115
Бүгінгі сабақта біз жүрудің кейбір түрлерін үйреніп, соларға байланысты
ойындар ойнаймыз. (
Слайдтарды қосу.) Енді спорттық жүрудің түрлерін
мұқият тыңдап, түсініп, зер салып қараңдар.
Сурет 21 - Жүрудің түрлері.
1-жүру – жай, әдеттегі қарапайым жүру; 2-жүру – кең адымдап жүру; 3-жүру
– аяқтың ұшымен жүру; 4-жүру – өкшемен жүру; 5-жүру – жартылай тізесін бүге жүру; 6-
жүру – жүрелей жүру; 7-жүру – көзін байлап алып жүру; 8-жүру – жалғамалап
жүру; 9-жүру – арқасымен алға жүру.
Сурет 21 - Жүрудің түрлері
Балалар, қазақ халқында «мысық жүріс» деген түсінік бар. Адамдардың
аяғының ұшымен жүруін
солай атайды, өйткені аяқтың ұшымен жүргенде еш
дыбысы естілмейді. Суреттегі 3-жүру түрі мен мысықтың аяқ басуын
салыстырып қараңыздар.
Сонымен қатар, қазақ тілінде «тырнаның жүрісі» деген қолданыс бар. Бұл
суреттегі 5-жүру түріндегідей, жартылай тізесін бүге жүруді білдіреді.
Ал суреттегі 7-жүру түріндегідей, көзді байлап, бірақ аяқты дұрыс басып
жүру, көбіне ойындарда болатынын білесіздер.
Осы жүру түрлерін қазір
жаттығу кешені арқылы танысып, үйренеміз.
Слайдтағы кестеге қараңыздар.
Кесте 16 – Жүру түрлері жаттығулары кешені.
Жаттығулар
Атауы
Орындау техникасының суреті
1
2
3