Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулық


-параграф. Аттестаттау комиссиясының міндеттері



бет4/8
Дата24.01.2024
өлшемі238.1 Kb.
#489618
1   2   3   4   5   6   7   8
4-параграф. Аттестаттау комиссиясының міндеттері



  1. Аттестаттау комиссиясының құрамына Емтихан комиссиясының төрағасы, сәйкес пәндер бойынша мектеп мұғалімдерінің арасынан тағайындалған аттестаттау комиссиясының мүшелері кіреді.

  2. Аттестаттау комиссиясы бал қою кестелеріне сәйкес білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеруді жүзеге асырады.

  3. Аттестаттау комиссиясының төрағасы келесі міндеттерді орындайды:

  1. білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеру рәсімі басталар алдында аттестаттау комиссиясының мүшелеріне нұсқама өткізеді;

  2. емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау рәсімін ұйымдастырады;

  3. әр күннің соңында емтихан жұмыстары сақталатын шкаф/ сейф / аудиторияға сүргі салады;

  4. тексеру кезінде білім алушылардың емтихан жұмыстарының құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Аттестаттау комиссиясының төрағасы білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеру мен бағалауды өткізуді ұйымдастыруға толықтай жауапты болады.

  2. Аттестаттау комиссиясының мүшелері екі адамнан аз емес құрамда сәйкес пәндері бойынша топтарға бірігеді.

  3. Аттестаттау комиссиясының мүшелері емтихан жұмыстарын тексеру рәсімінің алдында Аттестаттау комиссиясының төрағасынан білім алушылардың жұмыстарын жеке жауапкершілігімен алады.

  4. Аттестаттау комиссиясының барлық мүшелері жұмыстарды тексереді.

  5. Барлық білім алушылардың жұмыстарын бағалау балл қою кестесіне сәйкес тең жағдайда жүргізіледі.

  6. Емтихан жұмыстары тексеріліп, емтиханның әр пәні бойынша балдар қойылғаннан кейін аттестаттау комиссиясының мүшелері білім алушылардың балдарын ведомоске енгізуді жүргізеді. Ведомость басып шығарылады және аттестаттау комиссиясының мүшелері қолдарын қояды.

  7. Емтихан барысында тәртіп бұзушылықтың болғанын білген жағдайда (көшіру, жұмыстарды ауыстыру және басқалары) аттестаттау комиссиясының мүшелері білім алушылардың нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылдап, ведомоске сәйкес жазбаны енгізеді.

  8. Аттестаттау комиссиясының мүшелері емтихан жұмыстарын тексеру барысында өздерінің тиісті міндеттерін орындауға дербес жауапты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет