9.Нұрболат Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем Наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
10.Нұрасыл Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан
11.Еркеназ Жана жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған
Шашу шашып көл көсір
Көжесі қазанда қайнаған
!нжу
Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
І Жүргізуші:
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бірге:
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
ІІ Жүргізуші:
Қай халықтың болмасын салт-дәстүрі болады. Әрбір адам халықты сыйласа, оның тілін де, салт –дәстүрін де құрметтеуі керек. Соның бірі – бала тәрбиесіне байланысты салттар. Өйткені, бала – өмірдің жалғасы, болашағы.
І-жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұралады насихаттан жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
ІІ-жүргізуші:
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
/Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/:
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын!
/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/:
Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.
/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/
Тәй, тәй, тәй, тәй!
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам!
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін!
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе!
беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады
Тойға шашу шашылсын!
Халқымның нұры тасысын!
Ата бата береді:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Әумин! Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған. Сол түні ғашықтар бір-біріне көңілін білдірген.
Қазақстандықтар үшін Наурыз – айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.
Бірге:
Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!