Оқшаулағыш, амортизациялағыш және сорғыш



бет2/2
Дата11.02.2024
өлшемі25.86 Kb.
#491570
1   2
Орамдау материалдары

Амортизациялық материалдарды сынау әдістері. Әртүрлі көлікпен тасымалдау кезінде, қоймаларда штабельдеп сақтау кезінде, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде «бұйым-орам» жүйесіне әртүрлі жүктемелер, соққылар мен дірілдер әсер етеді. Тәжірибе жүзінде өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу барысында «бұйым-амортизация-ыдыс» жүйесіне әсер ететін ең қауіпті жүктемелер жүк операцияларын орындау кезінде жерге түсу (құлау) кезінде туындайтын жүктемелер, яғни соққылар болып табылатыны көрініс тапты.
Тасымалдау мен қайта тиеудің әртүрлі жағдайларында жүк пен ыдысқа келтірілетін нормативтік әсерлер 7-кестеде келтірілген.

7-кесте Тасымалдау мен қайта тиеудің әртүрлі жағдайларында жүк пен ыдысқа келтірілетін нормативтік әсерлер





Рет. саны

Тасымалдау мен қайта тиеу жағдайлары

Жүктеме шамасы үлеспен (д)

1.

Темір жолмен

2,0

2.

Автокөлікпен:




3.

Асфальт жабынмен

1,0-1,5

4.

Топырақ жолмен

3,5

5.

Теңіз көлігімен

1,0

6.

Әуе көлігімен

2,0-5,0

7.

Теміржол вагондардың соқтығысуы кезінде

3,0

8.

Жүк операцияларын орындау кезінде

2,5-5,0

9.

Түсу кезіндегі соққылар

25,0 және одан көп

Амортизациялағыш материалдарды таңдап, пайдалану кезінде олардың динамикалық және статикалық жүктемелер әсерімен қандай күйде болатынының сипатын ілу қажет.


Амортизациялағыш материалдардың қасиетіне жүктеменің шамасы мен әсер ету ұзақтығы, сонымен қатар тасымалдаудың климаттық жағдайлары мен жүкті сақтау жағдайларының маңызы елеулі болады.
Амортизациялағыш материалдардың қасиеттерін зерттеу үшін белгілі бір сынақ түрлері белгіленген.
Динамикалық сынақтар. Динамикалық сынақтарды жүргізу кезінде арнаулы құрылғыда салмағы ауыспалы жүктің (тоқпақтың) әртүрлі биіктіктерден амортизациялағыш материалдан жасалған, тиісінше, сынаққа дайындалған аралық төсемге құлату орындалады. Бұл жағдайда тоқпақтың үлгімен жанасу сәтіндегі жеделдеу шамасы тіркеледі (өлшеулер ауырлық күшінің жеделдеуіне еселі сандармен жүргізіледі), сонымен қатар үлгінің деформациялану шамасы тіркеледі. Амортизациялағыш материалдың сипаттамасы үшін жүкті лақтыру (құлату) биіктігін таңдаудың маңызы зор, ал ол жүк тиеу-түсіру жұмыстарының жағдайлары мен тәсілдеріне байланысты болып келеді.
Жүктің құлау биіктігінің ең жиі кездесетін шамалары 8-кестеде келтірілген.

8-кесте Жүктің түсу биіктігінің шамалары



Жүктің салмағы, кг

Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау жағдайлары

Ықтимал құлау биіктігі, мм

0-8

Бір адам лақтырғанда

1050

8-20

Бір адам апара жатқанда

900

20-100

Екі адам апара жатқанда

750

100-400

Электрлі тиеуіш қолданылғанда

450

Тасымалдау және қайта тиеу барысында «бұйым-амортизация-ыдыс» кешені бірнеше рет құлауы ықтимал. Үлгілерді сынау кезінде бұл жағдайды ескеру қажет. Қайтамала соққы әсерімен маетриалда қалдық деформация жиақталады, демек, оның амортизациялағыш қасиеттері жойылады.


Сынақтардың нәтижелері бойынша «соққыдан жеделдеу-статикалық жүктеме» тәуелділігі сызбасы жасалады. Бұл тәуелділік амортизациялағыш материалдың негізгі динамикалық сипаттамасы болып табылады, соның негізінде сол материалдың нақты жұмыс жағдайларына сәйкестігі тексеріледі. «Соққыдан жеделдеу-статикалық жүктеме» тәуелділігін көрсететін қисық сызыққа минимумы айқын көрініп тұрған өзіндік ойыстық тән болып келеді. Мұны келесі жағдайлармен түсіндіруге болады. Салмағы аз болған жағдайда тоқпақ (динамикалық қисықтың сол жақ шеті) амортизаторға материалдың серпімді күштерін еңсеріп, оны едәуір шамаға деформациялау үшін қажетті жүктемеден кем жүктеме туғызады (кері секіру туындайды). Бұл орайда соққыдан едәіур жеделдеу пайда болады. Тоқпақтың салмағы артқан сайын материалдың деформациясы ұлғайып, ақыр соңында материал ең жақсы амортизациялық қасиетін көрсететін шамаға жетеді. Бұл жүктеме динамикалық қисықтың ең кіші шамасына сәйкес келеді. Тоқпақ салмағын одан әрі ұлғайту қалдық деформацияның өсуін туындатады. Қатты басу нәтижесінде материал өзінің амортизациялық қасиетін жоғалтып, соққыжан жеделдеу қайта өсе бастайды (қисық сызықтың оң жақ шеті).
Сонымен, қисық сызықтың (динамикалық сипаттаманың) ең кіші шамасы аймағы сынақтан өткізіліп жатқан материалдың ұтымды жұмыс жағдайларына сәйкес келеді.
Статикалық сынақтар. Ұзақ уақыт әсер ететін статикалық жүктеменің әсерімен (қоймада штабельдеп сақтау кезінде) аралық төсем қабаты жұқарады, демек, оның демпфирлеу қасиеті кемиді. Сақтау жағдайларына ұқсас сынақтар барысында алынған нәтижелердің негізінде статикалық жүктемеден туындайтын деформациялар тәуелділігі сызбасы жасалады. Бұл тәуелділік амортизациялағыш материалдардың статикалық сипаттамасы деп аталады.
Климаттық сынақтар. Бұл сынақ түрі температура мен ылғалдықтың амортизациялағыш материалдардың негізгі қасиеттеріне әсерін анықтау үшін өткізіледі. Сынақ берілген материал үшін барынша қолайсыз жағдай жасалған климаттық камерада өткізіледі.
Көбікті материалдар үшін ол ыстық әрі құрғақ тропикалық климат жағдайы (температурасы +70°С, ұзақтығы 85 тәулік), сондай-ақ, ылғалды тропикалық климат жағдайы (температурасы +40°С, ылғалдығы 95-98%, ұзақтығы 85 тәулік). Картонды сынау үшін келесі өлшемдер қабылданады: температурасы +35°С, ылғалдығы 80-85°С, ұзақтығы – 15 тәулік.
Сынақтардың негізінде сынақтан өткізілетін үлгілерді пайдаланудың ең ұтымды жағдайлары белгіленеді. Амортизациялағыш аралық төсемдердің материалын таңдау және өлшемдерін есептеп шығару 
Салмағы Q және тіреу ауданы S болатын бұйым жүк тиеу-түсіру жұмыстары барысында соққыдан қорғауды талап етеді делік. Және де бұйымның өзі кқос тең шамадан тыс жүктемені көтеретіні, ал оның құлайтын ең үлкен биіктігі Н құрайтыны белгілі болсын. Осы аталған бұйымды қорғау үшін динамикалық сипаттамалары мына өрнекпен суреттелетін амортизациялық материалдардан жасалған арнайы аралық төсемдер қолданылады:

K = (48)


мұндағы К – соққыдан келген шамадан тыс жүктеме, g үлесімен (ауырлық күшінің жеделдеуі);
К = ; αп – соққыдан жеделдеу, м/с2
Р – бұйымның аралық төсемге статикалық қысымы, Н/см2
Н – бұйымның құлайтын биіктігі, см; 
h – аралық төсемнің биіктігі, см; 
α0, α2 – материалдың соққыдан қорғау қасиеттерін сипаттайтын тұрақты өлшем шамалары, см2/Н; Н/см2
α1 – амортизация коэффициенті.

Амортизациялағыш материалды таңдау келесі шартпен анықталады:


Кmin ≤ Кқос (49)


мұндағы Кmin – белгілі бір түрдегі амортизациялағыш материал берілген жағдайда қамтамасыз ете алатын соққыдан келетін шамадан тыс жүктеменің ең кіші мәні.
Соққыдан келетін шамадан тыс жүктеменің ең кіші мәнін табу үшін (48) өрнегінің бірінші туындасын алып, оны нөлге теңестірейік:
= = 0 (50)
Осыдан келіп К функциясын барынша кемітетін статикалық қысым мәні мына шаманы құрайды:

P* =  Н (51)


Ал соққыдан келетін шамадан тыс жүктеменің ең кіші мәнін (2.23) өрнегіне Р мәнінің орнына Р* мәнін қою арқылы табамыз. Өзгерткен соң өрнек мына түрді иеленеді:


Кmin = , (52)


мұндағы С – амортизацияның жалпылама коэффициенті.

C =  (53)


Сонымен, Кmin ≤ Кқос болса, амортизациялағыш материалдың осы түрін аралық төсем жасау үшін қолдануға болады. Таңдап алынған материалдан жасалған амортизациялағыш аралық төсемнің геометриялық өлшемдері (49) және (49) өрнектерінің негізінде анықталады.


Аралық төсемнің қалыңдығы Кmin = Кқос жағдайында нақтыланады:

h = м (54)


Аралық төсемнің ауданы бұйым салмағынан аралық төсемге келетін статикалық қысымның ұтымды мәнін қамтамасыз ету шартынан анықталады:


P* =  Н (55)


мұндағы Sпр – амортизациялағыш аралық төсемнің ауданы.

Сонда  м2 (56)


немесе, (2.29) өрнегін ескере отырып,


 м2 (57)


мұндағы Ср – өлшемнің тұрақты шамасы, см2/Н, ол былайша анықталады:

 см2/Н (58)


Кейбір амортизациялағыш материалдар үшін С және Ср шамаларының мәндері 9-кестеде келтірілген.


9-кесте Кейбір амортизациялағыш материалдар үшін С және Ср шамаларының мәндері



№№

Материалдар

Тығыздығы, кг/м3

Шамаларының мәндері

С

Ср, см2

1.

Көбікті полиуретан

33

2,25

7,82







43

3,02

2,49

2.

Көбікті полистирол

50

3,54

1,28







23

2,83

0,24

3.

Латексті губка

132

5,09

2,38







162

3,19

2,88







207

5,15

0,54

4.

Картон

№ 1

2,50

1,93







№ 2

3,37

0,60

Аралық төсемнің алынған Sтөс ауданы S жүктің сүйену ауданымен салыстырылады.


Егер S/2төс≤S болса, аралық төсемнің ауданы Sтөс етіп жасап, оны жүктің ауырлық орталығының астына орналастырады.
Егер Sтөс болса, онда бұйымның сүйену ауданын ұлғайту немесе басқа материалды таңдап, есептеуді қайта орындау қажет.
Жасалған есептеулер бойынша аралық төсемдерді құрастырып, бұйымдарды орамдап, 18424-73 МемСТ-да белгіленген тәртіппен сынама соққылар жасайды.
Тасымалдау кезінде орамға және бұйымға кең жолақты кездейсоқ діріл әсер етеді, сондықтан «бұйым-амортизатор» жүйесінің өз жиілігіне тура сәйкес келетін жиіліктің пайда болуы, яғни резонанс туындауы ықтимал. Резонанс туындаған кезде орамдалған бұйым дірілінің жеделдеуі рауалы мөлшерден асып, оны зақымдауы мүмкін. Осыған байланысты 19089-73 МемСТ бойынша есептелген амортизаторы орамның бар дірілден қорғау қасиеттерін бағалау жүргізілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет