Оспанбеков ербол анарбекович


ОРТА МЕКТЕПТЕ «АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА»



Pdf көрінісі
бет24/44
Дата15.05.2024
өлшемі1.75 Mb.
#501166
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Ospanbekov erbol

2 ОРТА МЕКТЕПТЕ «АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА» 
КУРСЫН ОҚЫТУҒА МҦҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
2.1 Атомдық және ядролық физиканы оқытуды ҧйымдастыру 
әдістемесі 
Атомдық және ядролық физика бойынша оқытылатын оқу материалының 
кӛлемі жыл сайын кӛбейіп, артып келеді. Бұл жағдай оқу материалын қандай 
дидактикалық принциптер: оңайдан қиын материалға кӛшіп отыру, теориялық 
талдау негізінде, ӛмірмен байланыстыру, эксперименттік дәлелдеу және т.с.с. 
негізінде баяндауды таңдап алу ісін қиындатуда. 
Қазіргі мектеп оқулықтарында бұл тараудың материалдарын тарихи 
принцип тұрғысынан түсіндіру дұрыс деп қабылданып отыр,-деп кӛрсеткен 
белгілі әдіскер М.А.Құдайқұлов [34, б. 26]. Мұның негізінде қандай ғылыми- 
теориялық және техникалық жаңалықтардың қалай ашылғандығы, атомдық 
физика туралы ілімнің дамыған кезеңдері, оның эксперименттік дәлелдері мен 
қарама-қайшылықтары 
хронологиялық 
ретпен 
орны-орнымен 
айқын 
айшықталады. 
Атомдық және ядролық физика тарауын оқытудың бір қиыншылығы аз 
уақыт аралығында біршама күрделі құбылыстар мен процестерді баяндау 
екендігі сӛзсіз. Бұл қиыншылықтан шығудың бір жолы атомдық және ядролық 
физика 
құбылыстарының 
басты 
мәселелерін 
түсіндіру 
барысында 
анимациялық-компьютерлік технологияның мүмкіндігіне жүгіну. Себебі, 
атомдық және ядролық құбылыстар мен процестердің мән мағынасын 
эксперименттің кӛмегінсіз білім алушыларға түсіндіру мүмкін емес. Сонымен 
бірге атомдық және ядролық физиканы оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге 
асырудың маңызы зор. 
Ядродағы физикалық құбылыстарды білім алушыларға түсіндірудің бір 
қиыншылығы – олар кӛзге кӛрінбейтін, қолмен сезінуге болмайтын 
құбылыстар. Оларды эксперименттік тұрғыда сабақта түсіндіруге де қажетті 
демонстрациялық немесе лабораториялық приборлар жоқтың қасы әрі жасау да 
оңай емес. Сондықтан ядролық физика туралы бірқатар кинофильмдерді
электронды зертханаларды, бейне материалдарды сабақта тиімді пайдалану ӛте 
қажет. 
Атом және атом ядросы жайлы негізгі мәселелер жүйесін түсіндіруде ең 
алдымен, атом құрылысының күрделі екендігіне білім алушылардың кӛзін 
жеткізу керек. Ол үшін радиоактивтілік құбылысын қарастыруға болады. 
Радиоактивтілік – кейбір заттардың ӛзінше сәуле шығару қасиеті екендігі 
түсіндіріледі. Оның шындық факт екендігі радиоактивті элементтің 
ионизациялау, жылу және химиялық әсерлері арқылы дәлелденеді. Яғни 
радиоактивті 
сәулелердің 
жәрдемімен 
зарядталған 
электроскоптың 
ионизациялануы, ыдыстағы судың жылынуы, фотопластинкадағы кескіннің 
ӛңделіп байқалуы баяндалады. Ендеше, радиоактивті құбылыс – атомның 
ішінде ӛтетін процестің нәтижесі деп ой түйіндейміз. Бұдан, атом күрделі 


66 











бӛлшек, оның құрылысы қандай, ол ӛзі қандай бӛлшектерден тұрады? Деген 
заңды сұрақ туындайды. 
Бұл кӛрсетілген сұраққа жауап ретінде Резерфордтың іргелі тәжірибесі 
түсіндіріледі. 
Атомның 
ядродан 
және 
электроннан 
құралатындығы 
дәлелденеді.Теориялық тұрғыдан Резерфорд және Бор модельдері арқылы 
айқындала түседі. 
Атом ядросының құрылысын анықтау туралы зерттеулер Резерфордтың 
азот атомын 

 
бӛлшекпен 
атап кӛрсетіледі: 
He


атқылау тәжірибесінен (1919ж.) басталғаны 
He


N
14 

o
17 

H

Осылайша жасалған кӛптеген тәжірибелердің нәтижесінде ядроның протон 
H
1

деп аталатын жаңа бір бӛлшегі табылғандығы түсіндіріледі. 
Сондай-ақ, ядроның нейтрон 
жайлы түсінік беріледі: 
n
1

деген тағы бір бӛлшегінің табылғаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет