Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ақысы алдын ала төленген карточкаға ақша қабылдау бойынша қаржылық қызмет көрсету және Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт



жүктеу 58.19 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі58.19 Kb.
АҚЫСЫ Алдын ала төленген төлем карточкасының

Қосылу шарты


20___жылғы ___ ____________ ______________ қ.



Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ақысы алдын ала төленген карточкаға ақша қабылдау бойынша қаржылық қызмет көрсету және Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт. Осы Шарт Қосылу шарты болып табылады. Клиенттің алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алу және Банк кассасына ақша төлеу фактісі Клиенттің Шарттың талаптарымен келіскендігін және оған қосылғандығын білдіреді.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Шартқа сәйкес Банк Клиенттен (жеке тұлғадан) төмендегі талаптармен Клиенттің ақысы алдын ала төленген төлем карточкасына ақшаны ең төменгі ақша қалдығы ретінде қабылдайды, ал Клиент мұндай талаптармен толық және сөзсіз келіседі.

1.2. Клиент карточканы Қазақстан Республикасының заңнамасыына, Карточканы пайдалану ережесіне және Шарттың талаптарына сәйкес қабылдауға және пайдалануға, Банктің ақысы алдын ала төленген төлем карточкасына қызмет көрсету ақысын Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес төлеуге міндеттенеді.

Кепілдіктер және Растаулар


2.1. Клиенттің ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алуы Клиенттің Шарт талаптарымен келіскендігін және Шарттың талаптарына қосылғандығын білдіреді.

Клиент ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын сатып ала отырып, ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын өз мақсаты үшін сатып алатындығы және оны заңға қайшы келмейтін мақсаттарға пайдаланатындығы туралы мәлімдейді (оның алғашқы немесе келесі сатып алушы болуына байланыссыз) .

2.2. Егер Клиент ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын үшінші тұлғаға беру үшін сатып алатын болса, онда оны заң талаптарын сақтайтын және адал азаматтар болып табылатын және Клиенттің пікірі бойынша карточканың заңсыз мақсаттарға пайдаланылуына жол бермейтін өзінің таныстарына беруге құқылы.

3. ақысы Алдын ала төленген карточкаға қызмет көрсетудің негізгі талаптары



3.1. Банк карточканы анықталған ақша номиналымен (номиналды карточка) және/немесе номиналсыз бір рет толықтыра отырып, алдын ала берілген нөмірмен, белгіленген әрекет ету мерзімімен, карточка ұстаушының деректемелерінсіз шығарады.

3.2. номиналды және номиналсыз ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы Банктің ішкі құжаттарына сәйкес стандартты түрде шығарылады. ақша карточкаға енгізілгеннен кейінгі келесі банктік күн ішінде карточкадағы ақшаға қол жеткізуге болады.

3.3. Клиент ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын өзі пайдалану үшін сатып алған жағдайда ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алғанннан кейін оның кері бетіндегі қол қою үлгілеріне арналған тақтаға қол қоюы керек.

3.4. Клиент ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын үшінші тұлға үшін сатып алған жағдайда ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы берілетін тұлға карточканың кері бетінде қол қояды.

3.5. Банк ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалану арқылы іске асырылатын операцияларды есепке алу үшін ақшаны Банктің ішкі шоғырландырылған шотына қабылдайды.

3.6. Клиент ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын өзі пайдалану үшін сатып алған жағдайда Клиенттің ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының жарамдылығын және ДСН-кодтың дұрыстығын банкомат немесе POS-терминал арқылы тексеруі (мысалы, балансты тексеру) қажет.

3.7. Клиент ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын келесі үшінші тұлғаға беру мақсатымен сатып алған жағдайда ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы берілетін тұлға ғана ДСН- конвертті аша алады.

3.8. Ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының әрекет ету мерзімі 13 (он үш) ай.

3.9. Ақысы алдын ала төленген төлем карточкасымен операция жүргізу валютасы - тенге.

3.10. Ақысы алдын ала төленген төлем карточкасына ақша теңгемен бір рет ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алатын сәтте қабылданады. Бұл ақысы алдын ала төленген төлем карточкасында көрсетілген номинал сомасы болуы мүмкін. Номиналсыз ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы үшін ең төменгі жарна кемінде 2000 (екі мың) теңге және 100 000 (жүз мың) теңгеден аспайтын болуы керек.

3.11. Клиентке ақысы алдын ала төленген төлем карточкасынан ақшаны ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының әрекет ету мерзімі ішінде толығымен игеруге ұсыныс жасалады.

3.12. Ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының әрекет ету мерзімі ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

3.13. Әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының әрекет ету мерзімі тоқтатылмайды.

3.14. Әрекет ету мерзімі аяқталған ақысы алдын ала төленген төлем карточкасындағы ақша қалдығы Клиентке қайтарылмайды. Әрекет ету мерзімі аяқталған ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы алып алынуы тиіс.

4. ДСН-КОД анық басылмаған және/немесе карточканың магнитті жолағы бүлінген жағдайда ақысы алдын ала төленген төлем карточкасынан ақша беру



4.1. ДСН-код анық басылмаған жағдайда және/немесе ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша алғашқы операция жүргізілгенде банкомат немесе POS-терминал карточканың магниттік жолағынан ақпаратты оқи алмаса және ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша ешқандай операция жүргізілмеген болса (ДСН-кодты енгізуді талап етпейтін сауда және қызмет көрсету өнеркәсіптерінде жүргізілген операцияларды қоспағанда) Клиент анық басылмаған ДСН-кодты және ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын тапсырғанда Банк қолма-қол ақша қалдығын комиссия алмай береді.

Анық басылмаған ДСН-код және магнит жолағы бүлінген ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы алып алынуы тиіс.

4.2. Егер осы ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша бұрын операциялар жүргізілген болса Банк қолма-қол ақша қалдығын Клиент қолма-қол ақша берілгені үшін Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақы төлегеннен кейін береді.

4.3. Мынадай жағдайларда ақысы алдын ала төленген төлем карточкасынан ақша қайтару қарастырылған:

1) карточка бүлінген және оны әрі қарай пайдалану мүмкін емес;

2) ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы ұрланған /жоғалған;

3) әрекет ету мерзімі аяқталған.

5. ақысы алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша шектеулер

5.1. Ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының әрекет ету мерзімі ішінде, алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алу сәтінде алдын ала төленген төлем карточкасын толықтыруды қоспағанда, оның есебіне ақша алуға жол берілмейді.

5.2. Ақысы алдын ала төленген төлем карточкасының кері бетінде басқа тұлғаның қолы қойылған болса ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын бұл тұлғаның пайдалануына беруге болмайды.

  1. Дауларды шешу тәртібі

6.1. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін дұрыс орындамауына байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөз жүргізу арқылы шешіледі.

6.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының сотында қаралуы тиіс. Даулар мен келіспеушіліктерді шешуге қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.

6.3. Осы арқылы Тараптар электронды тасымалдаушылардағы операциялар туралы мәліметтерді Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктерді шешкенде дәлелдеме ретінде мойындау туралы келісімге келді.

7. Қорытынды қағидалар



7.1. Шарттың күшіне енген және қосылған күні Клиент ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алған және Банк кассасында алдын ала төленген төлем карточкасына ақша салған күн болып есептеледі.

7.2. Банк Шартты Банктің алдын ала төленген төлем карточкасын сатуды іске асырылатын барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ веб-сайттың www.halykbank.kz электрондық мекен-жайында орналастыруды қамтамасыз етеді.

7.3. Банк Ереже мен Тарифтерді және Ережеде анықталмаған банктік қызмет көрсетудің басқа талаптарын бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы Банк Клиентті өзгерістер мен толықтырулар әрекетке енгізілгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей Банктің ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын сату іске асырылатын бөлімшелерінде, сондай-ақ веб-сайттың www.halykbank.kz электрондық мекен-жайында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді.

7.4. Банктің ақысы алдын ала төленген төлем карточкасын сатуды іске асыратын қызметкері міндетті түрде карточка сатып алушылардың назарын Шарт талаптарының мазмұнына, оның ішінде карточканы заңды түрде ұстау талабына, оның ішінде кепілдіктер мен растаулар туралы талаптарға аударуға тиіс.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет