70
Бастауыш сынып оқушыларын дене шынықтыру пәні арқылы өмірдің
Абай ұлағатындағы «дүниеден кетігін тапқан кірпіші болып қалануына»
қосатын үлесі мол. Соның бір бағыты – жалпы дамыту жаттығуларын
оқушылардың өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыру.
Дене мәдениетін жетілдірудің бастапқы және сенімді сатысы ретінде
жалпы дамыту жаттығулары үлкен қызмет атқарады. Ал ЖДЖ-ны
оқушылардың өз бетімен орындауға
бастауыш сыныптардан бастап
дағдылануы балалардың оқу мен еңбекте, өмірдің барлық саласында ақыл-ой
әрекетіндегі, еңбек етудегі, жақсы бастамаларға ынталылық білдірудегі, дене
мәдениетін қалыптастырудағы өз бетімен орындау,
өз бетімен алға ұмтылу
қасиеттерін қалыптастыруға және олардың үздіксіз әрекет етуіне тірек болады.
Осылай, оқушының алдағы ересек өмірінде кездесетін талай асуларға
дайындығы, айтып отырғандай, дене шынықтыру сабағындағы жалпы дамыту
жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастырудан басталатынын
көреміз. Алға қойып отырған осы мақсатқа жету үшін, арнайы әдістемелік жүйе
әзірленіп, оның тиімділігі дәлелденген моделі, модельдің құрылымдық-жүйелік
ерекшеліктері қарастырылады.
Даму мен дамыту – білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің басты мақсаты
болғандықтан дене шынықтыру пәнінің де осы мақсатпен өріле бірігетіні
белгілі. Жалпы дамыту жаттығуларын
адам баласы дамуының жалпы
жүйесінің бір «клеткасы» ретінде қарастыруға болады.
Даму – материалдық және идеалдық нысандардың кері қарай
бағытталмайтын, тек алға қарай жүретін, сол арқылы түрлі сандық және
сапалық жаңа күйлері туындап отыратын, трансформацияланатын /өзгеріске
ұшырау/, тіпті жойылуға дейін мүмкін болатын өзгерісі. Және бұл үдеріс
объективтік заңдылықтар негізінде жүзеге асырылып жатады.
Даму – нысанның ішкі дүниесінде бар болып келетін өзін-өзі қозғауы.
Осымен де байланысты, дене шынықтыру жаттығуларын сабақ үстінде ғана
орындатып қоймай, оқушының өз бетімен орындауға дағдыландыру дегеніміз
оның ішкі даму күштеріне педагогикалық тұрғыдан
дұрыс бағыт беру болып
табылады.
Жалпы дамыту жаттығуларын бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен
орындауға дағдылануы – стихиялы түрде емес, арнайы педагогикалық басқару
мен әдістемелік жүйенің тетіктерін қолдану арқылы қол жеткізілетін нәтиже.
Жалпы педагогикалық жүйенің бір бөлшегі болғандықтан, ондай әдістеме де
өзіндік кіші жүйені құрайды. Кіші болса да, педагогикалық жүйенің бір бөлшегі
болғандықтан оның соған тән белгілері болуы міндетті екені белгілі.
Ұсынылатын «Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері» педагогикалық жүйе
ретіндегі келесі белгілерін төменде берілген 12 суретте көруге болады.
71
Сурет 12 – Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері
Бастауыш сыныптарда ЖДЖ-ны өз бетімен орындау дағдыларын дамыту
бастау көздері ретінде дене шынықтыру, оның ішінде ЖДЖ-ны орындату, өз
бетімен орындау дағдысын қалыптастыру
тәжірибесі мен теориялық
негіздемесі және жасөспірімдердің дене мәдениетін қалыптастыру бойынша
ұлттық мұралар алынуының өзіндік терең себептері бары белгілі.
Мектеп мұғалімдерінің ЖДЖ-ны орындату арқылы дене мәдениетін
дамытуда оқушылардың өздерін қатыстыру арқылы белсенділігін жоғарылату
мақсаты көзделген сабақтарын және мақалаларын талдау барысы бұл тараптан
зерттеуге тірек болатын эмпирикалық материалдар жеткілікті екендігіне көз
жеткізілді.
ЖДЖ-ны өз бетімен орындау дағдыларын дамыту мүмкіндіктерінің
теориялық бастау көздері де ұсынылатын тұжырымдамамыздың тұғыры биік
және берік
болуы көзделе отырып, жүйеге түсірілді.
Зерттеу жұмысының екінші тарауының алғашқы тармағында жасалынған
талдау жұмысы ЖДЖ бастауыш сыныптарға өз бетімен орындауға
дағдыландырудың
қажеттілігі
танылды.
Қарастырылып,
талданған
эмпирикалық, практикалық материалдар мұғалімдер тәжірибесінде шашыраңқы
түрде қолданылып жүрген ЖДЖ жүйесін бастауыш сынып оқушыларының өз
бетімен орындауға дағдыландыру жүйесіне бағыттауды арнайы қарастыру
керектігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: