынан тағайындалады.

  2. Аудиториялардағы кезекшілер саны 1 аудиторияға 1-2 кезекші болу есебімен анықталады. Емтиханда кезекшілер саны біреуден артық болса, әрқайсысының міндеттерін емтихан әкімшісі тең бөледі (мысалы, бір кезекші емтихан материалдары салынған пакетті ашу кезінде екіншісі аудиториядағы тәртіпті қадағалайды, бір кезекші нұсқама жүргізсе, екіншісі білім алушылардың тапсырмалар жинағындағы титул парағын дұрыс толтыруын бақылайды және с.с.).

  3. Аудитория кезекшісі:

  1. белгіленген аудиторияны емтихан басталғанға дейін дайындайды;

  2. емтихан басталардан 40 минут бұрын берілген және қайтарылған материалдарды есепке алу ведомосіне қол қойып, Емтихан комиссиясының төрағасынан емтихан материалдарын алады және емтихан материалдарын алған сәттен бастап оның қауіпсіздігіне жауапты болады;

  3. осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес білім алушыларды орындарға отырғызады;

  4. білім алушылардың көзінше емтихан материалдары салынған пакетті ашады, білім алушыларға емтихан материалдарын таратады;

  5. емтихан басталғанға дейін 20 минут бұрын осы нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес білім алушыларға оқыту тілінде нұсқама жүргізеді;

  6. емтиханның ұзақтығы туралы хабарлайды, тақтада емтиханның басталу және аяқталу уақытын көрсетеді;

  7. емтихан өту кезінде тәртіпті бақылайды;

  8. емтихан аудиториясынан шығып кетпейді, барлық емтихан уақытында шапшаңдық және ұқыптылық танытады (жалпы аудитория және қатарлар арасымен жүру). Білім алушылардың көшіріп немесе басқалардың назарын аударып отырмағанына көз жеткізу үшін бақылау жүргізеді;

  9. осы Нұсқаулықтың ережелерін білім алушылардың бұзуы жағдайында емтихандағы бұзушылықтарды тіркеу актісін осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес толтырады;

  10. емтиханның аяқталуына 10 минут қалғанын ескертеді;

  11. емтихан аяқталған соң білім алушылардың емтихан жұмыстарын жинап алады, жұмыстардың санын білім алушылардың көзінше тексереді, емтихан жұмыстарын пакетке салады және емтихан әкімшісіне береді.

  1. Аудитория кезекшісіне:

  1. емтихан жұмысының мазмұнын басталғанға дейін, өту барысында, емтихан өткеннен кейін оқуына;

  2. емтихан басталғанға дейін, емтихан уақытында, емтихан өткеннен соң кез келген жолмен емтихан материалдарын тарату: беру, көшіру және басқа да әрекеттер жасауына;

  3. мектеп директорының бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттауды өткізуге қатыстырылған тұлғалардан бөлек аудиторияға бөгде адамдардың кіруіне жол беруіне;

  4. емтихан аудиториясынан шығуына;

  5. емтихан өту барысында басқа жұмыстармен айналысуына (мысалы, компьютерде жұмыс жасау, білім алушылардың жұмысын тексеру);

  6. емтихан өту барысында өзімен бірге ұялы телефон, анықтама материалдары, электрондық кітаптар, жазып алатын аудио/видеоқұрылғылар алып келуіне тыйым салынады.




  1. Дәліз кезекшісі мектеп мұғалімдері/қызметкерлері арасынан тағайындалады. Дәлізде жыныстары әртүрлі кезекшілердің болуын қамтамасыз ету қажет.

  2. Дәліз кезекшісі:

  1. емтихан басталғанға дейін мектеп ғимаратындағы белгілі бір аумақты бақылауына алады;

  2. емтихан өту кезінде дәлізде бөгде адамдардың және шудың болмауын қамтамасыз етеді;

  3. аудиториядан білім алшылар шыққан жағдайда олармен бірге әжетханаға дейін және кері қайтқанша ілесіп жүреді;

  4. дәліз кезекшісіне емтиханның өту барысында өзімен бірге ұялы телефон, анықтама материалдары, электрондық кітаптар, жазып алатын аудио/видеоқұрылғылар және басқа да кез келген электрондық құралдар алуына тыйым салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет