кесте 2.11(жалғасы)
5
|
АСА-66
|
1
|
50
|
17,279
|
6
|
АСА-20(43101)
|
1
|
85
|
61,934
|
7
|
АГ-(3205) және модиф.
|
1
|
69
|
38,099
|
8
|
АР-2(131)133А
|
4
|
69
|
158,13
|
9
|
АР-(43106)
|
1
|
69
|
34,058
|
10
|
АШ-(31514)
|
1
|
50
|
32,032
|
11
|
АШ-(3205)
|
12
|
30
|
391,88
|
|
барлығы:
|
41,1
|
|
3013,5
|
Көмекші өрт сөндіру автокөліктері
|
|
Жеңіл
|
|
|
|
1
|
ВАЗ және модиф.
|
27,5
|
30
|
907,49
|
2
|
ГАЗ-31105 және модиф
|
9,184
|
30
|
303,07
|
3
|
УАЗ- 3151
|
19,67
|
30
|
649,21
|
|
Автобустар
|
|
|
|
4
|
УАЗ, Газель
|
3,66
|
55
|
221,44
|
5
|
ПАЗ-3205
|
1,696
|
68
|
126,89
|
|
Жүк тиегіш
|
|
|
|
6
|
ИЖ-2715 және модиф.
|
2,246
|
30
|
74,113
|
7
|
УАЗ, Газель және модиф.
|
0
|
33
|
0
|
8
|
ГАЗ-66
|
1,129
|
50
|
62,079
|
9
|
ГАЗ-52,53, 3307 және модиф.
|
18,28
|
50
|
1005,3
|
10
|
ЗИЛ-130,4314 және модиф.
|
14,12
|
59
|
916,5
|
11
|
ЗИЛ-131, 133 және модиф.
|
2,257
|
63
|
156,44
|
12
|
Тракторлар
|
|
|
|
|
барлығы:
|
99,8
|
|
4422,5
|
|
жалпы:
|
347
|
|
21357
|
Айналымдық қор үшін (Пiагр) өрт сөндіру автокөліктері агрегаттарын жөндеудің жылдық еңбек ауқымдылығын мына формула бойынша анықтайды:
(2.11)
мұнда Niагр - i агрегаттарын жөндеу саны;
ti агр – негізгі агрегаттарды жөндеуің түзетілген еңбек ауқымдылығы.
кесте 2.12
р/с
|
Агрегат түрі
|
Niагр
|
ti агр
|
ПiАГР
|
1
|
Өрт сөндіру сорабы
|
12
|
22
|
264
|
2
|
Қуаттылықты іріктеу қорабы
|
14
|
7
|
98
|
3
|
Қозғалтқыш
|
17
|
73,9
|
1256,3
|
|
барлығы:
|
|
|
1618,3
|
Есептік жалпы жылдық еңбек ауқымдылығы (П) мына формула бойынша есептеледі:
(2.12)
мұндағы Пi, - ТҚ-2, орташа, түбегейлі, ағымдық жөндеулер және агрегаттарды түбегейлі жөндеу бойынша жұмыстардың сомалық еңбек ауқымдылығы.
Еңбек ауқымдылығының нормативтері техникалық қызметтің бөлімі (қатары) бойынша техникалық қызметтеу мен жөндеудің сомалық еңбек ауқымдылығының 10-15% шегінде орнатылатын қосалқы жұмыстардың еңбек шығынын есепке алмайды (жұмыскерлер саны 50 адамға дейін болатын бөлімдер үшін - 10%, жұмыскерлер саны 50-ден асатын бөлімдер үшін - 15%) [1].
Қосалқы жұмыстардың құрамына мыналар кіреді: қозғалмалы құрамды қызметтеу мен жөндеуге байланысты құрал-жабдықты және құрылғыларды қызметтеу және жөндеу, көліктік және жүк арту-түсіру жұмыстары, автокөліктік кәсіпорын ішінде автокөліктерді орнымен ауыстыру; материалдық құндылықтарды сақтау, қабылдау, беру; өндірістік және қызметтік жайларды жинау.
Мұндайда өзін-өзі қызметтеу бойынша жұмыс көлемі (ПСАМ) ТҚ-2 және жөндеудің жалпы еңбек ауқымдылығынан 10 % ретінде қабылданады.
ПСАМ = 0,1 * 77327 = 7733 адам сағ.
= (ПКР + ПСР + ПТР + ПТО-2 + ПАГР) + ПСАМ =
(14518+ 2832 + 37003 + 21357 + 1618) + 7733 =
=77327 + 7733 = 85060 адам сағ.
Барлық есептеулердің нәтижелерін 2.13-кестесіне енгіземіз.
кесте 2.13
-
Қызметтеу не жөндеу түрі
|
Өрт сөндіру автокөлігінің түрі
|
саны
|
Есептік еңбек ауқымдылығы П, адам сағ.
|
Түбегейлі жөндеу
|
негізгі
|
157
|
8585
|
арнайы
|
28
|
1063
|
көмекші
|
95
|
4869
|
Өрт сөндіру сораптары
|
12
|
264
|
КОМ
|
14
|
98
|
қозғалтқыштар
|
17
|
1256
|
барлығы:
|
|
323
|
16136
|
Орташа жөндеу
|
негізгі
|
157
|
2199
|
арнайы
|
28
|
245
|
көмекші
|
95
|
388
|
барлығы:
|
|
280
|
2832
|
Ағымдық жөндеу
|
негізгі
|
157
|
24155
|
арнайы
|
28
|
2166
|
көмекші
|
95
|
10682
|
барлығы:
|
|
280
|
37003
|
Техникалық қызметтеу ТҚ-2
|
негізгі
|
157
|
13921
|
арнайы
|
28
|
3013
|
көмекші
|
95
|
4423
|
барлығы:
|
|
280
|
21357
|
жалпы:
|
|
280
|
77327
|
2.2.3 ТҚӨЖ жұмыс тәртібі, уақыт қоры, қажетті өндірістік жұмыскерлер саны
Техникалық қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінде жұмыс тәртібі бір ауысымға бір аптадан етіп жоспарланады. Екі күндік демалыспен бес күндік жұмыс кезінде ауысымның орташа ұзақтығы 8,2 сағат. Егер ауысымның үзақтығы 8 сағат болып бекітілсе, әрбір сегізінші сенбі жұмыс күні болады, 6-күндік жұмыс аптасында ауысым 7 сағаттық болады, демалыс және мереке күндерінің қарсаңындағы күн – 6 сағат. Қабылданған жұмыс тәртібіне қарай бір жқмыскердің жылдық уақыт қоры анықталады. Жұмыс уақытының жылдық қоры мына формула бойынша анықталады [2]:
(2.13)
мұндағы Фд – жұмыс уақытының сағатпен есептелген қоры; 365 – жыл ішіндегі күнтізбелік күн саны; А – жыл ішіндегі демалыс күндер; Б – жыл ішіндегі мерекелік күндер; С – жұмыс күндермен есептелген демалыстың ұзақтығы (орта шамамен); Д – жұмыс күнінің сағатпен ұзақтығы; Е – мереке қарсаңындағы күндер саны; К – мереке қарсаңындағы күндері жұмыс күнінің ұзақтығын қысқартылуы (1 сағатқа тең деп алады); 3 – сырқаттануына немесе басқа да себептерге байланысты жұмыскердің шықпаған күндерін ескеретін коэффициент (0,96 ға тең деп қабылданады).
Демалыс күндері санын (оқу мақсатында) жылына 24 жұмыс күніне тең деп қабылдаймыз.
ФД = {[365 – (104 + 9 + 24)] * 8,2 – 9*1} * 0,96 = 1786 с
Өндірістік жұмыскерлер саны мына формула бойынша есептеледі:
(2.14)
мұнда П – жұмыстың жалпы жылдық еңбек ауқымдылығы, адам сағат.
сонда адам.
Көмекші жұмыскерлердің санын негізгі жұмыскерлердің 10... 15% мөлшері ретінде қабылдайды. ТҚ қатарлары үшін 15%, ТҚӨЖ үшін - 10 %, сондықтан
mВС = 0,1 * 43 = 4,3 = 5 адам.
2.3 ТҚӨЖ-нда негізгі өндірістік телімдерді, жөндеу және техникалық қызметтеу аймақтарын есептеу
Өндірістік аймақтар мен бөлімшелер (телімдер) құрамын ТҚӨЖ типтік жобаларының ескерілуімен өрт сөндіру автокөліктерін және құрал-жабдығын техникалық қызметтеу мен жөндеудің технологиялық үрдістеріне қарай қабылдайды.
ТҚӨЖ өндірістік ғимаратына ТҚ-2 және жөндеудің барлық түрінің посттары кіру керек.
ТҚ және жөндеу посттарын технологиялық жобалауда мынадай мәселелер шешімін табады:
-
Посттардың маңыздылығы және онда орындалатын жұмыстардың сипаты;
-
Жұмыс тәртібі – жыл ішінде жұмыс күндерінің саны;
-
ТҚ және жөндеу жұмыстарының бағдарламасы мен еңбек ауқымдылығы;
-
Жұмыскерлердің нақты келетін (технологиялық қажеттілік) саны;
-
Пост саны;
-
Негізгі және көмекші құрал-жабдықты таңдау;
-
ТҚ және жөндеу телімдерінің жалпы ауданын есептеу;
-
ТҚӨБ өндірістік ғимаратында ТҚ және жөндеу аймақтарының орналасу жері.
Посттардың маңызы техникалық қызмет пен жөндеуді ұйымдастыру әдісіне тәуелді боолып келеді (арнайыландырылған немесе әмбебап посттар, тұйық посттар немесе ағын жолақтары).
ТҚ-2 әмбебап посттарының санын есептеу үшін бастапқы шама ретінде Ттқ-2 постының екпіні немесе өрт сөндіру автокөлігінің осы постта қызметтеуде тұрған уақыты (сағатта) алынады:
(2.15)
мұнда - ТҚ-2 түзетілген орташа өлшенген еңбек ауқымдылығы, сағ.;
Рп – постта бір уақытта жұмыс істейтін жұмыскерлер саны (2...5);
tп – өрт сөндіру автокөлігін постқа орнатуға және посттан түсіруге кететін уақыт, сағ. (0,16 сағ).
Әр түрлі өрт сөндіру көліктері үшін ТҚ-2 еңбек ауқымдылығы әр түрлі болғандықтан, ТҚ-2 посттарының санын есептеуде орташа өлшенген еңбек ауқымдылығын ескеру қажет.
(2.16)
сонда,
посттың екпіні
ТҚӨБ-нде өрт сөндіру көліктерін диагностикалау постының бар болуында техникалық қызметтеу-2 түзетілген норматитеріне 0,8 коэффициенті қолданылады.
Өрт сөндіру автокөліктерін тәулігіне қызметтеу саны мына формула бойынша анықталады:
(2.17)
мұнда NTO-2 – өрт сөндіру автокөліктерін бір жыл ішінде техникалық қызметтеу-2 саны; ДP – бір жыл ішіндегі жұмыс күнінің саны.
сонда,
ТҚ-2 ТCM аймағы жұмысының ұзақтығы бір ауысымға тең болып қабылданады, яғни 8 сағат. ТҚ-2 аймағының жұмыс тәртібін және ТҚ-2 бойынша тәуліктік өндірістік бағдарламаны біліп өндірістің қарқынын анықтаймыз:
(2.18)
сонда
ТҚ-2 (ХTO-2) техникалық қызметтеудің әмбебап посттарының санын мына формула бойынша анықтайды:
(2.19)
мұнда - 0,85.. .0,95 – посттың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті. Сонда
Жөндеудің барлық түрлерінің посттар саны посттардағы жұмыстардың еңбек ауқымдылығына қарай есептеледі, мұнда ажыратып-қайта жинақтау, бақылау, реттеу және бекіту жұмыстары кіреді.
Жөндеу посттарының саны мына формула бойынша есептеледі:
(2.20)
мұнда Пi – түбегейлі, орташа және ағымдық жөндеулердің жылдық еңбек ауқымдылығы, адам сағат; Кр – жөндеу посттарында орындалатын жұмыс көлемінің үлесін ескеретін коэффициент (КР = 0,5...0,6); φ – жөндеу постына өрт сөндіру автокөліктерінің келіп түсудің әркелкілігін ескеретін коэффициент (<р = 1,2... 1,5); Др – бір жыл ішіндегі жұмыс күнінің саны; С – ауысымдар саны (С = 1); Тсм – ауысымның ұзақтығы, сағат (Тем = 8,2 ч); РП – бір посттағы жұмыскерлер саны, адам (2...4 адам); - посттың жқмыс уақытын пайдаланудың коэффициенті (0,8...0,9).
Ағымдық жөндеу посттарының санын есептеуде ағымдық жөндеулердің 60…70% өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық қызметтеу посттарында жүргізілетінін ескеру қажет. Сондықтан ағымдық жөндеу посттарының санын анықтау үшін есептік еңбек ауқымдылығы ағымдық еңбек ауқымдылығының 30…40 % құрайды.
сонда ПТР-расч = 0,4 * 37003 = 14801 адам сағ.
Түбегейлі, орташа, ағымдық жөндеулер посттарының санын анықтаймыз:
Жұмыстардың әр түрі бойынша посттар санын үлкен бүтін санға дейін бүтіндейді. Берілген жөндеу түрі бойынша есептік посттар саны бірліктердің бөлшектерімен көрсетілген жағдайларда әр түрлі жөндеу аймақтарының посттарын біріктіру қажет. Осыдан барып, түбегейлі жөндеу мен орташа жөндеу аймағы үшін 2-постты және ағымдық жөндеуге 2 постты қолданамыз.
Өрт сөндіру автокөліктерін техникалық қызметтеу және жөндеу аймақтарының көлемін мына формула бойынша есептейді:
(2.21)
мұнда fa – автокөліктің жоспарда алып отыратын ауданы (габариттік өлшемдер бойынша), м2 (2,5х7 жоспарында қабылдаймыз); Хп – посттар саны; К0 – еркін аймақтар мен өтулерді ескеретін коэффициент (Ко = 4...5).
м2
ТҚӨЖ өндірістік телімдерінің (посттарының) үлгілік тізімі
Техникалық қызметтеу, жөндеу және өрт сөндіру техникасын әзірлеу операцияларын іске асыру үшін мынадай өндірістік телімдер (посттар) ескерілу қажет:
1. Өрт сөндіру техникасын қабылдау және беру учаскесі (посты);
2. Жинау-жуу жұмыстары учаскесі (посты);
3. Диагностикалау учаскесі (посты);
4. Өрт сөндіру техникасын техникалық қызметтеу учаскесі;
5. Өрт сөндіру техникасын жөндеу учаскесі;
6. Агрегаттық (агрегаттық-механикалық) учаске;
7. Слесарлық-механикалық учаске;
8. Электр техникалық (электр жөндеу) учаскесі;
9. Өрт сөндіру техникасын дайындау учаскесі;
10. Сырлау учаскесі (посты);
11. кузовтық жұмыстар учаскесі;
12. Майлау посты;
13. Бақылау-жинақтау учаскесі (посты);
14. Жапсырмалық-ағаш өңдеу учаскесі;
15. Доңғалақ жөндеу учаскесі (пост);
16. Аккумуляторларды қызметтеу учаскесі;
17. Жанар май аппаратурасын қызметтеу учаскесі (пост);
18. Қозғалтқыштар мен агрегаттарды сынау учаскесі;
19. Қосалқы бөлшектер қоймасы;
20. радиоаппаратураны жөндеу шеберханасы;
21. Бақылау-өлшеу құрылғыларын сынау учаскесі.
Учаскелердің (посттардың) маңыздылығы
Қабылдау және беру учаскесі (пост) – өрт сөндіру автокөлігін сырттай қарау және оның жинақталуын, құжаттарының ресімделуін тексеруді орындауға арналады.
Жинау-жуу жұмыстарының учаскесі (пост) – өрт сөндіру автокөлігінің кабинасын, салонын және жиектерін жинауға, автокөлікті жоғарыдан және төменнен жууға арналады. Бұл орын сумен тазартқыш құрылғылармен қамсыздандырылады.
Диагностикалау учаскесі (пост) – өрт сөндіру автокөлігін ажыратпай техникалық қалпының бөлшектерін анықтауға арналады.
Өрт сөндіру теникасын техникалық қызметтеу учаскесі – өрт сөндіру автокөлігінің бұзылуларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар кешенін орындауға арналады.
Жөндеу учаскесі – бұзылуы реттеуіш операцияларымен жөнделмейтін өрт сөндіру автокөлігінің түйіндері мен агрегаттарын жөндеу жұмыстарының кешенін орындауға арналады.
Агрегаттық (агрегаттық-механикалық) учаске – қозғалтқыш, бағдарламалар қорабы, куат іріктеу қорабы, руль басқару, алдыңғы және артқы көпірлер, өрт сөндіру сорабы және басқа агрегаттар, түйіндер мен бөлшектер бойынша ажырату-жинау, жуу, жөндеу-қалпына келтіру және бақылау жұмыстарын орындауға арналады, сонымен қатар жоңғыш-бұрама кескіш білдекті, бұрғылау және басқа да білдектерді қолданып жасалатын жұмыстарды орындауға арналады.
Электр техникалық (электр жөндеу) телімі – жөндеу телімінде (постында) бұзылуы жойылмаған электр құрал-жабдығының агрегаттары мен құралдарын тексеруге арналады, оларды арнайы қондырғыларда сынауға арналады.
Өрт сөндіру техникасын дайындау учаскесі – өнеркәсіпте шығарылмайтын тениканы әзірлеуге арналады.
Сырлау учаскесі (пост) – бөлшектерді, агрегаттарды, автокөлікті сырлауға, тотбасудан қорғайтын қабатты жасауға арналады.
Кузовтық жұмыстар учаскесі – кузовтың жекелеген бөлшектерін ауыстыруға, темірмен жасалатын ұсталық жұмыстарды орындауға, ауыстыруға қажетті кузов бөлшектерін дайындауға арналады.
Майлау посты – қозғалтқышта және агрегаттарда майды ауыстыруға, кардан білігі, жүру бөлігі, басқару меанизмдері, кузов нүктелері түйісу орындарын майлауға арналады.
Бақылау-жинақтау учаскесі (пост) – жинақтау бөлшектері мен материалдарын бақылауға, сонымен қатар жинауға арналған бұйымдарды жиынтықтауға арналады.
Жапсырмалық-ағаш өңдеу учаскесі – орындықты, кабина есіктерінің ағаштан жасалған арматурасын жөндеуге, сонымен қатар жылыту жапқыштарын әзірлеуге арналады.
Доңғалақтарды жөндеу учаскесі (пост) – доңғалақтарды монтаждауға, демонтаждауға, камераларды жөндеуге, дисктарды ауыстыруға, доңғалақтарды теңгертуге арналады.
Аккумуляторларды қызметтеу учаскесі – аккумуляторлық батареяларды қуаттауға, жөндеуге, дистиллирленген су мен электролит дайындауға арналады.
Жанар май аппаратурасын қызметтеу учаскесі (пост) – карбюраторлық және дизель қозғалтқыштарының жанар май аппаратурасының ақауларын жою және қызметтеуге, жөндеуден кейін сынауға арналады.
Қозғалтқыштарды және агрегаттарды сынау учаскесі – жөндеуден кейін қозғалтқыштарды және агрегаттарды тексеруге арналады.
Қосалқы бөлшектер қоймасы – қосалқы бөлшектерді, айналымдық агрегаттарды, материалдар мен құралдарды сақтауға арналады.
Радиоаппаратураны жөндеу шеберханасы – ӨСҚ бөлімшелерінде пайдаланылатын радиоаппаратураны жөндеуге арналады.
Бақылау-өлшеу құралдарын сынау учаскесі – бақылау-өлшеу құралдарын түгендеуге, сынауға, жөндеуге арналады.
3. Ұйымдастырушылық бөлім
3.1 Өрт сөндіру автокөліктерін техникалық қызметтеуді жоспарлау, жүргізу және есепке алу тәртібі
Өрт сөндіру атокөліктерін техникалық қызметтеу жоспар-кестемен белгіленген күндері жүргізіледі (ТҚ-1, ТҚ-2).
ТҚ-2 жылдық жоспар-графигін өрт сөндіру техникасы мен байланыс құралдарының бөлімі құрастырады, қызмет мен дайындық бөлімімен келісіледі де бастық бекітеді.
ТҚ-2 жоспар-графигінен жазбалар оспарланған жылдың басталуынан 15 күн бұрын өрт сөндіру автокөліктері бар әрбір бөлімшеге жіберіледі.
3.2 ТҚ-2-де өрт сөндіру автокөлігін ұсыну тәртібі.
Екінші техникалық қызметтеу техникалық қызметтеу бөлімінде сол бөлімшелердің жұмыскерлерімен өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісінің қатысуымен ТҚ-2 жылдық жоспар-графикке сәйкес жүргізіледі [1].
Екінші техникалық қызметтеуге өрт сөндіру автокөлігі техникалық қызмет бөліміне жылдық жоспар-графикте көрсетілген мерзімде жеткізіледі, оны бөлімше жетекшісі, сонымен қатар көлік жүргізушісі қадағалайды.
Ережеде мынадай тәртіп көрсетіледі:
- өрт сөндіру автокөлігінің жинақталуы, жанар майдың болуы, өрт сөндіру құралдарының, техникалық құжаттарының болуы;
- автокөлікті техникалық қызмет бөлімшесіне жіберілуі, қабылдануы және тіркелуі;
- автокөліктің және оның агрегаттарының техникалық қалпы және сынау бойынша жүргізілген жұмыстардың ескерілуімен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;
- автокөлікті шығару және техникалық қызмет бөлімінің кепілдіктері;
- орындалған жұмыстарға рекламациялардың ұсынылуы.
3.3 ТҚ түрі, жүргізу жері және периодтылығы
Өрт сөндіру автокөліктерін маусымдылық, тізім, еңбек ауқымдылығы және орындалатын жұмыстар орны бойынша техникалық қызметтеу мынадай түрлерге бөлінеді:
-
Күнделікті ТҚ (бұдан әрі - КТҚ) кезекшілік ауыстырылған кезде;
-
Өрт кезінде (оқуларда) ТҚ;
-
Өрттен қайтқан соң (оқудан) ТҚ;
-
Алғашқы бір мың жол жүруден кейінгі ТҚ (спидометр бойынша);
-
Алғашқы ТҚ (бұдан әрі - ТҚ-1);
-
Екінші ТҚ (бұдан әрі - ТҚ-2);
-
Маусымдық ТҚ (бұдан әрі - МҚ).
ТҚ түрлері бойынша негізгі операциялардың үлгілік тізімі 10-қосымшада беріледі [1].
Шассидің жаңа түрлері мен импорттық өрт сөндіру автокөліктері үшін ТҚ-ң қосымша түрлері орнатылуы мүмкін, жеткізуші зауыттардың және фирмалардың нұсқаулықтарына сәйкес.
КТҚ кезекшілікті қабылдайтын жүргізуші және жеке құрам бөлімше компандирінің жетекшілігімен іске асырады.
Кезекшілік ауысар алдында жедел дайындықтағы жіне қордағы барлық өрт сөндіру автокөліктері таза, пайдаланушылық материалдармен және өрт сөндіру материалдарымен толығымен жабдықталған, табелдік ережеге сәйкес жинақтандырылған болуы тиіс.
Ауыстыратын кезектің жүргізушісі өрт сөндіру автокөлігінің кезекшілік барысындағы жұмысы туралы барлық жазбаларды пайдаланушылық картаға енгізіп, көлікті тапсыруға дайындауы керек. Бқліме командирінің жетекшілігімен жеке құрам жасақ есептеуінің нөмірлері міндеттеріне сәйкес ПТВ тапсыруға дайындықты іске асырады.
Өрт сөндіру автокөлігін қабылдап алатын жүргізуші көліктің қалпын тексеріп алып, пайдаланушылық картада тиісті жазба жасауы керек.
Мұнда қозғалтқыш жұмысының уақыты асып түспеу қажет:
-
Карбюраторлық қозғалтқышты жалпы қолданатын негізгі өрт сөндіру автокөліктері үшін – 5 минут;
-
Мақсатты қолданыстағы негізгі өрт сөндіру көліктері, дизельдік қозғалтқышты көліктер және көпқырлы тежеуіш жүйемен қамтылған көліктер үшін – 7 минут;
-
Арнайы өрт сөндіру көліктері үшін – 10 минут (өрт сөндіру автосатылары мен тізелік көтергіштер үшін – 15 минут).
Өрт сөндіру техникасының, ПТВ және құрал-жабдықтың бұзылулары анықталса, кезектің жеке құрамының өз кұш салуларымен оны түзетуге әрекет жасалады. Ол мүмкін болмаса, өрт сөндіру құрал-жабдығы мен жинақтар ауыстырылады, өрт сөндіру техникасы жасақ қатарынан шығарылады да, қордағы техникамен ауыстырылады, бұл жайында өрт сөндіру байланысының орталық пунктіне хабарланады (ӨБОП).
Өрт сөндіру құрал-жабдығын ауыстыру туралы шешімді кезек бастығы қабылдайды, ал өрт сөндіру теникасын ауыстыру туралы шешімді – бөлімшенің жетекшісі (жедел кезекші) қабылдайды.
Қорда ауыстыратын техника болмаса не ол да бұзылып тұрса тиісті лауазымдық тұлғалар байланыс орталығына мәлімдейді. Осыдан кейін берілген бөлімше қызметтейтін ауданда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гарнизонның басқа бөлімшелері есебінен шара қабылданады.
Қорда тұрған өрт сөндіру көлігін жедел қатарға шығарар алдында күнделікті техникалық қызметтеуден өткізу қажет.
Ауқымды еңбек шығындарын қажет етпейтін бұзылулар кезекті қабылдайтын жүргізушілер күшімен жойылады, ал маңызды ақауларда бөлім бастығының келісімімен өрт сөндіру автокөлігін техникалық қызметтеу бөлімшесіне бағыттайды, ал нысандардың теңгерімінде тұрған көліктерді қорғалатын нысандардың авто шаруашылықтарына бағытталады.
Бұзылуларды жою бойынша орындалған жұмыстар жайында аға жүргізуші (жүргізуші) ТҚ есепке алу журналында жазба жасайды.
Автокөлікті қабылдап алған жүргізуші орнатылған тәртіпте кезекшілігінің барысында анықталған барлық бұзылушылықтар үшін жауап береді.
Өрт сөндіру техникалық жасағы мен өрт сөндіру атокөліктерінің бұзылмаған күйде және тазалықта сақталуы үшін жауапкершілік автокөліктер бекітілген бөлімшелерінің командирлеріне жүктеледі.
Өрт сөндіру автокөліктері мен құрал-жабдығының күтімі күн тәртібімен орнатылған уақытта күнделікті кезектегі жеке құраммен іске асырылып отырады. Биіктікте жұмыс жасап, адамдарды құтқаруға арналған құрал-жабдықтың дұрыс қалпы (өрт баспалдақтары, құтқару арқандары, белдіктері және карабиндер) кезек ауысатын кезде бөлімше командирімен тексеріледі.
Өрт сөндіру автокөлігімен шығарылатын құрал-жабдық пен өрт сөндіру жеңдері сенімді түрде орнатылып бекітілуі керек.
Тиісті техникалық-нормтивтік құжаттама жоқ болса, өрт сөндіру автокөлігін қайта құрастыруға және құрал-жадбығының орналасу жерін ауыстыруға болмайды.
Кезекшілікке түсетін жасақтың жеке құрамы және көлік жүргізушісі автокөлік пен құрал-жабдықтың жарамдылық қалпы туралы бөлімше командиріне баянат жасап отырады.
Бөлімше командирі өрт сөндіру автокөлігінің дайындығы туралы жасақ бастығына есеп береді.
Өртте (оқуда) техникалық қызметтеуді негізгі операциялар тізіміне сәйкес жүргізуші орындайды 10-қосымша).
Өрттен (оқудан) қайтқаннан кейіз техникалық қызметтеуді жүргізуші мен жеке құрам бөлімше командирінің жетекшілігімен өткізеді.
Бірінші мың километр жол жүруден кейінгі ТҚ көлікке бекітілген жүргізушілерімен ТҚ постында аға жүргізушілерінің бақылауымен өндіруші зауыттың талаптарына сәйкес орындалады.
ТҚ-1 бөлімшенің техникалық қызметтеу постында көлікке бекітілген жүргізушілермен жұмыс уақытында және кезекшіліктен бос уақытта аға жүргізушінің жетекшілігімен негізгі операциялар тізіміне сәйкес орындалады (10-қосымша).
Өрт сөндіру автокөліктерін ТҚ-1 графигін құрғанда қызметтік уақыт пен жұмыстан бос уақыт жүргізушілер арасында бір қалыпты таратылуы тиіс.
ТҚ-1 алдында бөлімшенің жетекшісі аға жүргізушісімен, бөлімше командирімен және жүргізушімен өрт сөндіру атокөлігі мен құрал-жабдықтың техникалық қалпына бақылау тексеру жүргізеді.
Бұл тексерудің қорытындысы бойынша аға жүргізуші, жүргізушілердің есекертпелерін есепке алып, барлық жұмыс көлемін ТҚ-ге қатыстырылатын жүргізушілерге және жеке құрамға үлестіріп, ТҚ өткізу жоспарын құрастырады.
Бөлімшенің аға жүргізушісі ТҚ-ге қажетті пайдаланушылық материалдарды, құралдарды, қосалқы бөлшектерді дайындап қоюы тиіс.
Өрт сөндіру автокөліктерінің ТҚ өткізу күндері қорғаудағы ауданға шығып оқулар жүргізу жоспарланбайды. Бұл кездегі оқулардың кестесі ағымдық кезекшілік атқару тәулігінің кез келген тұсында оқуды өткізуге мүмкіндік болатындай етіп құрастырылады.
ТҚ-1 өткізгеннен кейін әрбір жүргізуші ТҚ есепке алу журналында атқарған жұмыстары үшін қол қояды.
Аға жүргізуші мен бөлімше командирі орындалған жұмыстардың сапалығын тексереді, бұл туралы ТҚ есепке алу журналында жазба жасайды.
ТҚ-2 ТҚ қатарында (бөлімінде, постында) сол бөімше жұмыскерлерімен, көлік жүргізушісінің қатысуымен, ТҚ-2 жылдық жспар-графигіне сәйкес жүргізіледі (11-қосымша).
ТҚ-2 бөлімшеде орындауына қажетті жағдай болса ТҚ постында орындала береді.
Мұндайда ТҚ көлікке бекітілген жүргізуші аға жүргізушінің жетекшілігімен жасайды.
Нысандық бөлішелерде ТҚ қорғалатын нысанның ато шаруашылығының баасында әзіренген және келісілген графиктерге сәйкес жүргізілуі мүмкін.
ТҚ-1 және ТҚ-2 өрт сөндіру автокөлігінің түріне, құрылымының ерекшелігіне, пайдалану шарттарына қарай орнатылған жол жүруінен кейін, ТҚ маусыдылығының нормативтеріне сәйкес орындалады (12-қосымша).
МҚ жылына 2 рет жасалады, оған өрт сөндіру автокөліктерін жылдың суық және жылы маусымдарында пайдалануға дайындау жұмыстары кіреді.
МҚ, әдетте, кезекті ТҚ-мен біріктіріледі. Техникалық қызметтеудің жекелеген түрі ретінде МҚ суық және ыстық климат аймақтарында жүргізіледі.
3.4 ТҚ посты. Өрт сөндіру автокөліктерін жуу және жинау посты
ТҚ посты өрт сөндіру автокөліктерін және құрал-жабдығының ТҚ мен ағымдық жөндеуін жасауға арналады.
ТҚ постына мыналар кіреді:
-
шеберхана;
-
қозғалыс қауіпсіздігінің кабинеті;
-
қарау бөлмесі;
-
қойма;
-
жанар май құю пункты мен жанар май қоймасы.
ТҚ посты жайларының кешені тікелей гаражға немесе жеке орналасуы мүмкін, бірақ жуу және жинау постына жақын арада болуы тиіс.
Гаражда өрт сөндіру автокөліктерінің орналасу амалына немесе ТҚ технологиялық үрдісіне қарай қарау шұңқыры тұйық немесе өтпелі болып орындалады.
Қарау шұңқырларының жабдықталуы өрт сөндіру деполарының типтік жобаларына сәйкес іске асырылып «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің» талаптарына сай орындалуы қажет.
Шеберхана өрт сөндіру көліктерін ұсақ-түйек ағымдық жөндеу жасағанда, оларды техникалық қызметтеуде слесарлық-механикалық жұмыстарды жүргізуге арналады.
Шеберхана тізімге сәйкес (13-қосымша) құрал-жабдықпен, құрылғылармен жабдықталады, ТҚ кестесі, өрт сөндіру автокөліктерінің ТҚ технологиясы, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық, көлік жүргізушілері мен жеке құрам арасында жұмыстың таратылуы, ТҚ бойынша көрнекі құралдар және басқа да құжаттама көрсетілген стендтермен жабдықталады.
Қойма өрт сөндіру автокөліктерінің қосалқы бөлшектерін, құрылғылары мен пайдаанушылық материалдарын сақтауға арналады. Қойма қосалқы бөлшектерді, құралдарды және пайдаланушыық материалдарды жекелеген түрде сақтау үшін стеллаждармен, шкафтармен жабдықталады.
ТҚ постындағы жұмыстар ТҚ кестесіне және бөлімшенің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
ТҚ постында тәртіпті сақтау және ондағы жұмысты ұйымдастыру аға жүргізушісіне жүктеледі.
Өрт сөндіру автокөліктерін жуу және жинау посты өрттен немесе оқудан қайтып келген өрт сөндіру автокөліктерін жинауға, жууға, кептіруге және сүртуге арналады.
Жуу және жинау посты өрт сөндіру бөлімінің гараж жайларында немесе жеке орналасады.
Жуу және жинау посты жуу құрылғысымен және басқа да қажетті құрал-жабдықпен және құралдармен жабдықталады.
3.5 ТҚ-2 кезінде орындалатын негізгі жұмыстар
ТҚ-2 кезінде өрт сөндіру автокөлігі жасақ қатарынан шығарылып, қордағы көлікпен ауыстырылады.
ТҚ-де өрт сөндіру автокөліктерін жасақтан шығару және оларды қордағы көлікпен ауыстыру тәртібін жергілікті жақдайлардың ескерілуімен гарнизонның бастығы реттейді.
Өрт сөндіру автокөлігінің техникалық қызметтеуде тұру уақыты ТҚ-2 үшін үш күннен аспауы қажет.
Үлкен жүктеу шассидегі өрт сөндіру автокөліктері үшін, өрт сөндіру атосатылар мен биіктігі 30 метрден асатын өрт сөндіру автокөтергіштер, пайдалануда 0 жылдан артық жүрген өрт сөндіру атокөліктері үшін ТҚ-2 кезінде тұру уақытының бес күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Өрт сөндіру автокөліктерінің әрбір түрі мен моделі үшін өрт сөндіру техникасының және байланыс құралдарының бөлімі өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарының негізінде ТҚ бойынша қосымша жұмыстардың тізімі әзірленіп бекітіледі.
Өрт сөндіру автокөліктерінің жаңа үлгідегі түрлеріне байланысты ТҚ еңбек ауқымдылығының нормативтері хронометраж бен осы типтегі автокөліктер үшін қабылданған жұмыс көлемдерінің, пайдалану тәжірибесінің және өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарының негізінде уақытша орнатылады.
Маусымдық қызметтеудің еңбек ауқымдылығының нормативтері ТҚ-2 еңбек ауқымдылығынан: суық және ыстық климаттық аудан үшін 30%-н құрайды.
Автокөліктерді техникалық қызметтеуде ағымдық жөндеудің жекелеген операциялары (ілеспе ағымдық жөндеу) орындалуы мүмкін, оның көлемі ТҚ тиісті түрінің еңбек ауқымдылығының 20%-нан асып кетпейтін көлемде болуы шарт.
Егер жұмыстардың еңбек ауқымдылығы көрсетілген шамадан артық болып кетсе, оны жүргізбес бұрын автокөлік ағымдық жөндеуден өткізіледі.
ТҚ-2 өткен өрт сөндіру автокөлігін беру-тапсыру актісі бойынша бөлімшенің бастығы (орынбасары) және аға жүргізуші (жүргізуші) қабылдап алады [1].
ТҚ-ден өткен автокөлік іске жарамды, пайдаанушылық материалдармен жабдықталған, таза, реттелген, майланған және пайдаланушылық құжаттамасына сай болып тұрған қалпында болуы керек.
Кезекті қызметтеуден өтпеген өрт сөндіру автокөліктерін кезекшілікке шығаруға тыйым салынады.
3.6 ТҚ-2 кезінде орындалатын жұмыстар
1. Өрт сөндіру автокөлігінің шассиі бойынша
1.1 Бақылау-диагностикалық, бекіту және реттеу жұмыстары
1.1.1 Кабина, кузов, артқы көрініс айналарын, сыртын, тіркеу нөмірлерін, есіктерді, капотты ашу механизмдерін, сонымен қатар буксир құрылғысының қалпын көзбен шалып тексеру.
1.1.2 Бақылау-өлшеу құрылғыларының, алдыңғы шыныны шайғыштардың, суық мезгілде – шыныларды жылту құрылғысының жұмысын тексеру.
1.1.3 Жылыту және қосу жылытқышы жүйелерінің герметикалылығын тексеру.
1.1.4 Жалюзи (перде), радиатор, термостат, ағызу крандары жетектерінің қалпы мен жұмыс жасауын тексеру.
1.1.5 Радиатордың бекітілуін, сыртын, жалюзиді, капотты тексеру.
1.1.6 Вентилятор, су сорабы және таратқыш тегершіктері (шынжыры, белдігі) қақпағының бекітілуін тексеру.
1.1.7 Жетек белдіктерінің қалпын және керілуін тексеру.
1.1.8 Майлау жүйесінің герметикалығын тексеру.
1.1.9 Қозғалтқыш цилиндрлері бастарының және қамыт біліктерінің діңгектерінің бекітілуін тексеру.
1.1.10 Тетіктер мен қамыттар діңгектерінің арасында саңылауларды тексеру.
1.1.11 Бәсеңдеткіш құбыр өткізгіштерінің бекітілуін тексеру.
1.1.12 Қозғалтқыш картері түбінің, иінді білек айналу жиілігін реттегішінің бекітілуін тексеру.
1.1.13 Қозғалтқыш тіректерінің қалпын және бекітілуін тексеру.
1.1.14 Ілінісу картерінің бекітілуін тексеру.
1.1.15 тарту серіппесінің жұмысын, басқыштың еркін және тоық жүрісін, ілінісудің және жетек күшейткішінің жұмысын тексеру.
1.1.16 Беріліс қорабының қалпын, герметикалығын, бекітілуін тексеру.
1.1.17 Берілістерді ауыстыру механизмінің және оның жетегінің істеуін тексеру.
1.1.18 Топсадағы және кардан берілісінің шлиц бірігулеріндегі люфтты тексеру, аралық тірек пен инелі мойынтіректердің тірек пластиналарының қалпы мен бекітілуін тексеру.
1.1.19 Кардан біліктері бірігулерінің фланц бекітілулерін тексеру.
1.1.20 Артқы көпір картерінің қалпын және бірігулердің герметикалығын тексеру.
1.1.21 Артқы көпір редукторының қалпын және бекітілуін тексеру.
1.1.22 Басты топса мен бас ілінісу фланец гайкасыны бекітілуін тексеру (кардан білігін шешкенде).
1.1.23 Жартылай білік фланецтерін бекіту.
1.1.24 Алдыңғы білік арқалығын бекітудің дұрыстығын және қалпын тексеру.
1.1.25 Руль басқаруды күшейткіш жүйесінің герметикалығын тексеру.
1.1.26 Алдыңғы доңғалақтарды орнату бұрыштарын тексеру, қажет болса реттеу; қажеттілік болса, доңғалақтардың статикалық және динамикалық теңгерілуін жүргізу.
1.1.27 Руль механизмі картерінің, руль колонкасының және руль доңғалағының бекітілуін тексеру.
1.1.28 Рульдік басқарудың, рульдік күш пен шквор бірігулері топсаларының люфтын тексеру, сирақ бекітілуін тексеру.
1.1.29 бұрылыс цапфа гайкаларының, жұмыр саусақтары мен иінтіректерінің бекілітуі мен шплинтовкасын тексеру.
1.1.30 Рульдік басқарудың кардан білігінің қалпын және бекітілуін тексеру.
1.1.31 Бұрылу жұдырықтарының цапфалары мен алдыңғы доңғалақтардың мойынтіректерінің, күпшек тығыздамасының қалпын, шкворень тіліктерінің бекітілуін тексеру.
1.1.32 Компрессор жұмысын және онда қалыптасатын қысымды тексеру.
1.1.33 Тежегіш жүйесі құбыр өткізгіштері бірігулерінің герметикалығы мен қалпын тексеру.
1.1.34 Компрессор, тежегіш кран мен оның жетегінің бөлшектерінің, басты тежегіш цилиндрінің, тежегіштерді күшейткіштің бекітілуін тексеру.
1.1.35 Ауа баллондарының бекітілуін тексеру.
1.1.36 Тежегіш барабандардың (дисктардың), білдектердің, қаптамалардың, доңғалақ серіппелері мен мойынтіректерінің (шешілген күпшекте) қалпын тексеру.
1.1.37 Тежегіш камералар, олардың кронштейндері және ашу жұдырықтары тіректерінің, алдыңғы және артқы доңғалақтардың тірек тежегіш қалқандарының бекітілуін тексеру.
1.1.38 Тежегіштері пневматикалық жетекте болатын автокөліктерде тежегіш камералары штоктарының саусақтарының сіргелеуін тексеру, тежегіш басқышының еркін және жұмыстық жүруін реттеу, тежегіш білдектер мен доңғалақтар барабандарының жапқыштарының арасындағы саңылауларды реттеу.
1.1.39 Тежегіштің жетегі гидравликалық болатын автокөліктерде тежегішті күшейткіштің жұмысын, тежегіш басқышының еркін және жұмыстық жүру шамасын тексеру, қажеттілік болса, басты тежегіш цилиндрлерге сұйықтық толтыру, тежегіш білдектер мен доңғалақтар барабандарының жапқыштарының арасындағы саңылауларды реттеу, жетектің гидравликалық жүйесіне ауа кіріп кеткен болса, оны шығару.
1.1.40 Жетектің іске қосылуын және тұрақ тежегішінің жұмысын тексеру.
1.1.41 Моторлық тежегіш (КАМАЗ) қалпын, бекітілуін және жұмысын тексеру.
1.1.42 Артқы (орта) көпірдің дұрыс орналасуын, рама қалпын, буксирлік құрылғының, ілмектердің, аспаның, ілінісу құрылғысының қалпын тексеру.
1.1.43 Қамыттардың, ложементтердің, рессор саусақтарының, амортизаторлардың, реактивті штангалар мен теңгермелі аспа білігінің бекітілуін тексеру. Амортизаторлардың герметикалылығын тексеру, олардың втулкаларының бекітілуі мен қалпын тексеру.
1.1.44 Доңғалақтар ступицаларының мойынтіректерін реттеу.
1.1.45 Доңғалақ дисктарының қалпын және доңғалақтардың бекітілуін, шина қалпы мен ондағы ауа қысымын тексеру, протекторда тұрып қалған бөгде заттарды алып тастау, қосалқы доңғалақтың бекітілуін тексеру.
1.1.46 Төңкермелі кабина түйіндері мен бөлшектерінің қалпын және бекітілуін тексеру.
1.1.47 Вентиляция мен жылыту жүйелерінің қалпын, сонымен қатар есіктердің тығыздағыштарының және вентиляциялық люктарының қалпын тексеру.
1.1.48 Кабина, кузов, сыртқы жамылғысының бекітілуін тексеру, қажет болса тот басқан жерлерді тазартып қорғаныс қабат жабу.
1.1.49 Жанар май бактарының бекітілуін және герметикалылығын, құбыр жетектерінің, карбратор мен жанар май сорабының бекітілуі мен герметикалылығын тексеру.
1.1.50 Жетек жұмысын, дроссель және ауа жапқыштарының ашылуы мен жабылуын тексеру.
1.1.51 Қозғалтқыштан шешпей жанар май сорабының жұмысын тексеру.
1.1.52 Карбюратордың камерасында жанар май деңгейін тексеру.
1.1.53 Қозғалқыштың қосылу және жұмыс істеу жеңілдігін, шығын газдағы СО құрамын тексеру. Бос жүру тәртібінде қозғалтқыш баспалдақты білігінің айналуының минималдық жиілігін реттеу.
1.1.54 Жанар май багының герметикалылығын және бекітілуін тексеру, құбыр өткізгіштерінің, жанар май сораптарының, форсункаларының, жетек муфталарының бекітілуі мен герметикалылығын тексеру.
1.1.55 Бір ТҚ-2 кейін форсункаларды шешіп арнайы құрылғыда тексеру.
1.1.56 Жанар майдың берілуін басқару механизмінің жұмысын тексеру.
1.1.57 Жанар май циркуляциясын тексеру, қажет болса жүйені тығыздау.
1.1.58 Қозғалтқышты тоқтату әрекетін тексеру.
1.1.59 Қозғалтқышты қосу сенімділігін тексеру, бос жүру тәртібінде қозғалтқыш баспалдақты білігінің айналуының минималдық жиілігін реттеу
1.1.60 Қозғалтқыш жұмысын тексеру, ТНВД, баспалдақты біліктің айналу жиілігін реттеуішті, тексеру, шығын газдарының түтіндігін анықтау.
1.1.61 Бір ТҚ-2 кейін жанар май бүркуінің алдын алу бұрышын тексеру.
1.1.62 Электролит тығыздығы мен жүктеме астында бөлшектердің кернеуі бойынша аккумуляторлық батарея қалпын тексеру.
1.1.63 Аккумулятор батареясын массамен және сыртқы тізбекпен біріктіретін электр өткізгіштерінің қалпын және бекітілуін тексеру, аккумулятор батареясының ажыратқыш әрекетін, сонымен қатар оның ұядағы бекітілуін тексеру.
1.1.64 қарау және қажет болса генератордың, стартердің және реле-генератордың беткейлерін шаңнан, лайдан, майдан тазарту.
1.1.65 Генератор, стартер және реле-реттегіш бекітілулерін тексеру.
1.1.66 Генератор шкивы бекітілуін тексеру.
1.1.67 От алдыру катушкаларының, төмен және жоғары кернеу өткізгіштерінің қалпын тексеру, қажет болса шаңнан, лайдан, майдан тазарту.
1.1.68 От алдыру шамдарын айналдыру және қалпын тексеру.
1.1.69 Айырғыш-таратқыштың қалпын тексеріп, қажет болса қозғалтқыштан шешіп алу; оның сыртқы беткейін тазарту, қатынастар қалпын тексеру, білікті майлау, басқыш білігін, фильцты, және жұдырық втулкасын майлау. Айырғыш-таратқышты қозғалтқышға бекіту.
1.1.70 От алудың қатынастық-транзисторлық жүйесі болғанда, қозғалтқыштан айырғышты шешпей, сыртқы беткейін шаңнан, лайдан, майдан тазарту, таратқыштың қақпағының ішкі жағын сүрту, қатынастарды сүрту, білдекті, фильцты, басқыш білігін және жұдырық втулкасын майлау.
1.1.71 Подфарниктердің, артқы оттарының және стоп-белгісінің, бұрылыстарды көрсеткіштерінің, құрылғылар қалқанының лампаларының және дыбыстық белгісінің бекітілуін және жұмысын тексеру.
1.1.72 Фаралардың орнатылуын, бекітілуін және жұмысын тексеру, фара жарық ағынының бағытын реттеу.
1.1.73 жарықты аяқпен қосу және стоп белгісінің ажыратқышының клеммелері мен беткейлерін тазарту.
1.1.74 спидометр жетегінің иілгіш валының дұрыс монтаждалуын тексеру. Оның шұғыл иілген жерлері болмауы қажет.
1.1.75 Жол жүруді көрсететін сандары бар барабанның айналуын және бір нүкте бойынша жылдамдықты көрсету дұрыстығын тексеру (диагностикалық құрал-жабдық болған кезде орындалады). Спидометрлар жұмыс қабілеттілігі оның көрсеткіштерін диагностикалық қабырғада орнатылған құрылғының крсеткіштерімен салыстыру арқылы тексеріледі. Спидометрді пломбалау дұрыстығы мен оның жетекінің дұрыстығын нұсқаулыққа сәйкес тексеру.
1.2 Майлау және тазарту жұмыстары
1.2.1 Автокөліктің үйкеліс түйіндерін химмотологиялық картаға сәйкес майлау.
1.2.2 Жанар май сорабында май деңгейін тексеру және қозғалтқыш басқышты білдегінің айналу жиілігін реттеуішіндегі май деңгейін тексеру.
1.2.3 Май фильтрлері корпустарынан тұнбаларды төгу.
1.2.4 Қозғалтқыш картері вентиляциясының тетігін тазарту және жуу.
1.2.5 Қозғалтқыш және компрессор ауа фильтрының фильтрлеуші бөлшегін жуу, бұлардағы майды ауыстыру.
1.2.6 Қозғалтқыш картерінде майды ауыстыру (график бойынша), сонымен бір уақытта үстыртын тазартудың фильтрлеуші бөлшегін жуып, майды екшелеп тазартудың фильтреулі бөлшегін ауыстыру немесе орталықтан айналдыру фильтрын тазарту.
1.2.7 Рульдік басқару гидрокүшейткішінің сорап фильтрлерін және тежегіштерді күшейткіш фильтрын шешіп жуу.
1.2.8 сапундарды тазарту және агрегаттар картерлерінде және химмотологиялық картаға сәйкес көлік гидрожетектерінің сауыттарында майды толтыру немесе ауыстыру (график бойынша).
1.2.9 Жанар май фильтр-отстойнигін және жанармайды екшелеп тазарту фильтрын шешіп жуу. Дизельдік қозғалтқышты автокөліктерде жанармайды алдын ала және екшелеп тазарту фильтрларының корпустарын шешіп жуу және фильтрлеуші бөлшектерін ауыстыру.
1.2.10 Жанар май сорабының отстойнигін қарау және қажет болса су мен лайдан тазарту.
1.2.11 Ылғалды ажыратқыштың фильтр бөлшектерін жуу.
1.2.12 Тежегіштердің пневматикалық жетек баллондарынан конденсатты төгу.
1.2.13 Дизельдік қозғалтқышты көліктерде жанар май багынан тұндаларды төгу.
2. Жалпы қолданыстағы негізгі автокөліктердің ТҚ бойынша қосымша жұмыстар
2.1 Кабина кузовының, су сауыттары мен көбік жасау сауытының, өрт сөндіру сорабының, кардан біліктерінің, қосымша трансмиссия мен арнайы құрал-жабдықтың басқа бөлшектерінің бекітілуін тексеру.
2.2 куаттылықты іріктеу қорабын қосу механизмінің жұмысын тексеру, тоспадағы және кардан берілісінің шлиц бірігулеріндегі люфттарды тексеру.
2.3 Жүргізуші орындығының қалпын, кабинаның ішкі беткейін, есік жиектерін тығыздағыштарын, кузов бөліктерін, тыныс алу мүшелерін қорғауға арналған құралдар сақталатын жәшік қаптауын тексеру.
2.4 Өрт сөндіру сорабын, вакуумдық жүйе және су-көбік коммуникацияларын, оның ішінде қозғалтқышты қосымша суыту, суды жылыту және көбік шығару жүйелерін басқару жұмысын тексеру.
2.5 Сораптық қондырғының өлшеуіш құрылғыларын, сауытта су деңгейін көрсеткіш жұмыс қабілеттілігін тексеру.
2.6 Көбік шығарушы, құбыр өткізгішіндегі крандар, вакуум аппараты техникалық қалпын ашып тазарту, тексеру.
2.7 Нормативтік уақытта сорапта қалыптастырылатын ыдырату шамасына қарай вакуум жүйесінің жұмыс қабілеттілігін және уақыт бірлігінде ыдыратудың төмендеуі бойынша сораптың герметикалылығын тексеру (қараңыз ЕТО 2.3 тармағы).
2.8 Өрт сөндіру автокөліктерінің типтік технологиясына сәйкес өрт сөндіру сорабы мен көбік шығарушының техникалық қалпын тексеру.
2.9 Арнайы агрегаттарды басқару органдары қосымша трансмиссиясын, өрт сөндіру сорабының бөлшектерін және басқа да өрт сөндіру құра-жабдығын өрт сөндіру техникасын өндіруші зауыттың нұсқаулығына сәйкес майлау*.
2.10 Өрт сөндіру автокөлігінің, агрегаттардың, түйіндердің, құрылғылардың жұмысын іске қосылып тұрғанда немесе диагностикалау постында тексеру, қажет болса беткейлерін сырлау**.
Ескерту: * Түйіндерді, агрегаттарды және механизмдерді майлауды барлық өрт сөндіру автокөліктеріне арналған малау картасына сәйкес жүргізу.
** Өрт сөндіру автокөлігінің зақымлалған жерлерін сырлау қажет жағдайда машиналардың барлық типтері үшін іске асырылады.
3. Мақсатты қолданыстағы өрт сөндіру автокөліктерін ТҚ бойынша қосымша жұмыстар.
3.1 Өрт сөндіру сораптық станциясы
3.1.1 Алғашқы техникалық қызметтеудің жұмыстарын орындау.
3.1.2 Өрт сөндіру сорабы мен вакуумдық жүйені басқару органдарының жұмысын тексеру.
3.1.3 Сораптың қондырғының бақылау-өлшеу құрылғыларының метрологиялық түгендеуін жүргізу.
3.1.4 Вакуумдық жапқыш пен вакуумдық аппарат техникалық қалыптарын ашып, тазарту және тексеру.
3.1.5 Сораптың агрегат қозғалтқышының жұмысын тексеру және қозғалтқыш бойынша екінші техникалық қызметтеу жұмыстарын жүргізу (пп. 1.1.3-1.1.13, 1.1.54-1.1.66 ТҚ-2).
3.1.6 Сорап жетегі фрикциялық муфтасын тексеру, өажет болса реттеу.
4. Арнайы өрт сөндіру автокөліктерін ТҚ бойынша қосымша жұмыстар
4.1 Өрт сөндіру автобаспалдақтары мен автокөтергіштері.
4.1.1 Алғашқы техникалық қызметтеу жұмыстарын орындау.
4.1.2 Айналу шеңберінің болт бірігулерін, орындаушылық механизмдері агрегаттарының бекітілуін тексеру. Люлька (бар болса) бағыты механизмінің қалпы.
4.1.3 Гидрожүйе сақтағыш тетігінің жұмысын тексеру, қажет болса ашып, жуу, жинау және реттеу винтымен жұмысын реттеу.
4.1.4 Авариялық жетек тетіктерінің блогы жұмысын тексеру, қажет болса ашу, жуу және реттеу.
4.1.5 Тізе көтеру цилиндрлерінің механикалық қысқыш жұмысын тексерк, қажет болса реттеуін жүргізу.
4.1.6 Құйғыш магистральде гидрожүйе фильтрының қалпын тексеру. Егер қысым 0,3 МПа (3 кгс/см2) асып кетсе, фильтрды ауыстыру керек.
4.1.7 Гидросораптарының өлшемдерін тексеру, май ауыстырғыштар мен таратқыштарда сұйықтықтың ағу шамасын тексеру.
4.1.8 Максималды жылдамдықта маневрлерді орындау уақытын тексеру.
4.1.9 ток ауыстырғышында қатынастық сақиналардың қалпын тексеру, ластанған беткейлерді жуу және кептіру.
4.1.10 Гидрожүйе фильтры мен бактан тұнбаны төгу.
4.1.11 басқару пультындағы саптардың гидрожүйе реттығындарынығ орналасуына сәйкестігін тексеру, қажет болса реттеу.
4.2 Жеңдік автомобиль
4.2.1 Алғашқы техникалық қызметтеу жұмыстарын орындау.
4.2.2 Қажет болса напор жеңдерінің басқа қоймаға айналдыруын іске асыру.
4.2.3 кузовтың стационарлық және алынбалы діңгектерін тексеру, майлау және орнына орналастыру.
4.2.4 Жең орамасын кузовқа тиеу механизмін ашу, тексеру, майлау және орнына орналастыру.
4.2.5 Лафет діңгегінің кранын ашу, тексеру, майлау және реттеу.
4.2.6 Қосымша электр құрал-жабдығы жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексеру, айқындалған ақауларды жою.
5. Өрт сөндіру-техникалық жасақтану.
5.1 Алғашқы техникалық қызметтеу жұмыстарын орындау.
5.2 Орнатылған мерзімдерде ӨТЖ сынағын жүргізу.
Ескерту: 1. Өрт сөндіру-техникалық жасақтану өрт сөндіру бөлімдерінде жоспар бойынша тексеріледі.
2. Электр қорғау құралдары Мемлекеттік нергия қадағалау органдарының рұқсаты бар арнайы зертханаларда сыналады.
3. ТҚ бөлімшелерінде диагностикалау посттары болғандаөрт сөндіру-техникалық жасақты сынау арнайы стендтерде жүргізіледі.
Екінші техникалық қызметтеуді жүргізген соң автокөлік жүруінде орындалған жұмыстарды сапасын тексеру қажет. Сынау кезінде анықталған бұзушылықтарды түзету.
4 Құрылымдық бөлім
4.1 Құралған конструкциялық бөлікті дәлелдеу.
Қозғалтқыш тораптары мен механизмдерінің қалыпты жылулық режимін сақтау үшін жылуды әрекеттесуші детальдан қызып кетпеуі үшін алыс ұстау керек. Осы үшін суыту жүйесі жұмыс істейді. Суыту жүйесінің орташа температурасы 85 -950 С.
Суыту жүйесінде қақ тұрып қалса, қатты ластанса қозғалтқыш қызып, нәтижесінде май кокстанып таралып жылу беру нашарлайды. Бөлшектердің жалпайуынан температуралық зазорлар азайып, үйкеліс көбейіп, бөлшек мүжіліп, цилиндрлерді толтыру нашарлайды.
Көліктердің барлық маркалары мен модельдерінің басқару мен қызмет көрсету ережелері бірдей болып, негізінен май құйуынан, сумен немесе басқа да төмен мұздайтын сұйықпен толтыру, суын төгу, радиаторды шаң мен кірден тазарту, қозғалтқыштың жұмыс кезіндегі температурасын бақылау.
Ереже бойынша суыту жүйесін суытардың алдында кір мен қақты жою мақсатында жуып алған дұрыс.
Әдетте жууды антифриздің уақыты өтіп кеткенде өткізген дұрыс болып салады, себебі жиналған кірлер жылу алмасуды әлсіретіп қозғалтқыштың қызып кетуіне апарады. Және де сұйықпен циркуляцияға түсетін қатты бөліктер радиатор құбырын бітеуі мүмкін. Штатты емес жағдайлар орын алады. Суытқыш сұйықтың төгілуін болдырмау үшін герметик-присадканы пайдалану кезінде көптеген автокөлікшілер күйіп қалған болатын. Жолы болмаудың себебі пайдаланушылардың препаратты пайдалану кезінде осы пункттарды аттап өтуі болатын. Сол пункттардың бірі: герметик таза суыту жүйелерінде ғана тиімді жұмыс істейді.
Көргеніміздей жуысыз болмағанмен бұл жұмыс қиын. Антифризді төгу керек, су құю керек, сорғыш сору үшін қозғалтқышты іске қосып қыздыру керек. Моторды суыту керек. Суды ауыстырып, қайталап жуып, жаңа антифризбен толтыру керек. Америкалықтар бұл процедураны жеңілдету әдісін ұсынды. Бұл әдіс барлық автокөліктерге жарай бермейді, тек термостат радиатордың жоғарғы шлангісімен байланысатын автокөліктерде жұмыс істейді. Олар ИЖ,Волга, УАЗ және басқада жүк көліктерінде.
4.2 ДВС суыту жүйесін жуу және престеу қондырғысы.
Қондырғы қайту клапанымен жабдықталған өткізгіштен, резьбасы бар тығынмен, сұйықтық төгуге арналған пластмасты құбыр, әр түрлі өлшемдегі үштік пен және 2 хомутта тұрады. Бастапқы монтаж суыту жүйесіне үштікті дқрыс кіргізу болып табылады. Ол үшін қозғалтқыштың сулы жейдасімен байлаысатын шлангілердің біреуін таңдаймыз. Шлангінің разрезінде жинақтан таңдалған калибрлі үштікті орнатамыз.Хомутты тартып, резьбалы үштіктің тығынын бітейміз.
сурет 4.1 Қайтымды жуу кезінде судың циркуляциялау схемасы
Жуу комплектісінің бөлшегі: радиатордың төгу құбыры, тығынды үштік, өткізгіш, үштікке орағыш.
Суыту жүйесінің герметикалығы бұзылмаған, қосымша бөлшектер кедергі келтірмейді, енді белгілі бір уақыт ішінде оны ұмытуға болады.
Керек кезде жууды қалай ұйымдастыру керек? Суық қозғалтқышта келесі операцияларды орындаймыз. Радиатордың тығынын шешіп, төгу құбырына мойыншақты қоямыз. Үштіктің тығынының орнына жинақтың өткізгішін байлаймыз. Оған өз кезегінде суқұбыры кранына киілген кәдімгі садты шланг пен құбырды жалғаймыз. Қозғалтқышты қоспастан суды қысыммен береміз. Оның қандай түрмен ағатынын суреттен көреміз. төменгі шлангісі арқылы блогтың ішін жуғаннан кейін, Радиатор мойыншақ арқылы төгілір, төбеге көтеріледі.Сорғыш арқылы берілетін антифризге қарағанда антифризге қарағанда бұл жағдайда ағын керісінше бағытта жүреді. 5-10 миуттан соң судың қатты қысымы бүкіл қуыстағы кірді сыртқа шығарады.
Жуыту аяқталғаннан кейін радиатордан суқұбыры шлангісін, құбырды алып, суды төгіп, таза жаңа антифризді құямыз. Бұл кезде үштіктің көмегі қайтадан тиеді. Үштік жүйенің жоғарғы нүктесіде орналасқан, ауалық кептелістерді керемет жоюға ыңғайлы. Антифризді үштіктен төгілмейінше толтырады. Осыдан кейін үштікті байлап, жүйені толтырады.
сурет23 . Суыту жүйесінің герметикалыққа тексеру қондырғысыың схемасы.
Суыту жүйесінің герметикалығына тексеру мен радиатордың клапанының техникалық жағдайын тексеру қондырғысы редукордан 1, рессивердан 2, стаканнан 10,попловогтан 9 ораласқан ауалы индикатордан 8, үшжүрісті краннан 3, екіжүрісті краннан 6, манометрден 4, төртжүрісті краннан 7, насадкадан 5 тұрады. Кранды ашқаннан кейін қысымдалған ауаны радиатордға береді. Жүйенің герметикалығын манометрден визуалды көрінген ауа қысымының төмендеуінен анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |