Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



бет1/4
Дата18.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#207468
  1   2   3   4
Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 310 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 20 қаңтарда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6009 болып енгiзiлдi


Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2010 жылғы N 9 (Тиражға шыққан уақыты 30.04.2010 ж.)

      «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1) тармақшасын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:


      1. Мыналар:
      1) Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын бағдарлама берiлген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын оқу курсы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      3) Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын бiлiктiлiк талаптар берiлген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң вице-министрi В.В. Петровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық ресми жариялануынан жиырма бiр күнтiзбелiк күннен бастап күшiне енедi.

      Министр                                             В. Божко



Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 310 бұйрығына    
1-қосымша       

Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы
мамандарды арнайы даярлайтын бағдарлама

р/с №

Бөлiмдер мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

Өрт сөндiрушiлер

Нұсқаушы өрт сөндiрушiлер

Барлығы

Сын-топтық

Практик

Барлығы

Сын-топтық

Практик

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бөлiм. Өрт қауiпсiздiгi саласының нормативтiк-құқықтық базасы

1

Объектiдегi өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер мен заңнамалар.

1

1

-

1

1

-




БАРЛЫҒЫ:

1

1

-

1

1

-

2-бөлiм. Өрттiң алдын алу дайындығы

1

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жалпы ұстанымдар.

1

1

-

1

1

-

2

Құрылыс материалдарының түрлерi және олардың жанғыштығы.

-

-

-

2

2

-

3

Күзетiлетiн объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндiрiсiндегi өртке қарсы iс шаралар.

1

-

1

2

-

2

4

Күзетiлетiн объектiлердегi өрт қауiпсiздiгi ережесi.

1

1

-

2

2

-

5

Iшкi және сыртқы өртке қарсы сумен қамту.

1

1

-

2

1

1

6

Түтiннен қорғау және адамдарға хабарлау өрт сөндiру жүйесiнiң қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары

-

-

-

2

2

-




БАРЛЫҒЫ:

4

3

1

11

8

3

3-бөлiм. Өрт-техникалық дайындық

1

Өрт сөндiрушiнiң жауынгерлiк киiм-кешегi мен жарағы. Дабыл бойынша жиналып, өрт орнына шығу және өрт орнына жету

1

-

1

1

-

1

2

Өрт сөндiру машиналары мен мотопомпалардың тактика-техникалық сипаттамалары

3

1

2

2

-

2

3

Өрт сөндiру машиналарымен шығарылатын өрт-техникалық жабдықтары.

1

-

1

1

-

1

4

Қол өрт сатылары

1

-

1

-

-

-

5

Өрт жеңдерi, жеңдiк жабдықтар, өрт сөндiру оқпандары.

2

-

2

2

-

2

6

Көбiктi өрт сөндiргiш құралдары мен жабдықтары.

1

-

1

-

-

-

7

Өрт сөндiргiштер

1

1

-

1

1

-

8

Өртке қарсы қызметтегi байланыс

1

-

1

1

-

1




БАРЛЫҒЫ:

11

2

9

8

1

7

4-бөлiм. Өрттен сақтандыру дайындығы

1

Өрт жеңдерiмен, оқпандарымен, жеңдiк арматуралармен және керек жарақтарымен жұмыс.

2

-

2

2

-

2

2

Өрт сатыларымен жұмыс.

1

-

1

-

-

-

3

Құтқару арқанымен жұмыс. Құтқару және өзiн-өзi құтқару.

1

-

1

-

-

-

4

Өртте конструкцияларды ашу және құру.

1

-

1

1

-

1

5

Су көзiне қойылған өрт сөндiру автомобилiнен (мотопомпалар) жауынгерлiк қанат жаюы. Жауынгерлiк қанат жаю кезiндегi өрт сөндiрушiнiң әрекетi.

2

-

2

1

-

1




БАРЛЫҒЫ:

7

-

7

4

-

4

5-бөлiм. Өрт-тактикалық дайындығы

1

Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуi туралы жалпы мәлiметтер. Өртте жануды тоқтататын негiздер.

2

2

-

2

2

-

2

Өрт бөлiмшелерiнiң түрлерi олардың тактикалық мүмкiндiктерi туралы түсiнiк.

1

1

-

-

-

-

3

Өрттi барлау. Өрттi барлау кезiндегi өрт сөндiрушiнiң әрекетi.

1

1

-

1

1

-

4

Өрттегi iздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлiктi көшiру кезiндегi өрт сөндiрушiнiң әрекетi.

1

-

1

1

-

1

5

Күзетiлетiн объектiлердегi өрттердi сөндiру тактикасы.

4

2

2

4

2

2




БАРЛЫҒЫ:

9

6

3

8

5

3

6-бөлiм. Өртте зардап шеккендерге дәрiгерге дейiн бiрiншi көмек көрсету

1

Қан кеткенде тоқтатудың негiзгi ережесi.

1

1

-

1

1

-

2

Жасанды тыныс пен жүрекке сырттан массаж жасаудың негiзгi ережесi мен әдiстерi.

1

-

1

1

-

1

3

Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрiгерге дейiн көрсетiлетiн көмектiң әдiстерi.

1

-

1

1

-

1

4

Үсiген, термиялық және химиялық күйгенде дәрiгерге дейiн көрсетiлетiн көмектiң әдiстерi.

1

-

1

1

-

1




БАРЛЫҒЫ:

4

1

3

4

1

3

7-бөлiм. Техника қауiпсiздiгi

1

Қызмет өткеру, өрт сөндiру кезiндегi техника қауiпсiздiгi.

2

2

-

2

2

-




БАРЛЫҒЫ:

2

2

-

2

2

-




Емтихан тапсыру

2

1

1

2

1

1




БАРЛЫҚ САҒАТ САНЫ:

40

16

24

40

19

21

























1-бөлiм. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы
нормативтiк-құқықтық база

      № 1-тақырып. Объектiдегi өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қызметiн реттейтiн заңнамалық және нормативтi актiлер.


      1-сабақ. Қазақстан Республикасының «Өрт қауiпсiздiгi туралы» Заңының негiзгi ережелерi. «Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыруын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет жұмыстарының мақсаттары мен мiндеттерi.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық сабақ.

2-бөлiм. Өрттiң алдын алу дайындығы

      № 1-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстарды өрт қауiпсiздiгiнен қамтамасыз етудiң жалпы ұстанымдары


      1-сабақ. Өрттiң алдын алу мiндеттерi. Ғимараттар мен құрылыста өрттiң негiзгi шығу және таралу себептерi «өрт қауiптiлiгi» және «өрт қауiпсiздiгi» деген ұғымдар. Объектiнi өрт қауiпсiздiгiмен қамту бағыттары туралы түсiнiк «өрттi қақпайлау жүйесi», «өртке қарсы қорғану жүйесi», «өртке қарсы режим» түсiнiктерi. Объектiнiң өрт қауiпсiздiгiн реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Құрылыс материалдарының түрлерi және олардың жанғыштығы.


      1-сабақ. Заттар мен материалдардың өрт қаупi бар қасиеттерiнiң сипаттамасы: жанғыштық тобы, тұтану температурасы, жалындау температурасы, өзiнен-өзi жалындау температурасы, өздiгiнен жану температурасы. Жалынның жалындауы мен таралуының температуралық және концентрациялық шегi. Заттар мен материалдары пайдалану кезiндегi өрт-жарылыс қауiп жағдайлары.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Күзетiлетiн объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндiрiсiндегi өртке қарсы шаралар.


      1, 2-сабақтар. Объектiде болатын өрттердiң негiзгi себептерi. Өртке қарсы нұсқаулықтар (жалпы объектiлiк, цехтiк және жеке өндiрiстiк қондырғыларға арналған). Кәсiпорындар мен жеке цехтардағы өрт қауiпсiздiгiн сақтауға жауапты лауазымдық тұлғалардың мiндеттерi.
      От жұмыстарының түрлерi және олардың өрт қауiптiлiгi. Үнемi және уақытша отпен жұмыс iстейтiн орындар. Отпен жұмыс iстеудi қадағалайтын ұйым. Отпен жұмыс жүргiзуге берiлетiн негiзгi басқарушы құжаттар. Отпен жұмыс жүргiзiлген жерге дейiн және бiткеннен кейiн қарау. От жұмыстарын өрт жарылыс қаупi бар объектiлерде, қондырғыларда және жабдықтарда өткiзу және ұйымдастыру.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Күзетiлетiн объектiдегi өрт қауiпсiздiгi ережесi.


      1-сабақ. Өндiрiстiк кәсiпорындарға арналған өрт қауiпсiздiгiнiң Тұрпатты ережелерiнiң ведомстволық салалық ережелер мен басқа да өрт қауiпсiздiгiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк құжаттардың талаптары.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық сабақ.

      № 5-тақырып. Iшкi және сыртқы өртке қарсы сумен қамту.


      1, 2-сабақтар. Шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң iшкi және сыртқы сумен қамту схемалары. Өрт су аттары мен гидранттарын пайдалану кезiндегi өртке қарсы талаптар мен қондырғы. Iшкi өрт крандарын жабдықтау мен орналастыруға, өртте пайдалануға қойылатын талаптар.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 6-тақырып. Өрт сөндiру, түтiннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерiнiң қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары.


      1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылғысы туралы жалпы мәлiметтер, түрi, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарландырғыштар: тағайындалуы, әрекет ету ұстанымы, хабарландырғыштардың негiзгi тактика-техникалық деректерi. Өрт сөндiрудiң автоматтық қондырғылары: тағайындалуы, түрi және қолданылу саласы. Өртте адамдарға хабарлайтын және түтiннен қорғайтын жүйелер.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық сабақ.

3-бөлiм. Өрт-тактикалық дайындық

      № 1-тақырып. Өрт сөндiрушiнiң жауынгерлiк киiм-кешегi мен жарағы. Жиналу, дабыл бойынша шығу және өрт сөндiруге бет алу.


      1-сабақ. Өрт сөндiрушiнiң экипировкасы, жеке тiгiсi, жинау, Жауынгерлiк киiм-кешегi кию, жарағын асыну дағдысы. Жиналу, дабыл бойынша шығу және өрт сөндiруге бет алу кезiндегi ауысым жеке құрамының әрекет ету тәртiбi, техника қауiпсiздiгi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 2-тапсырма. Өрт сөндiру машиналары мен мотопомпалардың тактикалық-техникалық сипаттары.


      1, 2-сабақтар. Өрт автомобильдерiнiң классификациясы. Негiзгi, арнайы және көмекшi өрт автомобильдерiнiң тактикалық-техникалық сипаттары, тағайындалуы, маркалары. Өрт мотопомпаларының түрлерi және олардың қолданылу саласы, тағайындалуы. Негiзгi техникалық сипаттары және мотопомпалардың қондырғысы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 3-тақырып. Өрт автомобильдерiнде шығарылатын өрт-техникалық жарағы.


      1-сабақ. Өрт автомобилiнде жабдықты орналастыру мен сақтау тәртiбi. Өрт жабдығының автомобильге тиесiлi табелi. Арнайы дайындалған өрт автомобилiнiң жабдықтары.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 4-тақырып. Қол өрт сатылары.


      1-сабақ. Қол өрт сатылары, құрылысы, тағайындалуы, түрлерi мен тактикалық-техникалық сипаттамасы. Сатыларды күту және оларды сақтау. Қол өрт сатыларының сынау тәртiбi мен мерзiмi. Өрт сатыларымен жұмыс iстеудегi техника қауiпсiздiгi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет