Оспанов Оразбай Алимханович Шардара Ашық сабақ



бет2/4
Дата09.02.2024
өлшемі2.08 Mb.
#491479
түріСабақ
1   2   3   4
Жайылым тоғандарда балықты өсіру ашық сабақ жаңа форма

3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу - әдістемелік құралдар, анықтамалық әдебиеттер

Құржықаев Ж.К., Сыздықов Қ.Н., Жапарова Ә.Т. Оразғалиева Қ.С.. Балық шаруашылығы.

3.2. Техникалық құралдар, материалдар

Слайд, ақпараттық материалдар, интерактивтік тақта, сызбалар, кестелер, сызғыш, элетронды таразы, калькулятор.



4. Сабақ барысы



4.1.
Ұйымдастыру кезеңі:
5 минут

Студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру. Оқу құралдарын түгелдеу. Студент көңілін сабаққа аудару.



4.2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі 20 минут



Студенттер білімін жан – жақты тексеру және тақырыпқа қызығушылығын арттыру үшін «Сұрақ ілмегі» әдісін ұйымдастыру.

  • Қандай балықтарды тұқым балық деп атайды?

  • Уылдырық шашу процесі қалай жүреді?

  • Қандай жағдайда тұқым балықтарды ұстап өсіреді?

  • Жұпты, ұялы, топты көбею дегеніміз не?

4.3.Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі
5 минут

«Жайылым тоғандарда балықты өсіру» тақырыбын өткен тақырыптармен байланыстыра отырып түсіндіру.



4.4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
30 минут

Бүгінгі сабақта жайылым тоғандарда балықты өсіру – бұл табиғи қоректену есебінен жүзеге асырылатын балықты ұрықтандырғаннан бастап шабаққа толмаған кезеңге дейін, кейіннен қоректену үшін ашық суларға жібере отырып, жасанды жағдайда өсіру жайлы мәліметтермен танысамыз.
Бір жаздық балықтарды арнайы өсіру тоғандарында ұстап өсіреді,бұл тоғандар жас балықтардың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Шабақтарды өсіру тоғанына отырғызуды, олардың табиғи балық өнімділігіне сүйеніп, келесі формула арқылы есептейді:



бұнда, А - отырғызу нормасы; S - өсіру тоғанының ауданы, га; Р-табиғи балық өнімділігі, кг/га; m-бір балықтың орта салмағы, кг; р - балықтың шығымы, %.


Осы есеппен шығарған балық санын бір ретті немесе норма депесептейді де, N әріпімен белгілейді, ал 2,3,4 есе отырғызу тығыздылығын көбейтсе, оны 2,3,4 т.б. ретті отырғызылған деп атайдыда 2N, 3N, 4N т.б. N деп белгілейді.




Ең маңызды көрсеткіштердің бірі күздегі бір жаздық балықтың жеке салмағы. Стандарт бойынша қыстауға тек салмағы 25-30г болған балықтарды отырғызады, бұл жағдайда балық қыстаудан жақсы шығып әр қарай тауарлы балықтың өсімі жақсы болады. Жоғарғы сапалы біржаздық балық алу үшін жүйелі түрде бақылау жүргізіп отыру керек.Тоғандарда бақылауға балық әр 10-15 күнде ауланып отырылады. Аулауды тайыз жерін де ең терең деген жерін де алып тоғанның 3-4 ауданынан жүргізген жөн. Өндірістік жағдайда бақылауға 100 балық жеткілікті, ал терең зерттеу жүргізу үшін отырғызылған балықтың 0,5-1% аулау керек.


Бір жаздық балықтың өсімін бағалау үшін хирономидалардың шығуын, зоопланктонның дамуын, азықтың құрамы мен игерілуін есепке алып отыру керек. Профессор Ф.Г. Мартышев вегетациялық маусымның әр айына бір жаздық балықтардың келесі нормативтік салмақтарын ұсынады.
Ауланған балықты бақылағанда жалпы жағдайына және қоңдылығына көңіл аударады:

бұнда К-қоңдылық коэффициенті; М-бір жаздықтың салмағы, г; l балық ұзындығы, см. Бір жаздық балықтың қоңдылық коэффициенті1,6-1,7-ге тең болу керек.
Өлшеп зертегеннен кейін бір бөлігін (5-10 дана) қорегін зерттеуге
қалдырады, қалғандарын қайта жібереді. Осы зерттеумен бірге
гидрохимиялық режим бақылауға алынады, табиғи азық қорын
қадағалау үшін гидробиологиялық сынамалар алынады.
Өсіру тоғандардан балық аулауды аймағына байланысты
қыркүйек- қазан айларында температура 10-120С-ға дейін төмендегенде
жүргізеді. Ауланған бір жаздық балықтарды түрімен (егерде балықтың
бірнеше түрі өсірілсе) және салмағымен сорттарға бөледі.
Салмағы 10 г немесе одан жоғары, бірақ қоңдылығы төмен
балықтарды қыстауға жеке отырғызады. Қыстауға отырғызу алдында
балықтарды 5% тұздықтан өткізеді.

1-кесте. Біржаздық балықтарды салмағымен топтарға бөлу



Балық тобы

Балық салмағы, г

Тұмсығынан құйрық қанатының соңына дейін ұзындығы, см

ΙΙΙΙΙ

20 және оданжоғары10-19,910-нан төмен,(брак)

10,4-тен ұзын8,3-10,38,3-тен төмен

Тауарлы балық өсіру. Балықты семіртуге неғұрлым ерте жіберукерек, басқасын есептемегенде, балықтың салмақ қосу мерзімі ұлғаяды. Оңтүстік аймақтарында балықты жайылым тоғанына күзде жіберуді тәжірибеленген, осынысымен балықтың қыстау мерзімін максимальді түрде қысқартады.
Жайылым тоғанын алдын-ала дайындауда күзде кептіріп мелиорация жұмыстарын жүргізеді, содан кейін көктемде су тасығанда тоғанды ең биігіне дейін толтырады, толтыру барысында тоғанға арам және жыртқыш балықтар кірмеуін қадағалау керек, ол үшін су беретін арналарда және кіре беріс су қабылдайтын қондырғыларға сүзгілер орнатады.
Бір жылдық балықтарды жайылым тоғанына отырғызғанда есепке белгіленген балық өнімділік содан соң тауарлы балыққа қойылған нормативті талаптарды ескертеді - екі жаздық балықтардың ортасалмағы және олардың шығымы. Нормативті орта салмағы әртүрлі аймақтарда 350-500 г-дейін барады. Отырғызу тығыздылығы ауданының бір өлшемінің балық шығымымен анықталады.



Сурет 1. Тұқының отырғызу тығыздылығы, өнімділігі және
салмағының арақатынасы: 1-балық салмағы; 2-өнімділігі.
Балық өсіру нормативі бойынша тоғандардың өнімділігі 800-1400
кг/га дейін барады, оның себебі тек қана аймаққа байланысты емес,
өсіру технологиясына да байланысты. Жайылым тоғандарында екі
жаздық балықтар көбінесе бентоспен қоректенеді, басым көпшілігінде
Chironomidae, бірақ зоопланктонның да маңызы зор. Балықтың негізгі
өсімі маусым-тамыз айларына келеді.
Балық өсуін әр 10-15 күнде бақылау үшін аулап зерттейді.
Бақылауға аулау алдында гидрохимиялық және гидробиологиялық
зерттеулер үшін сынамалар алынады. Ұсталған балықты зерттеп,
салмағы мен көлемін анықтайды, ішек қарындарын зерттейді.
2-кесте. Әртүрлі аймақтарда жайылым тоғанындағы екі жаздық
балықтардың тәуліктік өсімі, г.






Жайылым тоғандарында балық аулауды су температурасытөмендегенде, қыркүйек-қазан айларында жүргізеді. Кейде балықаулауды жекелеп жүргізеді, ол үшін жайылым тоғанына әр салмақтағыбалықтарды отырғызады 25-100 г дейін және одан да ірілерін. Бұның нәтижесінде ірі бір жылдық балықтар тауарлы салмаққа ерте тамыз айында жетеді, қалған балықтардың тіршілігі кеңейіп өсімі жақсарадыда күзде керекті салмақ қосады.


Бүкіл ұсталған балықты өлшейді, вегетациялық маусым бойынша өсімін анықтайды, орта салмағы мен балық шығымын шығарады. Тауарлы салмаққа жетпеген балықтарды әрі қарай өсуге қалдырады. Сөйтіп, екі жыл айналымды толық жүйелі шаруашылықта тауарлы балықты аулап өндірумен өндірістік процесс аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет