63
технологияны қолданып өткізсе, онда осындай дәрістер тыңдаған болашақ
физика мұғалімдері де өз сабақтрында дәл солай өткізуді үйренеді.
Жалпы, визуалды техникалық оқыту құралдары сабақта қолдану білім
алушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, оларды тұлға ретінде
қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Тек оларды тақырыптың ерекшеліктеріне,
мән-мағынасына
қарай таңдап, орынды қолдана білу керек.
Сурет 5 – Ядролардың бөлінуі
Қорыта айтқанда, педагогикалық жоғары оқу орындарында атомдық және
ядролық физиканы оқытуда аудиовизуалды оқу құралдарын қолдану атомдық
және ядролық физиканың негізгі ұғымдарының мәнін тереңірек ашуға, атомдық
және ядролық физиканың құбылыстары мен процестерін бақылауға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ материалды терең түсінуге, баяндалатын құбылыстардың
физикалық мәнін неғұрлым кең ашуға көмектеседі және білім алушыларды
шығармашылыққа жетелейді деп есептейміз [75].
Достарыңызбен бөлісу: