Оспанбеков ербол анарбекович


  ОРТА  МЕКТЕПТЕ  «АТОМДЫҚ  ЖӘНЕ  ЯДРОЛЫҚ  ФИЗИКАНЫ»



Pdf көрінісі
бет43/75
Дата03.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#450748
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
dis ospanbekov e a (1)

2  ОРТА  МЕКТЕПТЕ  «АТОМДЫҚ  ЖӘНЕ  ЯДРОЛЫҚ  ФИЗИКАНЫ» 
ОҚЫТУҒА МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
2.1  Атомдық  және  ядролық  физиканы  оқытуды  ұйымдастыру 
әдістемесі 
  Атомдық және ядролық физика бойынша оқытылатын оқу материалының 
көлемі  жыл  сайын  көбейіп,  артып  келеді.  Бұл  жағдай  оқу  материалын  қандай 
дидактикалық принциптер: оңайдан қиын материалға көшіп отыру, теориялық 
талдау  негізінде,  өмірмен  байланыстылығы  тұрғыда,  эксперименттік  дәлелдеу 
және т.с.с. негізінде баяндауды таңдап алу ісін қиындатуда.  
Қазіргі  мектеп  оқулықтарында  бұл  тараудың  материалдарын  тарихи 
принцип  тұрғысынан  түсіндіру  дұрыс  деп  қабылданып  отыр,-деп  көрсеткен 
белгілі  әдіскер  М.А.Құдайқұлов  [34,  б.  26].  Мұның  негізінде  қандай  ғылыми-
теориялық  және  техникалық  жаңалықтардың  қалай  ашылғандығы,  атомдық 
физика туралы ілімнің дамыған кезеңдері, оның эксперименттік дәлелдері мен 
қарама-қайшылықтары 
хронологиялық 
ретпен 
орны-орнымен 
айқын 
айшықталады. 
Атомдық  және  ядролық  физика  тарауын  оқытудың  бір  қиыншылығы  аз 
уақыт  аралығында  біршама  күрделі  құбылыстар  мен  процестерді  баяндау 
екендігі сөззсіз. Бұл қиыншылықтан шығудың бір жолы атомдық және ядролық 
физика 
құбылыстарының 
басты 
мәселелерін 
түсіндіру 
барысында 
анимациялық-компьютерлік  технологияның  мүмкіндігіне  жүгіну.  Себебі, 
атомдық  және  ядролық  құбылыстар  мен  процестердің  мән  мағынасын 
эксперименттің  көмегінсіз  білім  алушыларға  түсіндіру  мүмкін  емес.  Сонымен 
бірге атомдық және ядролық физиканы оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге 
асырудың маңызы зор.  
Ядродағы  физикалық  құбылыстарды  білім  алушыларға  түсіндірудің  бір 
қиыншылығы  –  олар  көзге  көрінбейтін,  қолмен  сезінуге  болмайтын 
құбылыстар.  Оларды  эксперименттік  тұрғыда  сабақта  түсіндіруге  де  қажетті 
демонстрациялық немесе лабораториялық приборлар жоқтың қасы әрі жасау да 
оңай  емес.  Сондықтан  ядролық  физика  туралы  бірқатар  кинофильмдерді, 
электронды зертханаларды, бейне материалдарды сабақта тиімді пайдалану өте 
қажет. 
Атом  және  атом  ядросы  жайлы  негізгі  мәселелер  жүйесін  түсіндіруде  ең 
алдымен,  атом  құрылысының  күрделі  екендігіне  білім  алушылардың  көзін 
жеткізу  керек.  Ол  үшін  радиоактивтілік  құбылысын  қарастыруға  болады. 
Радиоактивтілік  –  кейбір  заттардың  өзінше  сәуле  шығару  қасиеті  екендігі 
түсіндіріледі.  Оның  шындық  факт  екендігі  радиоактивті  элементтің 
ионизациялау,  жылу  және  химиялық  әсерлері  арқылы  дәлелденеді.  Яғни 
радиоактивті 
сәулелердің 
жәрдемімен 
зарядталған 
электроскоптың 
ионизациялануы,  ыдыстағы  судың  жылынуы,  фотопластинкадағы  кескіннің 
өңделіп  байқалуы  баяндалады.  Ендеше,  радиоактивті  құбылыс  –  атомның 
ішінде  өтетін  процестің  нәтижесі  деп  ой  түйіндейміз.  Бұдан,  атом  күрделі 


66
 
 
бөлшек,  оның  құрылысы  қандай,  ол  өзі  қандай  бөлшектерден  тұрады?  Деген 
заңды сұрақ туындайды. 
Бұл  көрсетілген  сұраққа  жауап  ретінде  Резерфордтың  іргелі  тәжірибесі 
түсіндіріледі. 
Атомның 
ядродан 
және 
электроннан 
құралатындығы 
дәлелденеді.Теориялық  тұрғыдан  Резерфорд  және  Бор  модельдері  арқылы 
айқындала түседі. 
Атом  ядросының  құрылысын  анықтау  туралы  зерттеулер  Резерфордтың 
азот  атомын 

бөлшекпен 
4
2
(
)
He
атқылау  тәжірибесінен  (1919ж.)  басталғаны 
атап көрсетіледі: 
4
14
2
7
He
N


17
1
8
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет