Орталық Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы



Дата24.02.2016
өлшемі99.7 Kb.
#14071

Вестник КазНУ. Серия географическая. 2009, №1 (28)




Г.Н. Чистякова

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ



Мақалада Орталық Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму жағдайы сипатталып, аймақтағы рөлі және мағынасы нарық экономикасының қажетті элементі ретінде көрсетілген. Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық қызметінің түрлеріне сараптама жасалып зерттеулер жүргізіліп, екінші деңгейдегі банктердің ерекшеліктері, несие фондтары, экономиканың негізгі мәселелері және өзекті бағыттары көрсетілген.

К.М. Ақпамбетова, Г.М. Жанғожина
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ АҢҒАРЛАРЫ
Осы мақалада көмілген аңғарларды оқудың әдістемесі қарастырылған. Ежелгі көмілген Сарыарқа аңғарларының карта-сызбаларының көмегімен пра-Нұра, пра-Шерубайнұраның негізгі ежелгі аңғарлары және өзен аңғарларының морфологиялық типтері анықталған. Жер қыртысының тектоникалық құрылымы анықталып, Орталық Қазақстанның ежелгі аңғарларын құрайтын шөгінділердің жастары беріледі.

К.Ш. Оразымбетова
ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ АТЫРАУЛЫҚ ГЕОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АНТРОПОГЕНДІК ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Мақалада Іле өзенінің атыраулық геожүйелерінің антропогендік факторларға байланысты өзгерісін және антропогендік трансформацияға ұшыраған аймақтары айқындалды.




Г.К. Турулина, А.Е. Абенова
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ АУАНЫҢ ОРТАША АЙЛЫҚ ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ КЕҢІСТІК ЖӘНЕ УАҚЫТША ҚҰРЫЛЫМЫ
Бұл жұмыс Қазақстанның шығысындағы 1961–2008 жж. қысқы кезеңнің: желтоқсан, қаңтар, ақпандағы ауа температурасының ірі ауытқулары жайында жазылған.


Л.К. Махмудова



БАҚЫЛАУ ДЕРЕКТЕРІ ЖОҚ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДА ЕСІЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ
Мақалада Есіл алабы өзендерінің жылдық ағындысының кеңістік бойынша таралу заңдылықтары қарастырылды. Зерттелмеген өзендердің ағындысын бағалау әдістемесі нақтыланды.

Г.Т. Мусралинова
АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМДАРДЫҢ АҚТАЛУШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Бұл мақалада Қазақстан облыстары бойынша 2004-2007 жж. аралығында агрометеорологиялық болжамдардың ақталуы мен өнімділік және өнімнің ылғалдылық қоры бағаланды.

Э.Қ. Талипова
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ КЕҢІСТІК-УАҚЫТТЫҚ ТАРАЛУЫ
Оңтүстік-шығыс Қазақстанда ауылдық және қалалық жерлерде орналасқан 7 станция бойынша
2005–2007 жыл аралығындағы жауын-шашынның құрамындағы негізгі қоспалардың кеңістік-уақыттық таралуы қарастырылған. Берілген жұмыс қорытындысы бойынша солтүстікте орналасқан станциялардағы жауын-шашынның химиялық құрамы оңтүстікте орналасқан станциялармен салыстырғанда лас болып отыр.


А.Р. Сүлейменова
АКТӨБЕ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ

ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ ТАРАЛУЫ
Мақалада Ақтөбе аумағындағы 5 станция бойынша 2005–2007 жж. аралығындағы жауын-шашаынның химиялық құрамының кеңістік-уақыттық таралуы қарастырылған. Ақтөбе аумағындағы жауын-шашаынның құрамындағы ластаушы заттардың кеңістік-уақыттық таралу ерекшелігі бойынша, осы ауданның солтүстік аймағындағы жаңбырдың құрамы оңтүстік аймағына қарағанда таза болып отыр.



Г.Б. Юнусова
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН ІРІ ТАБИҒИ–ТЕХНИКАЛЫҚ ГЕОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІН ОПТИМАЛДАУ
Осы мақалада қоғамның тұрақты дамуына байланысты экожүйелері экомониторингінің дамуы қарастырылған. Ірі өнеркәсіптерде экомониторинг жүйесі автономды түрде және басқару принциптер бойынша қарастырылады. Өндірістік экомониторинг жүйелерінің оптимизация құрылысының түрлері көрсетілген.

Л.М. Павличенко, Л.Н. Бимагамбетова, А.С. Актымбаева
ТОБЫЛ ӨЗЕНІНІҢ ҚОСТАНАЙ Қ. ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ТУРБУЛЕНТТІК ДИФФУЗИЯ (МОДЕЛЬДЕУ) ЕСЕП НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН МЫСТЫҢ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТАСМАЛДАУЫНЫҢ ЫҚТИМАЛДЫЛЫҚ БАҒАЛАУЫ
Бұл мақалада ШРТ схемасы көмегімен балық-шаруашылық маңызы бар ағындылардың шартын сақтайтын, мыс – ластаушы заттардың максималдық тастандыру мүмкіншілігін есептеу нәтижелері көрсетілген. Есептеу Қостанай қ. байланысты үш әр түрлі экономикалық бағытқа сай периодтар алынған. Модель арқылы мыстың рауаылының өзгеруі ағынды және бақылау нүктелерінде бағаланған. Модельдеу
5-95% қамтамасыздандыру ықтималдылық интервал бойынша жасалған. Есеп моделін қолданып Қостанай қ. шыққан ластаушы заттардың Ресей мемлекетінің аймағын ластауына үлесін қосқандығы көрсетіледі.


К.К. Мақаш, А.Н. Султанбекова
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бұл мақалада Каспий теңізінің қазіргі кездегі экологиялық мәселелері мен оларды алдын алу жолдары қарастырылады. Тақырыпты талдауда Қазақстандық Каспий өңірінің қоршаған орта жағдайының Фондтық зерттеулер нәтижесі және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Ұлттық жоспар қолданылды.

Е.А. Таланов
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНДАРЫ МЕН СУ ЭРОЗИЯСЫ САЛДАРЫНАН ПАЙДА БОЛҒАН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТЕРДІ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ

Экзогендік процестердің геосистемаға әсерін анықтау үшін кешенді көзқарас қарастырылған және эрозиялы-қатерлі аймақтардың әртүрлі жағдайлары бойынша жалпы шығын мөлшері ескеріле отырып экологиялық-экономикалық қатерге баға берілген.

Б.Қ. Ақмолдаева
КОМПОНЕНТТІ САРАЛАУ НЕГІЗІНДЕ ІЛЕ ӨЗЕНІ КӨНЕ АТЫРАУЫНДАҒЫ ШӨЛДЕНУДІҢ ТАБИҒИ ПРОЦЕСТЕРІН ТАБУ
Жұмыста компоненттік саралау моделі, яғни многомерлі статистикалық модель арқылы Іле өзені көне Атырауы ландшафтарының таралу көлемін өңдеу нәтижесі көрсетілген. Негізгі компонеттер жүктемесі матрицасын интерпретациялау шөлденудің негізгі табиғи, яғни тұздану, кебу, эолды тасымал процестерін таңдауын ықпал етеді. Компонент мәндерінің матрицасын картографиялау осы процестердің максимальді белсенді зоналарын көрсетеді.



Л.К. Веселова

қазақстанның таулы ландшафт белдеулерінің құрЫлымы

Тау ландшафтылардың белдеу құрылымдарында, тау жоталарының белдеу типінен басқа тауаралық ойпаттар белдеу типтерін белгілеген жөн. Олардың қалыптасуына морфоқұрылымдық құрылысы әсер етеді.

Р.Т. Бексеитова

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ

Мақалада Орталық Қазақстан территориясы мысалында экологиялық-геоморфологиялық жүйелерді құрайтын бірліктердің бөліп шығару принциптері және олардың негізделуі қарастырылады.

Н.Н. Керімбай
Қазақстан жер шаруашылығындағы адаптивті-ландшафттық жүйелеріндегі ГАЖ–технологиялардың методологиялық негіздерін құрастыру
Мақалада Қазақстан жер шаруашылығындағы адаптивті-ландшафттық жүйелеріндегі ГАЖ-технологиялардың методологиялық негіздерін құрастыруының өзектілігі қарастырылған.

Ғ.С. Алиасқаров
Ұлытау таулы-шоқылы ауданы мен іргелес аймақтарын негізге ала отырып Сарыарқаның экзоморфогенезін зерттеудегі негізгі әдістері және оларды картОграфиялау принциптері
Бұл мақалада Орталық Қазақстанның батыс бөлігіндегі экологиялық-геоморфологиялық ақуалды картографиялаудың принциптері қарастыруда.

С.О. Тумажанова
Батыс Тарбағатай жотасының тегістелу беттері
Мақалада «тегістелу беттердің» мәселелері, олардың типі, таралу ерекшеліктері, қалыптасу, сонымен қатар олардың қазіргі физикалық-географиялық және жаңа тектоникалық қозғалыстар жағдайында өзгеруі мен сақталуы қарастырылып отыр.

З.Қ. Сарсембекова, Қ.Б. Рысбеков
ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ САЛАСЫНДАҒЫ САНДЫҚ ТОПОГРАФИЯНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ
Мақалада геодезия және картография саласында пайдаланатын сандық топографияның мәліметтері, олардың міндеті мен дамуы қарастырылып отыр.


М.М. Дылдаев
Қырғыз республикасының урбандалған жүйелерінің топырақ-жер ресурстарының геоэкологиялық жағдайы
Мақалада Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының топырақ-жер ресурстарының экологиялық мәселелері қарастырылған.



Г.Н. Нүсіпова
Әл-фараби атындаҒы ҚазҰу-дыҢ география факультеті экономикалыҚ-Әлеуметтік география кафедрасыныҢ Ғылыми жӘне білім беру ӘлеуетініҢ қалыптасуы мен дамуы
Мақалада экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының қалыптасуы мен даму кезеңдері қарастырылған. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2009–2010 жылдарға арналған жаңа Стратегиясы аясында кафедраның жаңа бағыттары мен оқу үрдісінің жаңа бағыттары айқындалды.

Ш.М. Надыров, С.Д. Жұмабаева
ХалЫқаралық ҚАРЖЫЛЫҚ–Экономикалық дағдарыс жағдайындағы геокеңістіктік қатынастардағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКономикалық географиясы
Мақалада геокеңістіктік қарым-қатынастардың жаңа теориясын құру сұрағы қарастырылған, оның әдістемелік негізі болып жүйелік–құрылымдық әдіс табылады. Онда бұрынғы теориялық принциптер мен әдістер экономикалық-географиялық талдаудың нақты әдістеріне ауысатын еді.

И.А. Родионова
Елтанудың жаҢа міндеттері мен дүниежүзі елдерінің
қазіргі дамуы

Мақалада ХХ ғасырдағы қарқынды әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерулер нәтижесіндегі дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістер қарастырылады. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық елтануда туындайтын жаңа міндеттер анықталды.

Л.В. Хышектуева, Ч.Б. Сундуев
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БУРЯТ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКалық-ГЕОГРАФИялық алғышарттары
Мақалада РФ Бурят Республикасының мәдени және этникалық базасы негізінде этнотуризмді дамытудың экономикалық-географиялық алғышарттарын анықтауда жасалған зерттеулер нәтижелері қарастырылған. Қазіргі таңда туризм саласында пайдалану үшін аз зерттелген республиканың этномәдени рекреациялық ресурстарын зерттеу жұмыстың мақсаты болып табылады.

С.Р. Ердавлетов, М.И. Жылкибаева
ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМіНІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
дамуының кей сұрақтары

Қазақстанның ғылыми әдебиеттерінде алғаш рет елдегі туризмнің ғылыми зерттелуінің қалыптасу мен даму мәселелері қарастырылады. Туристік географияның дамуына ерекше көңіл бөлінеді, себебі туризм географиясы қазіргі таңда осы заманғы туризмді зерттеуші ғылымдар жүйесінде басты орынды алады.

Г.Н. Нүсіпова, И.Б. Сарсенова
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ ГАЖ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ
Бұл мақалада Қазақстанның демографиялық үрдістерін зерттеулерде ГАЖ әдістемесін қолдану арқылы соңғы үлгідегі бағдарламада карталар жасау жолы қарастырылады.

Ә.Т. Мылқайдаров
Трансшекаралық өзен суларының азаюына байланысты туындайтын экономикалық-географиялық себеп-салдар
Мақалада еліміздегі трансшекаралық өзендер суының азаюынан туындайтын экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелер мен оны шешудің жолдары баяндалған.

Э.А. Абдыразаков
ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНДА ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Берілген ғылыми мақалада елдің оңтүстік өңірлерінің туристік саласында инвестициялық қолайлы орта туғызу мақсатындағы мемлекеттік билік органдар мен бизнес қауымдастығының арасындағы өзекті мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар инвестициялық туристік жобаларды табысты жүзеге асыру үшін заң шығару негіздерін жетілдіруде аргументтер келтірілген. Мақала туризм саласының мамандары мен экономикалық бағытта білім алушы студенттерге арналған.

Н.Ю. Цычуева
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРІН АГРОЛАНДШАФТТЫҚ АУДАНДАСТЫРУДА ГАЖ–ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Агроландшафттарды аудандастыру жұмыстарын жасауда жоғары және орта дәлдікті жер серігі мәліметтері мен топографиялық (М 1:200000) карта негізінде Ақмола облысы, Сандықтау ауданы мысалында егістік жерлердің геоақпараттық жүйесі (ГАЖ) жасалынды. Көктемгі қар еру жағдайлары мен су эрозиясы үрдісінің қарқындылығын бағалау және дәм дақылы өрістерінің орташа өнімділігін есептеу үшін 23 м дәлдіктігі IRS және EOS MODIS (250 м) жер серігі деректері мен ГАЖ мәліметтері пайдаланылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет