24 Дәріс. Монғолдар мемлекеті.
Жоспары
Монғолдар державасының құрылуы.
Жаулау жорықтары.
1. Монғол тайпаларының тұрмысы мен әлеуметтік құрылысы. Монғолдардың табиғат жағдайлары ежелгі уақыттан-ақ монғолдардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуна жағдай жасады. Ел территориясының көп бөлігі, атап айтсақ 4/5 бөлігі құрғақ далалардан, таулы жайылымдардан тұрды. Деректерде б.з.д. ІІ мың жылдықтың өзінде-ақ Монғолия территориясындағы көшпелі тайпалар туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Монғолиядағы алғашқы мемлекеттік құрылым б.з.д. ІІІ ғасырда құрылған ғұндар державасы еді. Ғұн мемлекетінен кейін Монғолия территориясында бірінен соң бірі XII ғасырға дейін бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Олар: Сяньбилер мемлекеті (І-ІІІ ғ.ғ.), Жужань қағанаты (ІV-VІ ғ.ғ.), Түрік қағанаты (VІ-VІІІ ғ.ғ.), Ұйғыр қағанаты (745-840 ж.ж.), Қидандардың Ляо империясы (X-XІ ғ.ғ.). Бұл мемлекеттердің этникалық құрамы әртүрлі болды. Мұнда монғол тілдес тайпаларды, түркі тілдес тайпаларды, тунгус-манчжурлық тайпаларды ерекше бөліп айтуға болады.
XII ғасырда қазіргі Монғолияның, Манчжурияның және Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде көптеген монғол тайпалары өмір сүрді. Олардың көп бөлігі далалық жерлерде өмір сүріп, мал шаруашылығымен шұғылданды. Қой, мүйізді қара жылқы өсірді. Монғолдардың бір бөлігі ормандарда өмір сүріп, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылданды. Далалық монғолдар анағұрлым көп және дамыған болатын. Олар ормандық монғолдарға өз биліктерін жүргізіп, олардан алым алып отырды. XII ғасырда монғолдардың әлеуметтік құрылысында әлі де тайпалық құрылыстың белгілері күшті болды. Көшпенді монғолдар ру-ру болып жасады. Оларда ата-бабалар дініне табынудың орны күшті болды. Әрбір рудың өзінің табынатын, құдайға теңелетін бабалары болды.
Дегенмен XII ғасырдың ІІ жартысында XIIІ ғасыр басында монғолдардың қоғамдық құрылысында рулық қатынастар ыдырай бастады. Рудың ыдырауының нәтижесінде бай ақсүектердің нояндар мен баһадүрлердің бөлініп шығуына жағдай жасады. Нояндарда белгілі мөлшерде құлдар болды. Нояндар мен баһадүрлер орданы (ру одағы) басқарды. Олар өз кезінде хандар басқаратын ірі тайпа одақтарына бірікті. Хандар мен оларды қолдаушы әскери-тайпалық ақсүйектер бағындырылған тайпалардан алым-салық алып отырды. Уақыт уақытымен тайпалық одақтың ақсүйектері құрылтай жиналысына жиналып отырды. Құрылтайларда хандар сайланды, өздеріне жау тайпалар мен халықтар арасындағы соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешетін кейде кінәлі нояндар менхандардың өзін де соттап отыратын.
Достарыңызбен бөлісу: |