29
2
МОДУЛЬ
1
. ТАҚЫРЫП: АҚ БАЛШЫҚТАН ЖАСАЛҒАН ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ДЕНЕЛЕРДІҢ
ҚҰРЫЛЫСЫН БЕЙНЕЛЕУ
Жоспар:
1.
Сурет салу жабдықтары
2.
Текше суреті
3.
Цилиндр суреті
4.
Шар суреті
5.
Тұрмыстық заттардан құрастырылған қарапайым қойылым
6.
Перспективалық көріністегі. тұрмыстық заттардың суреттері.
Негізгі түсініктер: геометриялық денелер, куб, цилиндр
1. Сурет салу жабдықтары
Көз деңгейінен жоғары, төмен орналасқан, перспективалық және әр
қырынан көрсетілген геометриялық денелердің жылдам суреттерін салу-
дан бірнеше жаттығулар жасау. Негізгі сурет үшін қойылған заттар –
геометриялық денелер –
тегіс қабырғада, жанынан немесе жоғарыдан
жарықтандырылуы керек. Бұл жерде электр шамын пайдалану тиімді.
Суретте әр заттың көлеңкелері әртүрлі болады. Мысалы: цилиндр,
конус және шардың көлеңкелері аталған заттардың домалақ аумағына
байланысты біртіндеп қоюлана береді, ал, қырлы заттар: тіктөртбұрыш-
тар, призма және пирамиданың көлеңкелері
олардың қырларының
айқындығымен өзгешеленеді.
Табиғаттағы барлық заттарының негізінде жоғарыда аталған гео-
метриялық формалардың түрлері бар. Соларды жарық көлеңке беру
арқылы дәл бейнелеу, перспективалық өзгерістерді табу, суреттің басты
мақсаты болып табылады.
Ұзақ уақыттық суретте
әр заттың формасын құрылысын, толық
көрсету, олардың қарым-қатынасын,
кеңістікте алатын орнын, денелер-
дің реңдік қатынастарын анық, айқын
бейнелей білу мақсаттары
қойылады.
Әртүрлі формадағы тұрмыстық заттарды салғанда, олардың негі-
зіндегі геометриялық денелерге ұқсастығын табу керек. Мысалы, сүт құя-
тын ыдыс (бидон) цилиндрден тұрады, қақпағы – цилиндр мен шардан,
тағы сол сияқты өзгеде формалардан тұруы мүмкін (сурет 9).
Достарыңызбен бөлісу: