Қосыбаева умітжан аманкелдықызы жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру



бет2/3
Дата17.06.2016
өлшемі499.48 Kb.
#141231
түріДиссертация
1   2   3
    Бұл бет үшін навигация:
  • Атауы

Сонымен бірге лабораториялық сабақтар жоспарын құру кезінде теориялық материалдардың берілу реті, қамтылған тақырыптар мен басқа да арнайы курстарда қарастырылған тақырыптар ескерілді.

Педагогикалық жүйені жүзеге асыруда қолданылған оқу-әдістемелік құралдар мен технологиялық компонент элементтерінің сипаттамасы төмендегідей (кесте 5):
Кесте 5 - Оқу -әдістемелік құралдар мен технологиялық компонент элементтерінің сипаттамасы

Атауы

Мазмұны


«Интеллектуалды жүйелер» оқу құралы

Оқу құралында қажетті теориялық және практикалық материалдар, тест тапсырмалар мен тақырыптар бойынша арнайы сұрақтар келтірілген. Оқу құралы «Жасанды интеллект», «Эксперттік жүйелер», «Интеллектуалды жүйелер», «Информатика» пәндері бойынша студенттерге қосымша оқулық ретінде, сонымен қатар интеллектуалды жүйелер саласында жұмыс істеуші оқырмандар қауымына арналған.


«Жасанды интеллект және интеллектуалды жүйелер негіздері» электронды оқу құралы

Электронды оқу құралы жасанды интеллект, интеллектуалды жүйелер, логикалық бағдарламалау бойынша негізгі деген теориялық материалдардан, жеке орындауға арналған тапсырмалардан, тесттерден, өзін тексерге арналған сұрақтардан тұрады. Электронды оқу құралын жоғары оқу орындарының интеллектуалды жүйелер бағытындағы пәндер мен «Информатика» пәнін оқыту бойынша студенттеріге қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады.

«Информатика негіздері» электронды оқу құралы

Электронды оқу құралы теориялық материалдардан, жеке орындауға арналған практикалық тапсырмалардан, тесттерден, өзін тексеруге арналған сұрақтардан тұратын болғандықтан жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында «Информатика» пәнін оқыту бойынша студенттерге қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады.

Интернет-сайт (www.ai.nxt.kz/lectures адресі бойынша);

www.ai.nxt.kz/lectures адресі бойынша интернет бетіндегі материалдарды студенттер интеллектуалды жүйелер бойынша оқытылатын пәндерге қосымша әдебиет ретінде қолдана алады


Интернет-форум (www.ai.nxt.kz адресінде).

«Ai–интеллектуалды жүйелер» тақырыбында өткізілген форум жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелер бойынша даярлау жағдайын анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Интеллектуалды жүйелерге қатысты оқу әдістемелік мәселелерін шешу барысында мына жағдайларды ескердік:



  • студенттердің игерген пәндер бойынша білімдерінің өзара байланысын анықтау және талдау;

  • оқу жоспарындағы интеллектуалды жүйелерге байланысы бар пәндерді оқып-үйрену процесінде студенттер игерген эксперттік жүйелер құру әдістерін талдау;

  • кешенді пайдалануды талап ететін мәселелерді қарастыру;

  • кез келген құбылысты, процесті, эффектілерді, объектіні, проблемаларды және т.б. алгоритмдік шешімі жоқ есептерді модельдей алуы және логикалық интерпретациялай алуына үйрету;

  • эксперттік жүйелер құра білуін анықтау және нәтижесін талдау.

Интеллектуалды жүйелерге оқытудың әдістемесін жетілдіруде логика және ойларды модельдеу ұғымдарына көңіл бөлдік. Логикалық бағдарламалау элементтерін ұтымды пайдалану негізінде студент практикада тек алгоритмдік шешулері бар есептерді меңгерумен қатар, кез келген есептің компьютерлік шешімін табатындығын ескердік.

Ұсынылған педагогикалық жүйенің тиімділігін бағалау үшін айқындаушы экспериментте алынған критерийлер бойынша қалыптастырушы эксперимент жүргізілді (кесте 6).


Кесте 6 – Эксперимент соңындағы студенттердің интеллектуалды жүйелер бойынша даярлығының деңгейі (қалыптастырушы эксперимент), %


Студенттердің интелектуалды жүйелер бойынша даярлығының компоненттері

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төмен деңгей

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Мотивациялық

20,4

18,6

71,3

51,3

8,3

30,1


Мазмұндық

21,3

14,2

69,4

50,4

9,3

35,4


Процессуалдық

32,4

12,4

56,5

30,1

11,1

57,5


Студенттерді деңгей бойынша бөлудің орташа мәні

24,7

15,1

65,7

43,9

9,6

41

Педагогикалық зерттеулерде зерттеу нәтжелерін салыстыруда параметрлік емес әдістер қолдану тиімді. Біз зерттеу жұмысымыздың топтар арасындағы айырмашылықты анықтау мақсатында X2 әдісін қолдандық (К.Пирсон критерийі). X2 басқаша келісім критерийі деп те аталады. X2 келесі формуламен есептеледі (1):



(1)

мұндағы: эксперименттік мәліметтер интервалының салыстырмалы жиілігі; - бақылау мәліметтері интервалының салыстырмалы жиілігі.

Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері «Студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру» педагогикалық жүйесін жоғары оқу орындарында пайдаланудың тиімділігін айқындап, зерттеу жұмысымыздың ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеді.
Қорытынды
Қоғамның барлық салаларында ақпараттық технологиялардың тереңінен енгізілуі қолданыс аймағы уақыт өткен сайын артып келе жатқан интеллектуалды жүйелер бойынша кәсіби мамандардың жоғары даярлығы болуының маңыздылығын көрсетіп отыр. Осындай шарттардың барлығы жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнына сапа және деңгей бойынша қойылатын талаптарға ықпалын тигізді. Зерттеу жұмысымыздың барысында жүзеге асырылды:


  1. жоғары оқу орындарында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлаудың негіздері және жағдайы анықталды;

  2. интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделі, компоненттері, критерийлері және көрсеткіштері анықталды;

  3. интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделін жүзеге асыратын педагогикалық жүйе жасалды және ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, акционерлік қоғам «Балқаш гуманитарлық техникалық институты» жоғары оқу орындарына ұсынылды: арнайы курстар бойынша оқу жұмыс бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, тест және практикалық тапсырмалары, электронды оқу құралдары, оқу құралы, Интернет-сайт (www.ai.nxt.kz/lectures адресі бойынша), «Ai–интеллектуалды жүйелер» тақырыбындағы Интернет-форум (www.ai.nxt.kz адресінде);

  4. студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру оқу-әдістемелік тұрғыдан қамсыздандырылды:

  • жасалған талдаулар негізінде оқу жоспарларын толықтыру ұсынылды; арнайы курс мазмұндарын құруда мамандықтар бойынша ҚР МЖМБС-тағы міндетті компоненттер құрамындағы пәндер мазмұны толықтырылды;

  • арнайы пәндер арқылы бекітілді;

5. студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге асырылды, зерттеу барысында алынған нәтижелер болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде, сонымен қатар білімі мен біліктілігін арттыруға жасалған жүйе мен қолданылған әдістердің оңтайлығын дәлелдеді.

Тақырып бойынша зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық зерттеу бағдарламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу тәрбие процесіне ендірілуімен қамтамасыз етілді.

Интеллектуалды жүйелер бойынша жоғары оқу орнында студенттерді даярлауды жетілдіру үшін диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелеріне сүйене отыра төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:


  1. ақпараттық технологиялар, оның ішінде интеллектуалды жүйелерге қатысты ағымдық материалдар жиі ауысып отыратындығын және жоғары оқу орнында алған білімдерін мамандар өндірісте тиімді қолдану қажеттілігін ескере отыра, әрбір келесі жаңа оқу жылдарында оқу жоспарын қайта талдап, қарастыру;

  2. «Студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру» атты педагогикалық жүйені еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында қолдануға ұсыну.

Қарастырылған «Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары келешекте қоғам талабын, теориялық-практикалық жаңашылдықтарды есепке ала отыра, пән мазмұндарының интеграциясында жалғасын табуы мүмкін.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1. Интеллектуалды жүйелер және олардың оқу процесіндегі қолданылуы жайлы // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №2 (42). -Б.102-105. (М.С. Мәлібековамен авторлық бірлестікте).

2. Интеллектуалды жүйелердің алғы шарттары және жоғары оқу орындарында оқытудың ғылыми теориялық негіздері // Ұлт тағылымы. – 2008. - №1. - Б.85-88. (М.С. Мәлібековамен авторлық бірлестікте).

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың оқу процесіндегі рөлі // XXI ғасырдағы ғылым және білім: Еуразия кеңістігінде даму динамикасы: халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Б.3. – Павлодар: Павлодар университеті, 2006. – Б.141-143. (Д.К.Шегировамен авторлық бірлестікте).

4. Жасанды интеллект жүйесінің қоғамда қолданылуы жайлы // Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері: халықыралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. – Тараз:"ТАШ" баспа-ханасы, 2007. – Б. 241-244.

5. Қоғамның ақпараттануынан туындаған кейбір мәселелер жайлы // С.Сейфуллин атындағы ҚазМАТУ-дың 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Астана:ҚазМАТУ баспаханасы, 2007. – Б. 149-151. (Д.К. Шегировамен авторлық бірлестікте).

6. Жасанды интеллект бағыттары бойынша жоғары оқу орындарында білім берудің қоғамдағы маңызы // Патриоттық тәрбие - Қазақстан тәуелсіздігінің негізі: pеспубликалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Талдықорған: Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2007. – Б. 143-146. (Д.К. Шегировамен авторлық бірлестікте).

7. Студенттердің көптапсырысты логикалық бағдарламалау білімі мен білігін жетілдіруде жасанды интеллект бағыттарына оқытудың рөлі // Педагогикалық білім беру ісі: тарихы және бүгінгісі: pеспубликалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Ақтөбе:Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, 2007. – Б. 317-322.

8. Совершенствование подготовки студентов в условиях кредитной технологии обучения в вузе // В мире образования. - 2007. - №5. С.17-20. (Д.К.Даутбаевамен авторлық бірлестікте).

9. Жоғары оқу орындарында интеллектуалдық жүйелерге оқытудың қажеттілігі // «Білім туралы» заң талаптарына сай кәсіби маман даярлау және біліктілігін жетілдіру проблемалары: халықаралық ғылыми–практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2007. – Б. 206-208.

10. Жоғары оқу орындарында «Жасанды интеллект» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері // Қазіргі заманғы маңызды мәселелер. Педагогика сериясы. - 2008. - №5 (22). - Б.39-42.

11. Ақпараттық технологиялар бойынша кәсіби мамандар дайындауда интеллектуалды жүйелерге оқыту бойынша даярлықты жетілдірудің педагогикалық жүйесі // Инновациялық экономиканы құрудағы университеттердің рөлі: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Өскемен: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, 2008. – Б.611-615.(М.С.Мәлібекова, Д.К.Шегирова-мен авторлық бірлестікте).

12. Оқу процесін ұйымдастыруда интеллектуалды жүйе бағыттарының қолданылуы // Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2008. – Б.121- 123.

13. Интеллектуалды жүйелер бойынша даярлық жетілдіруде қоғам талаптарын ескеру қажеттілігі // Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2008. – Б. 60- 63.

14. Жоғары оқу орындарындағы қашықтықтан оқыту барысында жасанды интеллект жүйесінің қолданылуы жайлы // Бірыңғай білім беру кеңістігінің қалыптасуы: мәселелері және перспективалары: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2007. – Б.319- 324. (Д.К. Шегировамен авторлық бірлестікте).

15. Жоғары оқу орындарында жасанды интеллект пен оның оның бағыттарына оытудың философиялық негіздері // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2008. - №3(51). -Б.100-105. (М.С.Мәлібековамен авторлық бірлестікте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет