«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі»



Дата17.07.2016
өлшемі67 Kb.
#204620

Өскемен қаласы

әкімдігінің «__»_______2015 жылғы

№ «____» қаулысымен

бекітілген

«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ережесі туралы


  1. Жалпы ережелер

1. «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.



  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүргізеді.

  2. «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  3. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  4. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер ол заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  5. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  6. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  7. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазастан облысы, Өскемен қаласы, Қабанбай батыр атындағы көше, 160, пошталық индексі: 07019

  8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.



  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары құқықтары мен міндеттері




  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы – бұл қаланың жаңа бәсекеге қабілетті деңгейіне сапалы, әлеуметтік-экономикалық өсімге жетуге қол жеткізетін, экономикалық саясатты жүзеге асыру.

  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

    1. қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын

қалыптастыру;

2) бюджеттік және инвестициялық саясаттың қаланың әлеуметтік-экономикалық басымдылығымен өзара әрекеттесуін жүзеге асыру.



  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) заңнамамен белгіленген мерзімде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;

2) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен келісу;

3) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органмен келісімдеу;

4) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға мониторинг жүргізу;

5) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму есебімен, бюджеттің түсімдерін болжау;

6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарының лимиттерін, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының, болжамды көрсеткіштерінің негізінде жаңа бастамалрға лимиттерді және бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындау;

7) бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік бағдарлама жобаларында ұсынылған нәтижелік көрсеткіштер мен тиімділікті олардың функцияларына, өкілеттіліктеріне, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің қызметінің бағытына қарау;

8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, қаланың, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына аумақты дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы натуралды нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;

9) үш жылдық кезеңге бюджет жобасын әзірлеу мен оны қалалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, қаланың жергілікті атқарушы органдарына қарастыру және ұсыну;

10) қала бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

11) қаланың атқару органдарының бюджеттік бағдарлама жобаларын келісімдеу;

12) жоспарлы аралыққа қала бюджетін нақтылау мен бекіту туралы қалалық мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы қалалық әкімдіктің қаулы жобасын әзірлеу;

13) азаматтық бюджетті жасау, мемлекеттік және орыс тілінде, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде мекеменің ресми ғаламтор ресурсында, сонымен баспа бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

14) бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының технико-экономикалық негіздемесін (түзету) әзірлеуді қарау, олар бойынша қорытынды қалыптастыру және бюджеттік комиссияның қарауына оларды бағыттау;

15) бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сонымен қатар сәйкес таратылатын бюджеттік бағдарламаның қаражаттары

есебінен олар бойынша іске асырылатын қажетті технико-экономикалық негіздемені өткізу;

16) заңнамаға сәйкес әзірленген, технико-экономикалық негіздеменің негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысын қарау;

17) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган технико-экономикалық негіздеуді әзірлеуді талап етпейтін, олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі, растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсынысының оң экономикалық қорытындысын ескере отырып, қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;

18) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және облыс әкімдігіне ұсынады;

19) бюджеттік инвестициялық жобаларға жүзеге асыруды бағалауды жалғастыру;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген, басқа функциялардыжүзеге асыру.

16. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен ережесі:

1) өз құзыры шегінде міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттік мекемеден бекітілген заңнамаға сәйкес ақпаратты алу және сұрау;

2) өзінің құзыреті аясында мемлекеттің қатысуымен мекемені құру, қайта құру сонымен қатар, заңды тұлғаны тарату мәселесі бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) құрастырғаны мекеме болып табылатын әкімдіктің және әкімнің құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу және уақытылы өзгерістер енгізуге және (немесе) толықтыру, не болмаса заңды күшін жойғандығын мойындап, жүзеге асыру.

4) Акционерлік қоғам және жеке шаруашылық серіктестіктер, мемлекеттік заңды тұлғалардың субъект құқығы үлесіне жататын мемлекеттік пакет акцияларын қолдану және иемдену құқығын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес, саланы уәкілетті орган құзыретіне ұқсас шешім қабылдау.

5) Мекеменің құзіретіне қатысты сұрақ, жиналыстар мен жиындарда, отырыстарға қатысу;

6) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес басқада міндеттер мен ережелерді жүзеге асыру.



  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін

ұйымдастыру
18. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.



    1. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған және нағыз Қағидаға сүйене отырып, өз құзыреті шегінде мекемеге қатысты сұрақтарды шешеді;

2) мекеменің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша бекітілген ережеге сәйкес жиналыс өткізеді;

3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттілігін анықтайды;

4) мекеменің қызығушылығын барлық ұйымдарға ұсынады;

5) сыбайлас-жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдап және оған дербес жауапкершілік тартады;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.



  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

мүлкі
22. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі иесімен берілген мүліктің есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.



24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ

5. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру

және тарату
25. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет