Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы



жүктеу 86.82 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі86.82 Kb.
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 43, 475-құжат

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Агенттiң 2010 жылға арналған қызметiне ақы төлеу 52178612 (елу екi миллион бiр жүз жетпiс сегiз мың алты жүз он екi» теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 741 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейiн 15 күнтiзбелiк күн iшiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау үшiн "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебiнен агент қызметтерiне ақы төлеудi жүзеге асырсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.06.30 N 554, 2008.05.13 N 450 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз), 2009.07.02 N 1024, 2010.07.20 N 741 Қаулыларымен.
      4. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.17 № 425 Қаулысымен.
      5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты
орналастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 973 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

                                            Қазақстан Республикасы 


                                                  Үкiметiнiң
                                           2006 жылғы 29 қарашадағы
                                                N 1133 қаулысымен
                                                  бекiтiлген

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану ережесi

      Ескерту. Бүкiл мәтiндегi «сақтандырушыға», «сақтандырушының», «сақтандырушы», «сақтандырушылармен», «сақтандырушымен» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «немесе өзара сақтандыру қоғамына», «немесе өзара сақтандыру қоғамының», «немесе өзара сақтандыру қоғамы», «немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен», «немесе өзара сақтандыру қоғамымен» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн реттейдi.


      2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн бюджет қаражаты және уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырудан түскен кiрiстер есептелетiн Ұлттық Банктегi шоттағы ақша мынадай мақсаттарда пайдаланылады:
      1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемдерiнiң елу пайызын өтеуге;
      2) уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегi депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыруға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

2. Ағымдағы шоттан ақшаны пайдалану тәртiбi

      3. Агент ағымдағы шоттан сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамы банктiк шотына сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу сомасын аудару үшiн Ұлттық Банкке өтемдi төлеуге арналған төлем тапсырмасын бередi.


      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.06.30 N 554 қаулысымен.
      4. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы ағымдағы шоттан ақшаны алғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде агенттiң сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу сомалары бойынша агентпен салыстырып тексеру актiсiн үш данада ресiмдейдi.
      5. Тоқсан сайын есептiден кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей агент өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiне жүргiзiлген өтемдер туралы мынадай құжаттарды ұсына отырып, есептер бередi:
      сақтандырушылармен немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен жасалған салыстырып тексеру актiсi;
      жүргiзiлген өтем төлемдерi туралы ағымдағы шоттан үзiндi көшiрме;
      өтемдердi төлеуге арналған төлем құжаттарының көшiрмелерi.
      6. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы агентке көрiнеу жалған мәлiметтер хабарлаған және (немесе) ұсынған жағдайда агент сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуден бас тартады.
      7. Агент ағымдағы шоттан түсетiн қаражаттың түсiмдерi және оларды пайдалану жөнiндегi операцияларды бухгалтерлiк есепке алуды жарғылық қызмет нәтижелерiнен оқшау жүргiзедi.
      8. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.
      9. Агент өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ағымдағы шоттан бос қаражатты:
      1) Ұлттық Банкпен салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келiсiм жасасу жолымен Ұлттық Банктегi депозиттiк шоттарға;
      2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарда орналастырады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.
      10. Уақытша бос қаражатты депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырудан алынған кiрiстер ағымдағы шотқа есептеледi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.
      11. Агенттiң қызметiн бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

                                  Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi


                                 сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн
                                     ақшаны пайдалану ережесiне
                                              1-қосымша

20___ жылғы «___» ________ 20___ жылғы «___» _______
дейiнгi кезеңдегi агенттiң ағымдағы шоты бойынша ақшаның
қозғалысы туралы есеп

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

                                                       (теңгемен)

Р/с
N

Атауы

Тоқсандар бойынша сома

Есептi кезеңдегi ақша қозғалысының жиыны

1

2

3

4

 
 


1

Тоқсанның басындағы ақшаның қалдығы
















2

Есептi кезеңде түсетiн  түсiмдер, барлығы (3+4+4-1)



















оның iшiнде:
















3

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнген қаражат
















4

Депозиттiк шоттан түсетiн сыйақы
















4-1

Мемлекеттiк бағалы қағаздарда орналастырудан сыйақы
















5

Шығыстар, барлығы (6+7+7-1)



















оның iшiнде:
















6

Сақтандыру төлемдерiнiң өтелуi
















7

Депозитке орналастыру
















7-1

Мемлекеттiк бағалы қағаздарда орналастыру
















8

Есептi кезең соңындағы қаражаттың қалдығы (1+2-5)
















Агенттiң басшысы ______________________
                        (қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер __________________________


                        (қолы, Т.А.Ә.)            M.O.

                                  Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi


                                 сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн
                                      ақшаны пайдалану ережесiне
                                              2-қосымша

Өсiмдiк шаруашылғындағы мiндеттi сақтандыру туралы
20___ жылғы «___» _____ жағдай бойынша есеп

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

                                                   (теңгемен)

Р/с
N

Сақтандыру компаниясының немесе өзара сақтандыру қоғамының атауы (облыс атауы)

Жасалған шарттар саны (бiрл.)

Барлық сақтандырылған алаң (га)

Сақтанушылармен жасалған шарттар бойынша жалпы сақтандыру сомасы

Сақтандырушыныңнемесе өзара сақтандыру қоғамының сақтанушыларға өндiрген сақтандыру төлемiнiң сомасы

Агенттiң сақтанушыға  немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу сомасы

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


1

2

3

4

5

6

7

Агенттiң басшысы _________________
                    (қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер ______________________


                      (қолы, Т.А.Ә.)            M.O.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет