Оқшау сөздер Тексерген: Жазықова Р. Б


Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз



бет3/3
Дата09.04.2024
өлшемі4.69 Mb.
#498143
1   2   3
оқшау сөздер

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

  • Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:
  • – сөйлем басында келсе, одан кейін; 
  • – сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
  • сөйлем соңында келсеалдынан үтірқойылады.
  •  Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-аусірә.

Одағай сөздер Түрлі сезімді, көңіл күйді білдіру мақсатында айтылған сөз түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздерге байланысты тыныс белгісі – үтір. Сондай-ақ, көп жағдайда сөйлем соңы леп белгісімен аяқаталады. Мысалы: Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай! Логикалық көтеріңкі екпінпен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.

Абай туындыларында оқшау сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, «Аяғынды аңдап бас, ей, Жақсылық!» - дегендегі жол ортасында оқшау тұрған «ей» қаратпа сөз. Сол сияқты:

Абай туындыларында оқшау сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, «Аяғынды аңдап бас, ей, Жақсылық!» - дегендегі жол ортасында оқшау тұрған «ей» қаратпа сөз. Сол сияқты:

Хожа Хафиз - бу Һәммәси Мәдәт бер, иә, шағири фурияд!

деген жолдардағы «иә» оқшау тұрған қыстырма сөз. Осылар тәрізді: «Жә, жә! Оған мен-ақ ұятты болайын!», немесе«Ой, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің?» деген сөйлемдердегі «жә, жә!», «ой, тәңірі-ай!» оқшау тұрған одағай сөздер, ал, «қойшы әрі!» - тіркесі қыстырма сөз ретінде оқшауланып тұр.


Абай туындылары ішінде арнайы фельетон түрінде жазылған шығарма жоқ. Бірақ фельетон жанрымен сарындас келетін сыншыл сықақтары, арнау өлеңдері, басқа тілден аударған мысал мысқылдары аз емес. Мысалы, ақынның «Уағалайкүмүссәләм» деген шағын өлеңі өткір сынымен, әлеуметтік кеселге айналған тоғышарлықты аяусыз туйрейтін, ащы мысқылымен, терең ойымен, бас-аяғының жинақылығымен оқшау сөздерді пайдаланудың тамаша үлгісі болып табылады. Сондай-ақ Абайдың Көжекбайға, Көкбайға, Абралыға, Шәріпке, Қара қатынға, Разаққа, Қатыны мен Масақбайға шығарған арнау өлеңдерінен, «Мәз болады болысың», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Болыс болдым мінеки», «Бестегім құтылдың ба Көтібақтан» сияқты сатиралық шығармалары мен И. А. Крыловтан аударған бір топ мысалдарынан оқшау сөздердің көптеген үлгілерін табуға болады.[
  • https://itest.kz/kz/ent/qazaq-tili/sintaksis/lecture/oqshau-sozder-turleri-qaratpa-qystyrma-odahaj-sozder-tynys-belgisi itest.kz парақшасынан


  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 


  • Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. 

Пайдаланған әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет