Орта ғасырдағы сығанақ Қаласының зерттелу тарихы



Дата23.02.2016
өлшемі118.5 Kb.
#6574

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ



Қ. Ахметова, Г. Қылышбаева

№46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы



Мақсатым: Қазақстан Республикасы Президентінің 2004-2006 жылға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, көне ескерткіштермен тарихи мәдени мұралардың мекенін зерттеп, өз үлесімді қоссам деймін.

Негізгі зерттеу объектім:

  1. Қазіргі Сығанақ қаласының орнын көру.

  2. Шырақшымен кездесу.

  3. Ауыл ақсақалдарымен кездесіп, сұқбаттасу.

  4. Суреттерге және бейне таспаға түсіру.

  5. Мұражай қорларымен байланыс жасау.

  6. «Жанға- шипа, емге- дәру» киелі жер екендігін айта отырып, нақты мысалдарымен дәлелдеу.

Сығанақ орны Жаңақорған ауданы Төменарық темір жол станциясынан 8 шақырым жерде, Қаратау қыратының оңтүстік батыс етегімен Сырдария өзенінің жағалаулары 15 шақырым қашықтықтағы Белқар үстіртінде жатыр. Ең алғаш көзге бірден көрінетін үлкен қырат, жал-жал болып үйіліп жатқан ежелгі қаланың қорғандарының орыны. Қорғанның солтүстік беті жермен жексен болып шөгіп кеткен.

Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени ошағымыздың бірі болды. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының ал ХІ ғасырдың екінші жартысында әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына ұйтқы болған қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы ХІІ ғасырдың монғол шапқыншылығы, қазақ даласының ойран- топыранын шығарды. Сол ойран топанға ұшырағандардың бірі- Сығанақ болды. 1219 ж Жошы хан әскері Сығанақты жаулап, оның қорғанын қиратады. 100 жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп гүлденеді. Онда талай ошақтарының бірі болған. Қала Х-ХІІ ғасырларда Сунақ деп аталса, кейін Сығанақ қаласы болып өзгерген. [2]

Қазақ жеріндегі моңғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда пайда болды. Солардың бірі ХІІІ ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті болды. Ақ Орда Қазақстан аумағында моңғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойынша орналасқан Сығанақ қаласы болды. 1- сызбада көрсетілгендей Ақ Орда аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандарының жерін қамтыды.

1219 ж Сығанақ қаласы моңғол шапқыншылығына ұшырайды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы қаланы шаппас бұрын ең алдымен жергілікті саудагер Хасан қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін, Сығанаққа жібереді. Бірақ Сығанақтар сатқын Хасан қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады. Жошының әскерлері қаланы қоршап алады. Қала халқы жеті күн бойы берілмей, қарсыласып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып, халқын қырып-жойып, қаланың күл -талқанын шығарады Х ғасырдан бастап Сығанақ қаласы қайта салынып, қалпына келтіріледі. (1- суретте көрсетілген). Қала жандана түседі. Қала біртіндеп Сыр бойындағы саяси эканомикалық орталыққа айналады.

Монғол шапқыншылығынан кейін, XIV ғасырдың басында алғашқы феодалдық Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап Сырдарияның оң жағалауынын Сығанаққа дейінгі аралықтарды қамтиды. Астанасы Сығанақ қаласы болды. [1]

Ақ Орданы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тараған ұрпақтары билей бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта көптеген құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қала гүлденеді. Сыр бойындағы қалалармен байланыс жасайды. Ерзен хан кейін Сығанақта қайтыс болып, осында жерленген. Ерзеннен кейін хан тағына оның ұлы Мүбәрак хан (1327-1361) отырада. Мұның тұсында Сығанақта теңге соғылады. Одан кейін хандық Орыс ханға (1361-1375) тиеді.


1
Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, Мамай Ордасын басып алады. XIV ғасырдың аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған. Әмір Темір оның орнына 1395 жылы Ақ Орда тағына Ұрыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ Оғыланды хан етіп қояды. Ақ Орданың келесі ханы бірақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады. Алайда 1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілхайырға тиеді. Ол Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орда өмір сүруін тоқтатады. Сөйтіп Ақсақ Темірдің қанды жортулары Сығанақ қаласының шаңырағын шайқалтып, Ақ Орданы қиратып кетеді. Ақсақ Темір 1405 жылы қайтыс болғаннан кейін, әлсіреп қалған Ақ Орда қайтадан бой көтереді. Орыс ханның немересі Барақ хан 1423-1428 жылдары Ақ Орданы қалпына келтіре бастайды. Біақ ол көп ұзамай қайтыс болады. Ақ Орданың билігі енді Жошы ханның бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның (1428-1468 ж. ж) қолына көшеді.

Әбілхайыр хан мемлекеттің құрамына өз кезінде бұрыңғы қағанаттар мен хандықтардың құрамында болған, кейіннен қазақ және өзбек халықтарын құраған көптеген тайпалар енді- деп жазды. [3]

Осылай Сығанақ бірде алтын Орда билеушілерінің, бірде ақсақ Темірдің, бірде Ұлықбектің қол астына қараған. Әбілхайыр-өзбек ханы, оның хандығы “Көшпелі өзбектер мемлекеті” деп аталған. Әбілхайыр хан Моғолстанды алам деп аттанып кеткенде, Жәнібек хан Шиелі жақтан келіп Сығанақты басып алады. Әбілхайыр хан ауырып қайтыс болады, сүйегін Созаққа қояды. Жәнібек хан Ордасын Сығанаққа көшіріп, билікті Бұрындыққа береді. Сөйтіп, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ қаласы (1468ж) болады. [4] Сығанақ халқы отырықшы болған. Онда сауда, қолөнер жақсы дамыған. Қала мәдениеті Тараз, Баласағұн, Шиғу, Сайрам, Отырар шахарларымен қатар қанат жайған. ХІІІ ғасырға дейін Сырдың шығысында Отырар мен Сығанақта ірі қала болмаған. Олар ислам дінін Х-ХІ ғасырларда қабылдаған болуы керек.

Шығыстан келген қара дүлей Моңғол шапқыншылығы 1219 жылы күзінен бастап қала тұрғындарын өз қолына алған. Сонымен 1219 жылы Сығанақ қаласы күйреу жылы болды. Осы бір қатты соғыстан соң XIV ғасырға дейін яғни 100 жылдай қалпына келе алмады. Қазір Қазақстанның бір заманғы мәдениет ошағы мақтанышы болған Сығанақ қаласының қираған қаласы жатыр.

XIV ғасырда Сығанақ қаласында Дешті Қыпшақ ұлысының ақша монеттері басылып тұрды. Сығанақ үлкен білім орталығы болған. Оның топырағында сан қилы ғалымдар, ақындар қолбасшылар шыққан. Соның бірі әйгілі ақын жазушы Хисамиддин Әл Сығанақи “Хихаиа” деген кітабы да, осы Сығанақ қаласында жазылды.[5]

А. Якубовский зерттеуінде Сырдың төменінде қаланы мәдинетінің туғанын айта келіп, “Билік түрлі тайпалардың қолыда болса да, оның бәрін мұсылман көпестер салған”- деп, тағы бір ұшқары ойдың ұшын шығарыпты. Бір анығы, кез-келген мәдениет сол жерді мекендеген тұрғылықты тайпалардың қолымен жасалып, олардың қоғамдағы даму деңгейін анықтаса керек. [7]

1867 жылы П.И.Лерх 1906-1907 жылы И.А.Кастанев ертедегі қала орнында болып, сол жылы Каллаур қала жәдігерлерінің жоспарын жасаған. 1927 жылы А.Ю.Якубовский қала мұрағаттары мен сунақ мавзолейінің қала орнын сипаттап жазды. [8] Тарихи деректерде бірде сунақ, бірде Сығанақ деген атпен түскен қала туралы мәліметтер шығыс, батыс жазбаларында ұшырасады.

Зерттеу жұмысы нәтижесінде қазіргі Сунақ ата (Сығанақ) жерінен көптеген өрнекті керамикалық бұйымдардың, ыдыстардың қалдықтары табылды. 2-3 суретте көрсетілгендей біз бұл жерде Сығанақ қаласында қыш құмыра үлгілері жақсы дамығанын көре аламыз.
2

Сығанақты зерттеген археологтардың бірі В.Каллаур (1899) еңбектерінен бірқатар тым әрі қызықты деректер табамыз. Өзінің “Пратаколы Туркестанского кружка любителей археологии” жинағында жариялаған хабарында ол: “Сунақ-атада ең алдымен күйдірілген қыштан соғылған екі құрылыс назар аудартады. Олар осы жердегі қаламен тұспа-тұс болуға тиіс. Көлемді үлкен құрылыс үш бірдей тіреу есігі бар екі бөлмеден тұрады. Бұл бөлменің ұзындығы мен ені 9 кез”,-деп жазады. [15]

В.Каллаур екінші бөлменің астында табыт болғанын анықтаған. Бірақ оны тас басып, бөлме үстіндегі күмбездер қираған екен. Шырақшы бұл бөлмелердің төбесіне бөрене қойып, қамыспен жауыпты.В.Калаур Сығанақ шахарының тұрғындары туралы да пікір қозғап, онда сунақтардың тұратынын айтқан. Қаланың сунақтар арасында сунақ деген атпен мәлім екенін де айта келіп Каллаур қала қираған кезде олардың Бұлған шахар, кейін Қараспан жағына кетіп, қыпшақтарға бағынғанын жазады. [10]

Махмұт Қашқари “Сығанақ - оғыздар еліндегі қала” деп, ал Әбілғазының жазбаларында: “Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері орналсқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты”,-деп жазған. [11]

ХІІ ғасырдан бастап Ислам дінін қабыл етті. Араб жазушыларының айтуынша, Сығанақ қаласында тұрған - бір ғана қыпшақ пен қаңлылар, оларды біріне-бірі айырып болмайды. Сығанақ солардың астанасы. [12] Сығанақ туралы 1867 жылы шахар орнын көрген Лерх 1899 жылы жол жөнекей соғып өткен В.Ю.Якубовский арнайы зерттеу жазып қалдырды. Мұнда бірер тәуліктен ғана аялдаған тарихшы-зерттеушілер қазба жұмыстарын жүргізбесе де, Сығанақ қаласының жұртын, күмбезді құрылыстардың жұрнақтарын көреді.Оларды саралап, өлшеп, суреттеп суретке түсіреді, өрнекті керамикалық бұйымдарын музейге алып кетеді. Бұл кезде жекелеген күмбезді ғимараттардың сұлбасы аман, қорған қабырғалары түгел төбе жиектері бойымен айқын көрініп жатқан уақыт екен. Якубовский қорғанды айнала қадалап өлшеп, 630 сажын екен дейді. Каллаур да солай мөлшерлеп 540 сажын деп мөлшерлейді. Каллаур да, Якубовский де олардың сәл ғана артында көне жол үйінділердің ізі жатқанын айтады. [14]

Қазіргі Сығанақ қаласының жағдайы. Зерттеу нәтижесі.

Қазіргі Сығанақтың солтүстігі 275 метр, солтүстік батысы 175 метр, оңтүстік батысы 190 метр және оңтүстігі 175 метр, ал оңтүстік шығысы 320 метр өлшемінде. Биіктігі 1,5 метр. Қала 6-7 метр шығыңқы 15 төбешікке айналған және мұнара іздері сақталған (4- сурет). 6- суретте көрсетілгендей қасында Сунақ –Ата мешіті бар. 6- суретте көрсетілгендей маңайында құрылыс іздері төбе-төбе болып кездеседі. Ертегі қаланың үстіңгі мәдени қабаты керамика сынықтарымен толы екенін көруге болады.(2- сурет)

1988 жылы және 1996 жылдары ертедегі қаланың солтүстік шығыс қорған дуалы бұрышынан жақын іш жағынан және оның маңында археологиялық барлау қазбалары жүргізілді. Зерттеу жұмысымды қорытындылау мақсатында, ауыл ақсақалдарымен және шырақшы Бақытжан ағаймен кездесіп сұқпаттастым.Ауыл ақсақалдарымен кездесіп сұқбастасқанымда Сығанақ қаласы тұрған жер диқаншылық, жартылай көшпелі мал шаруашылығына қолайлы болғанын, әрі сауда орталығы болғанын баяндады. Қаладан су құбыры пайдаланып егін шаруашылығының күшті дамығанын ерекше айтып берді. Сунақ –Ата – “Сунаның” ақ жолында деген ұғымды білдіреді деп түсіндірді. Ауыл ақсақалдарының аутуынша, Сунақ деген ұғым: Сырдариядан аққан су, арнаға нақ түскендіктен айтылған. Содықтан суы нақ ағады, яғни Сунақ деген сөзден шықан деп түсіндіріп берді.
3

Сығанақта жер асты жолы бар деген мәліметтер көп кездеседі. Күрішшілер егін жеріне су жібергенде бәрі бір толмайды және де сол жерлерде тесіктер бар көрінеді. Сол тесікке тас тастаса домалап, тоқтамай кете беретін көрінеді. Біз бұдан жер асты жолы бар деген мәліметтердің рас екенін жоқа шығара алмаймыз деп, ауыл ақсақалдары айтып берді.



Шырақшы Бақытжан ағайдан “Орта ғасырдағы Сығанақ” қаласы жайлы сұрағанымда, былай деп жауап берді: Сығанақ ежелден келе жатқан қала және де Моңғол шапқыншылығы кезіндегі үлкен қала. Сығанақты Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан билеген және сол жерде теңге соқтырған. Сығанақтағы мешіт бұл сол жердің халқының мешіті. Бұл мешітті шамамен 1937-1938 жылдары Авангард колхозының кәрістері келіп қиратқан. Осы мешіттің кірпіштерін монша, үй және т.б. құрылысқа пайдалануға алған. Бұзған адамдар, яғни мешітке балта шапқан адам сол жерде құлап өлген.(8- сурет) Бастаған адамнан ұрпақ қалмаған. Кейбірі ауруға шалдығып өлген көрінеді. Бұл мешітті Яссауи университетінің профессоры Жолдасбаев 100-ден аса студенттермен бірге жазда келіп зертеген. Жолдасбаев бастаған археологиялық зерттеу 2 жылдан бері жүргізіліп келеді. (7- сурет) Сығанақтағы археологиялық зерттеу қазба жұмысын әлі де жалғастырып, зерттеуде. Студенттер қазба жұмысында бүтін және сынық құмыралар, қыш құмыралар тапқан. Яғни Сығанақта қолөнер жақсы дамыған. Саудасына келетін болсақ, Ержановтың “Сунақтар” атты кітабында: Әр базар сайын 500 түйе сатылған деседі. Бұл дерек Сығанақ қаласының үлкен болғанын айтады. Сығанақ қаласының орны қазіргі Сунақ ата атауы Жөлек ауылына дейінгі орынды қамтыған. Сығанақтың жер көлемі 45 шаршы шақырым болған. Неге?- Сығанақ қаласына тақтайлар, қоршау қойылмаған?- деп сұрағанымда, бұл мемлекеттің меншігінде одақтың кезінде мән бермеген, 1951-1954 жылдары су тасқыны кезінде, бейіттерді қорғанға қойған болатын. Қазіргі таңда бұл бейіттерді қайта алғызып жатыр, деп сауалдарға жауап берді.

«Жанға шипа, емге дәру» киелі жер турасында, Сығанақ қаласы да киелі екендігін айта отырып, нақты мысалдармен дәлелдеймін.

Ата баба әруағына бас иіп, жер-жерден келіп жатқан адамдар легі тоқтаған емес. Соңғы 5 жылда бабалар әруағана әр түрлі ауруларына шипа іздеп келушілерді орташа есеппен былай көрсетуге болады. (схемада көрсетілген)

Науқастардың көпшілігі


  1. Нәрестеге зәрулер.

  2. Бас ауруына, жүйке ауруына ұшырағандар.

  3. Ұйқысыздық.

  4. Қан қысымы аурулары т.б.

Ниет етіп келе жатқандар шырақшының айтуынша ата баба әруағына бас иіп, киелі жер екенін айта отырып, түрлі ауруларына шипа іздеп келіп жатқан көрінеді нәтйжесінде, алғыс айтып жүрген адамдар қаншама. Ендеше қолда барды сақтап, қадірлей білейік дегім келеді.

4-5 – суретте көрсетілгендей, қазіргі Сығанақ қаласының орны бүгінде біраз жерді алып, төбе болып жатыр. Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе Сығанақ қаласында мәдениеттің жақсы дамығанын, онда табылған қыш ыдыстардың қалдықтары және Сығанақтан табылған қыш құмыра үлгілері дәлел бола алады. 9-суретте көрсетілгендей (XIV ғ) бұл қыш құмыра Сығанақтан табылған. Сонымен қатар бұл қыш құмыра Жахаев музейінде сақталып тұр.

Жұмыстың мазмұнын қорытындылай келе, Сығанақ қаласының орнынан тек үйінді төмпешіктерді кездестіреміз. Бейнетаспадағы ауыл ақсақалдарының әңгімесіне назар салтын болсақ Орта ғасырда өте үлкен шақар болғанын жоққа шығара алмаймыз.Бұл қалаға археолог ғалымдар зерттеу жұмысын толық жүргізіп, ондағы бейіттерді алғызып, әлі ашылмаған құпия сырларын ашып, халыққа соны жеткізе білсе, біз одан ұтылмаймыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен жүргізіліп жатқан “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде“Сунақ –Ата” (Сығанақ) қорымын қорғау жөнінде нақты іс – шаралар жүзеге асырылса, ата-бабаларымыздың алдындағы парызымызды өтегеніміз болып саналады деп, өз жұмысымды аяқтаймын.

4

Қорытынды



Республика мұражайларының қорында сақталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштерін тұрақты түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етееді. Осыны мезге ала отырып ұлттық тарих күшін айрықша мәні бар мұражай қорларын қалпына келтіру мен түзеу жөнінде орталықты құру мүмкіндігін қарау қажет деп орынды айтылған деп ойлаймын.

Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе көптеген әдебиеттер арқылы жұмыстың мазмұнына және ауыл ақсақалдарының, шырақшы Бақытжан ағайдың әңгімелері арқылы қазіргі жағдайына көз жеткіздім.Дәл қазіргі уақытта Сығанақ қаласы төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыздың құпиясын тығып сіресіп жатыр. Бір кездері гүлденіп тұрған Сығанақ қаласы дәл қазіргі уақытта, өзінің бұрынғы мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділер ғана қалған.

Сонымен қатар Орта ғасырдағы қалаларға бүгінде Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қорқыт мазарлары қорғауға алынып, қайта салынып жөндеуден өткен. Дәл осындай маңызы зор ескерткіштердің бір қатары құлап жатыр. Есімі бүкіл шығысқа әйгілі Көккесене, Сунақ –Ата,Жүніс әулие т.б бүгінде толық жойылған. Ал Қазалы жеріндегі “Бегім ана”, “Сараман қоса” қарақұмдағы “Қырық қыз” мазарлары жартылай қираған.

Әзірге аман тұрғандары “Сырылтым”, “Ақтас”, “Оқшы Ата” сияқты ескерткіштері ғана. Солардың өзі жарылып бүгін болмаса ертең құлап қалу қаупінде екенін ескерер болсақ, бұл салада атқарылар жұмыстар аз болмаса керек. Қызылорда облыс тұрғындары үшін мақтаныш тұтып, тағылым алар мәдениет мұралары баршылық. Олар мемлекеттік қорғауға алынатын халық байлығы болып табылады.Сондықтан суландыру жұмысын жүргізетін мекемелер, ауыл шаруашылығымен айналысатын кіші кәсіпорын және тұлғалар барлық жердегі тарих пен мәдениет ескерткіштерін қамқорлыққа алуға тиіс.

Бәрімізге белгілі Сығанақ қаласы қазір Сунақ- Ата ауылы болып табылады. Бір кезде Шиелі, Жаңақорған бір болғанын ескерсек, оның Ұлы Жібек Жолында орналасқанын пайдалансақ бұл қасиетті қала, әлі талай тарих тұңғиығынан тіл қатары анық.

Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе Сығанақ қаласына туристер келуге жағдай жасалса, интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне насихаттауды ойластырып интернеттік жобалар дайындалса сайын даласындағы мыңдаған асыл мұралардың жаңа ғасыры басталары хақ. Осы жәдгерлерімізді бар әлемге осылайша насихаттасақ, ұтылмаймыз деп ойлаймын. Сонымен қатар Сығанақ қаласына, аймақ қалаларына жүргізілетін археологиялық жұмыстар нәтижесінде осы қаланың маңызы мен ролін одан әрі арттыра түседі деген ойдамын.

Ұсыныс

Өзімнің ұсынысым: 1. Археолог ғалымдар жүргізген жұмыстары үнемі теледидар арқылы көрсетіліп отырса.

2. Бейнетаспа касеталары қолға тисе.

3. Тарихи және Өлкетану мұражайларына тапсырылса.

4. Сығанақ қаласына туристер келуге жағдай жасалса.

5.Интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне насихаттауды ойластырып, интернеттік жобалар дайындалса.

6. Сығанақ қаласы қоршалып, тақтайлар қойылса,ондағы тұрған бейіттер түгелімен алынса.



Мені толғандырған мәселе: Орта ғсырдағы Сығанақ қаласының қазіргі жағдайы және орны. Себебі ондағы бейіттер әлі де толық алынбаған. Қорғанның жоғарғы бөлігі қоршауға алынбаған.Киелі орындарды ардақтау, әрбір адамзаттың, әрбір мұсылманның міндеті екенін есімізден шығармағанымыз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

[1] Ә.Қоңыратбаев Сыр бойындағы Оғыз –Қыпшақ далалары 16.09.2005ж

Сыр бойы.№187 – 188

[2]Сунақ Ата Сыр бойы 20.10.2004ж

[3]Сығанақ. Қазақ тарихы. №3 1995 ж.7 бет

[4] А. Сопыбеков. Сығанақ. Сыр өнері 23 маусым. 2006 ж №14

[5]А.Ж.Жонтаева. Сыр елінің мәдени мұралары. Қызылорда 2005 ж.265 бет

[6] Ғ. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан.Алматы.

1992 ж. 16 бет

[7]А.Ю.Якубовский. Развалин Сыганака. Гаймк Сообщение 1929 ж. 124 бет

[8] Т.Мәмбиев. Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат. Қызылорда 2000 жыл. 89 бет

[9] Ә. Бәкіров. Сығанақ. Сыр бойы. 1993 ж. 7 қазан. №120

[10] Ә. Әбіласанов. Сығанақ. Алматы. Өнер. 1991 ж

[11] Т. Мәмиев. Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштер. Алматы 2000 ж. 28 бет

[12]З. Жайлыбай. Сырлы Сығанақ.Ақиқат. №6, 2005ж

[13] Ә. Дибаев. Сығанақ. "Тарту" 260 бет



[14] Ж. Шайдар. Сыр ғұламалары. Шымкент, 2002 ж

[15 ]Рүстемұлы Төлеген. "Қылауыз – Ата шежіресі" 1998 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет