Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі пәні


Тақырып 9. Шыны майлы өсімдіктер. Эфир майлы Өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы



бет17/22
Дата30.09.2023
өлшемі98.41 Kb.
#479310
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Тақырып 9. Шыны майлы өсімдіктер. Эфир майлы Өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы.


Мақсаты: Өсімдіктер майларының типтерімен және құрамында шыны майлары мол өсімдіктер түрлерімен таныстыру. Қазақстандағы эфир майлы өсімдіктермен және олардың зерттелу бағытымен және шаруашылықта пайдалануымен таныстыру.
Тапсырма: 1. Эфир майлары олардың өсімдіктер құрамында болуы 2. Эфир майларын шаруашылықта пайдалану. 3. Қазақстанда өсетін эфир майлы өсімдіктер
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Дәрілік шикізаты Зәйтүннің жаңа жиналған жемістері тағамдық өнiм медициналық, және техникалық зәйтүн майын алу үшін пайдаланады. Химиялық құрамы Жеміс жұмсағында шыны майдың (жирное мàñло) мөлшері 50-70% ал тұқымдарында - 20%. Медициналық шыны майы негізінен таза триолеиннен тұрады. Майдың техникалық сорттары “ағаш” майы деген атпен белгілі ол май сабын қайнатуда пайдаланылады. Пайдалануы Зәйтүн майы кàмфараның иньекциялық ертіндісін дайындағанда еріткіш ретінде және жыныс гормондарының препараттарын дайындағанда пайдаланылады. Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша егер мысалы 1984 жылы 226,5 мың тонна эфир майлы өсімдіктер шикізаты дайындалса 1990 жылы 350 мың тонна 2002 жылы 700 мың тонна шамасында қажет болды. Осылайша сұраныс жылдан жылға өсуде. Эфир майларын өндіру мәдени өсірілген өсімдіктер плантацияларынан жиналатын болғандықтан ең жақсы деген дүниежүзілік генефондты пайдаланып әртүрлі сорттар және гибридтер алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде әрине үлкен перспективасы бар деп биотехнологиялық жұмыстарды айтуға болады. Яғни биотехнологиялық тәсілдерді пайдаланып клетка, ұлпа және мүше культурасымен пайдаланып жаңа шикізаттар алу.

Тақырып 10. Балды өсімдіктер


Мақсаты: Ара шаруашылығының шаруашылқтағы маңызымен таныстырып, тозаң, нектар және прополис туралы түсінік беру.Қазақстандағы бағалы балды өсімдіктермен таныстыру.
Тапсырма: 1. 1. Ара шаруашылығының шаруашылықтағы маңызы 2. Тозаңдану, тозаң, нектар және прополис туралы түсінік 3. Тозаңдардың химиялық құрамы 4. Егіс даласының бау бақшалардың, орман алқаптарының және шалғындықтардың бағалы балды өсімдіктері
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Тозаңдану және ұрықтану туралы айтқанда табиғат айқас тозаңданудың маңыздырақ екендігін көрсетті. Өйткені өздігінен тозаңдануға жол бермей тозаңданудың айқас болуына біраз бейімделушілік бар екендігін көруге болады. Мысалы 1)дихогамия- аталықпен аналықтың әртүрлі уақытта пісіп жетілуі. Егерде аталық ерте пісіп жетілсе ал аналық әлі дайын болмаса оны протерандрия (грек протерос-бурып, ерте, андрос-еркек) деп атайды, ал егер керісінше болса протерогиния (грек, протерос- буын ерте, гине -әйел) деп атайды. Мысалы күнбағыс (Helianthus- подсолнечник) және Сылдыршөпте (Selene- смоловка) аталықтары ерте пісіп жетіледі, ал бақажапырақта (Plantago- подорожник) шалғындық байменеде (Cardamine- pratensis- Сердечник луговой) аналықтары бұрын жетіледі. Табиғатта протерандрия жиірек кездеседі. 2) Гетеростилия- аталықтың және аналықтың биіктіктері әртүрлі. Сондықтан өсімдіктің аталықтары және аналықтары бірдей уақытта пісіп жетілгенімен бір гүлдің өзінде аталықтың тозаңы аналықтың аузына барып түсе алмайды. Мысалы Қарамық (Fagopyrum- Гречиха) Өсімдіктерден шырынды және тозаңды жинап аралар оны ұяларына алып барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды- пергаға (бал арасының қорегі) айналдырады. Бал және перга ересек аралардың корегі олармен аралардың личинкаларыда қоректенеді. Бал және пергана пайдаланған аралар воск- балауыз өндіреді. Бір жылда араның семьясы 90 кг бал пайдаланады. Сол 90 кг нан қалған бал және Балауыз пасеканың (омартаның) товарлық өнімі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет