Әскери психологияның ең басты міндеті– азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – ќұлќы мен отаншылдыќ ќасиетін тәрбиелеп ќалыптатыру жағдайлары, бастыќтар мен бағынушылар арасындағы ќарым – ќатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған ќарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басќару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология -адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді. Ќазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе ќамтылды:
Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы –соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.
Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты психология -бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.
Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалыќ түрлерін ќарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылыќтары мен ерекшеліктері ажыратылады.Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді.
Тақырып: Қабылдау
Қабылдау- ақиқат дүниесіндегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың төрт түрі белгілі:
1.Сенсорлы (сезімдік)- нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға етуі.
2.Перцептивті- нысан мәнің түсіну, оны белгілі категорияға, обьектер тобына жатқызу.
3.Оперативті (нақты әрекеттік)- нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу.
4.Іс-әрекеттік - қызмет мақсатына орай нысанға ықпалдас қатынасқа келу.
Достарыңызбен бөлісу: |