Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері



бет6/7
Дата27.06.2016
өлшемі9.55 Mb.
#161298
1   2   3   4   5   6   7

2 – сабақ: жалғасы.

  1. Лексикалық – орфографиялық жұмыс:

Тақтаға кестенің 4, 5, 6–бағандары толтырылады.

12) ШТЖ: Оқушылар бағандағы сөздер мен сөз тіркестері арқылы бір біріне қысқаша қызықты мәліметтер жазады. Ал сен білесің бе ...

13) ШТЖ: Түрік жазуы тарихынан мәліметтер жазып, сөйлесушіні таң қалдыр (1 –топқа тапсырма).

Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалан:



... ғылым дәлелдейді

... деректер сөйлейді

... дәлелденген

... дәлелдеуді қажет етеді

... Ассиро-Вавилон заманында - ақ

... біздің э.д. І мыңжылдықта

... Асситияда б.э.дейінгі VII ғ.

... О.Сүлейменов

... мақала жарияланған.

(4 –бағандағы сөздерді қараңдар)

14) ШТЖ: Түркістанда табылған кітаптар тарихы туралы мәліметтермен сөйлесіп отырған адамды қызықтыра біл. (2–топқа тапсырма). (5–бағандағы сөздерді пайдаланыңдар)

15) ШТЖ: Соңғы бағандағы сөздерді пайдаланып, ежелгі жазу ескерткіштерінің ең үлкендері туралы айтыңдар.

16) ШТЖ: Осы үш тақырып бойынша ең есте қалған қызықты мәліметтер бойынша әртүрлі құрылымды сөйлемдер жазыңдар. Сөйлемде ал, бірақ, және, немесе, қашан, өйткені... шылауларын пйдаланыңдар.

17) Шағын топтарда бірін бірі тексеру.

18) «Мен ... мақтанамын» тіркесімен басталатын мәтінмен жұмыс істеу.

19) Қайталана беретін сөздерді синонимдермен алмастыру.



20) Үйге тапсырма: «Жазу тарихынан» – тақырыбы бойынша газеттің жоспарын құрастыру. (Қандай рубрикалар? Әр рубрикада не туралы айтылады? Оқушылар үшін қандай қызықты материал (кроссвордтар, ребустар, чайнвордтар, викториналар) әзірлеуге болады?) Өз жоспарың туралы хабарлама әзірлу.
«Ежелгі түрік жазуы тарихынан» тақырыбына арналған мәтіндер [20]
Ақыры 1893 жылдың 25 қараша күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі қүпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бүл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мә-лімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.

Н.Келімбетов
Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арадан көп уақыт өтпей-ақ
В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы текстін І толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.


Н.Келімбетов
Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон-Енисей» жазуы деп атап кетті. Ал, бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.

Н.Келімбетов
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.

Н.Келімбетов
Көне түркілердің ежелгі шынайы тарихын оның Орхон текстіндегі бейнелі көрінісімен салыстыра отырып, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері. Күлтегін (684—731 жылдары өмір сүрген) — ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапағая қаған 716 жы­лы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегш оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянды (кейінірек Білге қаған атанған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады.

Н.Келімбетов

... Ишкуздер Ассирияға жазуы бар кезде келген. Бүкіл әлем янычарлардың жауыздығын есте сақтар отырған заманда, көне түркі әліпбиі латын жазуынан да, классикалық грек әліпбиінен де бұрын Ассирияда б.э.д. VII ғасырда пайда болғанын дәлелдеу мүмкін емес.

Бірақ біздің ата-бабаларымыздың өте ерте замандарда-ақ жазуы болғандығын, б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында Ассирия-Вавилонда иерогликалық дәстүр негізінде өз әліпбиі болғандығын дәлелдейтін деректер бар.

(О. Сүлейменов) [21].
«Кітап басып шығару тарихынан»

тақырыбы бойынша мәтіндер [22].
Лингвист-ғалымдар (тілшілер) «книга» сөзі славян тіліне көне түркі тілінен енген деген таңқаларлық қорытынды жасады.

... Ең қызығы, көне түркі мәтіндерінен күрделі сөз табылды, ол «книга» деген мағына беретін көне түркі сөзі битиг және сол мағынадағы көне түрік сөзі куин. Бұл куинбитиг деген күрделі сөз. Сонымен қатар көне түркі мәтіндерінде битиг сөзі жеке де, оған түбірлес болып келетін ондаған сөздер де және куин сөзі де кездеседі.

... «книга» сөзі түркі сөз екендігін «книгочей» сөзі де дәлелдейді. Көне түрік тілінде ол куингчи сөзімен ұқсас және книгочей, яғни «книжник» деген мағынада қолданылады. Түркі тіліндегі жұрнақтың орыс тіліндегі жұрнақтармен ұқсастығы бұл бір емес. Мысалы, «казначей» сөзі де бар.

(М. Барманқұлов)
Қабат-кітап

Жалпақтығы 25 см жеке парақтарды бір біріне желімдеу арқылы қабаттап жасалады. Олардың ұзындықтары әртүрлі. Кейбіреулері 7 метрге жетеді. Ағаш тақтайшалар мен бамбук таяқшалар. Түркістаннан ағаш тақтайшалар мен таяқшалардан жасалған құжаттар табылған. Таяқшалар Түркістандағы жергілікті ағаш – теректен дайындалған. Тақтайшалар қос-қостан бр біріне жазулары қаратыла жинақталған.
Бүктелген кітаптар

Парақтар иректеле бүктетіліп жасалған. Парақтар қағаздан немесе қабықтан болып келеді.Ерекше жағдайда қағазға қара немесе көк бояу жағылған.Сия алтын ұнтақтан немесе басқа да бағалы материалдан әзірленген.
Дәптер-кітап

Дәптер-кітап бүктелген жерінен тігілген. Бұл кітаптың бірінші беті оң жағына орналасқан, жолдар бүктелген тұстарына тігінен орындалған. Бұлардан ерте жасалған кітаптар да кездеседі. Оларда мәтін бүктеуге көлбеу орналасқан, парақтар сол жақтан бастап саналады.
«Пальма жапырақтары» (потхи) кітабы

Потха-кітап ұзын немесе қысқа пальма жапырақтарын бір біріне жинау арқылы жіп не баумен тігіліп жасалған.
3-сабақ «Тастар да сөйлейді» (Күлтегіннің құрметіне тасқа жазылған үлкен жазулар туралы )
Сабақ типі – орфографиялық және пунктуациялық және айтылымның стилистикалық дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіру сабағы.

Сабақ мақсаты орфографиялық дағдыларын, мәнерлеп оқу дағдыларын же,тілдіру.

Сабақ барысы

  1. Оқушылардың «Күлтегін» жырынан алдын ала дайындалған үзінділерді оқуы.

  2. №1 «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұра­ды. Әрбір цикл мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Оның бірінші циклі – қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, екінші циклі Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді; үшінші цикл түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді; төртінші цикл - көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесінші цикл - табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайында хикая; алтыншы цикл түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған; жетінші цикл - түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге каған екендігі жөнінде айтылған жыр; сегізінші цикл осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.

  3. №2 Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір цикл-дың өзі міндетті түрде мынадай үш элементтен түратын болған:

  4. 1. Оқиғаның басталуы;

  5. 2. Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі;

  6. 3. Осы циклда айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні.

6-сурет – Қызыл (Тыва) қаласындағы тасжазба


Мәселен, «Күлтегін» (кіші жазу) жырының екінші циклі - Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған.

Міне, осы екінші топтаманың алғашқы үш жолы оқиғаның басталуы- Білге қағанның қол астындағы халыққа қарата айтқан үндеу сөзі болып келеді:



Тоғыз оғыз бектері, халқы,

Бұл сөзімді мұқият тыңда, Терең ұқ.

№3 Түркі халқын сыртқы жаудан қорғау үшін «түн ұйықтамай, күндіз отырмай», тыным таппай жүрген Күлтегіннің қанды шайқастардағы ең жақын көмекшісі, оның мінген тұлпары болып көрінеді. «Ерқанаты - ат» екені «Күлтегін» жырында да айтылады. Қанды шайқастарда Күлтегін батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі - астындағы тұлпары деп біледі.

№4 Күлтегін сан түрлі шайқастарда әртүрлі сәйгүлік аттарға мініп, қан майданға шығады. Небір тұлпарлар Күлтегіннің мінісіне шыдамай, бірінен соң бірі құлап жатады. Мұның өзі батырдың қыруар күш-қуат иесі екенін аңғартып тұрған сияқты. Күлтегіннің жекпе-жекке түсетін қарсыласы неғұрлым күшті, айбарлы болса, батырдың майданға мінетін сәйгүлігі де соғұрлым жүйрік, даңқты болып келеді.

№5 Күлтегін өзінен бұрын талай рет ерлік көрсеткен алып батырлардың арғымақ аттарына мініп шығады. Мәселен, Күлтегін жиырма бір жасында жаудың ең мықды батырының бірі Чача Сеңүнмен шайқасады Сонда ол Тадықын чурдың Боз атына мініп келеді. Бұл көрініс «Күлтегін» жырында айшықталып берілген:

Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық.


  1. Сұрақтар: Бұл поэма не туралы? Автор түркілерді неге шақырады?

  2. «Рун жазуымен жазылған ең үлкен ескерткіштер» мәтінін оқу.

  3. Бұл ғылыми-көпшілік стиль. Ол сөйлем құрылысы мен құрмалас сөйлемдерден көрінеді. Осы сөйлемдерді тауып, тыныс белгілерінің қойылу себептерін айтыңдар.

Бұл жұмыс тақтада орындалып, талданады. Қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар. Сын есімдер мен есім сөздерді көрсетіңдер. Құрамына қарай талдаңдар. Жұрнақтарды табыңдар. Сөз тіркестеріне синонимдер табыңдар.

  1. Жаттығу жұмысы. Мәтін бойынша тапсырма:

а) Сөйлемге синтаксистік талдау жасау. Қазақ және орыс тілдерінде сөйлем құраудың айырмашылығы.

ә) Мәтіндегі қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу. Сын есімдер бойынша талдау жұмысы.

б) Жұрнақтарды табу.

в) Мәтіндегі сын есімдерге синонимдер табу.

6) Үй тапсырмасы. Тарих пәнінен оқығандары және қосымша ізденістері бойынша Х-ХІІ ғғ.Орта Азия мен Қазақстандағы қалалар, мәдениет пен өнердің дамуы жайлы мәтіндер әзірлеу.

4сабақ: Саған айтқым келгені (түркі жазуының тарихы туралы шетелдік досыма хат)

Сабақ түріқарымқатынастың монологиялық түрін дамыту.

Сабақ мақсаты Сипаттау мәтіні бойынша жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысы:

МҰҒАЛІМНІҢ КІРІСПЕ СӨЗІ: Өткен сабақтарда сендер түрік жазуының тарихы туралы диалог құруды үйрендіңдер. Бүгін біз осы тақырып бойынша өз атымыздан хабарлама жасай білуді меңгереміз.

Хабарлама монологтің алуан түрі болады. Ол хабарлау, сипаттау, пайымдау түрінде құрастырылуы мүмкін.
12-кесте – Осы үш түрлі мәтіннің құрылымындағы айырмашылықтарға мән беріңдер


Әңгімелеу

сипаттау

пайымдау

Бір нәрсені немесе құбылысты толық түсіндіреді

Жағдайды түсіндіреді

Қысқаша тезис түрінде

не істеді?

қандай?

неліктен?

Оқиға ретімен баяндалады








Қорытынды.

Бүгін біз сипаттау мәтінін құрастыып үйенеміз. Шетелдік достарыңа жазған хаттарыңды еске түсіріңдер. Хаттың бөлімдеі:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды бөлім.

Хаттың негізі бөлімі сипаттау түрінде болуы шарт. Досыңа жазған хатыңның негізгі бөлімінде ежелгі дәуірде кітаптың қандай түрлері болғандығын айтып өт.

Үй тапсырмасы: шығарманы түзету.
5- сабақ: «Ежелгі дәуірдегі кітаптар» тақырыбында мазмұндама

Кітап басуды ойлап тапқанға дейін, әдеби шығармаларды жарыққа шығару оңай емес еді. Себебі қолжазбалар қолмен көшірілетін.

Бірақ біздің дәуіріміздің бас кезінде Ертедегі Римде қолжазба кітаптар (папирусқа немесе пергаментеке жазылған) көп тарады.

Мұнда тегін кіретін көпшілік кітапханалары және кітап дүкендері болған. Баспа станоктарының жоқтығы келе-келе газет сияқты басылымдардың – мерзімді бюллетеньдердің шығуына бөгет бола алмады. Тіпті Рим патрицийінің жеке кітапханасы да болды.

Кітаптар қымбат болмаған. Оның себебі құлдар еңбегінің арзандығында болса керек. Әрбір бай римдіктің кітап оқып беретін және көшіретін құлдары да болған. Осындай білімді құлдар жүздеп, мыңдап саналатын.

Цицеронның досы, бай әрі ақылды Тит Помпоний Аттик сату үшін манускриптер дайындауды ең алғаш жолға қояды, бұл кәдімгі көпшілік тиражбен кітап шығаруға ұқсас жұмыс.

Бұған көптеген құлдар үйретіледі, біреуі кітапты дауыстап оқитын да,

басқа ондаған құл оны жазатын, сөйтіп бір мезгілде көп кітап дайын болатын Аттик ойлап тапқан істің пайдалы екенін көріп, оған еліктушілер де табылды. Сөйтіп Ертедегі Римде қолжазба кітап шығару кәсіпке айналды.

6 -сабақ

1) Мазмұндама бойынша қатемен жұмыс.

2) «Түркі тіліндегі кітаптар – түркі мәдениетінің белгісі» тақырыбында ауызша монолог. (Сабақ циклын құрастырған п.ғ.д. Болатбаева К.Н.)

Қорыта келгенде, жүйелілік, функционалдық және коммуникативтік ұстанымдарды үйлестіретін технология мұғалімге оқушылардың бойында білім, білік, дағдыны кешенді түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұғалім сабақ түрлерін оқушылардың ерекшеліктері мен дайындық деңгейлерін есепке ала отырып түрлендіре алады. Осындай сабақтар циклін өткеннен кейін сол тақырып бойынша оқушылар барынша белсенді қарым қатынасқа түсе алатындықтарын, өз ойларын еркін жеткізуді меңгергендіктерін, жағдаятқа орай тілдік құралдарды дұрыс таңдауға мүмкіндіктері барын тәжірибе көрсетіп отыр.


3.7 «Қазақ әдебиеті» сабағын орыс тілді мектептерде когнитивтік-коммуникативтік технология арқылы оқыту үлгісі
Сабақтың тақырыбы: Айтыс. « Біржан мен Сара» айтысы (2 сағат).

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Айтыс туралы ұғым беру, оның ерекшеліктерін түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байытып, сөйлеу қабілеттерін дамыту.



3.Тәрбиелік: Қазақ халқының өнеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

І. Мотивациялық кезең.

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Қызығушылығын ояту.

Қазақ хаық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?

Сонымен сабағымызды «сөздің мәні айта білсе ашылар» деген мақалмен бастайық.



ІІ. Мағынаны ашу.

І кезең № 1 ФМК-мен репродуктівтік жұмыс.



1-тапсырма Кестенің бағандарын пайдаланып сұрақтарға жауап беріңіздер.

( Тақтада сұрақтар қазақ тілінде жазылып тұрады)



  1. Что такое айтыс?

  2. Какие виды айтысов можете перечислить?

  3. Каковы особенности «бәдік» айтыса?

  4. Чем интересен айтыс между животными и человеком?

  5. Как можно характеризовать айты загадку?

  6. На какие группы делится традиционный айтыс?

а) Какова суть айтыса между девушкой и джигитом?

б) Какова тематика айтыса акынов и чьи интересы они затрагивали?Какие качества присущи акынам, участвовавшим в этом айтысе?



2-тапсырма. Кесте арқылы айтыс және оның түрлері атты мәтін құрастырыңыз.( Жазбаша жұмыс)

3-тапсырма.Диалог құрастыру ( Жұптық жұмыс).

Керекті сөздер:. .... деген не, білесіз бе, қызық екен, рахмет, қалай түсінуге болады?, түсінбей қалдым, тағы қайталаңызшы, түсіндім сізге рахмет.

Диалог үлгісі:


  • Сұрақ.

  • Жауап.

  • Алғыс айту. Басқа сұрақ қою?

  • Жауап.

  • Қайталап сұрау.

  • Түсіндіру.

  • Алғыс айту.

1-жағдаят.

Вы оказались за рубежом, специалисты-филологи интересуются видом айтыса « бәдік». Разыграть диалог между казахстанцем и зарубежным казахом.

2 - жағдаят: Сенен төмен сыныпта оқитын көрші бала жануар мен адам айтысы деген қандай айтыс деп сұрайды. Осы жағдайды диалог ретінде ойнаңдар.

3 - жағдаят . Тележүргізуші мен телекөрменнің сұхбатын ойнаңдар.

( Сұрақтар жұмбақ айтыс туралы)

4- жағдаят. Әжесінен немересі оның жас кезінде бос уақытын қалай өткізгені туралы сұрайды. Ол қыз бен жігіт айтысы туралы айтады.

5-жағдаят. Жетекшілері жас ақындарға айтыстың ерекшеліктерін және айтыскерге қандай қасиет қажет екенін айтады.

( Сыныпқа сұрақтар қойылады).

Үй тапсырмасы: Айтыс туралы мазмұндау.


Сабақтың тақырыбы: «Біржан мен Сара» айтысы

І Мотивациялық кезең.

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру. ( № 1 ФМК)

ІІ. Операциялық кезең.


  1. Тапсырма №2 ФМК пайдаланып сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қай уақытта Біржан мен Сара айтысқан ( айтысқа түсіп отырған).?

2. Біржан туралы айтайық, сөйлесейік.

( поговорим о Біржане см. графу 1)

3. Сара туралы не айтасыңдар?

4.Біржан мен Сара айтысының тақырыбы қандай?


  1. Тапсырма. Ассоциация. Екі ақынның айтысын салыстыру.

Керекті сөздер: сияқты, секілді, неге ұқсайды, Біржанның өнері, Сараның өнері.

  • Біржан мен Сараның дарындылығын немен салыстыруға болады?

  • Сараны немен салыстыруға болады?

  • Ақындардың ұқсастығы неде?

Әдеби теориялық ұғымдар: эпитет, теңеу, метафора, ирония - әжуа.

  1. Тапсырма. Өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

(Сіз қазіргі айтысты талдайсыз қатысқан қыз бен жігіттің өнерлерін бағалаңыз).
Үй тапсырмасы. Жалпы айтыс өнері туралы мазмұндау.

2 ФМК «Біржан мен Сара айтысы»




Біржан мен Сара жайында

Біржан мен Сара айтысының тақырыптары

Біржанның сипаты


Сараның сипаты

Айтыскерге тән қасиеттер

Менің көзқарасым

Қазақ ақындар айтысының ішіндегі үздігі.
Біржан мен Сара тарихта белгілі адамдар(известные в истории люди.

Біржан сал (1834-1897)



Ел аралап:ән айтады;айтысқа қатысты; ойын,той көркі атанды. (с группой ақынов он путешествовал по аулам, пел песни, участвовал в айтысах)

Сара Тастанбеков

( 1878-1916) Алматы облысында туған.сөз жарысқа түсіп отырды (постоянно участвовала в состязаниях)

1. қазақ әйелдерінің ауыр тұрмысы тяжелый быт казахских женщин

2.шалға еріксіз тұрмысқа шыққаны (невольно выдана замуж за старика)

3. ескі әдеп-ғұрыпқа қарсылық білдіреді (выступает против старых обычаев)


Орта жүзді тамсандырған (весь средний жүз восхищался им)О себе: «Сайраған орта жүздің бұлбұлымын»( я поющий соловей среднего жуза)

Біржан о ней:

«Өнері ұлдан артық»

(искуством превосходишь джигитов)



Қаймықпайды

(смелая, решительная)



«бар екен жаннан артық сөйлер сөзің»

(твои слова лучше души)



«сегіз қырлы жүйрік»
(многогранная, талантливая)

Народ о ней: өрнекті сөзімен әйгілі;

Алуан сұлу теңеулерді шебер қолданады

Сара о себе: «даусыма аспандағы құс айналар (на мой голос слетаются птицы с небес)

өнер саңлағы

адамгершілік

үздік өнер иесі

өнерлі қыз(жігіт)

сөзден ұтылмайды

бір-бірін әділ бағалаған

ақындық , әншілік өнері мол

өнерге берілген(преданная искуству)


Таңданамын(мыз)

Тамсана қараймыз

(халық тамсана қарайды)

Ардақтаймыз

Шеберлігіне

сүйсінеміз

осындай өнер адамдары көп болсын дегіміз келеді.

Чем понравилось:

(образность речи)

Көп түрлері

Эпитеттер

Метафоралар

Ирония( ажуа)




Әншілігін, ақындығын бұлбұлға, аққуға, бәйге атына, арғымаққа, жорғаға, қыранға теңейді) .

Сара о нем:

«Орта жүздің өнер тарланы»

Айналасына наразылық білдіреді (недовольный окружением)

Қорытынды
Бұл құралда көптілділікті дамытудың Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың тілдерді меңгеру деңгейіне сәйкес әдістемелік жолдары көрсетілді.

Басқа елдердің тәжірибесін өз еліміздің жағдайына сәйкестендірмей қабылдау көптеген теріс нәтижелерге әкеліп соғуы мүмкін. Ең алдынғы мәселе – көптілділікті дамыту барысында оқушыларға тілдік және тілдік емес пәндер бойынша толыққанды білім беру, сол білімді қолдану дағдыларын арттыру. Көптілділікті қалыптастыру мақсатымен қазақстандық мектептерде жаттанды дайын мәтіндер қолдану, соны сабақта қайталап айтқызу, ал жағдаятты өзгерткен кезде сол шетел (немесе екінші) тілде оқушылардың түсінгенін айтып бере алмауы, шетел немесе екінші тілде құрастырылған тест сұрақтарына жауап бере алмауы - әдіскерлерді ойландыратын мәселе. Бүгінгі таңда функционалдық сауаттылық стратегиясын орындау барысында атап өткен кемшіліктер алдынғы саптан екі мәрте кері шегіну болып бағаланады. Сондықтан, барлық пәндерді оқытқанда стандарт бойынша қойылған білім алу нәтижелеріне қол жеткізу және сонымен қатар екінші тілді сол пәнге берілген сағат мөлшерінде меңгерту күрделі және арнайы оқыту технологиясын қажет етті.

Бұл әдістемелік оқулықта тілдік және тілдік емес пәндерді екі тілде оқытуды жоспарлау, оқытылатын материалды іріктеу, сатылап меңгерту, нәтижесінде – сол тақырып бойынша оқушылардың білім және екінші тіл деңгейін қарым-қатынасқа еркін түсуге жеткізу жолдары көрсетілген.

Екінші/үшінші тілдік пәндерді оқыту үшін функционалдық-коммуникативтік технология, тілдік емес пәндерді оқыту үшін – когнитивтік-коммуникативтік технология ұсынылып отыр. Технологиялардың негіздері ашылып, оқу үрдісінде сабақтар үлгілері арқылы қолдану жолдары көрсетілді.

Базалық пәндерді екі тілде қатар оқытып, үшінші тілге сол базалық пәндердің мазмұнына сәйкес келетін қолданбалы курстар арқылы үйретуге болатыны тәжірибе жүзінде анықталды. Сабақтарды сыннан өткізген кезде оқушылардың терең білім алатындығы (білім мазмұнын оқыту тілінде, сосын екінші тілде, одан кейін - диалог қатынасын екінші тілде құруды үйренуде, соңында – оқыған-білгенін монолог түрінде екінші тілде баяндау кезінде қайталау арқылы) байқалды. Сонымен қатар, екінші тілді меңгеруді тақырып бойынша коммуникативтік құзыреттілікке дейін жеткізуге болатындығы анықталды.

Аталған әдістемелік жаңалықтарды мектептерде жалпы оқыту барысында көптілділікті дамытуда әбден қолдануға болатынына көз жеткіздік.



Аталған технологиялар негізінде төмендегідей нәтижелерге мектепте оқытудың үш деңгейі бойынша жетуге болады:

Бастауыш білім беру деңгейінде: 1) өзінің тілдік мүмкіндіктері мен қажеттілігі негізінде сол тілде сөйлеушімен ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауды үйрену; тілдік және тілдік емес жағдай ережелерін игеру; 2) тілде ауызша және жазбаша қарапайым деңгейде меңгеру үшін қажетті бастапқы лингвистикалық түсінікті меңгеру, лингвистикалық білімдерін кеңейту; басқа елдердегі өз қатарластарының өмірімен, балалар әдебиетімен және балаларға арналған көркем әдебиет үлгілерімен танысу негізінде басқа тілде сөйлеушілермен достық қарым-қатынас пен толеранттылықтың қалыптасуы.
Негізгі орта білім беру деңгейінде: 5-6-сыныптар (5-7 – 12 жылдыққа көшкенде): а) ағылшын тілін тереңдетіп оқу, пәндерді оқу тілінде және ағылшын тілінде оқуға дайындық. Информатика және математика пәндерін екі тілде оқу (70% оқыту тілінде, 30% ағылшын тілінде), өйткені информатика терминдерін ағылшын тілінде меңгеру оңай; сабақ сайын қайталанып отыратын математикалық амалдар (қосу, азайту, көбейту, бөлу және т.б.) грамматикалық тұрғыда аз сөзбен қамтамасыз етіледі; б) 5-6/ 5-7 -сыныптардағы музыка сабақтарында ағылшын тілі меңгертіледі; в) орыс тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілін тереңдетіп оқыту, қоғамдық-гуманитарлық циклдағы «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндерін қазақ тілінде оқытуға дайындық. 7-9 (8-10)-сыныптар а) математика және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады, б) МЖБС берілген сағаттардан шектеуінде ғана «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндерін қазақ тілінде аталмыш технология бойынша оқыту (білім мазмұнын терең түсіну үшін); в) физика, химия, география (шетелдер географиясы бөлімі), биология пәндерін технология бойынша екі тілде: оқыту тілі мен ағылшын тілінде оқыту МЖБС-да берілген сағаттардан аспай оқытуға мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру деңгейінде: Қазіргі таңда 11 жылдық мектепте базалық және бейіндік пәндер бөлінсе де, бейіндік пәндер сағаттың көптігімен ерекшеленеді. Осы жағдайда қолданбалы курстарын толық шетел тілінде және орыс тілді мектептерде – қазақ тілінде оқытуға болады. Ал 12 жылдық жүйеде базалық пәндер екі бейіндік бағдарға да бірдей болады да, негізгі базалық пәнге қосымша бейіндік пәндер анықталады (мысалы, базалық алгебра және оның бастаулары болса, бейіндік – жоғары математиканың негіздері деп аталуы жоспарлануда). Сол жағдайда базалық пәндерді мектептің оқыту тілінде қалтырып, бейіндік пәндерді шетел тілде оқытқан бакалавриатқа, болашақ мамандық бойынша көптілділікке бейімдеу жұмысының бір аспектісі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет