Өрттер әр қашан адамдарды өлтіретін,миллиардтаған теңгеге соғылған материалдық құндылықтарды (ғимарат, имарат, техника, шығармашылық заттары және т б.) жоятын ауыр қиыншылықтарды алып келеді



бет8/8
Дата13.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#132947
1   2   3   4   5   6   7   8

4.3 Құралдың экономикалық есебі.


Қозғалтқыштың суыту жүйесінің герметикалыққа тексеру қондырғысының бағасын анықтау үшін белгілі бөлшектердің рыноктық бағасын білу керек.

Бөлек бөлшектердің бағалары:



  • Редуктор - Ср = 1700 тенге;

  • ресивер (ЗИЛ-130) – Срс = 1200 тенге;

  • үшжүрісті кран – Ст = 300 тенге;

  • екіжүрісті кран – Сд = 250 тенге;

  • Төртжүрісті кран – Сч = 350 тенге;

  • манометр – См = 450 тенге;

  • Жалғағыш шласнгісі мен құбыр жүйесі. Сш = 500 тенге.

Дайындау бағасы ( дәнекерлеу, токарлық, фрезерлік ):

  • насадка Сн = 210 тенге;

  • Ауалы индикатор Св = 850 тенге;

  • стакан Сс = 600 тенге.

Қондырғыны дайындауға кететін шығындар:

= (Ср+Срс+Ст+Сд+Сч+См+Сш) + (Сн+Св+Сс)=

= (1700+1200+300+250+350+450+500)+(210+850+600)=

= 4400 + 1660 = 6060 тенге
Орындалатын жұмысқа адам есебі:


  • қондырғыға енгізгенге дейін - 2,4 адам*с;

  • қондырғыға енгізгеннен кейін – 1,2 адам*с.

1 адамның жұмысының құны – 62,5 тенге. 1 ӨА суыту жүйесін жуу мен престеудің құны құрайды:

  • қондырғыға енгізгенге дейін - 2,4 * 62,5 = 150 тенге;

  • қондырғыға енгізгеннен кейін - 1,2 * 62,5 = 75 тенге

280 ӨА нің суыту жүйесіне әр бір ТҚК-2 өткізген кездегі жалпы шығындар:

  • қондырғыға енгізгенге дейін - С1 = 150*280= 42000 тенге;

  • қондырғыға енгізгеннен кейін – С2 =75*280= 24000 тенге

Жылдық экономикалық тиімділік төменде келтірілген формула бойынша анықталады:
Эr=(С1 - С2),
мұндаЭr - Жылдық экономикалық тиімділік, тенге.

С1 – жыл бойы енгізгенге дейінгі шығындар,, тенге.

С2 – жыл бойы енгізгеннен кейінгі шығындар, тенге.

Эr=(С1 - С2) = 42000 – 24000 = 24000 тенге


Қондырғының өзін өзі ақтау уақыты:
Ог = (С2 + ) / С1= (24000 +6060)/42000 = 0,72 жылда

4.4 Термостатты тексеруді орнату қондырғысы

Термостат қозғалтқыштың жылу режимін сақтауға арналған. Суық қозғалтқышты іске қосқанда термостат жабық болады, оның тез қызуы үшін барлық сұйықтар кіші шеңбермен цтркуляцияланады. Суыту жүйесінде температура 80 – 85С, тан жоғары болса термостат автоматты түрде қосылып, радиаторды суыту үшін сұйықтықтың бөлігі радиаторға түседі. Үлкен температура кезінде термостат ашылып, барлық ыстық сұйықтық үлкен шеңбермен оны жедел суытыу үшін бағытталады.




сурет 24. Қозғалтқыштың суыту жүйесінің схемасы
а) циркуляцияның кіші шеңбері; а) циркуляцияның үлкен шеңбері

1 - радиатор; 2 –суытылған сұйықты циркуляциялауға арналған потрубок.; 3 - кеңейткіш бак; 4 - термостат; 5 – сулы сорғыш; 6 -цилиндр блогының жейдесі; 7 - блоктың басын сутыға арналған жейдесі; 8 электржелдеткішті жылытқыштың радиаторы; 9 – жылытқыш радиаторының краны; 10 – блогтан суытылған сұйықтықты төгуге арналған тығын11 -радиатордан суытылған сұйықтықты төгуге арналған тығын; 12 – вентилятор.


Егер термостат істен шықса автокөлік қозғалтқышының жылулық режимі бұзылады. Егер термостат клапаны жабық қалыпте немесе клапанның толық ашылмаған күйінде тұрып қалса суытылған сұйықтық радиатордан алыстап, қозғалтқыш қызып кетеді. Қозғалтқыш қызып кетсе майдың қоюлығы төмендеп, нәтижесінде майдың қысымы төмендеп, қозғалтқыш бөлшектерінің сыртқы майлауы нашарлап, бөлшектер ескіріп, қуаттылық төмендеп, жағар майдың шығыны артып, қозғалтқыштың қызуынан тұрып қалуы мүмкін.

Термостат ашық қалыпта немесе немесе толық жабық емес қалыпта клапаны тұрып қалса қозғалтқыштың шектен тыс сууы болады. Суытылған сұйықтық үлкен шеңбермен радиатор арқылы жылжиды.Сұйықтық керек температураға дейін ысымайды, май толық буланбайды, қуаттылық төмендеп, майдың шығыны артады.

Сондықтан термостат ӨА қозғалтқышының суыту жүйесінде маңызды рөл ойнайды, себебі ол уақытының 40%ын стационарлы режимде жұмыс істейді.

Суыту жүйесінде техникалық қызмет көрсету кезінде термостаттың жұмыс қабілеттілігін тексеру қажеттілігі туады. Ол үшін бұл жұмыста термостат клапанына шығарған қондырғы ұсынылады.

Қондырғы ( А1 форматты сызбада ) сумен толтырылған ваннадан, тұрады. Ванна тот баспайтын болаттан жасалған. Өлшемі: биіктік – 10 см, ұзындық 20 см және ені -15 см. Дәнекерлеу аппаратының көмегімен ваннаның барлық жағын бір бірімен жалғайды. Кронштейн ваннаның қабырғасына қысқыш арқылы бекітіледі. Кронштейнге сағат типті индикатор жалғанады. Және кронштейнге термостаттың өзі де жалғанады. Ваннадағы су ысытқыш элементпен ысытылады. (электр плитасымен). Судың температура термометрмен анықталады 2.

4.5 Қондырғының жұмыс істеу принципі

Термостатты тексеру үшін ашудың басталу температурасымен клапанның өту ауқымдылығын анықтау керек. Оны келесідей тәсілмен анықтаймыз:



  1. Термостатты 3 л сиымдылығы бар ысытылған суға батырамыз. Судың деңгейі термостаттың флансының деігейінен жоғары болмауы керек.

  2. Судың температурасы +70 С, жеткеннен кейін суды ысытыңыз (әрдайым араластырып) 3 град/мин тиімділікпен. Пайдаланылған ртутты термометрдің бөліну температурасы 1 С.

  3. Термостат клапанының ашыла бастауының иникаторын тексеру (Бұл клапан жүрісін құрайтын температура 0,1 мм).

Термостаттар 78 -82 С кезінде ашылу керек. (КамАЗ) 91-95 С кезінде толық ашылуы керек. .термостаттың толық жүрісі кезіндегі көлемі 8,5 мм.

Эксплуатация кезінде термостат клапанының температурасы 77-83 С, болып толық ашылу үшін 90-96 С, клана жүрісінің жоғалтуы – 20% дан аспайды..



4.6 Қондырғы бағасы

Қондырғыны дайындау бағасы:

Снер. = 150 тн –тот баспайтын болат қағаз (1 кг);

Ссв = 550 тн – дәнекерлеу жұмысы;

Скр = 400 тн –кронштейнді дайындау;

Син = 1100 тн – сағат типті индикатор;

Стер = 100 тн – термометр;

Снаг = 1500 тн –жылыту элементі (электроплитка).


Собщ = Снер + Ссв + Скр + Син + С тер + С наг

Собщ = 150 + 550 + 400 + 1100 + 100 + 1500 = 3800 тн.


Осы қондырғыны пайдалану тиімділігі көптеген факторға байланысты:

  1. Жағармай шығыныа (суыту қоспасының төменгі температурасында май шығыны 10 нан 40 % ға дейін өседі).

  2. Қозғалтқыштың қуаттылығын жоғалтуы суыту сұйығының температурасын өсіру кезінде.

  3. Қозғалтқыштың температурасының көтерілуінен тұрып қалуы кезінде жөндеу (клапан термостат клапаны жабық күйде тұрып қалды және т.б)


5 Жобаның қауіпсіздігі және экологиялылығы

Қазіргі заманда біздің елімізде адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздік мәселесі өте өзекжарды болып келеді, әсіресе оның өндірісте және тұрмыста еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау сияқты бөлімдері.

Ата Заң қағидаларына сәйкес еңбек етудің қауіпсіз әрі салауатты жаңдайын, еңбектің санитариялық-гигиеналық шарттарын енгізуді, технологиялық үрдістерді автоматтандыру және механикаландыруды, жетілдірілген техниканы енгізуді, жұмыстардың еңбек ауқымдылығын төмендетуді енгізу бойынша міндеттер қойылуда.

Қазіргі кезде өрт сөндіру автокөліктері паркінің саны ұлғаюмен байланысты оның қоршаған ортаға ететін әсері де ұлғаюда.

Қоршаған ортаға, жануарлар және өсімдіктер әлеміне, соның ішінде адамға да ықпал ететін негізгі факторлар – автокөліктің шығаратын газдары, оның құрамында көміртектің тотығы, сондай-ақ қорғасын тотығы болады.

Бұл шығатын газдармен қатар қоршаған ортаға зиянды әсерін автокөлік қозғалысында және техникалық қызметтеу станциясының жұмыс жасау кезінде орын алатын шуыл мен діріл де тигізеді.

Қоршаған ортаға зиянды әсерді маңызды түрде азайтуға қозғалмалы құрамды техникалық түзу қалыпта сақтаудың көп әсері бар. Бұны сапалы жөндеумен және техникалық қызметтеумен қамтамасыз етеді. ТҚ және АЖ еңбек ауқымдылығын, сонымен қатар әр түрлі жұмыс түрлерін орындағанда қол еңбегінің үлесін азайту үшін ТҚ мен жөндеудің, диагностикалаудың сапасы жоғары, жетілдірілген технологиясын қамтамасыз ететін жаңа құрал-жабдықты енгізу ескеріледі.

Цехтерді, учаскелерді қалпына келтіру кезінде жөндеуші жұмыскерлер еңбегінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін санитариялық-гигиеналық және технологиялық маңыздағы бір қатар іс-шара алдын ала ескеріледі.



5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

Еңбек жағдайы – еңбек үрдісінда адамның денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігіне ықпал ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы. Бұл факторлар өз табиғаты, көріну формалары, адамға ықпал ету сипатына қарай әр түрлі болып келеді. Бұлардың арасында ерекше топ болатыны – қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оларды білу өндірістік жарақаттанудың және аурулардың алдын алуға, еңбек етудің жағымды жағдайын жасауға, сөйтіп оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 12. О. 003-74 МЕМСТ сәйкес қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына ықпал етуіне қарай мынадай топтарға жіктеледі: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық.

Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар өз ішінен былайша жіктеледі: қозғалатын машиналар мен механизмдер; өндірістік құрал-жабдықтың және техникалық жабдықтың қозғалмалы бөліктері; орын ауыстыратын бұйымдар, бөлшектер, материалдар; жұмыс аймағы ауасының жоғары шаңдануы мен газдануы; құрал-жабдық беткейлерінің жоғарылатылғаннемесе төмендетілген температурасы; жұмыс орнында жоғарылатылған шуыл деңгейі; дірілдің жоғары деңгейі; ультрадыбыс пен инфрадыбыстық тербелістердің жоғары деңгейі; ауа ылғалдылығының жоғары не төмен болуы; жұмыс аймағы ауасының иондануы; табиғи жарықтың болмауы немесе жетіспеушілігі; жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы; анықтылықтың төмендігі, тым жарық болуы; құрал-жабдық және барлық материалдар, құрал-жабдықтар беткейлерінде үшкір бұрыштар, кедір-бұдырлығы.

Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына ықпал ету сипатына қарай зарарлы, қоздырушы, сенсибилизациялаушы, канцерогендік, мутагендік, репродуктивтік қызметке әсер етуші, ал адам ағзасына өту жолы бойынша – тыыс алу жолдары арқылы енетін, ас қорыту жүйесі арқылы енетін, тері арқылы енетін және сілемей қабаттары арқылы енетін болып жіктеледі.

Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мынадай биологиялық нысандар кіреді: патогендік микроағзалар, вирустар, саңырауқұлақтар, спирохеттер, риккетси және бұладың тіршілік ету өнімдері; микроағзалар (өсімдіктер мен жануарлар).

Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар ықпал ету сипатына қарай физикалық және жүйке-психикалық жүктемелерге жіктеледі. Физикалық жүктемелер статикалық және динамикалық болып, ал жүйке-психикалық – ақыл-ойдың тым шаршауы, талдағыштардың талуы, еңбек бірқарындылығы, эмоционалдық жүктемелер болып бөлінеді.

Автокөліктерді техникалық қызметтеу және ағымдық жөндеу кезінде мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар орын алады: қозғалыстағы автокөлік, қорғаусыз қозғалмалы бөлшектер, жайлардың тым артық газдануы, электр құралмен жұмыс жасауда жлектр тогымен жарақаттану қаупі және т.б.

ТҚ және жөндеу кезінде қауіпсіздік талаптары МЕСТ 12. 1. 004-85, МЕСТ 12. 1. 010-76, Технологиялық үрдістерді ұйымдастырудың санитариялық ережелерімен және өндірістік құралдарға қойылатын гигиеналық талаптармен, автокөлікте еңбекті қорғау қағидаларымен және техникалық қызметтеу станцияларында өрт қауіпсіздігі қағидаларымен орнатылады.

Технологиялық құрал-жабдық МЕСТ 12. 2. 022-80, МЕСТ 12. 2. 049-80, МЕСТ 12. 2. 061-81 және МЕСТ 12. 2. 082-81 талаптарына сәйкес болуы керек.

ТҚ және АЖ аймағында жөндеуші жұмысшылардың қауіпсіз және зиянсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, еңбек ауқымдылығын төмендету үшін, ТҚ және АЖ бойынша орындалатын жұмыс сапасын жоғарылату үшін жұмыстарды арнайы электр механикалық көтергіштермен жабдықталған посттарда жүргізеді, мұнда автокөлікті көтергенде әр түрлі құрылғылар арқылы бекітіледі. Автокөлік көтергіште ешбір қисаюсыз орнатылуы тиіс.

Электр тогымен жұмыс жасаушыларды жарақаттанудан сақтау үшін көтергіштерді жерлендіреді. Автокөліктің астынан жұмыс істейтін жұмысшыларға 220 вольттық жарықтандыру қолданады, олар қауіпсіздікке қажетті құралдармен жабдықталады. Агрегаттарды және бөлшектерді шешу үлкен физикалық жүктемемен байланысты болып келеді, оны арнайы көтергіштер көмегімен орындайды. Сұйықтығы бар агрегаттарды алдын ала босатады, содан кейін ғана автокөліктен шешіп алады. Жеңіл бөлшектер мен агрегаттарды қолмен тасымалдайды, ал салмағы 20 кг-нан артық ауыр агрегаттарды қозғалмаы арбашалармен тасымалдайды.

Карбюратор, жанар май сорабын, глушитель тетіктерін қозғалтқыштың қызуы басылған кезде орындайды. Жөндеуші жұмысшылар бұзылусыз құралдарды қолдану керек, өйткені автокөліктер ТҚ және жөндеу посттарына өздері келетіндіктен, бұл аймақ срғыш вентиляциямен жабдықталады.

ТҚ және АЖ аймақтарында барлық жұмыс орындары тазалықта, бөлшектер, құрал-жабдықтармен үйілмей болуы тиіс. Слесарьдың жұмыс орнында қажетті құралдар, қосалқы бөлшектер болуы шарт. Барлық құрал-жабдық, қосалқы бөлшектер тікелей жақын жерде, қол жетімді етіп орналасуы қажет.

Рихтовка және дәнекерлеу цехі аймағында ТҚК-де газ, нүктелік, электр доғалық дәнекерлеу қолданады. Дәнекерлеу жұмыстары кезінде негізгі қауіп инфрақызыл сәулеленуден, жоғары температурадан, балқытылған металдан және зиянды газдардан болады.

Дәнекерлеу жұмыстары МЕСТ 12. 3. 003-86 бойынша, сондай-ақ электр дәнекерлеу жұмыстары кезіндеі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария қағидаларының негізінде орындалады.

Дәнекерлеу цехы ақшыл сұр түсті бояумен, ультракүлгін сәулелерді жұту үшін мырыш не титан сілтісі қосылып боялады.

Дәнекерлеушінің жұмыс орнында үстел мен орындық болады. Үстел жергілікті сораппен жабдықталады. Үстелдің беткейі шойыннан, ал орындықтың беткейі диэлектр материалынан жасалып, орындық биіктігі реттеліп отырады. Электр дәнекерлеу қондырғыларының барлық жабдығы қоршаған орта жағдайына сәйкес орындауда болуы тиіс. Электр дәнекерлеу қондырғыларының корпустары және басқа металл ток өтпейтін бөлшектерін жерлендіреді.

Рихтовканы жасаушылардың салауатты еңбек жағдайын жасау үшін сораптың вентиляция ескеріледі. Дәнекерлеушілердің көздерін электр доғасы сәуелелерінен қорғау үшін қорғау шынысы бар дәнекерлеу бас киімі ескеріледі. Барлық жұмыскерлер арнайы киіммен және бұзылмаған құрал-жабдықпен қамсыздандырылуы керек.

Электр карбюраторлық цез және диагностикалау посты ескі газдарды арнайы жергілікті сораптарымен жабдықталады, өйткені барлық жұмыстар іске қосылып тұрған қозғалтқышпен атқарылады. Бұдан басқа карбюраторщик пен электрик жқмыс орындарына сораптық вентиляцияның жергілікті сораптары орналастырылады. Автокөлік қозғалтқышын салқындату үшін қосымша ретінде қозғалмалы электр вентиляторын орналастырады.

Сырлау бөлімшесінде және бояуларды әзірлеу жайларында бояғыш заттардан зарарлы компоненттер бөлініп отырады. Сондықтан жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды, құрал-жабдықты орналастыру мен пайдалануды МЕСТ 12. 3. 002-75, Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария қағидалары мен нормаларына сәйкес жүргізу керек. Сырлау бөлімшесінің жайы және кептіру камерасы жеке алғанда механикалық сораптық вентиляциясымен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. Бояуларды әзірлеу жайы тұйықталған күйде сыртқы қабырғада орналасады.




Қорытынды

Өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану тәртіптері өзгешелеу болып келеді. Пайдаланудың мұндай өзгешеліктері ТҚ мен жөндеу жүйесін нақты ұйымдастырылуын талап етеді, ол мейілінше аз шығынмен дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл мәселелерді шешудің ең маңызды жолдарының бірі ТҚӨЖ материалдық-техникалық базасын жақсарту, ТҚ және жөндеу кезінде пайдаланылатын құрал-жабдықтың жаңа үлгілерін сатып алу және әзірлеу, сөйтіп еңбек ауқымдылығын төмендетіп, орындалатын жұмыс сапалығын арттыру болып табылады.

Өрт сөндіру автокөліктерінің және ТҚӨЖ жұмысының талдауы есептік мәліметтердің негізінде ТҚ және жөндеу графиктерін жүйелі түрде құрастыруға мүмкіндік береді.

Осы дипломдық жобада өндірістік бағдарламаның есептелуі іске асырылды, өрт сөндіру техникасына бір жылдық ішінде қажетті ТҚ-2 және жөндеу сияқты техникалық ықпалдасулар саны анықталды. Жалпы жұмыстың еңбек ауқымдылығы есептелді, өндірісте қажетті жұмысшылар саны, сонымен қатар қызметтеу аймақтары мен посттардың саны есептелді, бұл бұдан әрі бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын дұрыс құруға мүмкіндік жасайды.

Жобаның құрылымдық бөлімінде өрт сөндіру автокөліктері қозғалтқыштарының майлау жүйесін жуу және маймен толтыру қондырғысы талқыланды, бұл қозғалтқышта майды ауыстыру уақытын үнемдеуге, майлау жүйесін жууға мүмкіндік жасайды. Бұл іс-шаралардың барлығы өрт сөндіру автокөлігінің қызмет ету мерзімін ұзартып, орындалатын жұмыстардың еңбек ауқымдылығын азайтуға, қызметтеу үрдісін механикаландыруға жағдай жасайды.

Әзірленген дипломдық жобадағы өрт сөндіру техникасын пайдалануды жетілдіру бойынша жасалған ұсыныстар өрт сөндіру автокөліктерінің іске дайындығы мен нәтижелілігін арттыра түсуге мүмкіндік жасайды.



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Өрт сөндіру қызметі органдарының техникалық қызмет бойынша қағидасы. 2005 жылғы 7 шілдеде №170 бұйрықпен бекітілген.

  2. Безбородько М.Д. Пожарная техника. - М.: Академия ППС России, 2004 -549 б.

  3. Алешков М.В. и др. Сборник задач по пожарной технике. –М: Академия ППС России. М.:2003 – 192 б.

  4. Дзикас Н.М. Пожарная техника. Часть 2. Пожарное оборудование.

  5. Безбородько М.Д. Пожарно-техническое вооружение. - М.: Стройиздат, 1981-376б.

  6. Иванов А.Ф. Пожарная техника. Часть 1. Пожарно-техническое оборудование.- М.: Стройиздат, 1988 – 415б.

  7. Иванов А.Ф. Пожарная техника. Часть 2. Пожарные автомобили. - М.:Стройиздат, 1988 -282б.

  8. Кулаковский Б.Л. Пожарные аварийно-спасательные и специальные машины. -Минск. УП «Технопринт», 2003 – 453б.

  9. Справочное пособие водителя пожарного автомобиля. – М.: ВНИИПО,1997.- 126б.

  10. Яковенко Ю.Ф., и др. Эксплуатация пожарной техники: Справочник. - М.:Стройиздат,1991- 415б.

  11. Яковенко Ю.Ф. Кузнецов Ю.С. Диагностирование технического состояния пожарного автомобиля.- М.:Стройиздат,1989-288б.

  12. Волков В.Д. Справочное пособие по работе на специальных пожарных автомобилях (ГДЗС, ПД, АСО, АСА). – М.: ВНИИПО, 1999 - 236с.

  13. Яковенко Ю.Ф. Современные пожарные автомобили. - М.:Стройиздат, 1988 -352с.

  14. Бубырь Н.Ф. Машины и аппараты пожаротушения. - М.: Высшая школа,1972-257б.

  15. Донской А.П. Пожарные автомобили.- Л.: Машиностроение, 1975 -336с.

  16. Каталог-справочник. - М.: ЦНИИТЭстроймаш, 1980 – 276б.

  17. ҚР ТЖМ 2005 жылғы 14 шілдедегі №52 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөліктік және материалдық-техникалық құралдардың тиістілігінің нормаларын бекіту туралы.

  18. Қазаұстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулық. 15.10.2010 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген.

  19. Краткий автомобильный справочник.- М.: Транспорт,1984 – 220б.

  20. Юрченко Д.Н. Научно-технический прогресс в пожарной охране. – М.: Стройиздат, 1987 – 384б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет