Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары/Поурочный план педагога для организаций технического и профессионального, послесреднего образования


II. Өткен материалды қайталау және тексеру



бет2/9
Дата16.02.2023
өлшемі1.32 Mb.
#469658
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
поурочка 19.05

4.II. Өткен материалды қайталау және тексеру:
- Топпен жалпы жұмыс жасау.
- MS WORD тақырыбы бойынша learningapps бағдарламасында студенттер крассворд құрастырады.
- Қауіпсіздік техникасы бойынша жауаб беру.
- MS WORD ортасында мәтіндік құжаттарды құру, өңдеу, форматтау бойынша еске түсіру.


4.III. Жаңа тақырыпты зерделеу:
Жоспар

  1. Қауіпсіздік ережесі туралы ескерту

  2. MS WORD бағдарламасына жалпы шолу.

  3. Практикалық жұмысқа нұсқау беру



1.Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

  • Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;

  • Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;

  • Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

  • Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2. Word мәтіндік редакторы жұмыс кезiнде реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтiн немесе сурет орналастыруға болады. Кесте құру үшін:


– құжатқа кестені кірістіру немесе салу;

– кесте мәзірінің ішкі көрінісі;




– кесте қосу батырмасы;


– Кесте қосу (Вставить таблицу...) командасы шыққан сұхбаттық терезеде қажетті баған және қатар сандарын көрсету арқылы кесте құру.


– бұл командадан соң тінтуір нұсқағышы қарындаш түріне ауысады да, құжатқа кесте сызу арқылы кірістіріледі;
– бұл мәзірдiң ең бiр жақсы мүмкiндiктерiнiң бiрi – алдын ала терiлген мәтіндердi кестеге түрлендiру (Преобразовать в таблицу…) және керісінше. Ол үшiн терiлген мәтіннiң бағанаға бөлiнетiн аралықтарына кестелеу таңбасы орналастырылады. Ол таңбалар мәтін iшiнде қайталанбайтын тыныс белгiлерi немесе басқа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкiн. Көбiнесе бағана аралықтары ;, : немесе табуляция () таңбаларының бiрiмен бөлiнiп тұруы тиiс. Сонан соң кестеге түрленетiн мәтін аумағын ерекшелеп аламыз да, КестеКестеге түрлендiру командасын орындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбасын көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезесi экранға шығады (1-сурет). Бұл терезедегi бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (разделитель) өзiмiз енгiзуімiз немесе таңдап алуымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет