Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды



Дата29.06.2016
өлшемі39.97 Kb.
#166609
Орта білім беру ұйымдарында  
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушіні таңдау 
жөніндегі үлгілік конкурстық 
құжаттамаға 2-қосымша     

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма


      Осы техникалық тапсырмада «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ (орта білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.
      Тамақтандыру 1989 (санын көрсету) білім алушыға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 51357000 (сомасын көрсету) теңгеге 1989 (санын көрсету) білім алушыға ұсынылады.
     «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ (білім беру ұйымының атауын көрсету) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру барысында негізгі мақсаттары мен міндеттері жас ерекшелігі бойынша тағам заттары мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.
      Білім алушыларды тамақтандыру «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана немесе буфет) жүзеге асырылады.
      Тағамдар, аспаздық және кремі жоқ кондитерлік бұйымдар, сондай-ақ балаларды тамақтандыру кезінде пайдаланатын азық-түліктер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындаға заңнамамен және техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
      Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістіктік және қойма бөлмелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық ережелерді сақтауды қамтамасыз етеді.
      Өнім беруші бракераж журналына қорытындыларын жазу арқылы дайындалған тағамдарды тарату алдында күнсайын сынама алу бойынша медицина қызметкерінің жұмысына жағдай жасайды.
      Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.
     «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына (немесе буфетіне) тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.
      Р.Басмаганбетова (басшының тегін, атын, әкесінің атын көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______(уақытын және үзілісті көрсету), екінші аусым үшін _______(уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады.
      Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады.
      Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________(орта білім беру ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің атын көрсету) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады.
      Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органда міндетті түрде бекітеді.
      Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.
      Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.
      Көрсетілетін қызмет беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.
      Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.
      Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.
      Ас әзірлейтін бөлікте санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (тамақ өнімдерінің және азық-түлік шикізатының бракераждар, дайын аспаздық өнімдердің журналдарын, денсаулық журналын, тағамдарды витаминдеуді жүргізу, температура режимін, тоңазытқыш жабдықтарын есепке алу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, втеринариялық-санитариялық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету).
      Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар.
      Өнім беруші бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жөнділігін және уақытылы мемлекеттік тексерілуін (өлшем құралдары үшін) қамтамасыз етеді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлікте тамақ өнімдерін жеткізуді ұйымдастырады.

      Күні



      Білім беру ұйымы басшысының қолы _______________Р.Басмаганбетова
                                         (Т.А.Ә, лауазымын көрсету)

      М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет