Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет72/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
disser ernar

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


137 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
«Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өз 
бетімен орындау дағдыларын дамыту» атты диссертациялық зерттеу 
жұмысының ғылыми болжамы дәлелденді және бірнеше теориялық және 
қолданбалы нәтижелер алынды.
Жүргізілген теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік зерттеу жұмысының 
нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді: 
1. Қазіргі білім беру жүйесінің жұмысын реттеуге арналған мемлекеттің 
стратегиялық даму бағдарламалары мен нормативті құжаттарға жасалған 
талдаулар негізінде жалпы дамыту жаттығулары арқылы
бастауыш сынып 
оқушыларының өз бетімен орындау дағдыларын дамыту мәселесінің өзектілігі 
дәлелденді.
2. Зерттеудің теориялық тұғырлары анықталып, соның нәтижесінде, қазақ 
мектептерінің бастауыш сыныптары үшін арнайы ЖДЖ жүйесінің ұлттық 
негізде құрылу керектігі біздің тарапымыздан танылған жаңа бағыт болды. 
Осыған дейінгі қолданылып жүрген жалпы дамыту жаттығуларының түрлі 
мемлекеттерде жасалып, түрлі мемлекеттердің ұстанымына қатысты қозғалыс-
қимыл элементтері құрылғандығы да анықталып, қазақ ұлттық рухани 
дамуымыздың нәрлі тамыры – жалпы дамыту жаттығуларында деген 
ойымызды нақтылай түсті. 
3. Мәселеге 
қатысты теориялық еңбектерге жасалған талдаулар
«бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары» ұғымының 
мәнін анықтауға және қазақстандық компонентті енгізу арқылы жаңа идея 
түзуге мүмкіндік берді. Жалпы дамыту жаттығулары – оқушылардың 
физикалық жағынан дамуына негіз болатын, олардың қимыл-қозғалыс 
әрекеттерін жетілдірудің, денсаулығын нығайтудың және ақыл-ой әрекеті 
қабілетін жетілдірудің негізгі құралы. «Бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдылары» педагогикалық ұғым ретіндегі нақтыланған 
мәні мен оның құрылымы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік 
негізін жасаудың базасы болып табылады. «Бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдылары» жайындағы білімдері, сабақта оның түрлерін 
білуі, ойын, жарыс әдістерінің мәнін, қызметін түсінуі, оқушылардың қазақ 
ұлттық элементтері бар жалпы дамыту жаттығуларын орындай алуы сияқты 
бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден тұратын тұлғаның кешенді 
сапасы. 
4. Зерттеу барысында жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
өзбетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі даярланды. Ол дайындалған және тәжірибеден 
өткен құрылымдық-мазмұндық модельдің стратегиялық мақсаты – жалпы 
дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен 
орындау дағдыларын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін дайындау 
үдерісінің компоненттері мен көрсеткіштерін айқындау, әдістері мен


138 
деңгейлерін белгілеу. Әдіснаманың тұлғалық, әрекеттік, құзыреттілік 
тұғырлары мен ЖДЖ-ны өз бетімен орындаудың үздіксіз болу; ЖДЖ-ны өз 
бетімен орындауда физикалық жүк пен демалыстың жүйелі түрде алмасып 
отыру; ЖДЖ-ны орындауда дамыту-жаттықтырушы ықпалдардың 
біртіндеп өсіп отыру; Физикалық жүк динамикасының бейімделген теңгерімі; 
ЖДЖ-ны өз бетімен орындаудың циклдық құрылуы; ЖДЖ кешендерін өз 
бетімен орындауда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі ескерілу 
ұстанымдарды басшылыққа алынған құрылым, мотивациялық, танымдық, іс 
әрекеттік компоненттерден тұратын бұл құрылымда жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамыту 
мүмкін болатындығы дәлелденді. 
5. Диссертациялық жұмыста әр сабақта топтама түрінде әзірленген жалпы 
дамыту жаттығулар жүйесіне зерттеу міндеттері тұрғысынан сипаттамалары 
беріліп, бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға 
дағдылануында қолданылатын әдіс-тәсілдері жүйеленді. Оларды тиімді 
қолданудың әдістемесі негізделіп, бастауыш мектептегі оқу үдерісінде қолдану 
үлгілері келтірілді. Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту әдістемесі жасалып,
тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеруден өткізіліп, оның тиімділігі 
дәлелденді. Зерттеудің міндетіне сәйкес әзірленіп, бастауыш мектептің оқу-
тәрбие үдерісінде тәжірибеден өткен «Бастауыш сынып оқушыларының жалпы 
дамыту жаттығуларын өзбетімен орындау дағдыларын дамыту» бағдарламасы 
мен «Бастауыш сынып оқушылары үшін жалпы дамыту жаттығулары жүйесі»
бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен 
орындау дағдыларын дамытуды жүзеге асырды, жаттығулар жүйесін жүргізу 
барысындағы қолданылған пәндік әдістер (оқушылардың қозғалыс дағдыларын 
меңгертуге және олардың физикалық дамуына бағытталған түсіндіру, 
көрсету, ойын және жарыс, рефлексия) оқушылардың өзбетімен орындау 
дағдыларын дамытуға тиімді ықпал етті.
6. 
Қалыптастырушы эксперимент барысында алынған нәтижелер 
бастауыш сынып оқушылары арнайы ЖДЖ жүйесін үзбей орындауы 
барысында ондай жаттығулардың, шын мәнінде, дене шынықтыру мен 
спортпен айналысудың сенімді іргетасы екенін ұғынғанын, арнайы Күн тәртібі 
кестесін жасауға дағдыланып, мектепте, үйде өз бетімен орындауға 
дағдыланғанын көрсетті. ЖДЖ өз бетімен орындауға үйрету арқылы бастауыш 
сынып оқушыларының күш-қуатын, икемділігін, шыдамдылығын дамыту 
мүмкіндіктері жүзеге асырылды. Оқушыларға ЖДЖ өз бетімен орындауға 
дағдыландыру арқылы дұрыс тыныс алуын қалыптастыру мүмкіндігі 
меңгертілді. ЖДЖ-н өз бетімен, өзара, жұппен, топпен, сыныппен түрліше 
орындауға дағдылана отырып, сыйластыққа, құрметке, ұжыммен бірлесе 
жұмыс атқаруға дағдылану міндеттері шешілді. Сол арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының денсаулығын нығайту, дене мүсінін түзу дамытуға, білім алу 
барысында балалардың физикалық және рухани, әлеуметтік гармониялық 
дамуына ықпал етілді. Аталған нәтижелер елімізде дене шынықтыру пәнінің 


139 
білім мазмұнын толықтыруға, ұлттық элементтері бар жалпы дамыту 
жаттығуларының жаңа үлгілері мен нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар 
жасалады: 
– жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының 1-4 сыныптары 
бойынша дайындалатын «Денешынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасының 
білім мазмұнына «Бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз 
бетімен орындау дағдыларын дамытуға арналған арнайы жаттығулар жүйесін 
(құралдарсыз, құралдармен, гимнастикалық таяқпен, кішкентай доптармен, 
секірмекпен, обручпен орындалатын ЖДЖ, гимнастикалық орындықтарды 
пайдаланып орындалатын ЖДЖ, қазақ ұлттық элементі бар ЖДЖ)» 
басшылыққа алу; 
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдысын дамытуда зерттеуіміздің практикалық 
құндылығының бірі – «Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту 
жаттығуларын өзбетімен орындау дағдыларын дамыту» атты арнайы оқу 
бағдарламасын пайдалану, бастауыш сынып мұғалімдерінің /дене шынықтыру 
пәні мұғалімдерінің осы бағыттағы жұмыстарды мақсатты жүргізулерін 
қамтамасыз ету; 
– жүрізілген ғылыми-зерттеуіміздің негізінде дайындалған «Бастауыш 
сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен орындау 
дағдыларын дамыту» атты бағдарламасы мен «Бастауыш сыныптарда жалпы 
дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын дамытуға арналған 
арнайы жаттығулар жүйесін (құралдарсыз, құралдармен, гимнастикалық 
таяқпен, кішкентай доптармен, секірмекпен, обручпен орындалатын ЖДЖ, 
гимнастикалық орындықтарды пайдаланып орындалатын ЖДЖ, қазақ ұлттық 
элементі бар ЖДЖ)» 6В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен 
әдістемесі мамандығы студенттері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне 
дәріс оқуда, семинар сабақтарын өтуде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Аталған зерттеу нәтижелері болашақта заманның жан-жақты даму 
талаптарына оқушылардың танымы, білімімен бір деңгейде оның дене 
мәдениеті жетілдіру мәселесіне арналған жұмыстарды жетілдіруге және осы 
бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады деп есептейміз. 
Зерттеу мәселесі кең ауқымды болғандықтан, оның барлық салаларын 
жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін болмағанын атап кетеміз. Болашаққа 
қалдырылдып отырған мәселелер көп болғандықтан, алдағы уақытта осы 
бағытта өз бетімізбен арнайы зерттеулер жүргізуге де, студенттердің 
дипломдық, магистранттардың диссертациялық зерттеу жұмыстарына тақырып 
беруге де болады деп санаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет