|
Сурет-1. а ә б
Вектор тербелістерінің өзге бағыттарына қарағанда басым бағыты бар жарық жартылай
поляризацияланған жарық деп аталады. Сурет-1. Ә
Егер электромагниттік толқынның электр өрісінің кернеулік векторы кеңістікте қандай да бір бағыт бойында тербелсе, онда қарастырылып отырған электромагниттік толқынның сызықтық поляризациясы болады. Бұл жағдайда электромагниттік толқын толық поляризацияланған деп аталады. Сурет-1. б
Жарық дисперсиясы деп ортаның сыну көрсеткішінің өтетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігін айтады. Толқындардың таралуының әртүрлі жылдамдығына ортаның әртүрлі абсолюттік сыну көрсеткіштері сәйкес келеді:
n= 𝑐
𝖯
ал толқынның жиілігі мен ұзындығы мына формула бойынша байланысады:
λ= 𝑐
𝑣
Есептеңдер:
Жиілігі 4*1014 Гц жарық сәулесінің 1,5 м кесіндіде қанша толқын ұзындығы орналасады?
Екі когерентті сәуленің жол айырымы 2,5 мкм. Интерференциялық максимумдар беретін көрінетін жарық толқындарының (700-ден 400 нм аралықтағы) ұзындығын анықтаңдар.
Алмас пластинасы жиілігі 0,75*1015 Гц күлгін жарықпен жарықтандырылды. Егер алмастың осы толқындағы сыну көрсеткіші 2,465 болса, онда күлгін жарықтың вакуумдегі және алмастағы толқын ұзындықтары қандай болады?
|
мысалды талдайды
Есептер шығарады
|
|
|