Жұмыстың әдістері:
Сабақтарда диалогтар, суреттер, сұхбаттар, рөлдік және қимыл-қозғалыс ойындары және топтық пікірталас әңгімелер, дамытушы жаттығулар немесе ойындар, және оларды талдау қолданылады. Аздап психодиагностикалық тапсырмалар қолданылады.
Сабақтардың тиімділігі балалардың шығармашылық оңтайлылығын дамытуда, олардың өздерінің сезімдерін, мәселелерін, қарым-қатынастарын, оқиғаларын талдай білу қабілеттерінде; білім алу қабілеттерін дамыта білулерінде.
Сабақтарда өздіктерінен жұмыс істеуге және балалардың өздіктерінен тапсырмаларды орындауға, қатысуларына шек қойылмайды. Балалардың тұжырымдамаларын қолдану баланың мүмкіндіктерін және қабілеттерін оқыту процессіндегі шығармашылық іс әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік береді.
Сабақтарды ұйымдастыру
Берілген бағдарламада аптасына бір тақырыптан, 8 тақырып берілген. Ұйымдастырушылық сәттері:
сабақта балалар шеңбер түрінде орналастырылған парталарда отырады, ал жүргізушінің үстелі шеңберді тұйықтайды;
сабақтың жалпы саны қанша болса осы сабақта соншаға бөлінеді;
сабақты өткізудің түрі сабақтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді; сабақтың негізгі тақырыбы; қорытынды бөлім (кері байланыс; үй тапсырмасы);
Сабақтың өзі қысқаша түсініктемелерден, арнайы жаттығуларды орынадаудан және оларды талдаудан тұрады. Нақ осы жаттығулар (оқушы өз жұмысында дереу қолдана алатын, нақты тәсілдерге үйрету) негізгі мазмұнды құрайды.
Сабақтың бір бөлігі(№2,4,5,7) оқушылардың бір-бірімен танысуына арналған; олардың басқа адамдардың және өзінің бойында нені қастерлейтіндігімен, сабақты оқу несімен ұнайтындығымен, олар өздерін мектепте қалай сезінеді сонымен таныстыруға арналған. Осы сабақтардағы жұмыстар дамуға ықпал ететіндей құрылған: өзін - өзі жетілдіруге деген ұмтылыс; серіктестікпен қызмет ету, жарысу дағдыларын, қарым-қатынас жасау түрлерін, қабылданған шешімге деген жауапкершілікті, өзіне бақылау жасау қабілеттерін, көңіл-күй құбылыстарына бақылау жасау қабілеттерінің дамуына ықпал жасауға құрылған.
Сабақтың екінші бөлімі (№1,3,6,8) оқушыларды орта мектепте оқумен таныстыруға бастауыш сыныпта оқитын жасөспірімнің жаңа мәртебесі туралы түсініктің дамуына ықпал етуге, оқу процессі туралы дұрыс көз қарастың қалыптасуына; педагог туралы оны қызықты адам, әңгімелесуші ретіндегі түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
Берілген сабақтар бастауыш мектеп жасөспірімдері осы жаңалықтарды өздері атқаруына ықпал етеді.
№ 1 сабақ. «5-ші сынып дегеніміз не ?»
Мақсаттары: балаларды сабақтың мақсаттарымен жұмыс түрімен таныстыру, сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін қабылдау; ішкі ресурсты іске асыру, құрдастарымен бірге пікірталастарға қатысу және сұрақтарға жауап беру.
Міндеттері: Бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғанда бесінші сынып оқушысының мәртебесі туралы түсінікті дамыту; әрбір баланың өзі басқаларға таныстыруына мүмкіндік беру.
Көрнекіліктер: дәптерлер, қаламдар, жазуға арналған шағын қағаздар, альбом беттері. «Школьный путь» суреті бар ватман парағы, жұмсақ ойыншық немесе доп. Портфельдің суреті А3 форматты парақ.
Сабақтың барысы:Танысу «Есім және гүл» жаттығуы
Ережелерді қабылдау. Тақырып бойынша жұмыс:
«Сөйлемді жалғастыр» ойыны
Тақтада немесе орташа шеңберде «Оқушының жолы» суреті бекітіледі. Онда 1-ші сыныптан 10-шы сыныпқа дейін мектеп жолын бейнелейтін тау суреттелген.
Қатысушыларға сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады: «Бастауыш мектептен менің есімде қалғаны...», «Бесінші сыныпта менің .... көргім келеді...».
Барлығы шеңбер бойынша, бір-біріне допты немес жұмсақ ойыншықты бере отыра, өз ойларын айтады.Жүргізуші неғұрлым қызықты және оптимистік пікірлерді атап өтеді, оқушылардың мектептік тәжрибесінің жоғары екендігін, сондықтан да олардың одан арғы жолы жеңіл болатындығын айтады. Ол қандай болады ?
Жүргізуші 5-ші сыныпқа көшуге байланысты, оқушылардың мектеп өмірінде жаңадан не пайда болғандығы туралы айтуды ұсынады.
Жаттығу: «Кім... нені»
Кім тәттіні жақсы көреді, солар бір адым алға шығады; кімде мысық бар, солар оң қолдарын көтереді; футбол ойнау кімге ұнайды, солар тізерлеп отырады; және т.с.с.
Жаттығу аяқталғаннан соң кім 5-ші сыныптың оқушысы болып енеді соларға қолдарын көтеру ұсынылады. Осы сәтте жүргізуші қатысушылардың ортақ істерінің көптігін атап өтеді.
«Мектеп жолы» жаттығуы.
Жүргізуші балалармен олардың өткен жолдары және алда не күтіп тұрғандығы туралы әңгіме өткізеді.
«Мен үшін не маңызды?» жаттығуы.
Балаларға өздерінің ата-аналарымен ұзақ уақытқа каникулға кететіндігін, демалыстарын елсіз аралда өткізетіндіктерін көз алдарына елестетулері қажет. Ата-аналары балаларға тек қана оларға ең маңызды үш затты жол сандығына салу керектігін айтады.
- Сендер нені таңдайсыңдар? Осы заттардың аталуын қағаз бетіне жазыңдар (5 минут).
Одан әрі балалар тізімді оқып, неліктен нақ осы заттарды таңдағандарын айтып берулері қажет.
Талқылау
- Сен таңдағанды таңдаған біреу бар ма?
- Кімнің жазбалары сені таң қалдырды?
- Сендердің көпшілігіңде қызықты және маңызды заттар бар ма ?
- Кім туралы жаңа нәрсе білдің ?
Сабақтың талдауы (кері байланыс)
Біздің сабақ қалай өткендігін қарайық. әрқайсысы жазылған төрт бет пішіннен екеуін таңдап алайық: қызықты ма немесе қызықсыз ба; қиын ба әлде оңай ма? Өздеріңнің нұсқаларыңды өздерің салған портфелдеріне жазыңдар.
Үй тапсырмасы
Сен үшін, сені қоршаған адамдардың бойындағы қандай қасиеттер маңызды деп есептелінетіндігін үйде жаз (10 нұсқадан артық болмауы қажет).
№ 2 сабақ. «Өзіңді таны»
Мақсаттары:оқушылардың бойында өзін-өзі тану мотивациясын құру; өзін-өзі тану, рефлексияны дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:өзінің мүмкіндіктеріне деген оңтайлы қарым-қатынасты қалыптастыру, өзін қабылдау және жетілдіруге ұмтылу.
Көрнекіліктер:дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, алты түрлі жолақтар желімделген түрлі түсті қорапшалар.
Сабақтың барысы:
Сабаққа икемдеу. Жаттығу « Көңіл-күй түсі»
Жаттығу «Кім .... істесе, жел соған еседі».
Үй тапсырмасын талқылау
Балалар атап өткен қасиеттер тақтаға жазылады. Олардың нұсқалары талқыланады. Одан әрі балалар өзін ерекешелендіретін қылықтарды атайды. Олардың әр қайсысына атап өтілген қылықтарды салыстыру ұсынылады (өзіндегі және басқалардағы). Нәтижелерді талқылаймыз.
Тақырып бойынша жұмыс
«Мен кіммін? Мен қандаймын?» өзі-өзі талдау
Жазбаша түрде үщ сөйлемді жалғастыру қажет: Мен ойлаймын, мен ...; Басқалары мені .... деп есептейді; Менің .... болғым келеді.
Әрбір сөйлем үшін, плакаттағы тізімнен 5-тен 10-ға дейін анықтамалар таңдап алыңыздар.
Сәйкес келгендер саны есептелінеді, оқушылар арасындағы көп ортақ сәйкестіктер тақтада белгіленеді.
Жаттығу «Мен қандаймын! Таптыңдар ма?»
Бесінші сынып оқушылары сауалнамаларды толтырады. Онда олар өздеріне және өздерінің ермектеріне сипаттама береді, бірақ жұмысқа өздерінің аттарын жазбайды (барлығы оған өздерінің белгілерін қояды). Өздерінің нұсқаларын тапсырады. Жүргізуші оларды араластырады және таратады. Оны оқығанда, балалар ол жұмыстың кімдікі екендігін табулары қажет.
Сабақтың талдауы (кері байланыс)
- Не ұнады?
- Қандай қиыншылықтар болды?
- Кімді бағалаған қиын - өзіңді ме әлде басқаны?
Үй тапсырмасы
Мектеп үшін өздеріңе күлкілі 5 ережені ойлап табыңдар. Содан кейін, шыныменде мектепке, сыныпқа көмектесе алатын екі ережені ойландар.
№ 3 сабақ. «Орта мектептегі жаңа оқушы»
Мақсаттары:оқи білу, өзінің іс әрекетін жоспарлай білу қабілетінің дамуына ықпал ету; орта мектептегі оқыту процессінің жаңа ережелерін талқылау.
Міндеттері:өзінің құрдастарымен бірге бірлесіп іс әрекет жасау және жарысу, өзінің жетістіктерін басқалардың жетістіктерімен дұрыс қабылдай білуін дамыту.
Көрнекіліктер:дәптерлер, қаламдар, жазуға арналған шағын парақтар, «ағаш» суреті бар бланк, көзілдірікке арналған қорапша, «Үй тапсырмасын қалай орындау қажет?» деген оқушыларға арналған жадынама.
Сабақтың барысы:
Қиялдау жаттығулары
Жүргізуші балаларға өнертапқыштар болуды, көзілдірік қорапшасын пайдаланудың нұсқаларын барлық нұсқаларын пайдалануды ұсынады. Нұсқаларды 5 минут ішінде жазу қажет. Осы затты пайдаланудың ең бір оңтайлы және қайталанбас тәсілін ұсынған адам жеңімпаз болып табылады.
Үй тапсырмасын талқылау.
Балалар кезектесіп өздерінің ең қызықты ережелерін айтады. Содан кейін мектепке, сыныпқа көмектесе алатын ережелерді атайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сен үшін ең қызықты ереже?
- Ұсынылған ережелердің қайсысы сен үшін маңызды болып есептелінеді? Неліктен ?
- Көңілін білдіргісі келетіндер өз ойын айтады.
Тақырып бойынша жұмыс.
Жүргізуші: -Біздің бүгінгі сабағымыз «жаңадан» келген оқушыларға – мектепте бұрын оқымаған оқушыларға арналады. Балалар, барлығымыз біздің мектепке басқа елден жаңадан оқушы келді деп елестетейік. Ол өзінің оқуын біздің мектепте жалғастырғысы келеді. Бірақ біз ең алдымен біздің мектептің өмірімен танысуға көмектесейік, оған ат қояйық.
Балалар өздерінің ойларын ұсынады (бесеуден артық болмауы қажет) және дауыс берудің негізінде есімді таңдайды – мысалға, Том.
- Ал енді оған мектептің өмірі туралы не айтатынымызды ойластырайық.
Балалар нұсқаларды атайды: мұғалімдер, мектеп оқушылары туралы; сабақ туралы; сабақтағы үй жұмысы туралы; бақылау, жазбаша және ауызша жұмыс туралы және т.с.с.
- Жақсы, онда мысалға, сабақта қалай жұмыс істеу керектігінен бастаймыз.
Жүргізуші оқушылар өздерінің хабардар екендігін білдіретін, өздерің көрсетуге мүмкіндік беретін ашық жауап беретін бірқатар сұрақтар қояды (ең бастысы өзінің ойын айту кезіңде қателесемін деген қорқынышты болдырмау).
Сұрақтар тізімі:
- Сабақта неліктен зейін қою қажет? Егер сен сабақта бір нәрсені түсінбесең не істеу керек? Неліктен? Сен егер үй жұмысын дұрыс шешпесең не болады? Үй жұмысын істемес бұрын, неліктен ережелерді қайталау қажет? Сабақта бір нәрсе қиын болса, не істеу қажет?
Оқу материалымен жұмыс:
- Оқылып отырылған пән бойынша қосымша материалдарды алуға қандай кітаптар көмектеседі? Қандай пәннен не істеу қажеттілігін сіз қайдан және қалай білесіз? Үйге не берілгендігін сен қаншалықты жиі сыныптастарыңмен телефонмен хабарласу арқылы білесің? Тапсырманы орындамас бұрын неліктен ережені жатқа білуің қажет?
Үй тапсырмасымен жұмыс.
- Үй тапсырмасын орындауды қандай пәннен бастайсың? Немен аяқтайсың?
Жүргізуші: Сонымен біз бүгін Томға көп нәрсе туралы айттық, ал енді оның біздің мектеп туралы көп нәрсе білгендігінен кейін ол өзін қалай сезінетіндігін білейік?
Ағаш суреті салынған бланкті қарайық. Ағаштың жаңында онымен бірге көптеген адамдар бар екендігін көруге болады. Олардың әр қайсысының көңіл-күйі әр түрлі, олардың алар орны да әр түрлі. Қызыл бояуды алып сізге Томды, оның мектептегі көңіл-күйін еске түсіретін адамды бояуды сұраймыз. Біз сіздің қаншалықты ұқыпты екендігіңізді тексереміз. Ағаштың әрбір бұтағы оның жетістігі екендігін естен шығармаңдар. Біз сіздердің қаншалықты ұқыпты екендеріңізді анықтаймыз. Ағаштың әрбір бұтағы оның жетістіктері екендігін естеріңізге саламыз. Енді жасыл түсті бояуды алыңыз және Том қандай болғысы келген, кімге ұқсағысы келген адамды жасыл бояумен бояңыз.
Сабақты талдау (бірінші сабақтағыдай ).
Үй тапсырмасы
Орта мектептің оқушысының жұмыс үстелін ойлап табу және суретін салу.
Сауаланама: «Үй тапсырмасын қалай орындау қажет?» оны барлық оқушы орындай ала ма?
№ 4 сабақ. « Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?
Мақсаттары: Өзінің меншікті «Мен» көрсету; оқушыларға өмірде өзімен және басқалармен келісімде өмір сүру қажеттілігін түсіндіру.
Міндеттері:Оқушыларға мінез-құлықтың жаңа түрлерін көруге және моделдеуге мүмкіндік беру; өздерінің қылықтары үшін жауап беруге деген жауапкершіліктерін дамыту.
Сабақтың барысы
Жаттығу : «Мен қайдамын?»
Бұл жаттығуда жүргізуші ойыншы – детектив көзі жабылып тұрып дыбыс шығарып тұрған адамның қайда тұрғандығын айтуы қажет.
Үй тапсырмасын талқылау
Жаттығу. «Нұсқаулық бойынша сурет»
Бұл ойын, берілген тәртібі бойынша зейін қоюды және ереже бойынша әрекет ете білу қабілетін есепке алуды талап етеді. Ең алдымен барлығы өз үйлерін салады. Содан кейін суретті алып тастап, таза қағаз алып, жұппен жұмыс істейді – біреу көзі жұмылып тұрып, бірақ көрші-автордың айтып тұруымен істейді. Соңында суретті автордың суретіне сәйкес келетіндігімен салыстырады. Содан кейін балалар орындарымен ауысады: серіктестеріне өздерінің бірлескен жұмыстарын талқылауға салуға мүмкіндік болады.
Достарыңызбен бөлісу: |