Қос доңғалақтарды жөндеу кезіндегі ереже қауіпсіздігі .
Тексеруге арналған өлшеу құралдары.
1.Доңғалақ жұбын және оның элеметтерін өндірістік бөлімшеде тасымалдау үшін, платформаға тиеп, түсіру үшін жөнделген жүк көтеретін механизмдер мен қолдану керек.
Бұл механизмдер мен құралдарды күнбе – күн тексеру қажет, уақыты келгенде сынақтан өткізу қажет.
Көтеріліп жатқан доңғалақ жұбының астында тұруға болмайды және оларды адамның үстінен көтеріп тасуға болмайды. Рельс колеясында доңғалақ жұбын өзіңе қарай емес, өзіңнен ары қарай домалату керек.
Доңғалақ жұбын жуатын жұмысшыларда фартук, қолғап болу керек, ал каус-
тикалық соданы еріткен кезде көзілдірік кию керек. Жуу машинасы жұмыс істеу алдында вентиляцияны қосады.
Доңғалақ жұбын жөндеу кезіндегі электросваркалық жұмыстарды бөлек ка-
бинада немесе басқа жерде жасау керек.
Білік пен доңғалақты штабельдерде немесе арнайы стеллаждарда сақтау керек.
Магнитті және ультрадыбысты дефектоскоптарда сенімді қорғаныс орнаты-
луы (заземление) болу керек.
Корпусы бұзылған немесе катушка изоляциясына зақым келген дефектоскоп-
тармен жұмыс жасауға болмады.
Дефектоскоп құрылғыларында кернеуді төмендету үшін реостат және авто-
трансформатор қолдануға болмайды.
Тек төмен кернеулі обмоткасы бар төмендеткіш трансформаторын қолдануға
болады.
Дефектоскопистер резиналы диэлектірлік қолғаптар, галош, коврик, сонымен қатар ұстайтын жері изоляцияланған құрал қолданулары қажет.
2. Доңғалақ жұбын өлшеу үшін арнайы өлшеу құралдары мен шаблондар қолданылады: доңғалақ диаметрін өлшейтін штангенциркуль; екі доңғалақтың ішкі арақашықтығын өлшейтін штихмасс; доңғалақ ободының жуандығын өлшейтін толщиномер; ободының енін өлшейтін шаблон немесе кронциркуль; біліктің шетінен доңғалақтардың ішкі жағына дейін өлшейтін прибор; микрометрлік скобалар; біліктің барлық бөліктерінің диаметрін өлшейтін микрометр және кронциркуль. Бұл құралдар доңғалақ жұбын жөндеу алдында өлшеу үшін де қолданылады. Прокат пен гребеннің желінуін анықтау үшін абсолютты шаблон қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |