Сыныпта подкастингіні пайдалану жолдары Аудиотурлар
Мұражайлар, арнайы көрмелер адамдарды бір уақытта оқыта әрі көңілдерін көтере отырып, әртүрлі жәдігерлер бойынша аудиотурлар ұсынады. Сол сияқты оқушылар да тақырып мазмұнын зерделеп, алған білімдерін көрсету тәсілі ретінде аудиожазба жасай алады, осылайша оқыту мен оқу үдерісін белсендірек етеді. Бүгінгі таңда аудиотурларды оқушылардың жоба жұмыстары ретінде пайдаланудың бірнеше нұсқалары бар:
оқушылардың мектептік турлары, оқушылардың көркемсурет көрмесі бойынша туры, оқушылардың өлкетану туры, жергілікті тарих, өткен өркениет және т.б. бойынша турлар.
Өмірбаян очеркі
Оқушылар зерттеу үшін адамды (мүмкін - әдеби кейіпкерді) таңдап алып, кейіпкердің атынан драмалық диалог құра алады. Олар тарихтағы әрекетті сипаттап, сюжет туралы пікір айта алады.
Кітапқа рецензия
Кітапқа рецензия жазуға арналған аудиоподкаст оқушылар үшін оқитын жаңа кітапты таңдау кезінде пайдалы болуы мүмкін. Бұл тәсілдің қосымша пайдасы – рецензенттер мақсатты аудиторияны тарту үшін өз рецензияларын дайындаулары керек. Кіші жастағы балалармен өз рецензияларымен бөлісу үшін жоғары сынып балаларын шақырған жақсы болар еді, осылайша оларды көбірек оқуға құлшындыруға болады.
Дебаттар
Дебат өткізу тәжірибесін немесе өзін өзі бағалауды жақсарту мақсатында сындарлы сын білдіру үшін дебаттардың үлгілерін жазып алыңыз.
Түсіндіру және оқыту
Подкастыларды идеяларды түсіндіру және оқу материалдарын тарату үшін пайдалануға болады. Бұл оқушыларға бірден түсінбеген жағдайда қайтып келіп, қайта-қайта тыңдауға және қарауға мүмкіндік береді.
Публицистикалық стиль – ұлттық/халықаралық жаңалықтар
Публицистикалық подкаст түсінігі жиі кездеседі, ол журналистикаға мейлінше бейімделген. Оқушылар жаңалықтардың өзіндік нұсқаларын жаза алады немесе әлемде шынымен болып жатқан тақырыптар бойынша өз репортаждарын дайындай алады.
Музыкалық ілгерілеу
Таңдап алынған музыкалық құралда ойнау дағдыларының жетілуін жазып алу жақсы идея болып табылады.
Зертхананы зерттеу
Эксперимент жұмысын жалғастыра отырып, оқушылар өз бақылауларын жаза алады немесе оқушылар зертханалық планшеттерде тыңдау үшін мұғалімдер эксперимент кезеңдерінің жазбасын жүргізе алады.
Дарынды және талантты балаларға арналған жоба
Подкастинг баршаға арналған, алайда кез-келген оқу саласында қабілеті молырақ оқушылар үшін жоба жүргізуге жақсы негіз бола алады.
Бақылауға арналған материалдар
Оқушыларыңызға тест және емтихандарға қажет болатын заттардың өз бейне немесе аудиожазбаларын жасауды ұсыныңыз, содан кейін тыңдау үшін барлығына таратыңыз. Аудитория қаншалықты көп болса, оқушылар өз материалдарының мазмұнына, дайындық деңгейіне және сапалы жасалуына көбірек көңіл бөледі.
Тілдерді үйрену
Подкастыларды таза шетел тілінде жазу оқушыларға өздері үйреніп жүрген шет тілін жетілдіру үшін жақсы бастама болып табылады. Тіл үйренуге келгенде подкастинг зор көмек бере алады.
Оқушылардың пікірі
Оқушылардан ағымдағы оқиғаларға назар аударуды сұрап, олардың жергілікті, ұлттық немесе халықаралық жаңалықтарды қалай қабылдайтынын жазып алыңыз.
Жазғы оқу бағдарламасы
Егер жазғы оқу бағдарламасы барысында оқушылардың қызығушылығын ояту тәсілін іздесеңіз, сізге RSS-арнасын орнатып, апта сайын оқушыларға арнап подкастыларды жариялап отыруыңызға болады. Сіз кітаптан алынған диалогтарды қосып, шағын мақсаттарды анықтап, табысты оқырмандардың жетістіктерін атап өте аласыз.
Пьесаның бейне-подкастылары
Мектептегі көптеген сахналық қойылымдар көрермендердің ризалық білдерген жазбаларынсыз және атқарылған жұмысқа масаттанусыз аяқталып жатады. Оқушылар өз техникасы мен стилін өзара бағалай алатындай етіп, бірнеше драмалық қойылымдарды бейнеподкастыларға жазу жақсы идея болар еді.
Дене шынықтыру сабақтарының бейнеподкастылары
Спортта қолданылатын техникаларды (белгілі бір жаттығуларды орындау техникасын) жақсы меңгеру зор қуаныш ұялатып, спортқа тартылуға негіз бола алады. Жаттығуларды үйрену бейнежазбасын жасап, оларды тарату – жақсы идея. Осының арқасында оқушылар өздерінің не істегендерін бағалап, жақсы мен жаманды салыстырып, айыра алатын болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |