ОрталығЫ «Физиканың негізгі заңдары» қолданбалы курс



бет17/28
Дата20.02.2024
өлшемі321.75 Kb.
#492509
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
«Физиканың негізгі заңдары» 11 СЫНЫП КОЛДАНБАЛЫ КУРС (1)

Сабақтың тақырыбы

Жазық және сфералық айналар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.6.2.2 – сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Айнаның түрлерін ажырата біледі
Сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдана алады.


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурста



Сабақтың басы

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.


Өткен сабақ бойынша оқу мақсаттарын еске түсіреді.

(Интернет желісі, мұғалімнің бағыттауы бойынша)



Ұпай

Кесте

Сабақтың ортасы

-Дәптерді ашып, бүгінгі сабақ тақырыбын жазыныздар:
-Бүгінгі сабақта жазық және сфералық айналар туралы танысатын боласыздар.
Беті жазықтық болып келген айнаны жазық айна деп атайды. Нәрсе айнаның алдында тұрған кезде, айнаның ар жағында дәл осындай нәрсе бар сияқты болады, біздің айнада көргеніміз нәрсенің кескіні деп аталады.
Шын мәнінде нәрсе ол жерде жоқ, бірақ біз оны көріп тұрмыз, сонда қалай болғаны?
Алдымен көздің нәрсені, мысалы, шырақты қалай қабылдайтынын түсіндірейік. Шырақтың әр нүктесінен жан-жаққа жарық сәулелері тарайды. Таралған шоқтардың бір бөлігі көзге келіп түседі. Көз нүктесі сәулелердің шығатын жерінен, яғни олардың қиылысқан орнынан, шын мәнінде нүктенің өзінен тұрған жерінен көреді (қабылдайды).
Тәжірибелер қорытындысы бойынша, жазық айнадағы нәрсе кескінінің мынадай ерекшеліктерінің барын көрсетеді: бұл кескін жалған, тура, нәрсенің өлшеміне тең, ол айна алдында қандай қашықтықта орналасса, айнаның ар жағында да сондай қашықтықта тұрады.
Жазық айнадағы кескін айна сыртындағы







Оқулық, жұмыс дәптері



Сабақтың барысы




жазықтықта пайда болады және нәрсенің айнадан d қашықтығы қандай болса, дәл сондай f қашықтықта орналасаады: f=d. Кескіннің өлшемі нәрсенің өз өлшеміне тең болады (h=H)
Шағылдыратын беті сфералық сегменті болатын айна сфералық айна деп аталады.
Сфера сегментінің қай жағымен (дөңес және ойыс) шағылдыруына байланысты сфералық айна дөңес және ойыс болуы мүмкін. Сфералық айнаның фокустық қашықтығы қисықтық
радиусының жартысына тең F= 𝑅 , сонымен
2
қатар мынадай таңбалау қабылданған: ойыс айнада F>0, дөңес айнада F<0.
Кескіннің орналасуы мен оның өлшемін сфералық айнаның формуласымен де анықтауға болады:
1 1 1
+ =
𝑑 𝑓 𝐹
d- дене мен айна арасындағы қашықтық f-айнадан кескінге дейінгі қашықтық.
d және f шамалары белгілі бір таңбалар ережесіне бағынады:
d>0 және f>0- шынайы нәрселер мен кескіндер үшін.
d<0 және f<0- жалған нәрселер мен кескіндер үшін.
Сфералық айнаның Г сызықтық үлкейтудің оның Н кескінінің және h сызықтық өлшемдерінің қатынасы арқылы анықталады.

Г= 𝐻 = 𝑓


ℎ 𝑑
Сфералық айналар туралы есептер жалпы алғанда екі үлкен топқа бөлінеді: кескіндерді салуға арналған есептер
























жәна сфералық айнаның формуласын қолданатын есептер.
Есептеңдер:

  1. Шағылған сәуле түскен сәулеге перпендикуляр болу үшін жазық айнаға сәуле қандай бұрышпен түсуі керек?

  2. Жарықтың жазық айнаға түсу бұрышы 160 тең. Шағылған сәуле мен айна арасындағы бұрыш қандай?

  3. Адам жазық айнаның алдында тұрды, содан кейін одан 1,5 м алшақтады. Адам мен оның бейнесі арасындағы қашықтық қаншаға өзгерді?










Сабақтың соңы

Рефлекция
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен үйрендім.
-Маған қиын болып көрінді.
-Мен енді үйренгім келеді




Стикер






Сабақ-19





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет