Оспанбеков ербол анарбекович


 Мектепте атомдық және ядролық физиканы оқытуға даярлаудағы



Pdf көрінісі
бет53/75
Дата03.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#450748
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75
dis ospanbekov e a (1)

2.3 Мектепте атомдық және ядролық физиканы оқытуға даярлаудағы  
педагогикалық практиканың маңызы 
Жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  алдында  тұрған  үлкен  міндет 
білім алушылардың кәсіби іс әркетінің негізін қалыптастыру. Мұның мәні білім 
алушыны  мамандығы  бойынша  алдында  тұрған  міндеттерін  шешуге  кәсіби 
дайындау.  
Физика мұғалімін даярлау жүйесінде педагогикалық практика ерекше роль 
атқарады.  Өйткені  студенттерге  кәсіби  іс-әрекеттің  негізгі  түрлері  нақ  осы 
педагогикалық практикада қалыптасады. 
Педагогикалық  практиканың  ең  басты  мақсаты  –  пән  оқытушысының 
педагогикалық  іс-тәжірибесі  барысында  меңгеруі  тиіс  негізгі  функцияларын 
меңгеру  және  оқытушының  жеке  тұлғасына  лайықты  кәсіби  сипаттарды 
қалыптастыру.  Жалпы  ғылыми,  мәдени,  психологиялық-педагогикалық  , 
әдістемелік  және  арнайы  пәндер  бойынша  алған  білімін  шыңдап  тереңдету, 
ссндай-ақ  теориялық  білім  негізінде  педагогикалық  біліктілігін  ұйымдастыру. 
Мұғалім  және  жетекшінің  көмегімен  барлық  педагогикалық  функцияларды 
біліп,  теоиялық білімін қолдану. 
Педагогикалық  практика  жалпы  ғылыми,  дидактикалық,  әдістемелік, 
психологиялық-педагогикалық  дайындықты  біріктіруге  бағытталған.  Осыған 
орай,  білім  алушы  бүгінгі  таңдағы  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  
міндеттерін жүзеге асыру үшін оқу және тәрбие процесін тығыз бірлікте алып 
жүруге  машықтануы  керек.  Педагогикалық  практика  болашақ  ұстаздарды 
кәсіби  даярлау  процесіндегі  ең  маңызды  әрі  айқындаушы  компонент  болып 
болып табылады, сонымен қатар жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ 
зерттеуші-педагогты қалыптастыру өлшемі ретінде де қарастырылады. 
Педагогикалық практиканың міндеті: 
- Білім алушылардың кәсіби біліктілігін қалыптастырып дамыту; 
- Білім  алушының  педагогикалық  ұйымдастырушылық,  коммуникативтік 
қабілетін қалыптастырып дамыту; 
- Жоспарлау, 
болжамдау,  оқыту  мен  тәрбие  процесінің  негізгі 
компоненттерін талдау; 
- Қолданылатын  әдістеменің  деңгейін  және  оқытудың  дидактикалық 
мақсаты мен міндетін анықтау; 


91
 
 
- Оқушыларды  тәрбиелеу  кезінде  оқу-таныстық,  еңбектік,  қоғамдық, 
табиғатты  қорғау  мен  денсаулықты  жетілдіруге  бейімделген  және  т.б.  әртүрлі 
формалары мен әдістерінің қолданылуы; 
- Оқу-тәрбие барысында оқушының жеке басының дамуын ескере отырып 
қалыптастыру; 
- Педагогикалық  диагностиканы  педагогикалық  процеске  қалыптастырып 
дамыту; 
- Оқушылардың, педагогтардың және өз жетістіктерін бағалау
- Толық педагогикалық прцесті басқаруға білім алушылардың дайындығын 
қалыптастыру. 
Педагогикалық практиканы ұйымдастыруда болашақ жоғары кәсіби маман 
даярлаудың  маңызды  шарттарының  бірі  ретінде  оның  дербес  шығармашылық 
әрекетіне бағыттау керек. 
Білім алушылар жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіптік пәндер 
бойынша  игерген  білім,  іскерлік  және  дағдыларынпедагогикалық  практика 
барысындаіс жүзінде жүзеге асырады.  
Қазіргі  заманда  адамзат  факторы  мәселесі  заттық-түрлендіруші  іскерлік 
субъектісі  ретінде  болашақ  мұғалімдерді  қалыптастырудың  дидактикалық 
жолдарын, тәсілдерін және шарттарын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  білім  беру  жүйесінің 
басты  міндеттерінің  бірі  ұлттық  және  жалпы  адамзат  құндылықтары,  ғылым 
мен  практиканың  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаның  дамуы  мен  кәсіби 
қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасау, - деп 
көрсетілген  [3,  б.  17].  Педагогикалық  практика  білім  берудің  қазіргі  заманғы 
даму  кезеңінде  болашақ  педагогтарды  кәсіби  бағытта  даяралуға,  олардың 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған.  Педагогикалық  практика 
барысында  студенттердің  жеке  қабілеттері  мен  қызығушылықтарына  сәйкес 
педагогикалық  мамандықты  саналы  түрде  таңдаулары  үшін  жағдай  жасау 
қажет.  
Көптеген  зерттеушілер  болашақ  педагогтарды  кәсіби  бағыттылығын 
қалыптастыруға  зор  мән  берген.  Мысалы,  А.И.Балабаеваның  [87]  зерттеуінде 
болашақ  педагогтарды  даярлаудың  кәсіби  бағыттылығын  қалыптастыру 
мәселесі  қарастырылған.  Ол  болашақ  мамандардың  кәсіби  бағыттылығының 
танымдық  компоненті  іс-әркет  нысанына  бағыттылық,  өзінің  болашақ  кәсіби 
және  қазіргі  оқу  іс-әркетінің,  практикалық  әркеттерінің  маңызы  мен 
қажеттілігін саналы түрде түсінуіне байланысты, -деп көрсетеді.  
Біз  А.И.Балабаеваның  бұл  пікірімен  келісеміз.  Біз  қазіргі  білім  алушы 
ертеңгі  ұстаз  өзінің  болашақ  кәсіби  іс-әрекетін  қазіргі  оқу  іс-әрекетімен 
ұштастырғанда  нәтижесі  жоғары  болатындығына  педагогикалық  практика 
барысында көз жеткіздік. 
Білім  алушылардың  педагогикалық  практика  барысындағы  жұмыстары 
шығармашылық,  белсенділік  сипатта  болуы  қажет.  Жеке  тұлғаның 
шығармашылығы  туралы  сөз  болғанда,  көп  жағдайда,  оның  шығармашылық 
қабілеті, шығармашылық потениалы және кәсіби шығармашылыққа бейімділігі, 


92
 
 
өзіндік шығармашылық стилі, жеке басының шығармашылығы ескеріледі. Ал, 
болашақ  маманды  кәсіби  даярлау  процесіде  оның  шығармашылық  қырын 
дамыту мәселесін қалыс қалдырмау керек, өйткені шығармашыл тұлғаның жеке 
басының  адамгершілік  сапалары  өте  жоғары  болып  келетіні  өмір  шындығы. 
Шығармашыл  тұлға  өмірде  кездесетін  шиеленіскен  мәселелерді,  өзінше  жол 
тауып, дербес өзіндік шығармашыл пікірмен шеше алады. 
Білім  алушылардың  педагогикалық  жұмысқа  шығармашылықпен  кірісу 
дәрежесін көтеру көп жағдайда олардың интеллектуалдық деңгейін, танымдық 
және 
шығармашылық 
әлеуетін 
арттыру 
мәселелерін 
шешумен 
байланысты.Сондықтан, болашақ физика мұғалімінің шығармашылық қабілетін 
дамытуға  педагогикалық  практика  кезінде  ерекше  назар  аудару  қажет,  себебі 
дәл  осы  процесс  кезінде  болашақ  мұғалім  алған  білімін,  іскерлігін  және 
дағдысын қолдануға мүмкіндік алады.  
Педагогикалық  практика  студенттердің  теория  жүзінде  алған  білімдерін 
бекітуге,  маман  ретінде  іс  жүзінде  іскерліктері  мен  дағдыларын 
қалыптастыруға  септігін  тиізеді.  Педагогикалық  практиканың  мақсаты  білім 
алушылардың  мұғалім  жұмысына  даярлығын,  оқушылармен  оқу  және  тәрбие 
жұмыстарын  ұйымдастыра  білу  дағдысын  қалыптастыру.  Осыған  байланысты 
болашақ  физика  мұғалімдерінің  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуды 
қамтамасыз ететін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың педагогикалық 
шарттарын айқындау қажет. Ол шарттар төмендегідей болуы мүмкін: 

педагогикалық 
практика 
барысында 
студенттердің 
зерттеу 
жұмыстарының көлемін ұлғайту;   
- алған білімдерін бекіту және тереңдету үшін нақты мүмкіндіктер жасау;  
-  мектеп  оқушыларымен  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жүргізуге  студенттердің 
өз ықыластарының болуы;   
-  пән  мұғалімдерінің  сабақтарына  қатынасып,  соңынан  сабақты 
дидактикалық  тұрғыдан  талдау,  сондай-ақ  практиканттардың  жүргізген 
сабақтарын  тек  жоғары  оқу  орнының  әдіскерімен  ғана  емес,  мектеп 
мұғалімдерімен біріге отырып талдау;  
- жоғары оқу орнында оқу-тәрбие процесі кезінде педагогикалық практика 
басталғанға дейін студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша 
оқу-кәсіптік міндеттерді шешу. 
Педагогикалық  практика  білім  алушылардың  шығармашылық  жұмысқа 
бейімделуіне,  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерді  оқу  негізінде  жекелеген 
мәселелерді,  жаңа  білімдерді  өз  бетінше  игере  білулеріне,  бақылаулар  мен 
эксперимент  нәтижелерін  талдай  білулеріне,  мектеп  оқушыларын  оқытудың 
және 
тәрбиелеудің 
тиімді 
формаларын 
ойластыруға 
қызығушылық 
танытуларына  ықпал  етуі  керек.  Педагогикалық  практиканы  өту  барысында 
білім  алушы  жаңашыл  мұғалімдердің  жұмысын  тікелей  бақылай  және  белгілі 
бір  дәрежеде  оқу-тәрбие  процесінің  педагогикалық  нәтижелерінің  тиімділігін 
қамтамасыз  ететін  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәжірибе  элементтерін 
меңгере алады.  


93
 
 
Біздің  ойымызша,  педагогикалық  практикаға  жан-жақты  дайындалған 
студенттер мектептерде педагогикалық практика барысында өз шығармашылық 
қабілеттерін  еркін  және  жоғары  деңгейде  көрсете  алады.  Олай  болса, 
шығармашылық  қабілетті  дамыту  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  даярлығын 
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Шығармашылық  потенциалды  ашып  көрсету,  мұғалім-зерттеушіні 
қалыптастыру  ең  алдымен  кәсіби  даярлау  процесінде  оқу  педагогикалық 
міндеттерді  шешумен  байланысты.  Осы  міндеттерді  шешу  студенттерді 
шығармашылық  қабілеттерін  тек  өздерінің  оқу  іскерліктерінде  ғана  қолдануға 
емес, 
өмірде 
де 
танымдық 
белсенділіктерін 
дамытуға, 
қолдануға 
ынталандырады.  Бұған  педагогикалық  практиканың  да  ықпалы  бар,  өйткені 
педагогикалық  практиканы  өту  барысында  студенттер,  кәсіби  дайындығының 
негізгі  көрсеткіші  –  нақты  педагогикалық  процесте  білім  беру  міндеттерін 
шешеді және кәсіби іскерліктерінің қалыптасу деңгейін тексереді. Жоғары оқу 
орындарының  қазіргі  бітіруші  түлектері  –  бұл  біздің  ертеңгі,  болашақ 
қоғамымыз,  сондықтан  білім  алушыларда  шығармашылық  қабілеттілік  және 
өмірлік  практикалық  іскерліктер  мен  дағдылар  университет  қабырғасынан 
бастап қалануы тиіс.  
Болашақ  мұғалімді  кәсіби  оқыту  жүйесінде  педагогикалық  практика 
жоғары оқу  орнындағы оқу-тәрие үдерісінің  басты  бір  бөлігі болып  табылады 
да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін 
біріктіруін  қаматамасыз  етеді.  Педагогикалық  практика  үдерісінде  келесі 
міндеттер шешімін табады: 
- білім  алушылардың  мұғалім  мамандығына  деген  қызығушылықпен 
сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу
- нақты  педагогиклық  міндеттерді  шешу  барысында  психологиялық-
педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалануүдерісін тереңдету, бекіту; 
- болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  іскерлігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру 
және  дамыту:  педагогикалық  қызметке  шығармашылық,  зерттеушілік  ыңғайға 
бейімдеу. 
Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің 5В011000 – Физика 
мамандығының  3  курс  білім  алушыларының  педагогикалық  практикасы  6 
семестрде  (ұзақтығы  4  апта),  4  курс  білім  алушыларының  педагогикалық 
пратикасы 8 семестрде (ұзақтығы 11 апта) өтеді. 
Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің 5В011000 – Физика 
мамандығында «Атомдық және ядролық физика» курсы оқу жоспарына сәйкес 
5 семестрде оқытылады. Ал мектепте атомдық және ядролық физика мәселелері 
3  тоқсанда  қарастырылады,  яғни  3  және  4  курс  білім  алушыларының 
педагогикалық  практикадан  өту  мерзіміне  сәйкес  келеді.  Төмендегі  кесте  17, 
18-де  4  курс  білім  алушыларының  педагогикалық  практикадан  өту  мерзіміне 
сәйкес 9 және 11 сыныптардың физика пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарының үзіндісі келтірілген.  
 
Кесте 19 – 9 сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспары 


94
 
 
 
Сабақ 
реті 
Сабақтың  тақырыбы 
Сағат  
саны 
Өтілу  
мерзімі 
Үй тапсырмалары 
Атом  құрылыс. Атомдық құбылыстар (7сағат) 





43 
Жылулық сәулелену. 
(Абсолют қара 
дене.Стефан – 
Больцман 
заңы.)Денелердің сәуле 
шығару құбылысын 
түсіндірудегі 
қиындықтары. 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет