80
Есеп 10. Қаңтарда 7000 бұйым дайындалып өткізілді, әр бұйымның құны
80 теңге. Кәсіпорынның жалпы тұрақты шығыны 75 мың теңге. Айнымалы
шығынның үлесі – 55 теңге. Ақпанда қаңтарға қарағанда пайда көлемін 15%
өсіру жоспарланған. Пайда 15%-ға өсу үшін қосымша өткізу көлемі қандай
болу керек?
10 есепті шешуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Қосымша пайда алу үшін (
Pr) өткізу көлемі (
ΔQ),
келесі формуламен
анықталады:
(54)
Есеп 11. Сатудың рентабельділік деңгейін анықтаңдар және абсалютті
және қатысты бағадағы қаржылық мықтылық қорын анықтаңдар, егер келесі
мәліметтер белгілі болса: өнімнің өткізу көлемі – 2000 мың теңге,
тұрақты
шығындар – 400 мың теңге, айнымалы шығындар – 1500 мың теңге.
Есеп 12. Өнімді өткізуден түсетін табыс алдыңғы жылдағы табыс
деңгейінде алу жоспарланады, ол 20350 мың теңгеге тең. Еңбекті төлеу қоры –
4250 мың теңге, жалақыға түсім – 850 мың теңге, айнымалы шығын деңгейі –
табыстан 30% құрайды. Амортизациялық тозу және жөндеу қоры – 247 мың
теңге. Тұрақты шығын сомасы- 2000 мың теңге. НДС 14%. Өнімді өткізуден
түсетін жоспарланған пайда сомасын табу қажет.
Есеп 13. Төменде берілген мәліметке негізделіп алдыңғы және есепті жыл
бойынша кәсіпорындағы өнімнің рентабельділік деңгейін және тауарлы
өнімді
өткізуден түскен жылдық пайда сомасын анықтаңыз. Динамика көрсеткішін
есептеп, қорытынды жазыңдар.
Жылдық пайда сомасы мен өнім рентабельділігінің есебі
Көрсеткіштердің атауы
Сомма, млн. тенге
Динамика
Алдыңғы
жыл
Есепті
жыл
Алды
ңғы
жыл
1. Жыл ішінде
тауарлы өнімді көтерме
бағамен сатудан түскен табыс
270
283,5
2. Өзіндік құн (өнімді шығару мен өткізуге
кеткен шығындар
253,8
265,2
3. Өнімді өткізуден түсетін пайда
4. Өнім рентабельділігі, %
5. Сату рентабельділігі, %
AVC
p
Q
Pr
81
Есеп 14. Фирманың өткізу көлемі қаңтарда 10 мың бұйымды құрады, бір
бұйымның бағасы 200 теңге. Осы айдағы фирманың шығындары 1800 мың
теңгені құрады, сонмен қоса тұрақты шығындар – 600 мың теңге. Пайда 10%-ға
өсу үшін келесі айда фирманың өткізу көлемі қаншаға өсуі қажет
Есеп 15. Ұйым салыстырылатын үш өнім «А», «В», «С» және
салыстырылмайтын «Д» өнімді шығаруды жоспарлайды. Тауар шығарылу
көлемі сәйкесінше 300, 450, 600 және 280 бірлікке тең. Өнімнің толық өзіндік
құны «А» - 2 мың теңге, «В» - 2,2 мың теңге, «С» - 3,5 мың теңге және «Д» - 4
мың теңге. Өткізудің жоспарлы бағасы «А» - 2,7 мың теңге, «В» - 3,2 мың
теңге, «С» - 4,2 мың теңге және «Д» - 5,7 мың теңгеге тең.
Жоспарланған
жылдың соңына дайын өнім қалдығы тауар шығарылуына байланысты - 3%
деңгейінде және өзіндік құнға байланысты - 2% деңгейінде болжамдалады.
Тікелей есептеу әдісін қолдана отырып ұйымның болжамдалатын пайдасын
есептеңдер.
Өнім атауы
Жоспар
бойынша
шығару,
бірлік
Бір
бірліктің
бағасы,
мың
теңге
Бір бірліктің
жоспарланған
өзіндік құны,
мың теңге
Жобалау
бойынша
тауар
шығару
бағамен,
мың
теңге
Жобалау
бойынша
тауарлы
шығару
өзіндік құн
бойынша
Пайда,
мың
тнг
Салыстыры-латын
«А»
«В»
«С»
Барлығы
салыстырылмайтын
«Д»
барлығы
Жоспарланған жылдың басына
дайын өнім қалдығы
Жоспарланған жылдың аяғына дайын өнім қалдығы
Тауарлы өнімді өткізуден шыққан барлық сома
Есеп 16. Тауарлы өнімнің шығарылуы нарықтық бағамен 3500 мың
теңгені құрауы қажет, өнімнің бір теңгеге кеткен шығыны – 0,87 теңге.
Операционды кірістен түсетін жобаланған пайда сомасы – 70 мың теңге,
өткізілмейтін операциялардан түсетін пайда – 100 мың теңге. Аналитикалық
әдісті қолданып жобаланған пайда көлемін есептеңдер.
Есеп 17. Есепті кезеңде сатудан түскен табыс – 6800 мың теңге, өнімді
өндіру мен өткізуге кеткен шығындар – 5200 мың теңге, сонымен қоса тұрақты
шығындар – 1700 мың теңге құрады. Сату рентабельділігі және сатудан түскен
пайданың өзгеруін бағаландар, егер ұйымда өнім бағасы 15% көтеруге
82
мүмкіндік бар, бірақ келесі шарт бойынша бір өнімге кеткен айнымалы және
тұрақты шығындар өзгеріссіз қалса.
Есеп 18.
Кәсіпорын 1000 мың теңгеге 48000 өнім бірлігін өндірді, жалпы
шығын 780 мың теңге құрады, оның ішінде 75%ын
айнымалы шығындар
құрады. Кәсіпорын өндіріс мықтылығының (прочность) диапозоның есептеңіз.