Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Жарықтың электромагниттік табиғаты жайлы біледі Басым бөлігі:
Жарық жылдамдығын анықтаудың әдістерін ажырата алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурста
|
Сабақтың басы
|
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Өткен сабақ бойынша оқу мақсаттарын еске түсіреді.
|
(Интернет желісі, мұғалімнің бағыттауы бойынша)
|
Ұпай
|
Кесте
|
Сабақтың ортасы
|
-Дәптерді ашып, бүгінгі сабақ тақырыбын жазыныздар:
-Бүгінгі сабақта жарықтың электромагниттік қасиеттері туралы танысатын боласыздар.
Тарихи тұрғыдан алғанда жарықтың табиғаты жайлы бірмезгілде бір-біріне қарама- қайшы екі түрлі көзқарас пайда болды.
Біріншісі, И.Ньютонның көзқарасы бойынша жарықтың корпускулалық ағыны, екіншісі Х.Гюйгенс көзқарасы бойынша жарықтың толқындық теориясы болды. Корпускулалық теория бойынша жарық затты тасымалдау арқылы таралады. Толқындық теория бойынша зат тасымалданбайды-кез келген толқын зат тасымалдамайды, энергия тасымалдайды.
Гюйгенстің толқындық теориясының дәлелдемесі:
Бір-бірін кесіп өткен кезде жарық шоқтарының таралуының түзусызықтығы бұзылмайды.
Кез келген толқындық қозғалысқа тән болатын интерференция және дифракция құбылыстарының жарық толқындары үшін де орындалатыны анық.
Жарық шоғының таралуы кезінде тосқауылдың артында артында көлеңкенің пайда болуын корпускулалық теория өзінің басты аргументі санап келді.
Теориялық (Максвелл) және тәжірибелік (Герц) зерттеулер ортада ғана емес, вакуумде де тарала алатын электромагниттік толқындардың болатындығын тағайындады. Жарық толқындары –электромагниттік толқындардың бір түрі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |