«Электр құбылыстары (22 сағат)», «Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)»,
«Жарық құбылыстары (10 сағат)» бөлімін қамтиды, уақыт қорынна 4 сағат
берілген.
9 –сыныптың мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: «Кинематика
негіздері (10 сағат)», «Динамика негіздері (10 сағат)», «Сақталу заңдары (4
сағат)», «Тербелістер және толқындар (12 сағат)», «Астрономия негіздері (6
сағат)», «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (7 сағат)», «Атом ядросы. (6
32
сағат)», «Жалпылау сабақтары (2 сағат)», «Лабораториялық практикум (8
сағат)». Уақыт қорына 3 сағат қарастырылған.
Физиканы оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін
8-сыныпта – 11 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы;
9-сыныпта 4 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау жұмысы, 8
сағат зертханалық практикум жүргізіледі.
Кесте 2 – 10-11-сыныптарда физиканы оқыту барысында жүргізілетін
тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі.
Бағыты
ҚГБ
ЖМБ
сыныптар
10
11
10
11
зертханалық жұмыстар
3
6
13
6
практикалық жұмыстар
3
17
20
бақылау жұмыстары
2
2
5
4
физикалық практикум
4
10
«Физика» пәнiнiң базалық бiлiм мазмұны алғашқыда бес мазмұндық желі
бойынша анықталып, кейіннен іргелі теориялар төңірегіне топтастырылып
берілді. Атап айтқанда, физика курсының мазмұнына механика мен
молекулалық физикадағы және электродинамика мен атомдық физикадағы
негiзгi заңдар мен ұғымдар, физикалық құбылыстар мен оларды зерттеу
әдiстерi, сонымен қатар аспан денелерi мен олардың физикалық табиғатын
зерттеу әдiстерi мен нәтижелерi, әлем құрылысы мен оның дамуы туралы
мағлұматтар енгiзiлдi [61, б. 34-35]. Осы анықталған мазмұн төл оқулықтарда
көрініс тапты [65- 67].
Сөйтіп, елімізде нақты білім мазмұнын жаңартуға қатысты да, оны ғылыми
негіздеуде де көп жұмыстар орындалып, жалпы алғанда мектептегі оқытудың
деңгейі көтерілді. Десек те, әлде де болса, мектеп бағдарламалары мен
оқулықтардағы артық ақпарат пен қосалқы материалдардың шектен тыс артық
болуы оқушылардың өздік дағдыларын, шығармашылық іс-әрекетін дамытуға
кедергі келтіріп отырғандығын тәжірибе көрсетіп отыр.
Білім алушыларды оқытудың ең негізгі, ауқымды мақсаты жас ұрпақтың
адамзат тарихы бойына жинақталған әлеуметтік тәжірибе негіздерін меңгеруі
болып табылады. Ғалымдар оны әлеуметтік тәжірибе процесінде қабылданған
іс-әрекет жиынтығы ретінде қарастыра отырып, білім мазмұны мынадай төрт
құрылымдық элементке жіктеді: 1) табиғат, қоғам, техника, адам және олардың
танымдық іс-әрекет тәжірибелері туралы білімдер; 2) белгілі іс-әрекет
тәсілдерін іске асыру тәжірибесі; 3) шығармашылық қызмет тәжірибесі-
проблемалық жағдайларда тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті; 4) тұлғалық
бағдар тұрғысында дүниеге, іс-әрекетке эмоционалдық-құндылық қарым-
қатынастар тәжірибесі [68, б.11].
Мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибенің осы аталған элементтерін
игеруі оқушы іс-әрекетін ерекше түрде ұйымдастыру негізінде оны оқушының
33
өзінің жеке тәжірибесіне, яғни әлеуметтіктен тұлғалыққа «тасымалдауына»
бағытталады.
Жоғарыда келтірілген білім мазмұнының элементтері өзара байланысты
және біріне-бірі тәуелді. Білімсіз білік болмайды. Шығармашылық іс-әрекет
білім мен біліктің белгілі бір мазмұндық материалы негізінде жүзеге асады.
Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін меңгеру адамға тек қоғамда өмір
сүріп қана қоймай, сонымен бірге өзбетімен әрекет етуге жағдай жасайды.
Сонымен қатар мектептегі берілетін білім оқушыны өмірге даярлай
отырып, оны жаңартуға өз үлесін қосады. Ал мұғалімді оқушының санасында
жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін, адамдарға ізгілікті қатынас
қалыптастыру бағытында арнайы жұмыстар жүргізуге бағдарлайды [69, б.212-
214].
Сонымен, жалпы білім беру мазмұны, бір жағынан, оқушылардың оқу-
танымдық іс-әрекеттерінің аса маңызды шарты болып табылады, өйткені ол
қоғамның қазіргі, яғни ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін
бейнелейді, ал екінші жағынан, ол оқушылардың сол іс-әрекеттерді жүзеге
асыру құралы әрі индивидтің оқытудағы тұлғалық қажеттілігін қанағаттандыру
мен тұлға дамуының және оның базалық мәдениетін қалыптастыру құралы
болып табылады. Дидактика көзқарасынан ол оқытудың мазмұндық және
үдерістік жақтарының бірлігі ретінде көрініс береді [70, б.20-21].
Оқыту іс-әрекеттің басқа түрлерімен үйлестірілгенде әрі оқытудың сәйкес
формалары мен әдістері орынды таңдалып алынған кезде тұлғаның тәжірибені
меңгеруі және соның негізінде оны дамыту мен тәрбиелеу, сондай-ақ
тәжірибенің алдыңғы буыннан келесі буынға тұтас жеткізілуі қамтамасыз
етіледі [71, б.55].
Жалпы орта білім беретін мектепте физикадан білім беруді жетілдірудегі
басты проблемалардың бірі пән мазмұнын таңдап алу және сәйкес оқу
бағдарламаларын құру болып табылады. Оқушылардың бiлiмге деген түрлi
сұраныстарын қанағаттандыру және жүктеменi азайту үшiн дәстүрлi
қалыптасқан оқу пәндерiн интеграциялау көзделедi, бұл оқу жоспарының
инвариантты бөлiгiн азайтып, сол арқылы оқыту үдерісінің вариативтiлiгiн
арттыруға мүмкiндiк бередi.
Осылардың негізінде жалпы орта білім беретін мектептегі жаратылыстану-
математика бағыттағы білім беруді дамытуды жүзеге асыру үшін ғылыми
тұрғыда негізделіп, бірқатар кезеңдерден тұратын төмендегідей негізгі іс-
шараларды орындау керек екендігі анықталды:
1) оқытудың мақсат-міндеттерін нақтылау;
2) атқаратын функцияларын белгілеу;
3) оқу бағадарламаларына енгізілетін білім мазмұнына қойылатын
талаптарды айқындау.
Осы айтылған негізгі мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтейік.
1. «Жаратылыстану» бiлiм саласындағы пәндердi оқыту келесідей негiзгi
мақсаттарды:
34
- білім алушыларды әлемнiң бiртұтастығын түсiну үшiн негiзгi ұғымдар,
заңдар мен теорияларды және жаратылыстану ғылымдарының тiлiн бiлуге және
меңгеруге;
- қоршаған ортаның жаратылыстану-математика бағытындағы таным
әдiстерiн игеруге (бақылау, өлшеу, тәжiрибе жүргiзу, зерттеу жоспарын құру,
нәтиженi интерпретациялау, қорытындылау); тәжiрибенi өзбетiмен және топпен
жүргiзуге қабiлеттi болуға;
- алған бiлiмдерi мен iс-әрекет тәжiрибесiн экологиялық-сауатты, адам
денсаулығына қауiпсiз iс-әрекеттердi жүзеге асырудағы нақты жағдаяттарға
қолдануға;
- түрлi ақпарат көздерi мен технологияларды пайдалана отырып, арнайы
жаратылыстану бағытындағы ақпараттарды алып, оны түрлендiре бiлуге
үйретуді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Ал міндеттері:
- білім алушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып,
олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
- оқытудың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерттелетін
материалды өмірмен байланыстыру;
- оқу және білім беру бағдарламаларының кәсіптік лицейлердегі,
колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен
сабақтастығын ескеру;
- білім алушылардың кез келген оқу іс-әрекеті үшін жарамды әмбебап
біліктерді (өз пікірін негіздей білу, жұмысын көпшілік алдында қорғай алу,
айналасындағылармен тіл табысу, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу
және т.б.) игеруін қамтамасыз ету.
2. Осы мақсат-міндеттерге сәйкес білім мазмұны мынадай әртүрлі
функцияларды орындай алады:
- қазіргі заманғы түйінді проблемаларды зерделеу;
- болашақ кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктеріне бағдарлау;
- танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке
бағдарлау;
- пәндік білімді толықтыру және тереңдету.
Көрсетілген функциялардың әрқайсысының орны ерекше болғанымен,
тұтас алғанда олар кешенді түрде орындалуы тиіс.
3. Оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім мазмұны келесі
талаптарға жауап беруі тиіс деп есептейміз:
- әлеуметтік және тұлғалық мәнінің болуы, оқушының тұлғасын дамыту
үшін өзектілігі;
- білім алушының әлеуметтеуіне және түрлі жағдаяттарға бейімделуіне
мүмкіндік туғызуы, жеке білім траекториясын таңдауға, саналы түрде кәсіби
тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беруі;
- білім алушыларды оқу бағдарламасына сәйкес практикалық іс-әрекетке
бейімдеу;
35
- оқыту үдерісін білім алушының білімге деген қажеттілігіне және оның
білім алудағы өзіндік іс-әрекетіне сәйкес ұйымдастырудың әдістері мен
формаларына сүйенуі;
-
дамытушылық әлеуетінің болуы, әлемнің біртұтас бейнесін
қалыптастыруға, жалпы білімдік және интеллектуалдық дағдыларды
қалыптастыруға мүмкіндік беруі.
Қорыта келгенде, жаратылыстану-математика бағыттағы мектептегі білім
мазмұны теориялық негіздерге сүйене отырып құрылған жағдайда ғана ол
өзінің негізгі мақсат-міндеттері мен атқаратын қызметін педагогикалық
тұрғыда дұрыс орындап, мектеп бітірушілерді өз бетімен iзденiп білім алуға
талпындырып, оларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді,
ғылымның, өндірістің, өнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе
алатын тұлға ретінде қалыптастырады деп есептейміз.
Еліміздегі білім беру бағыттарын дамытуда білімге бағытталған мазмұнды
құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру
қажеттігі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі
қағидаларында белгіленгендігі айтылды. Осыған орай күтілетін нәтижеге
бағытталған білім берудің негізгі бағыттарын айқындау мақсатында жан-жақты
зерттеулер
жүргізілуде.
Онда
еліміздегі
және
алыс-жақын
шетел
мектептеріндегі оқыту сапасының қазіргі күйіне салыстырмалы талдау
жасалып, әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың сапасын жетілдірудің негізгі
тенденциялары анықталды. Әрине Қазақстандағы білім беру жүйесі Ресей және
Еуропадағы білім берудің даму тенденцияларына сүйенеді, бірақ біздегі білім
беру жүйесінің отандық дәстүрі мен үрдістеріміздің ерекшелігіне сай өзіндік
жолы бар [61, б. 63].
Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелi, мектепте оқыту үдерісі кезiнде
оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасады және оның
әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білімі мен тәжірибесіне, құндылықтары
мен бейімділіктеріне негізделген жалпы қабілеттерін сипаттайды. Ол оқу
үдерісiнiң негiзгi сапа көрсеткiшi болып табылады және қойылған
педагогикалық мақсатқа жетудi көздейдi.
Білім беру нәтижелері тұрғысынан алғанда, құзыреттілік оқушы
тұлғасының белгілі бір іс-әрекетті орындауға қабілеттілігі. Белгілі бір іс-
әрекетті жүзеге асыру үшін білім алушының білім, білік, дағдысы мен іс-әрекет
тәжірибесі болуы керек. Басқаша айтқанда, білім алушының белгілі бір мәселе
төңірегінде түсінігі, тәжірибесі болуы керек.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білім алушының хабардарлығын емес,
мынадай жағдаяттарда:
1) нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде;
2) заманауи техника мен технологияны игеруде;
3) практикалық өмірде;
4) мамандық таңдауда және өзінің кәсіби оқу орнында оқуға дайындығын
бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда;
36
5) өмірдегі өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу
тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын
өмірлік мәні бар мәселелерді шеше білу білігін шығарады.
Еліміздегі
нәтижеге бағдарланған білім беру бағдарламасының жобасында
«Оқытудың басты мақсаты оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
және оларды жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдері негізінде қазіргі
өндірістік технологияларды игеруге, практикалық дағдылар мен түйінді
құзырларды меңгеруге үйрету болып табылады» делінген. Міне, сондықтан да
жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану пәндері бойынша білім
беруді дамыту үшiн білім беру стандартында ұсынылған негiзгi қағидалардың,
пәнаралық байланыстардың, интеграцияның, үздiксiздiк пен сабақтастықтың,
материалды тереңiрек зерделеуге себептесетiн ғылымилық пен жүйелілік
аспектiлерінiң ескерiлуi қажет.
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша бағдарламалар мазмұнын
жаңарту ғылым негіздерін игеру парадигмасынан құзырларды игеру
парадигмасына көшуден, оқушылардың жаратылыстану-математика пәндері
бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды нақтылаудан тұрады.
Мұнда оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардағы
идеологияны өзгертудің үлкен маңызы бар. Мәселен, білім алушылар
жетістігіне қойылатын талаптар бағдарламаларда объективті-білімдік емес, іс-
әрекеттік түрде тұжырымдалады. Олар деңгейлер бойынша күрделенуіне қарай
білім алушылар жүзеге асыруы тиіс іс-әрекеттер арқылы беріледі. Көрсетілген
талаптар шеңберінде білім алушылар: талдау, салыстыру, сипаттау, түсіндіру,
негіздеу, қолдану, ой елегінен өткізу, логикалық ой қорыту, өлшеу, есептеу,
анықтау және т.с.с. біліктерді игеруі тиіс. Олар жаратылыстану-математикалық
пәндер бойынша білім беру және оқыту бағдарламаларының жобасында көрініс
тапқан [61]. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды
анықтаудың осы тәсілі бағдарламаларды жаңартудағы соңғы процесс болып
табылады.
10-11 сыныптарға арналған физика курсының мазмұны пәнді оқытудың
жалпы мақсаттарын ескере отырып, оқушылардың қабiлетiмен және
қызығушылығымен тығыз байланысты арнайы мақсаттарға жетудi көздейдi.
Курстың мазмұнын таңдау барысында әлеуметтiк тәжiрибе (ғылым ретiндегi
физиканың мазмұны), оқу-танымдық iс-әрекеттiң жалпы заңдылықтары және
оқыту процесi жайлы бiлiмдер негiзге алынған, сондай-ақ оқытудың
мақсаттары, оқушылардың танымдық қызығушылығы, олардың қабiлеттерi,
дидактикалық және жеке әдiстемелiк принциптер мен оқу пәнi деңгейiнде бiлiм
мазмұнын түзу критерийлерi басшылыққа алынған.
Педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып,
төмендегідей тұжырымдар жасалған: оқушылар физикалық түсініктерді бірден
меңгермейді, оның белгілері мен қасиеттерін жайлап жақындайды. Бір
жағдайда оқушы ұғымның мағынасын түсінеді, бірақ ол ұғымды практикада
қолдана алмайды, бірақ есте сақтайды. Басқа жағдайда ұғымды практикада
қолдана біледі, бірақ оның анықтамасын бере алмайды. Оқушы ұғымның
37
барлық қасиеттерін білсе, оны практикада қолдана алса, онда оқушының
ұғымды терең меңгергені болып табылады.
Оқыту үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі оқытудағы іс-
әрекеттік тәсілді жүзеге асыруда болып табылады. Мәселенің осылайша
қойылуы мемлекеттік жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартының
оқушыларға білім мен тәрбие беру сапасын көтерудің маңызына қатысты
талаптарымен толық сәйкес келеді.
2014 жылдан бастап Алматы қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы
№123 мектеп-гимназиясында, №172 мектеп-гимназиясында IX, XI сынып
оқушыларының атомдық және ядролық физика ұғымдарын меңгеру сапасы
зерттелді. Онда 50-ден астам оқушы қамтылып, бақылау жұмыстары және
сауалнама жүргізілді. Бақылау жұмыстарына оқушылардың меңгеру
деңгейлеріне байланысты өз пікірін айта алатын мынадай ұғымдар берілді:
«атом», «электрон», «лазер», «ядро», «нуклон» және т.б. Осы бақылау
сұрақтары мен оқушылардың жауаптарын талдау нәтижелерін келтірейік.
Тапсырма 1.
1. Атомдық және ядролық физика бойынша негізгі түсініктерді атаңыз.
2. Неге классикалық теория тұрғысынан алғанда атомның ядролық үлгісі
орнықсыз?
3. Атомдық және ядролық физика курсындағы тәжірибелерді атаңыз.
4. Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсіндіріп беріңдер.
5. де Брoйль тoлқындарының классикалық тoлқыннан қандай
айырмашылығы бар?
XI сынып оқушыларының (55 оқушы) сұрақтарға берген жауаптарын
талдау нәтижелері 2-6 кестелерде ұсынылды.
Кесте 1 – «Атомдық және ядролық физика тараулары бойынша негізгі
түсініктерді атаңыз» деген сұраққа оқушылардың жауаптарын талдау
нәтижелері
Ұғым
Оқушылардың
%, осы ұғымды
түсіндіруі
Ұғым
Оқушылардың %,
осы ұғымды
түсіндіруі
Атом
96,6
Ядроның байланыс
энергиясы
30,0
Электрон
76,6
Массалар ақауы
50,0
Лазер
90,0
Жартылай ыдырау
периоды
56,6
Ядро
76,6
Ядролық реакция
16,6
Нуклон
50,0
Ядролық реактор
10,0
Протон
73,3
Термоядролық реакция
6,0
Нейтрон
60,0
Массалар ақауы
33,3
38
Ядролық
күштер
68,3
Фотон
59,0
Кесте 2 – «Классикалық теория тұрғысынан алғанда атомның ядролық үлгісі
неге орнықсыз?» деген сұраққа оқушылардың жауаптарын талдау нәтижелері
Дұрыс жауап
бергендер, %
Толық емес жауап
бергендер, %
Жауап бермегендер, %
50
48
2
Кесте 3 – «Атомдық және ядролық физика курсындағы тәжірибелерді атаңыз»
деген сұраққа оқушылардың жауаптарын талдау нәтижелері
Білім алушылардың атағандары,
әдістері
Оқушылардың %, осы тәжірибені
атауы
Резерфорд тәжірибесі
50,0
Франк-Герц тәжірибесі
26,6
Дэвиссон-Джермер тәжірибелері
3,3
В. Крукстың тәжірибесі
3,3
Дж. Томсон тәжірибесі
33,3
Р. Милликен тәжірибесі
3,3
Чедвик тәжірибесі
1,0
Г. Флеров пен К. Петржак
тәжірибелері
1,0
Кесте 4 – «Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсіндіріп беріңдер» деген сұраққа
оқушылардың жауаптарын талдау нәтижелері
Дұрыс жауап
бергендер, %
Толық емес
жауап бергендер,
%
Дұрыс емес
жауап бергендер,
%
Жауап
бермегендер, %
26,7
63,3
6,7
3,3
Кесте 5 – «де Брoйль тoлқындарының классикалық тoлқыннан қандай
айырмашылығы бар?» деген сұраққа оқушылардың жауаптарын талдау
нәтижелері
Дұрыс жауап
бергендер, %
Толық емес жауап
бергендер, %
Дұрыс емес жауап
бергендер, %
Жауап
бермегендер, %
16,7
66,7
6,6
10,0
Бірінші тапсырманың жауабын талдау барысында білім алушылардың
барлығы атомдық және ядролық физика тараулары бойынша жалпы ұғымдарды
атап бере алмады. ХІ сыныптың білім алушыларының жартысына дерлік
39
атомдық және ядролық физика курсындағы тәжірибелерді қолмен жасап
көрмегендіктен жауап беру қиындық туғызды. Атомдық және ядролық физика
курсындағы тәжірибелер туралы білім деңгейлері жеткіліксіз екендігі
дәлелденді.
Білім алушылардың 50 % тәжірибелердің ішіндегі Резерфорд тәжірибесін,
кейбіреулері (1%-тен 3,3%-ке дейін) Чедвик тәжірибесін, Р.Милликен
тәжірибесін, В.Крукстың тәжірибесін атап берді. Бесінші сұраққа білім
алушылар әр түрлі жауап берді.
Екінші тапсырма атомның ядролық моделіне қатысты сұрақтар қамтылған.
Сұрақтардың мазмұны және сипаттамалары кесте 6-да келтірілген.
Кесте 6 – Атомның ядролық моделіне қатысты сұрақтарға білім алушылардың
жауабы
Сұрақтардың
мазмұны
Дұрыс
жауап
бергендер,
%
Толық емес
жауап
бергендер,
%
Дұрыс емес
жауап
бергендер,
%
Жауап
бермегендер, %
Қандай
тәжірибелер
атом
құрылымының
күрделі екенін
көрсетеді?
23,3
20,7
16,0
20,0
Сызықтық
спектр деген не?
23,3
70,0
3,3
3,3
Сутек
спектрінде
қандай сериялар
бар?
20,2
53,3
26,7
-
Томсон үлгісін
сипаттаңдар
23,3
30,0
40,0
6,7
Атомның
ядролық үлгісін
сипаттаңдар
33,3
3,3
-
63,3
Екінші тапсырманың жауабын талдау кезінде алдыңғы тапсырмадағы
тәжірибелерге негіздей отырып, білім алушылардың 20,7 % Резерфорд
тәжірибесін, В. Крукстың тәжірибесі, Дж. Томсон тәжірибесі, Р. Милликен
тәжірибесін атап берді. Сонымен қатар рентген сәулелері, радиактивтілік
ыдырау және т.б. тәжірибелерд тоқталмады, бірақ барлығына жауап бергендер
23,3 %. Білім алушылар жалпы спектр ұғымын түсінеді, бірақ шығару
спектрлерінің үш түрін ажырату қиынға соқты. Шығару спектрінің үш түрі:
тұтас (үздіксіздік) спектр, сызықтық (атомдық) спектр, жолақ (молекулалық)
40
спектр. Барлық спектрлердің ішіндегі ең қарапайымы сутектің спектрі, білім
алушылардың басым көпшілігіне Бальмер сериясы белгілі. Лайман, Пашен
сериялары жайлы сипаттап бере алмады.
Үшінші тапсырмада Бор постулаттарына қатысты сұрақтар келтірілген.
Білім алушылардың сұрақтарға жауабының талдау нәтижелері кесте 7-де
көрсетілген.
Кесте 7 – Бор постулаттарына қатысты сұрақтарға білім алушылардың жауабы
Сұрақтардың
мазмұны
Дұрыс
жауап
бергендер,
%
Толық емес
жауап
бергендер,
%
Дұрыс емес
жауап
бергендер, %
Жауап
бермегендер,
%
Атомның қандай
күйлерін
стационар деп
атайды?
40,0
56,7
3,3
-
Энергетикалық
диаграмма деген
не?
70,0
30,0
-
-
Стационар
күйлердің қайсысы
негізгі деп
аталады?
30,0
40,0
6,7
23,3
Стационар орбита
үшін қандай шарт
орындалады?
30,0
66,7
3,3
-
Сутектектес атом
деп нені айтамыз?
30,0
40,0
15
15
Төртінші тапсырма «лазер» ұғымын меңгеру сапасын анықтауға арналған.
Білім алушылардың сұрақтарға жауабының талдау нәтижелері кесте 8-де
көрсетілген.
Кесте 8 – Білім алушылардың лазер туралы сұрақтарға жауаптарының
сипаттамасы
Сұрақтардың
мазмұны
Дұрыс жауап
бергендер, %
Толық емес
жауап
бергендер, %
Дұрыс емес
жауап
бергендер,
%
Жауап
бермегендер,
%
1
2
3
4
5
Лазер деген не?
40,0
56,7
3,3
-
Атомдардың өз
30,0
30,0
20,0
20,0
41
бетімен және
еріксіз
сәулеленуі
туралы айтып
беріңдер?
8 – кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
Энергия
деңгейлерінің
инверсиялық
қоныстануы деп
нені айтады?
30,0
40,0
6,7
23,3
Рубинді
лазердің жұмыс
істеу принципін
түсіндіріңдер
30,0
66,7
3,3
-
Лазер
сәулелерінің
негізгі
ерекшеліктері
қандай?
30,0
40,0
6,7
23,3
Бесінші тапсырма сұрақтарының мазмұны және оларға оқушылардың
берген жауаптарының сипаттамалары кесте 9-да көрсетілген.
Кесте 9 – Білім алушылардың атом ядросы туралы сұрақтарға жауаптарының
сипаттамасы
Сұрақтардың
мазмұны
Дұрыс
жауап
бергендер,
%
Толық емес
жауап
бергендер, %
Дұрыс емес
жауап
бергендер,
%
Жауап
бермегендер,
%
Периодтық
жүйедегі
элементтің реттік
нөмірі оның
ядросының
зарядымен қалай
байланысқан?
40,0
56,7
3,3
-
Неліктен ядроның
заряды атомның
химиялық
қасиеттерін
70,0
30,0
-
-
42
анықтайды?
Ядролық физикада
қосымша қандай
өлшем бірліктер
қолданылады?
30,0
40,0
6,7
23,3
Масс-спектрограф
қандай мақсатта
қолданылады?
Құрылысы мен
жұмыс істеу
принципі қандай?
30,0
66,7
3,3
-
Массалық сан
дегеніміз не?
ерекшеліктері
қандай?
30,0
40,0
6,7
23,3
Алтыншы тапсырмада ядроның нуклондық моделі туралы сұрақтар (кесте
10).
Кесте 10 – Білім алушылардың ядроның нуклондық моделі туралы сұрақтарға
жауаптарының сипаттамасы
Сұрақтардың
мазмұны
Дұрыс
жауап
бергендер,
%
Толық емес
жауап
бергендер,
%
Дұрыс емес
жауап
бергендер,
%
Жауап
бермегендер, %
Протон қалай
ашылды?
40,0
56,7
3,3
-
Массалық сан
дегеніміз не?
70,0
30,0
-
-
Табиғатта еркін
нейтрондар
неліктен аз
кездеседі?
30,0
40,0
6,7
23,3
Нуклондар және
нуклидтер
дегеніміз не?
30,0
66,7
3,3
-
Химиялық
элемент
изотоптарындағ
ы негізгі
айырмашылық
неде?
30,0
66,7
3,3
-
43
Кесте 11 – Білім алушылардың ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы
туралы сұрақтарға жауаптарының сипаттамасы
Сұрақтардың
мазмұны
Дұрыс
жауап
бергендер,
%
Толық емес
жауап
бергендер,
%
Дұрыс емес
жауап
бергендер,
%
Жауап
бермегендер, %
Атом ядросында
нуклондарды
қандай күш ұстап
тұр?
40,0
56,7
3,3
-
Ядролық
күштердің басты
ерекшеліктері
қандай?
70,0
30,0
-
-
Массалар ақауы
дегеніміз не?
30,0
40,0
6,7
23,3
Ядроның
байланыс
энергиясы нені
сипаттайды?
30,0
66,7
3,3
-
Меншікті
байланыс
энергиясының
мәнін қалай
түсінесіңдер?
30,0
66,7
3,3
-
Кесте 12 – Білім алушылардың табиғи радиактивтікке қатысты сұрақтарға
жауаптарының сипаттамасы
Сұрақтардың
мазмұны
Дұрыс
жауап
бергендер,
%
Толық емес
жауап
бергендер, %
Дұрыс емес
жауап
бергендер, %
Жауап
бермегендер,
%
Беккерель
тәжірибесінің
маңыздылығы
неде?
40,0
56,7
3,3
-
Радиактивті
сәуле
шығарудың
құрылымы
қандай және
70,0
30,0
-
-
44
оны қалай
анықтаған?
Альфа-ыдырау
дегеніміз не?
30,0
40,0
6,7
23,3
Бета-ыдырау деп
нені
түсінесіңдер?
30,0
66,7
3,3
-
Гамма-
ыдыраудың
механизмі
қандай?
30,0
26,2
3,4
40,4
Қорыта айтқанда, мектептік білім берудің практикалық бағыттылығын
күшейту, оқушылардың ойлау қызметін дамыту және практикалық дағдыларын
қалыптастыру, шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік және эксперименттік
сипаттағы өздік жұмыстар үлесін арттыру арқылы оқыту үдерісінде іс-
әрекеттік-құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Бұл жұмыстар болашақта мектепте физика пәнін оқыту сапасын
анықтаудағы құзыреттілік тәсілді әрі қарай кеңейту, жаңарту және жетілдіру
бағытында жалғасын табуы тиіс.
Сонымен қатар жалпы орта білім беретін мектепке интеграцияланған
курстарды енгізуге талпыныс неғұрлым жетілдірілген бағдарламалар жасауға
деген қызығушылықтың қарқынды түрде артуына байланысты болып отыр.
Қазіргі кезде 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жағдайында білімді
тығыздауға бағытталған интеграциялау өзекті мәселеге айналуда, бұл білімді
жұмылдыруға, жаңа түскен ақпараттың ағымына қарай икемделуге себептеседі
деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |